400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ 2 сынып Жүрекке жол тапқан – асыл жан

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға 12 ақпан Сара Алпысқызы Назарбаеваның туған күні екенін айтып,бұл күннің біз үшін өте ерекше екендігін айтып түсіндіру. С.А.Назарбаеваның өміріне тоқталып,жаңа мәліметтер беру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жүрекке жол тапқан – асыл жан


Садыкова Айкал Ануарбековна

№25 Т.Рысқұлов атындағы мектеп-гимназиясы

Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі

Шымкент қаласы








Рухани кәусар бұлаққа барар жолды іздеу – әр адамның міндеттерінің міндеті.

С. А. Назарбаева



Құндылығы:Ақиқатты тану, ішкі тыныштық.

Қасиеттері: Мейірімділік, жанашырлық, ізгілік.

Мақсаты: Оқушыларға 12 ақпан Сара Алпысқызы Назарбаеваның туған күні екенін айтып,бұл күннің біз үшін өте ерекше екендігін айтып түсіндіру. С.А.Назарбаеваның өміріне тоқталып,жаңа мәліметтер беру.

Міндеті: - «Ізгілік жан» ұғымының құндылығын түсіндіру.

-Жағымды іс әрекет дағдыларын қалыптастыру

- Ізгілікке, сүйкімділікке баулу

 Ресурстары: нақыл сөздер,интерактивтік тақта, плакаттар, шарлар.

Сабақтың әдісі: Миға шабуыл, сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы: Топтық жұмыс жасалады, оқушыларды 3 топқа бөлеміз.

1-топ. «Жігер» тобы – Ақбота

2-топ. «Әдеп» тобы – Нұрай

3-топ. «Бірлік» тобы – Хамзат

Дәйексөз

1-тапсырма: Әр топқа үш дәйексөз беріледі.Оқушылар дәйексөздің мағынасын ашып, өмірмен байланыстырады (интерактивті тақтадан көрсетіледі).

2-тапсырма: Эссе жазу. «Жүрекке жол тапқан – асыл жан» тақырыбында жазылады.Ойы анық, үйлесімді, мағыналы, әсерлі жазылуы керек.

3-тапсырма: Жарнамалау. «Оқулық», «достықты», «сыныпты» жарнамалап жағымды жақтарын мақтап, көтеріңкі көңіл күймен жеткізе білу керек.

4-тапсырма: Сахналау «Ана мейірімі» тақырыбында сахналық көрініс көрсету. (адамдар қиын жағдайға тап болған кездегі қамқорлық пен жанашырлықтың көрінісін көрсету).




Сабақты қорытындылау.

Бүгін, менің туған күнім

Ой, пәлі-ай

Мына адамдар неге жатыр тойламай

Банкет жасап берер едім өзім-ақ

Тәңірдің бір жарытпай- ақ қойған-ай,- деп Мұқағали Мақатаев ағамыз

жырлағандай, бүгінгі С .А. Назарбаеваның туған күн мерекесіне арналған ашық сабағымыз аяқтаймыз, атсалысқан 3 топ мүшелеріне алғысымыз шексіз!Өнерлеріңіз өрлей берсін.

Тілек ағашы: Оқушылар стикерге тілек жазып, ағашқа жапсырады.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
3 наурыз
482
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі