жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ашық сабақ 2 сынып Судың түрлі күйі.
Сабақтың тақырыбы: Судың түрлі күйі. |
Мұғалімнің аты-жөні: Уразалина Т. Күні: 20.12.2019 |
|||
Мектеп: Н.Оңдасынов атындағы №5 жалпы білім беру орта мектебі |
||||
СЫНЫП: 2 «А»
|
Қатысқан оқушылар саны: 18
|
Қатыспаған оқушылар саны: 0 |
||
Сабақ негізделген оқу мақсаттары |
2.3.3.2 - судың агрегаттық күйінің өзгеру үдерісін зерттеу; 2.1.2.2 - бақылаудың басты белгілерін анықтау (мақсат, нысан, жоспар, мерзім, нәтиже); |
|||
Сабақ нәтижесі:
|
Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты бірлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды. Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады: Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады. |
|||
Бағалау критерийі |
Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады. |
|||
Ресурстар |
Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер. |
|||
Әдіс-тәсілдер |
Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия. |
|||
Пәнаралық байланыс |
Музыка, қазақ тілі. |
|||
Сабақтың жоспары |
||||
Жоспарланғануақыт |
Сабақ барысы : |
Бағалау түрлері |
||
Басталуы 3 минут |
Ұйымдастыру кезеңі 2 минут психологиялық ахуал қалыптастыру: Шеңбер бойына жиналады. Сағат тілімен бір – біріне жақсы көңіл күй сыйлау. Топқа бөліну: Топ басшысын сайлау. Топ басшысы кір жаятын жіптегі бір суретті таңдау арқылы топтарының атын анықтайды. |
1-топ: Өзен 2-топ: Көл 3-топ: Теңіз
|
||
Жаңа білім 8минут
8минут |
Білу және түсіну М: Балалар, топтарыңыздың атауларына назар аударсаңыздар осылардың бәріне не ортақ деп ойлайсыз? О: барлығына ортақ су. М: дұрыс айтасыздар. Ендеше су сөзіне ассасоция құрастырайық.
мұхит
су
теңіз
бұлақ
Өзен,көл
Балалар, бәріміз бірге хормен қайталап оқып жіберейік Олай болса, мына видеоны көріп жіберейік. (видео) Оқушылар олай болса біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қалай аталады деп ойлайсыздар? О: су Дұрыс айтасыздар. Мақсатын анықтау: Оқушылар бүгінгі сабақтан нені үйренеміз?, нені білуіміз керек деп ойлайсыздар?. Олай болса бүгінгі сабақта мұз, бу деген жаңа сөздермен танысамыз. Топтық жұмыс: Судың қасиеттеріне тәжірибе жасаймыз. Дәлелдейміз. 1-топ: Судың сіңгіштік,еріткіштік қасиеттерін ажыратады. 2-топ: Судың дәмін ажыратады. 3-топ: Судың пішінін ажыратады. Алдарыңыздар тұрған заттарды пайдалану арқылы тәжірибе жасап анықтап, дәлелдеп қорғап айтамыз. Қорытынды: Су мөлдір, түссіз, иіссіз,дәмсіз, пішіні жоқ. Т.б. Бағалау: 3 шапалақ арқылы бағалаймыз. |
кеспе қағаздар
Видео көру. |
||
Ортасы 10 минут
|
Қолдану: Ендеше, осы суымыз табиғатта 3 күйде кездеседі екен. Қатты, сұйық, газ (бу). Оны тағыда тәжірибе жасау арқылы көз жеткіземіз, дәлелдейміз, анықтаймыз.Топтық жұмыс: 1-топ: бу күйін 2-топ: қатты күйін 3-топ: сұйық күйін Балалар, сіздерге тәжірибе жасауға алдарыңызға түрлі материалдар қойылды. Сол арқылы судың 3 күйін анықтайсыздар. Қорытынды: әр топ өз тәжірибелерін ортаға шығып қорғап шығады. |
Оқулық,қабырғаға ілінген ватмандар, түрлі-түсті маркерлер
|
||
2минут
Сергіту сәті 2минут
2минут |
Суретпен жұмыс: Екі суреттің айырмашылығы мен ұқсастығын сұрау. Қыс түскенде жер бетін қар жауып, өзен – көлдің беткі қабатына мұз қатады. Күн жылынғанда қар мен мұз еріп, су мен буға айналады. Тау шыңдарында, мұздықтарда, Жер полюстерінде қар мен мұз мүлдем ерімейді. Табиғатта су буы тұман түрінде кездеседі. Су тұманынан басқа мұз тұманы да болады. Ол өте ұсақ мұз қиыршықтарынан түзіледі және қатты аяз кезінде ғана байқалады. Жұмбақ жасыру: 6 ЖҰМБАҚ Сен білесің бе? Ыстық бұлақтар – жер бетіне шығып жатқан жер асты сулары. Олар пайдалы минералды тұздарға бай. Ыстық бұлақ суының емдік қасиеті де мол. Біздің елімізде 100-дн астам ыстық бұлақ көздері белгілі. Мысалы: «Алмарасан» , «Сарығаш», « Ералы» ыстық суы. Біздің жерімізде Ералы ыстық суы өте пайдалы. Жан – жақтан туристер қыдырып келіп ем алып жатады. Ыстық судың адам денсаулығына пайдасы орасан зор. |
Слайд
Оқулықпен жұмыс, слайд |
||
Рефлексия 5 минут
Кері байланыс 1 минут |
Ойды жалғастыр. Егер мен су болсам .......... Егер мен мұз болсам.......... Егер мен бу болсам...........
Оқушылар шеңберге тұрып, төмендегі сұрақтарға жауап береді.
Бағдаршам түстеріне тұру. Өте жақсы түсіндім (Жасыл) Орташа түсіндім (Сары) Түсінбедім (Қызыл) |
Рефлексиялық шеңбер
|
||
Үйге тапсырма: Мазмұндау. |
||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген