400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ: 2 сынып Жаратылыстану Ғарыш дегеніміз не ?

Материал туралы қысқаша түсінік
Әдістемелік көмек беру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән: Жаратылыстану

Мектеп: № 11 орта мектеп КММ

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жер және ғарыш.

Мұғалімнің аты-жөні: Арысланова Роза Кадыровна

Сынып: 2

Сабақ тақырыбы:

Ғарыш дегеніміз не ?

Оқу мақсаты:

1.4.2.3. Жекелеген ғарыштық денелерді атау және сипаттау.

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар:

Жекелеген ғарыштық денелерді ажыратып, білу.

Көптеген оқушылар:

Ғарыштық денелерді сипаттап, түсіну.

Кейбір оқушылар:

Жекелеген ғарыштық денелерді атап, сипаттап, қолдану.

Бағалау критерийлері:

  • Жекелеген ғарыштық денелерді атайды

  • Ғарыштық денелерді сипаттап қолданады.

Тілдік мақсаттар:

Ғарышты зерттеудегі астрономияның рөлін талқылайды.

Ғаламшар, астроном, шоқжұлдыз

Құндылықтарды дарыту:

Индустрияландыру мен иновацияларға негізделген экономикалы өсу. өндірісті,білім мен ғылымды біріктіру,инновациялық-индустриялық кластерлерді дамыту.

Өмір бойы білім алу: Өзіне қажетті білім алуда, білімнің өзіне қажеттілігін түсіну.

Пәнаралық байланыс:

Көркем еңбек - ермексаздан аспан денелерінің бейнесін жасайды.

Дүниетану – ежелгі адамдардың өмірі мен, аспан денелеріне қарап, уақыт өлшем бірлігін және ауа –райын болжауы туралы түсіндіру.

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Бастапқы білім

Жер планетасы ғарышта орналасқанын біледі

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 минут

Ынтымақтастық атмосферасы

Али мен Ая мультфильмі «Ғарыш туралы»

Бенежазбаның мазмұнына байланысты тақырыпты ашып, сабақтың мақсатын хабарлау.

«Аспан денелері» топқа бөлу.

1 – топ: Жұлдыз

2 – топ: Күн

3 – топ: Ғарыш

Бейнежазба

https://youtu.be/v3XN73VbUDQ



Сабақтың ортасы

30 минут

Тапсырма: «Галереяға саяхат» әдісі. Суреттердегі аспан денелерін ата. Оларды суретпен сәйкестендір. Оларды сипаттап жұбыңмен әңгімелеп бер. (Ж.ж.)

Shape1

Бұлт

Shape2

Күн


Shape3

Бұршақ

Shape5 Shape6 Shape4

Жұлдыз

Ғаламшарлар

Ай







Бағалау критерийлері:

  • Жекелеген ғарыштық денелерді атайды

  • Ғарыштық денелерді сипаттайды


Дескриптор:

  • Суретті атауымен сәйкестендіреді

  • Өзі білетін аспан денелері туралы әңгімелейді

  • Өзі білетін аспан денелерін сипаттайды


Бағалау: «Көңілді жұлдызшалар»


Қызыл – өте жақсы

Сары – жақсы

Жасыл - қанағаттанарлық


Тапсырма: «Анықтамасын тап» әдісі (Ө.ж.) . Ғарыштық денелердің сипаттамасына қарап, тауып,атайды.

  • Өзінен жарық шығармайтын, жерге ең жақын аспан денесі. (Ай)

  • Жерге ең жақын жұлдыз. Өзінен жылу, жарық шығады. (Күн)

  • Өзінен жарық шығармайды, жұлдызды айналып қөзғалатын шар тәріздес, аспан денелері (ғаламшарлар)

  • Салмағы ауыр жарық шығаратын, түнде ғана шығатын аспан денесі (жұлдыз)

  • Түнгі аспанда көрінетін жұлдыздар өрнегі (шоқжұлдыз)

Бағалау критерийлері:

  • Жекелеген ғарыштық денелерді атайды

  • Ғарыштық денелерді сипаттайды

Дескриптор:

  • Аспан денелерінің анықтамасын оқиды

  • Ғарыштық денелердің сипаттамасы арқылы атауын табады

  • Ғарыштық денелердің атауын атайды


Бағалау: «Мадақтау» әдісі


Ширату: Бейнежазба «Аспан туралы» аңыз

Тапсырма. Саралау(Т) «Ата, дәлелде, құрастыр» әдісі

1 – топ: Суреттегі ғарыштық денелердің атауын жаз



2 – топ: Аспан денелері туралы не білесің? Олар қандай болады? Сипаттап бер.

3 – топ: Ермексаздан аспан денелерінің бейнесін жаса


Дескриптор:

  • Ғарыштық денелердің атауын жазады

  • Ғарыштық денелерді сипаттап айтады.

  • Аспан денелерінің бейнесін жасайды.

Бағалау: «Ауа райы» әдісі

Ыстық – өте жақсы

Жылы – жақсы

Суық – қанағаттанарлық


Суреттер, Үлестірмелі карточкалар

















Бейнежазба https://youtu.be/6ONyTHfl7GE








Үлестірмелер
















































Сабақтың соңы:

7 минут

Рефлексия:«Өз миыңды суретте» әдісі

Бүгінгі сабақта не білдің ?

Не қиын болды?

Нені білгің келеді?

Кері байланыс: «Мұғалімге хат» 

Мұғалімге сабақта алған әсерін хат түрінде жазады.





Саралау–оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғарыо қушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?



Бағалау–оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?



Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Тиімді оқытудың негізгі 8 тәсілінің бірі ол – саралау. Мен оқушылармен саралау тапсырмасын орындау арқылы осы саралау тәсілін іске асырамын деп ойлаймын. Соның ішінде мен оқушыларға деңгейлері әр түрлі тапсырмалар беру кезінде саралаудың ТАПСЫРМА тәсілін, Тапсырмаларды орындау барысында, оқушылар аспан денелерінің атауларын, олардың сипатын түсінгендігін, ғарыштық денелерді сипаттап айта алатындығын байқап ҚОРЫТЫНДЫ тәсілін орындадым. Жалпы сабақтың мақсатын ашу үшін диалогқа негіз болатын сұрақтар қоямын. Қажетті жерлерді оқушыларға қолдау көрсетіліп отырады осы орайда саралаудың ДИАЛОГ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ тәсілі жүзеге асады. Саралауға арналған тапсырма топтық жұмыс болғандықтан саралаудың ЖІКТЕУ тәсілі жүзеге асады. Топтар арасында «белсенді топ», «талаптары әр түрлі топ», «ұйымшыл топ» болып жіктеледі.

1 тапсырманы «Мен – саған, сен – маған» әдісімен бағаладым. Бұл әдісте оқушылар бірін-бірі тексеріп бағалайды.


2 тапсырманы «Мадақтау» әдісі бойынша бағалауды таңдадым. Мұғалім оқушылардың жұмысына баға береді.


3 тапсырманы бағалауға «Ауа-райы» әдісін алдым. Оқушылар бір-бірін «Ыстық», «жылы», «суық» деп қимылмен көрсетіп бағалайды.

Интербелсенді тақтамен жұмыс жасау ережесі. Ширату жаттығуы

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары, оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта диференциация дұрыс жүргізілді ме ?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма ?

Сабақ жоспарының қандай ауытқулар болды, неліктен?

Оқу мақсаты оқу жоспарына сай таңдалып алынды. Оқу мақсаты негізінде сабақ мақсаты, ал сабақ мақсатына бағалай крийтерилері құрылды. Оқушылар тапсырмаларды орындай отырып оқу мақсатына қол жеткізді. Тапсырмалар оқушының жас ерекшелігіне деңгейіне сай таңдалды. Әр таппсырманың соңында дескриптор құрылып, оқушылар бағаланып отырды. Сабақтың уақытылы кезеңдері сақаталады деп ойлаймын.


Жалпы баға

Сабақты жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)

  1. Топтық, жұптық, жеке жұмыстардың жүргізілуі

  2. Қалыптастырушы бағалау

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)

  1. Тапсырмаларды түрлендіру

  2. Бағалаудың өзге түрлерімен алмастырып қолдану.

Ықшам сабақтың сабақты жоспарлауға ықпалы туралы қорытындылар.

Ықшам сабақты тиімді ұйымдастыруда, оқу мақсатын таңдап, сабақ мақсатын, бағалау критерийлерін дұрыс әрі нақты құрастырып, белсенді оқу әдістерін пайдаланып, қалыптастырушы бағалауды жүйелі жүргізіп, табысты сабақ ұйымдастыруға ұмтыла жүріп жаңартылған білім беру бағдарламасының құрылымын түсіндім.

Сабақта белсенді оқу әдістерін қолданып оқушының оқу үдерісінің белсенді мүшесі болуын басты назарға алдым

Тренер

Әріптестер

Болашаққа бағдар

Тренеріміз қысқа мерзімді жоспарды талдап, түзетулер енгізгеннен кейін, оқу мақсатына сүйене отырып дұрыс сабақ жоспарын құруды, бағалау критерийлеріне сай қалыптастырушы бағалау түрлерін алып, тапсырмаларды жүйелеуді үйрендім.


Әріптестерімнің көмегімен сабақта пайдаланатын әдіс – тәсілдерімді түрлендіріп , кері байланыс беруді тәжірибе алмасу арқылы үйрендім

Жаңартылған оқу бағдарламасынан білім алу кезінде тренерім мен әріптестерімнің ұсыныстары мен берген кері байланыстарын ескере отырып, болашақта алған теориялық білімімді жұмыс тәжірибемде шыңдап іске асыруды жоспарлап отырмын.


.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
17 ақпан
675
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі