400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ 2 сынып Математика "Есептер шығару"

Материал туралы қысқаша түсінік
Әріптестерім мен жас мамандарға математика пәнінен екі таңбалы сандарды қосу жəне азайту алгоритмдерін қолдану, екі амалмен орындалатын есепті кесте, сызба, қысқаша жазба түрінде модельдеу жəне шығаруды оқушыларға меңгертуге пайдасы тиер деген ойдамын. Құрама есептердің шешуін санды өрнектер жəне жекелеген амалдар түрінде модельдеу жəне шығару. Саннан қосындыны үш тəсілмен азайтуға арналған есептің шығарылуын түсіндіре отырып үйретудің тәсілдерін пайдалануға болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән: Математика

2.А.Бөлім Екі таңбалы сандарды қосу және азайту.Жүздіктер.Есеп

Мектеп:Т.Жүргенов атындағы №136 мектеп-лицей

Күні: 23.11.17 жыл

Мұғалімнің аты-жөні: Ағайдарова Айжан

Сынып: 2


Қатысқандар саны:28 Қатыспағандар саны: 0

Сабақтың тақырыбы

Есептер шығару

Оқу мақсаты

2.1.2.8. Екі таңбалы сандарды қосу жəне азайту алгоритмдерін қолдану.

2.5.1.1** Екі амалмен орындалатын есепті кесте, сызба, қысқаша жазба түрінде модельдеу.

** Екі амалмен шешілетін есептерді модельдеу жəне шығару.

** Құрама есептердің шешуін санды өрнектер жəне жекелеген амалдар түрінде модельдеу жəне шығару.

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар: саннан қосындыны үш тəсілмен азайтады.

Көпшілік оқушылар: санннан қосындыны азайтуға арналған бір-екі амалы бар есептің үлгісін жасайды.

Кейбір оқушылар: шешу үшін саннан қосындыны азайту талап етілетін өмірлік жағдайдың мысалын келтіреді.

Бағалау критерийлері

Екі жұлдыз, бір ұсыныс, от шашу, мадақтау, үздігін анықтау,

Тілдік мақсат

Оқушылар орындай алады: саннан қосындыны үш тəсілмен азайтуға арналған есептің шығарылуын түсіндіруді.

Пəндік лексика жəне терминология.

Саннан қосындыны азайту, қосылғыш, жазбаша қосу жəне азайту тəсілдері, тексеру.

Құндылықтарды дарыту

Жауапкершілік, сыйластық, өзара түсіністік, жанашырлық, қамқорлық жасай білу құндылықтарды қалыптастыру.

Алдыңғы білімдер

Ондықтан аттап, екі таңбалы сандарды қосу мен азайтудың жазбаша тəсілдерінің алгоритмі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

5 мин














Шаттық шеңбері:

Дөңгеленіп тұрайық,

Керегені құрайық.

Уықтарша иіліп

Шаңыраққа киіліп

Киіз үйді құрайық.

Топ ережесі:

І. Тыныштық сақтаймыз

ІІ.Уақытты үнемді пайдаланамыз

ІІІ.Бір-бірімізді тыңдаймыз

Түсті ленталар арқылы 4 топқа бөліну



ІҮ.Әділ баға береміз

Топ ережесімен таныстыру, бағалау парағымен таныстыру.

Әр топ топ басшыларын сайлау.


Сабақтың басы

3 мин

«Миға шабуыл» (Бағанмен есептеу)

Жеке жұмыс

+ 36 + 43 - 90 - 50

14 37 34 13

Shape1 Shape2 Shape3 Shape4



Парақшалар

Сабақтың ортасы

7 мин

Мақсат қою (проблемалық жағдай).

Проблемалық жағдай туғызу үшін оқулықтағы

1-тапсырма бойынша практикалық жұмыс жүргізіледі. Бұл тапсырманы орындау үшін санауға арналған материалдар (текшелер) жəне заттарды салуға ыдыстар (қораптар, себеттер жəне т.б.) қажет.

Оқушылар топтарға бөлініп, суреттерді мұқият қарап, Əлия мен Сырымның текшелерді қораптардан қалай шығарғаны туралы айтады. Бірнеше текшені алып, қорапқа салады, алдымен қораптан текшелердің бірнешеуін алады, одан кейін қорапта бірнеше текшені қалдырып, бірнеше данасын шығарады, жазба жасайды.Оқушылар осыған ұқсас жұмысты топ болып орындайды.

Есептеудің әртүрлі тәсілін түсіндіру

1-тәсіл: 15-(5+2)=15-7=8 а-(в+с)

2-тәсіл: 15-(5+2)=(15-5)-2=8 (а-в)-с

3-тәсіл: 15-(5+2)=(15-2)-5=8 (а-с)-в

Жұптық жұмыс

1-тәсіл: 18-(9+1)=18-10=8 1-тәсіл: 16-(7+3)=16-10=6

2-тәсіл: 18-(9+1)=(18-92-тәсіл: 16-(7+3)=(16-7)-3=6

3-тәсіл: 18-(9+1)=(18-1)-9=8 3-тәсіл: 16-(7+3)=(16-3)-7=6































Парақшалар

Сергіту сәті

(2 мин)

«Адам адамға »

Музыкамен

Дәптермен жұмыс

8 мин












10 мин

2-есеп

Мектепке 70 орындық әкелінді. Бір кабинерке 25 орындық, ал екіншісіне 15 орындық қойылды. Неше орындық қалды?

Әкелінді-70 о

Қойылды- 25 о, 15 о

Қалды-?о

Ш: 1-тәсіл: 70-(25+15)=30 о

2-тәсіл: (70-25)-15=30 о

3-тәсіл: (70-15)-25=30 о

Ж: қалды 30 орындық.

Топтық жұмыс

3-есеп. Есепті әртүрлі тәсілмен есепте.

А) Сыныптағы сөреде 50 кітап жинаулы тұр. Оның 23-і қазақ тілінде, 17-сі орыс тілінде, қалғаны ағылшын тілінде. Сөреде ағылшын тілінде неше кітап қалды?

Shape5 Қазақ т-23 к

Shape6 Орыс т-17 к 50 к

Ағылшын-? к

Ш: 1-тәсіл: 50-(23+17)=10 о

2-тәсіл: (50-23)-17=10 о

3-тәсіл: (50-17)-23=10 о

Ж: ағылшын тілінде 10 кітап

Ә) Көркем еңбегі сабағы үшін алдымен 45 түрлі түсті қатырма қағаз жинағы сатып алынды. Содан соң тағы 30 жинақ сатып алынды. 20 жинақ үлестірілді. Неше жинақ қалды?

Алынды-45 ж, 30 ж

Үлестірді-20 ж

Қалды-? ж

Ш: 1-тәсіл: (45+30)-20=55 ж

2-тәсіл: (45-20)+30=55 ж

3-тәсіл: (30-20) +45=55 ж

Ж: қалды 55 жинақ


Сабақтың соңы

Бағалау



3 мин













2 мин

Кері байланыс Жетістік баспалдағы бағалауы

-Барлығы түсінікті (жасыл түспен бояу)

-Толық түсіне алмадым (сары түспен бояу)

-Түсіне алмадым (қызыл түспен бояу)

Әр топтағы үздіктерді анықтап, мадақтау

Мұғалімнің бағалауы

Үйге тапсырма: №4-мысал (ә) 29-бет

Бағалау парақшалары





Смайликтер жабыстырады













Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 қаңтар
1798
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі