400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ 2 сынып Лепті сөйлем

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал ұстаздарға керек, әдіс-тәсілдер, топтық жұмыстар, бағалаулардың ұстаздарға сабақ жоспарын құру кезінде көмегі тиеді
Материалдың қысқаша нұсқасы



Сабақ: Қазақ тілі


Мектеп: Қ.Смағұлов орта мектебі

Сынып: 2 «Г»

Күні: 26.11.19ж

Мұғалімнің аты-жөні : Жұмалиева Г.А.

Сабақтың тақырыбы

Лепті сөйлем

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

2.1.2.1 - мәтіннің тақырыбы мен тірек сөздердің негізінде мәтіннің мазмұнын болжау.

2.2.1.1 - сұрақ қою арқылы (не істеді? қандай? неліктен?) мәтін түрлерін (әңгімелеу/сипаттау/пайымдау) және құрылымдық бөліктерін (басы,негізгі бөлім,соңы) анықтау.

2.3.7.1 - сөйлем түрлерін айтылу мақсатына сәйкес тыныс белгілерін (нүкте,сұрақ белгісі,леп белгісі) қою.


Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар:

Лепті сөйлем туралы біледі.

Оқушылардың басым бөлігі:

Лепті сөйлемді ажырата алады. Тыныс белгісін қоя алады.

Кейбір оқушылар:

Хабарлы,сұраулы сөйлемдерді лепті сөйлемге айналдыра алады.

Бағалау критерийі

Лепті сөйлемнің мағынасын түсінеді;
Хабарлы, сұраулы сөйлемдерді лепті сөйлемдерге айналдыра алады;
Лепті сөйлемнің қандай мағына білдіріп тұрғанын анықтайды.

Ресурстар

Оқулық,суреттер,топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар,топтық тапсырмалар,кері байланыс,стикер.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу,түсіндіру,ойын,көрнекілік.Рефлексия.

Сөздік қор


Талқылау кезінде қойылатын сұрақтар:

Сөйлем дегеніміз не?

Айтылу мақсатына қарай сөйлем нешеге бөлінеді?

Лепті сөйлем дегеніміз не?

Лепті сөйлемнің соңында қандай тыныс белгісі қойылады?

Құндылықтарды дарыту

Оқушылардың сөйлеу қабілетін, шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту.

Пәнаралық байланыс

Әдебиет, дене шынықтыру

Алдыңғы меңгерілген білім

Сөйлем деген не екенін біледі. Хабарлы, сұраулы сөйлемдерді ажырата алады.

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

5 минут

I.Ұйымдастыру.  Осы біздер қандаймыз ? Талабы биік таудаймыз Ақылдымыз , парасаттымыз , көңілдіміз Үлкенге ізеттіміз Кішіге қамқормыз Көп оқимыз Өнерліміз Жанып тұрған шырақпыз ! Елімізді өркендететін , Бабаларға тағзым ететін Біз қазақ елінің болашағымыз Оқушыларды топқа бөлу. Топтың атауын сөйлемдердің айтылу мақсатына қарай қоямын. (хабарлы, сұраулы, лепті) II.Үй тапсырмасын тексеру -Ал балалар үйге қандай тапсырма берілді? -Қане, оқып шығайықшы Дескриптор: 1. Үйге берілген тапсырманы орындай алады. 2. Оқулықтағы мәтінді оқи алады. Кері байланыс: Тамаша! Оқушылардың қызығушылығын ояту.

- Ерте-ерте, ертеде бір үлкен ел өмір сүріпті.

Бұл елде сөздер отау құрып бір - бірінен бөлек тұрса да, бір-біріне бағынып, бірін - бірі толықтырып тұрыпты. Ең бірінші тұрған сөз бәріне бас болыпты. Ал ең соңғы сөз өзінен кейін ешкімді жібермей, ойды тиянақтап тұрыпты.

Бұл ел қалай аталады екен, балалар?

Дұрыс, бұл ел «Сөйлемдер» елі деп аталыпты.

- Сонымен, бүгін біз, сол Әлемдегі ең үлкен ел – «Сөйлемдер» еліне» саяхатқа шығамыз. Олай болса, сендерге сәт сапар тілеймін, саяхатқа дайынбыз ба?

- Иә.

Ой ширату:

Пойызға отыру:

- Мәтін дегеніміз не ?

- Сөйлем дегеніміз не ?

- Сөйлем айтылу мақсатына қарай қанша түрге бөлінеді?
- Олар қалай аталады?

- Хабарлы сөйлем дегеніміз не ?

- Сұраулы сөйлем дегеніміз не ?

Ал, балалар, лепті сөйлем туралы біз бүгінгі сабақта білетін боламыз. Ендеше, осы үш тобымыздың атауын сөйлемнің айтылу мақсатына қарай бөлейік.

I топ: Хабарлы сөйлем

II топ: Сұраулы сөйлем

III топ: Лепті сөйлем

Дескриптор: Алдыңғы білім бойынша берілген сұраққа жауап береді.

Кері байланыс: Шапалақ!


Шаттық шеңбері

























Табиғат құбылыстары

ның суреті



ертегіге арналған әуен























Ортасы

1-аялдама: Ой қозғау.

«Сөзжұмбақ шешу»


Л

е

п

т

і

с

ө

й

л

е

м


1) Ешкінің төлі
2) Төрт түлік
3) Ең ірі жануар
4) Үй құсы
5) Аңның үйі
6) Біздің оқитын бөлме

7) Бас киім
8) нан атасы
9) Әнші құс
10) Кіші сөзінің қарсы мағынасы
11) Білім ордасы

Дескриптор:1.Сөзжұмбақты шеше алады.

2.Сөздерді толықтырып жазады.

Кері байланыс: Жарайсың!

Жаңа білімді меңгеру. 1-тапсырма.

"Білгенге маржан айдары" видеоролик көрсету

Лепті сөйлем дегеніміз не екен? Ережесін шығарып көрейікші.

Лепті сөйлем дегеніміз адамның көңіл-күйін білдіреді, олар үнемі көтеріңкі дауыспен айтылады. Лепті сөйлемнен соң леп белгісі қойылады.

Ал, осы лепті сөйлемге қандай мысал келтіруге болады? Оқушылардың ойын тыңдау.


2-аялдама: Жұптық тапсырма:

Жұптаса отырып кестені толтырады.

I-топ: II-топ: Ш-топ: Дескриптор: 1.Берілген тапсырманы топта талқылайды. 2.Жұптаса отырып кестені толтырады. Кері байланыс: Жарайсың, керемет орындадың! ҚБ: Күлегештер

3-тапсырма.

3-аялдама: Топтық тапсырма:

Оқушыларға қима қағаздар таратып беремін. Қима қағаздағы сөйлемдерді хабарлы, сұраулы, лепті сөйлемдерге айналдыру.

1-топ. Сыныпта өнерлі оқушылар көп. Мектеп ауласына әдемі

гүлдер егілген бе?

Сыныпта өнерлі оқушылар сондай көп! Мектеп ауласына сондай,әдемі гүлдер егілген!

2-топ. Әкем шаңғы әкелді. Қар қалың жауды.

Алақай,әкем шаңғы әкелді! Қардың қалың жаууын-ай!

3-топ. Ертең ауылға қуыршақ театры келеді. Сенің күлкің әдемі.

Алақай,ертең ауылға қуыршақ театры келеді! Сенің күлкің сондай әдемі!

Оқушылар тапсырманы орындап болған соң, бір-бірін бағалайды. Сөйлемдерді дұрыс құрып, толық жауап берсе, көк карточканы көтереді. Сөйлемдерді дұрыс құрастыра алмаса қызыл карточканы көтереді.


Дескриптор: 1.Оқушылар тапсырманы дұрыс орындайды.

2.Сөйлемдерді дұрыс құрып,толық жауап береді.

Кері байланыс: Мадақтау сөздері арқылы ынталандыру. ҚБ: "Отшашу"әдісі Сергіту сәті: 4-аялдама: Ұжымдық жұмыс Дәптермен жұмыс. Күн ретін, көркем етіп жаздыру.

4-жаттығу Өлеңді көшіріп жаз.

Алақай,алақай!

Күн шықты,күн шықты,

Жер үстіне нұр шықты!

Дескриптор: 1. Өлеңді тиісті дауыс ырғағымен оқиды.

2. Өлеңді көшіріп жазады.

3.Сауатты жаза алады.

Кері байланыс: Сен жоғары белесті бағындырдың! ҚБ: «Шапалақтау» әдісі

Жинақтау тапсырмасы «Тез ойлан!» ойыны. Ойынның шарты: Айтылған сөйлемдерді балалар тез анықтайды. Егер сөйлемнің соңында нүкте болса отыра калады, сұрақ белгісі болса оң қолдарын жоғары көтереді, ал леп белгісі болса екі қолдарын бірдей жоғары көтереді. Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?  Ауа-райы неткен тамаша! Алақай, мен Астанаға баратын болдым! Бүгін менің көңіл-күйім жақсы. Ертең киноға барасың ба? Менің достарым көп.

Дескриптор: 1. Сөйлемдерді балалар тез анықтайды.

2.Қолдарын дұрыс көтере біледі.

Кері байланыс: Жарайсың!



Жұмбақ








































Семантикалық карта













Қима қағаздар


Көк және қызыл карточкалар.




















Сабақтың соңы


Қорытындылау. Соңғы аялдама - “Жұмбақ шешу”

1. Өзім сөзден тұрамын

Біткен ойды құрамын ( Сөйлем)

2. Сөзді құрап, доп тіземін,

Қоя салсаң, бір тары,

Жаңалықты жеткіземін ( Хабарлы сөйлем )

3. Ойды аяқтап орақ тұрады,

Жауап сөз қалап тұрады (Сұраулы сөйлем)

4. Ұранды, шаттықты

Өкініш аптықты

Білдіріп ойын талайдың

Шарға ине қадаймын (Лепті сөйлем)

Дескриптор: 1. Жұмбақтың шешімін таба алады.

2.Жұптаса жұмыс жасайды.

- Сонымен, балалар, лепті сөйлем дегеніміз не?

- Лепті сөйлемнен кейін қандай тыныс белгісі қойылады?

«Сөйлемдер» еліне саяхаттаған ұнады ма?

Үйге тапсырма: 5-жаттығу,101бет

Кері байланыс. «Жемістер» (әр түрлі жеміс түстерін таңдау арқылы жауаптар нұсқасын таңдау)

Маған қызықты, Ұнады бірақ, Мен күткендей

үйрендім ұсынысым бар. болмады.





Жұмбақ
























Кері байланыс

Қабілеті жоғары оқушылар тест тапсырмаларын орындап, дұрыс жауап бере алады.

топтық тапсырмада жауаптарын бақылау арқылы оқушылардың сабаққа қандай дәрежеде қатысқанын бағалау, тақырыпқа сай сөйлем құрастыра білу, қажетті сөздерді дұрыс қолдана білуі.


Оқушылармен сергіту сәтін өткізу арқылы денсаулығын қадағалауға және сабақ барысында қауіпсіздік техникасын сақтауларын ескертіп отыру.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
10 мамыр
1867
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі