400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ 2 сынып "Наурыз көже"

Материал туралы қысқаша түсінік
қысқа мерзімді жоспар 2 сынып әдебиеттің оқу пəні
Материалдың қысқаша нұсқасы



Күні : 17.02.2019 Сынып: 2 «А»

Пәні: Әдебиеттік оқу

Сабақтың тақырыбы: «Наурыз көже»

Жалпы мақсат:

Наурыз мейрамы жайында түсінік беру. Наурыз көженің құрамымен таныстыру.

Нәтижесі:

1.Тірек сөздерді таба біледі.

2.Мәтін мазмұнын түсінеді.

3. « Наурыз» сөзінің мағынасын ашады.

4. Наурыз көженің құрамын біледі.

Сабақта қолданылған модульдер, әдіс-тәсілдер: Көрнекілік, көрсету, түсіндіру, әңгімелесу, ой қозғау,сұрақ-жауап, жеке, жұппен, топпен жұмыс.Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, Оқыту мен оқуда АКТ-ны пайдалану,Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау,Талантты және дарынды балаларды оқыту, Блум таксономиясы.

Сабақта қолданылатын материалдар:

Power Point презентациялар ,слайд, түрлі түсті қағаздар стикерлер, маркерлер, бетшелер, үлестірмелі парақшалар.

Сабақтың кезеңдері Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті

Психологиялық дайындық



Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де!

Қуанайық достарым,

Арайлап атқан әр күнге!



Топқа бөлу . Оқушылар өздеріңе ұнаған гүлдерін алып екі топқа бөлінеді.

Үй тапсырмасын тексеру. Оқушылалдан уй тапсырмасы сұралады.





Білу 

«Миға шабуыл»

Сөзжұмбақ шешу арқылы жаңа тақырып ашылады. Наурыз туралы бұрыннан білетіндері еске түсірту, сызбаға толтырту.

Жаңа сабақ: Сөзжұмбақ «Наурыз көже»

Ас атасы . / Нан/

  1. Ең жақын адам /Ана/

  2. Киіз үйдің жабдығы / Уық/

  3. Мал жайылымы / Өріс/

  4. Жыл мезгілі /Қыс/

  5. Көру мүшесі /Көз/

Наурыз туралы не білеміз? Оқушылардың жауабын толықтыру: Наурыз мейрамында ұлттық ойындар ойналады, наурыз көже жасайды, тілектер айтылады.Олай болса, біз бүгін Нұрқасым Қазыбековтың « Әз –Наурыз туралы аңыз» мәтінімен танысамыз.

Жаңа сабақты меңгерту

Түсіну «Джигсо» әдісі

Талқылау сұрақтары:

Әр оқушыға жеке тапсырмалар беріледі.

-Наурыз сөзінің мағынасы қандай?

-Қазақ халқы наурыз күнін басқаша қалай атаған?

- «Ұлыстың ұлы күнінде адамдар не істейді?

-Наурыз тойының мақсаты қандай?

- Наурыз тойында не пісіріледі?

- Наурыз көже жасау үшін нелер қажет?

- Наурыз көжені не үшін жасайды деп ойлайсың?

Қолдану.

Оқушылар мәтінді жеке түсініп оқиды;

Жұппен бір-біріне түсіндіреді;



Баяндамашы топқа түсіндіреді.

Оқығаны, түсінгені бойынша сұрақтарға жауап береді.

Сергіту сәті

Наурызға арналған би. «Қара жорға»

Бойларын сергітеді.

Оқулықпен жұмыс.

-Наурыз жайында айтылған жолдарды тауып оқы.

-Наурыз тойының мақсаты жайында жазылған жолдарды тауып оқы.

-Наурыз көженің жасалу жолы жайында жазылған жолдарды тауып оқы

Наурыз көже құрамы:

Бидай,тары,қамыр,бұршақ,ет, тұз сүт.

Дәптермен жұмыс

Наурыз көженің құрамын жазады. Наурыз көже құрамы туралы білімдерін толықтырады.

Талдау.

Наурыз көжені қалай жасау керектігі туралы слайд көрсетіледі. Постер қорғау. Топпен жұмыс.

Сәйкестендір 1-ші бағандағы сөздерді 2-ші бағандағы сөздердің тиістісімен сәйкестендіреді.

Наурыз тілейді

Жақсылық 7 дәмнен құралады

Наурыз көже жыл басы,жаңа күн

Өкпе-араздық құшақтасып көріседі

Жас-кәрі ұмытылады

Жинақтау.

«Бес жол өлең» стратегиясы

1 топ наурыз 2 топ наурыз көже

Шуақты, көңілді Дәмді, пайдалы

Тойлайды, қыдырады, қуанады Дайындайды, пісіреді, ішеді

Күн мен түн теңеледі. Наурызда әжем көже пісіреді.

Көктем Тағам

Бес жол өлең арқылы ой қорытады.

Бағалау

Табыс критерийін толтырту

Жинаған ұпайларына қарай бағаланады.

Үйге тапсырма

Мәтінді түсініп оқу.

Наурыз мерекесі жайында ізденеді.

Кері байланыс

Тақырып бойынша түсінген, түсінбегенін стикерге жазып ілу.































Есіл ауданы Ақсай орта мектебі КММ













АШЫҚ САБАҚ

НАУРЫЗ КӨЖЕ























Өткізген: Даулеткалиева Л.Т.













2019жыл.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
24 ақпан
1030
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі