жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ 2 сынып Қауіпсіздік ережелері
Күні: 30.01.2019 |
Мектеп: Ақсай орта мектебі Мұғалім: Даулетқалиева Л.Т. |
||
Сынып: 2 «а» |
Қатысқаны: 4 Қатыспағаны: |
||
Пәні : |
Дүниетану |
||
Сабақтың тақырыбы |
Қауіпсіздік ережелері |
||
Бағдарламаның бөліміне сілтеме |
Дені саудың – жаны сау |
||
Жалпы мақсаты: |
2.1.4.2. Оқу, ойын үдерісінде және күнделікті өмірде (үйде, қоғамдық орындарда, көшеде және табиғат аясында) мінез-құлықтың қауіпсіздік ережелерін білу және түсіндіру. |
||
Күтілетін нәтижелер
Жетістік өлшемдері
|
Оқушылар: – сабақтың мақсатымен танысады, оған жетуге талпынады; – үйде, қоғамдық орындарда, көшеде, табиғатта өздерін дұрыс ұстауға үйренеді және қауіпті және қауіпсіз жағдайларды талқылайды. – оқулықтың мәтінінен және суреттерден, электронды қосымшадан ақпаратты қабылдайды – ауызша сөйлеуді дамытады, мінез-құлықтың қауіпсіздік ережелері туралы мәліметтерді байланыстырып айтып береді; – қауіпті жағдайда бағдарланудың дағдыларын үйренеді және тиімді шешімдер қабылдайды; – топ ішінде, үйде және көшеде жүріс-тұрыстың дұрыс-бұрысын анықтап, суреттен қауіпсіздік ережелеріне сай көрсетеді;
Оқушы мақсатына жетеді, егер: – оқулықтың мәтіні және суреттері, сондай-ақ өзіндік өмірлік тәжірибесі негізінде сабақтың мақсатын меңгерсе; – тапсырманы орындауда өзінің пікірін ұсынып, топта белсенділік көрсетсе; – қарым-қатынас дағдыларын дамыта отырып, сыныптасымен бірігіп жұмысты орындаса. Оқушы оқытудың мақсатына жетуге тырысады, егер: – күнделікті өмірде жүріс-тұрыстың қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттілігін түсінсе; – жеке, жұптасып және топ ішінде жұмыс істей отырып, тапсырмаларды орындаса.
|
||
Оқытудың әдістері мен тәсілдері |
«Миға шабуыл» әдісі, мәселелерді шешу, сахналау, эвристикалық әңгіме құру, жұптасқан жұмыс жүргізу, топтық жұмыс. |
||
Көрнекі құралдар |
Оқушыға: АКТ, карточкалар, суреттер, оқулық, жұмыс дәптері. |
||
Кілттік сөздер және ой-пікірлер |
Өмір құндылығы және қауіпсіздік, мінез-құлықтың қауіпсіздік ережелері. Сақтық пен мұқияттылық.
|
||
Сабақтың барысы |
|||
Уақыт |
Сабақтың өту кезеңдері |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
2 мин |
Ұйымдастыру Сабаққа психологиялық бағыттау
Топқа бөлу
Үй жұмысын сұрау |
«Шырмауық» ойыны. Ойынның шарты: Алдарыңда тұрған кедергіден (яғни шырмауықтан) мүдірмей, жылдам өтіп, алдыңда тұрған адаммен амандасады.
Кедергіден өткен оқушыға түрлі-түсті қағаздар беріледі. Сол қағаздың түстері арқылы оқушылар топтарын анықтайды. Сөйтіп, топқа бөлінеді. Оқушылар өтен сабақ бойынша дұрыс тамақтану және адамға ағзасына қандай дәрумендер керек екенін ажыратады. (АВСД дәрумендерін суреттер арқылы бөледі).
|
Оқушылар мұғаліммен және бір-бірлерімен сәлемдеседі.(үш тілде) -Сәлеметсіз бе! -Здравствуйте! -Good morning!
Мұғалім оқушылардан үй тапсырмасын сұрайды. |
5 мин |
Сабақтың мақсатын қою |
Мұғалім: – Балалар, Жер бетінде ең қымбат не деп ойлайсыңдар? Жер бетіндегі ең қымбат – өмір. Өмір – бұл ұлы тіршілік. Өз өміріңді үлкен құндылық ретінде қабылдап, оны сақтау керек және сондай-ақ басқалардың да өмірін бағалау қажет. Бірақ та адамның өміріне және денсаулығына қауіп төндіретін жағдайлар болады. Бүгін біз өзімізді қалай қауіпсіздендіреміз және қалай қорғайтындығымыз туралы айтамыз, мінез-құлықтың қауіпсіздік ережелерін қарастырамыз. Ол үшін сақ әрі зейінді, әрі мұқият болуымыз керек!. Ондай болса мына бейнематериалға назар аударайық. «Қауіпсіздік әліппесі» |
Оқушылардың жауаптары: – Денсаулық, өмір, отбасы, сүйіспеншілік және т.б.
«Қауіпсіздік әліппесі» видиоматериал
|
5 мин |
Жаңа тақырыпты меңгеру |
Оқулықты ашып, оқулықтың мәтінін зер салып оқыңдар және келтірілген жағдайларға шешім табыңдар. «Оқушы дәптерінде» 1 және 2-тапсырманы орындайық.
|
Оқушылар оқулықты ашып, мәтінді оқиды және жұптасып өздерінің шешімдерін ұсынады. Оқушылар «Оқушы дәптеріндегі» 1–2-тапсырманы орындайды.
|
12 мин |
Жаңа тақырыпты түсінгендерін тексеру |
Оқулықтағы 53 беттегі мәтін бойынша жұптық жұмыс. 2-топқа карточка беріледі. Карточканы ашып берілген тапсырманы сахналап көрсетеміз. «Жолдан өтудің қандай қауіпіті жағдайына» не істеу керектігін жазады. Дәптердегі 4-тапсырманы орындатады. Сергіту жаттығулары(Өрт қауіпсіздігіне байланысты).
|
53 беттегі жағдаядтардан шығуды жұппен ақылдасады. Берілген тапсырманы сахналап көрсетеді. Дәптердегі 4-тапсырманы орындайды.
Оқушылар видео роликтегі қимыл-қозғалыстарын қайталайды.
|
6 мин
6 мин
|
Жаңа тақырыпты бекіту
Постер қорғау |
Мұғалім: – Бөлмеде,көшеде,уйде, үйдің маңында қауіпті болуы мүмкін кейбір орындарды атаңдар. – Топта жұмыс орындай отырып, өзін ұстаудың қауіпсіздік ережелерін құрастырыңдар:
101-Пожарная-өрт бөлімшесі- 102-Полиция- 103-Скорая 111-телефон доверия 112-Служба спасения ЧС
2-Топқа суреттер беріледі. Сол суреттердің ішінен қауіпті және қауіпсіз жағдаяттарды ажыратып қағаздарға жабыстыру және қорғау. |
Оқушылар: – Үйде: газ плитасы, электр құралдары; – қаладағы көп қабатты үйде: балкон, ашық терезе; – Үйдің айналасында: жол, бос алаңқай; – қала сыртында: суқоймасы (өзен, тоғай, көл). Топтық жұмыс. Дайын ережелердің нұсқалары 1) Үй ішінде жүріп-тұрудың қауіпсіздік ережелері: – балконда немесе ашық терезе алдында ойнама; – өткір, кесетін заттарды пайдаланғанда сақ бол; – сіріңкемен ешқашан және ешбір жерде ойнама; – ересектер жоқта тұрмыстық химия және дәрі-дәрмектерді қолданба; – ересектердің қарауымен ғана газ плитасын, электр қондырғыларын пайдалан. 2) Қоғамдық орындарда жекебас қауіпсіздік ережелері: – бөгде ересектердің ешбір ұсыныстарына келіспе; – бөгде ересек адамдармен ешқайда баруға келіспе және көліктеріне отырма; – үйдегі ересектерде көп ақша бар екеніне ешқашан мақтанба; – үйде ешкім болмаса, бөгде балаларды үйге шақырма; – үйге қайтарда көшеде т.б. жерлерде кідіріп қалма; – кеш түскенде әсіресе құрылыс алаңдарында, алаңқайларда және қазба жұмыстары жүргізілетін аймақтарда серуендеме. 3) Көшеде жүріп-тұрудың тәртібі: – жолды бағдаршамның тек жасыл белгісіне жүріп өт; – жақын жүріп келе жатқан көліктің алдынан кесіп өтпе; – жол үстінде ойнама; –
көше
қиылыстарындағы жолды жаяу жүргінші
жолағымен жүріп 4) Суқоймасында өзін ұстау тәртібі: – ересектердің қарауымен ғана суға түс; – таза суға түскен дұрыс; – суда қауіпті ойын түрлерін ойнама; – бейтаныс суқоймада сүңгіп ойнама. |
3 мин |
Рефлексия (ой қорыту) Қорытындылау |
Балалар, мен сендерге қауіпсіздіктің тұжырымды қорытындысын шығаруды ұсынамын. ... дұрыс-бұрыс әдісі арқылы оқушыларға суреттер беріледі. 1-топ дурыс отыру керек суреттерін тереді 2- топ бұрыс отырғандарды ажыратып алады. Мұғалім: Егер де қауіптілікті алдын ала көруді үйрене білсеңдер, сендерге одан құтылуға немесе оқыс оқиғадан аман шығуға болады. «Бағдаршам» әдісіне рефлексия «Оқушы дәптеріндегі» Алдыңда бағдаршам суреті. Сабағымыздың соңында үкінің қандай түсін таңдайсың? Таңдалған түске өз атың жазылған қыстырғышты қой: қызыл түс – мүлдем түсініксіз; сары түс – тағы бір қайталау қажет; жасыл түс – барлығы оңай әрі жеңіл. |
Оқушылар мүмкіндігінше өздерінің болжамдарын айтады.
Оқушылар өздерінің әрекеттеріне рефлексияны (ой қорыту) жүргізеді. |
1 мин |
Үй тапсырмасы |
«Оқушы дәптеріндегі» 3-тапсырма. |
Оқушылар күнделіктеріне тапсырманы жазады. |
Тексерілді:---------------------------------------------
Ашық сабақ
Дүниетану
Сынып: 2 «А»
Сынып жетекшісі: Даулеткалиева Л.Т.
2019 жыл.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген