400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ 2 сынып Қауіпті табиғат құбылыстары

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал ұстаздарға керек, әдіс-тәсілдер, топтық жұмыстар, бағалаулардың ұстаздарға сабақ жоспарын құру кезінде көмегі тиеді
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы:

Қауіпті табиғат құбылыстары


Мұғалімнің аты-жөні: Жұмалиева Г.А.

Күні:

СЫНЫП: 2"Г"


Қатысқан оқушылар саны: 30


Қатыспаған оқушылар саны: 0

Сабақ негізделген оқу мақсаттары

2.2.2.1 ауа райының адам өмірі мен шаруашылық іс-

әрекетіне оң және кері әсерін талдау

Сабақ нәтижесі:


Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты бірлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:

Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмаларды орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

Бағалау критерийі

Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Ресурстар

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.

Пәнаралық байланыс

Музыка, қазақ тілі.

Сабақтың жоспары

Жоспарланғануақыт

Сабақ барысы :

Ресурстар

Басталуы

5 минут

Психологиялық ахуал қалыптастыру.

Табиғат біздің анамыз

Табиғатқа баламыз

Табиғатты қорғайтын

Біз әдепті баламыз

Жер байлығы көп екен

Меңгеруді қалайды

Осының бәрін меңгертер

Дүниетану сабағы

Топқа бөлу:

Түрлі түсті қағаздар таратамын, сол арқылы топқа бөлемін.

1 – топ жасыл түс - «Көктем» тобы

2 топ қызыл түс «Жаз» тобы

3 – топ сары түс «Күз» тобы

4 – топ көк түс «Қыс» тобы


Өткен тақырыптарға шолу.

Әр топтан бір -бір оқушыдан шығып жіпке жайылған сұрақтарға жауап береді.

1 – топ «Адам өміріне ауа райының әсері»

2 – топ « Адам өмірінде табиғат жағдайының алатын орны»

3 – топ «Өсімдіктер мен жануарлардың адам өміріндегі рөлі»

4 – топ «Табиғаттан біз не аламыз?»

(Оқушылар бір біріне кері байланыс береді).










Түрлі түсті қағаздар арқылы топқа бөлу.









Жіпте жайылған сұрақтар бойынша өз ойларын айтады.

Жаңа білім

10 минут







«Кім тапқыр?» - Жұмбақтар шешу.

Сабағымызды бастамас бұрын мен сендерге мынадай жұмбақ жасырайын:

  1. Дүрліктіріп қырқаны,

Шақпақ тастың жарқылы,

Бұлт көрпесін жыртады.

(Найзағай)

  1. Шашылды көктен ақ моншақ,

Жоғалды біздер тапқанша ақ

(Бұршақ)

  1. Шөпті жапырып,

Құмды сапырып,

Қоқысты үйіріп,

Әкеткен не шүйіріп?

(Құйын)

  1. Ақ сандығым ашылды

Ішінен жібек шашылды

(Күн)

  1. Мөлдіреген жүзімді

Ұстап едім езілді

(Шық)

  • Балалар осы жұмбақтың шешуіндегі найзағай, бұршақ, құйын, шық осылардың бәрі не деп аталады?

( Табиғат құбылыстары деп аталады).

Есімізге түсірейікші, табиғат құбылыстары деген не?

(Табиғаттағы өзгерістердің барлығы табиғат құбылыстары деп аталады).

Табиғат құбылыстарына нелер жатады?

(бұршақ, найзағай, боран, қар, бұлт, тұман т.б.)

Табиғат құбылыстары адам өміріне қандай қауіп төндіреді? Табиғат құбылыстары қауіпті ме?

(Найзағай – адамға, ағашқа, жануарларға түседі. Найзағай жарқылдағанда қауіпті.

Дауыл, қатты жел – үйдің шатырын ұшырып әкетеді.

Бұршақ - егінге зиян келтіреді.

Қауіпті табиғат құбылыстары


Shape2

Жыл бойы табиғатта түрлі құбылыстар болып тұрады. Қыста қар борап, көктайғақ болады. Күн суытып, аязды күндер болады. Көктемде су тасқыны болуы мүмкін. Қар еріп өзендердің суы көтеріледі. Бұл жағдайда өзен суы арнасынан асып, көпірлерді, жолдарды және үйлерді бұзуы мүмкін. Бұршақ шаруашылыққа үлкен зиянын тигізеді.

Адамдар табиғаттың қар, жаңбыр, боран сияқты көптеген құбылыстарына ертеден үйреніп, одан да қорғана білді. Дегенмен кейде олардың адам өміріне қауіп төндіретін кезі де болады.





Жұмбақтар

Ортасы

10 минут







Қолдану

Дәптермен жұмыс.

  1. Қыста, көктемде, жазда және күзде табиғатта қандай қауіпті құбылыстар болады?

  2. Келесі сөйлемдерге «иә» немесе «жоқ» деп жауап бер.

Суретпен жұмыс.Постер қорғау.

Әр топ берілген сурет бойынша өз ойларын ортаға салады.Бұл табиғат құбылыстары қалай аталады? Олар неге қауіпті?

1 – топ «Көктем» найзағай туралы айтады.

2 – топ «Жаз» дауыл, жел туралы айтады.

3 – топ «Күз» жаңбыр туралы айтады

4 – топ «Қыс» қар туралы айтады


Жұмыс дәптері



Ватмандар,

түрлі түсті маркерлер.

Суреттер

Сергіту сәті

2 минут

Сергіту сәті "Жаңбыр"



Аяқталуы

Сабақты бекіту

10 минут

«Ойлан тап» ойыны.

Әр топ жеке жеке табиғат құбылыстарының бірін суреттейді. (жаңбыр жауғанын, желді, күнді)

Синтез

«Бес қадам» әдісі.

  1. Табиғат құбылыстары дегеніміз не?

  2. Қауіпті табиғат құбылыстарына нелер жатады?

  3. Қыста табиғатта қандай қауіпті құбылыстар болады?

  4. Көктемде қандай қауіпті құбылыстар болады?

  5. Қатты жел мен қардың ұйытқуы не деп аталады?

  6. Қатты нөсер жауыннан, қардың еруінен не туындайды?



Бағалау


5 минут


«Білім ағашы»

Кері байланыс

3 минут

Кері байланыс

«Білім ағашы»

Үйге тапсырма: мазмұндау.

Саралау – Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Сіз

қабілеті жоғары

оқушыларға тапсырманы

күрделендіруді қалай

жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың

үйренгенін тексеруді

қалай жоспарлайсыз?

Пəнаралық байланыс

Қауіпсіздік жəне еңбекті

қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы

байланыс

Рефлексия

Сабақ / оқу

мақсаттары

шынайы ма?

Бүгін оқушылар

не білді?

Сыныптағы ахуал

қандай болды?

Мен жоспарлаған

саралау шаралары

тиімді болды ма?

Мен берілген

уақыт ішінде

үлгердім бе? Мен

өз жоспарыма

қандай түзетулер

енгіздім жəне

неліктен?



Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз.

Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сəйкес

келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

жетілдіруге көмектесетін не білдім?

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
10 мамыр
1620
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі