жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ 2-топ металдары және қосылыстары 8 сынып
Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: 9.2С 1, 2 және 3 топ элементтері және олардың қосылыстары |
Мектеп: «Жоламан орта мектебі» МДШО КММ |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Мұғалімнің аты-жөні: Нуспекова Мадина Аскаровна |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Күні: |
Қатысқандар саны: |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сынып: 9 |
Қатыспағандар саны: |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы: 2-топ металдары және олардың қосылыстары. Зертханалық тәжірибе №6 «Кальцийдің сумен және қышқыл ерітіндісімен әрекеттесуі» |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасы бойынша) |
9.2.1.8 1-ші және 2-топ металдарының жалпы қасиеттерін салыстыру және реакция теңдеулерін құрастыру 9.2.1.9 Кальций оксиді мен гидроксидінің негіздік қасиеттерін түсіндіру және қолданылуын сипаттау |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты |
Барлық оқушылар: 1-ші және 2-топ металдарының жалпы қасиеттерін салыстырады және реакция теңдеулерін құрастырады, кальций оксиді мен гидроксидінің негіздік қасиеттерін түсіндіреді және қолданылуын сипаттайды. Оқушылардың көпшілігі: 1-ші және 2-топ металдарының жалпы қасиеттерін салыстырады және реакция теңдеулеріне есептер шығарады. Кейбір оқушылар: кальций оксиді мен гидроксидінің негіздік қасиеттерін нақты тәжірибе арқылы түсіндіреді. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийі |
-1-ші және 2-топ металдарының жалпы қасиеттерін салыстырады -1-ші және 2-топ металдарының химиялық қасиеттеріне реакция теңдеулерін құрастырады, реакция теңдеулері бойынша есептер шығарады. - кальций оксиді мен гидроксидінің негіздік қасиеттерін түсіндіретін тәжірибе жасайды. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар |
Лексика мен терминология: 1-топ және 2-топ металдары, кальций оксиді, кальций гидроксиді, негіздік оксид, негіз, сөндірілмеген әк, сөндірілген әк, әк суы. Диалог/жазылым үшін қолданылатын тіркестер: Бірінші және екінші топ металдарының оксидтері мен гидроксидтері ... қасиеттер танытады, себебі .... Кальций оттекпен әрекеттескенде ... түзіледі. Кальций сумен әрекеттескенде ... түзіледі. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарға баулу |
Құрмет, ынтымақтастық, ашықтық, еңбек және шығармашылық |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс |
Физика |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Алдыңғы білім |
8.1А Металдар белсенділігін салыстыру 8.1С Заттардың формулалары және химиялық реакция теңдеулері 9.2В Металдар мен құймалар |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарлан-ған кезеңдері |
Сабақты жоспарланған жаттығу түрлері
|
Ресурс |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы
08:00-08:03
08:03-08:07
08:07-08:10
08:10-08:14 |
І Ұйымдастыру кезеңі 1. «Досым, қалың қалай?» тренингі Мақсаты: оқушылардың көңіл- күйін көтеру, бір-бірімен қарым -қатынасын нығайту. Шарты: оқушылар дөңгелене тұрады, мұғалім қолды шапалақтап нұсқау берген кезде, берілген тапсырмаларды орындайды. 1 рет шапалақтаған кезде – қолдарын қысады; 2 рет шапалақтаған кезде – бір-бірін құшақтайды; 3 рет шапалақтаған кезде – бір-біріне жақсы тілек айтады. 2.Өткен сабақты пысықтау. «Бос орынды толтыр» жаттығуы 1. Бірінші топ металдарын ата ..... 2. Бірінші топ элементтері .... металлдар деп аталады 3. Ең жеңіл металлға .... жатады. 4.Адам организмінде көп мөлшерде кездесетін элементке .... жатады. 5. Бірінші топ металлдарының химиялық қасиеті ....
Топтастыру: Әрбір оқушы қапшықтан металл атауы бар карточка алады, оларды «1-топ металдары» және «2-топ металдары» бойынша 2 топқа топтасады.
3. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау. Ой қозғау: Суреттерге қарап ортақ тақырып қойыңыздар. Көрсетілген 4 суреттен оқушылар 1 сөз шығарып, жаңа тақырыпты ашады, мақсатын айқындайды.
«4 сурет 1 ой» әдісі
|
Оқушылар қимыл қозғалыстар жасау арқылы жаттығу жасайды.
Металл атауы бар карточкалар
Слайд 1 |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы
08:14-08:18
08:18-08:24
08:24-08:31
08:31-08:36
|
Жеке жұмыс «Кім жылдам» әдісі Дағды: өз бетінше оқу дағдысы қалыптасады. 1-тапсырма Оксидтер мен гидроксидтерді анықтап, кестеге атауын жаз.
Дескриптор: -оксидтер мен гидроксидтерді анықтайды -оксидтер мен гидроксидтерді ажыратады -оксид және гидроксид формуласын жазады ҚБ:«Көршіңе бір пікір» әдісі - Жарайсың! - Мен сабақтағы сенің жұмысыңа ризамын. - Сен жақсырақ жұмыс істей алар едің Дағды: құрмет дағдысы дамиды Мақсатқа оралу: оксидтер мен гидроксидтерді ажырату, формуласын жазу.
Топтық жұмыс «Әткеншек» әдісі Дағды: талдай білу дағдысы қалыптасады 2-тапсырма 1-топқа: «1-ші жән 2-топ металдарының жалпы қасиеттерін атау» 2- топқа: «1-ші және 2-топ металдарының реакция теңдеулерін құру» Дескриптор: -1-ші және 2-топ металдарының жалпы қасиеттерін айтады -1-ші және 2-топ металдарының реакция теңдеулерін құрастырады ҚБ: «Мен саған, сен маған» әдісі Дағды: бірлесіп жұмыс істеу дағдысы дамиды Мақсатқа оралу: 1-ші және 2-топ металдарының қасиеттерін білу және реакция теңдеулерін құрастыруды үйрету.
Жұптық жұмыс “Тәжірибе алаңы” Дағды: зерттеу дағдысы қалыптасады 3-тапсырма Зертханалық тәжірибе №6 «Кальцийдің сумен және қышқыл ерітіндісімен әрекеттесуі» «Сурет: не болды?» әдісі
Білім алушылар суретке қарап қышқылдармен жұмыс істегендегі қауіпсіздік техникасын естерінде жаңғыртады Қышқылдармен жұмыс істегендегі қауіпсіздік техникасы 1. Күйдіргіш затпен жұмыс істегенде тек нұсқауда көрсетілген тәжірибені жасау керек. 2. Жұмысты бастамас бұрын техникалық қауіпсіздік ережелерін қайтала. 3. Тәжірибе жасайтын ыдыстың тазалығын тексер. 4. Жұмысқа қажет емес заттарды алып таста. 5.Қышқылдарды сұйылтқанда мына ережелерді есте ұстандар: Суды шайқай отырып, оған қышқылды жайлап сыздықтатып құю керек, қышқылға су құюға болмайды! 6. Қышқылмен, сілтілермен жұмыс істегенде сақ болыңдар! Егер, байқамай қолына немесе киіміне тиіп кетсе, қолма – қол суды көбірек пайдаланып жуып жіберіңдер. 7. Раковинаға қышқыл қалдығын төгуге болмайды және тәжірибеден қалған ерітіндіні арнаулы ыдысқа құй. 8. Егер, қолына қышқыл тамызып алсаң, раковинадағы сумен жуып жібер және сода ерітіндісімен байтарапта.
1-жұп «Кальцидің сумен әрекеттесуі» видеосын көреді. Кестені толтырады. Кальций сумен әрекeттескенде қандай құбылыс байқалады?
2-жұп «Кальцийдің қышқыл ерітінділерімен әрекеттесуі» видеосын көреді. Кальций гидроксиді қышқылдармен әрекеттескенде қандай құбылыс байқалады?
Дескриптор: - қауіпсіздік ережесін сақтайды - оқушылар кальцийдің сумен әрекеттесуі үшін қажетті жағдайларды біледі -оқушылар кальцийдің қышқылдармен әрекеттесуін тәжірибе жүзінде зерттейді ҚБ: «Жинақтау парақшасының индексі» әдісі Дағды: сын тұрғысынан ойлау дағдысы дамиды Мақсатқа оралу: кальцийдің сумен және қышқыл ерітінділермен әрекеттесуі тәжірибесін орындату
Жеке жұмыс «Ойлан, тап» әдісі Дағды: логикалық ойлау дағдысы қалыптасады 4-тапсырма «Саралау тапсырмасы» Дұрыс нұсқаны таңдап, сұрақтарға жауап беріңіз 1. Екінші топ элементтері қандай металдарға жатады a) сілтілік б ) сілтілік жер с) галогендер 2.Күмістей ақ, өте жеңіл, берік металл a) магний б ) калий с) берилий 3.Кальцийдің электрондық құрылысы қанша a)3s2 б )4s2 с)2s2 4. Магний элементін кім қай жылы ашты a)1808ж ағылшын ғалымы Г.Дэви б )1828ж неміс химигі Ф. Велер с) 1910ж француз химиктері М. Кюри мен П.Кюри 5. Кальций мен судың әрекеттесуінің формуласын көрсет. а) Ca+BeO=>CaO+Be б )Ca+Cl=>CaCl2 с)Ca+H2O=>Ca(OH)2 6) 20% қоспасы бар 7г техникалық кальций 100г суда ерітілді. Кальций гидроксидінің массалық үлесін анықтаңдар. а) 8,5% б) 9,7% c) 5,4% 7) Құрамында 8% қоспасы бар 300 кг әктасты өртегенде алынатын сөндірілмеген әктің массасын есептеңдер. a)154,6кг б)14,208кг c)84,45кг Кілті: 1)б 2)а 3)б 4)а 5)с 6)б 7)a ҚБ: «Өзін-өзі бағалау парағы» әдісі - 6-7 Жарайсың! - 3- 5 Сабақтағы жұмысыңа ризамын. - 1-2 Сен жақсырақ жұмыс істей алар едің. Дағды: рефлексия жасау дағдысы дамиды Мақсатқа оралу: 1-ші және 2-топ металдарының жалпы қасиеттерін салыстыру және реакция теңдеулеріне есептер шығарту |
Слайд 2
Плакаттар, маркерлер
Слайд 3
Слайд 4 www.youtube.com/watch?v=nq3a27d-YMc
www.youtube.com/watch?v=QCMtSOLjyik
Үлестірме қағаздар |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы
08:36-08:38
08:38-08:40
|
Үй тапсырмасы: 2-топ металдары және олардың қосылыстары 3-тапсырма
Рефлексия «Білім қоржыны» кері байланыс
|
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? |
Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Саралау тапсырмасы оқушылардың металдардың қасиеттерін, маңызын, формуласын қаншалықты деңгейде меңгергенін анықтау мақсатында тест жұмысы ретінде аламын. Қабілеті жоғары оқушылардың есеп шығару деңгейін бақылаймын. Барынша қолдау: 1-ші және 2-топ металдарының жалпы қасиеттерін салыстырғанда және реакция теңдеулерін құрастырғанда, кальций оксиді мен гидроксидінің негіздік қасиеттерін түсінгенде және қолданылуын сипаттағанда көрсетемін. Орташа қолдау: Металдың табиғатта кең таралғандығын, қасиеттерін, тіршілік үшін маңызын өз бетінше түсіндіргенде көрсетемін. Аз қолдау: Металдың қасиеттерін сурет бойынша көрсеткенде, есептер шығарғанда көрсетемін. Сондай-ақ сабақ барысында саралаудың «Бағалау», «Диалог» тәсілдері үздіксіз қолданылып, оқушы қажеттілігі ескеріліп отырылды. |
Оқу мақсатына жетуде оқушының ой-өрісін, пікір бөлісу, сөздік қорын дамыту мақсатында «Көршіңе бір пікір» әдісін оқушылар 2-топ металдары туралы меңгергендерін білу үшін қолданамын. Ашықтық пен ынтымақтастық атмосферасын орнату мақсатында «Мен саған-сен маған» әдісі бойынша бірін-бірі тексеру, бірлесіп жұмыс істеу арқылы тапсырманы орындау деңгейін бағалаймын. “Жинақтау парақшасының индексі әдісі “ арқылы кальцийдің қасиеттерін ескере отырып, есептеулерді шығару үшін сын тұрғысынан ойлауын бағалаймын. Өзінің қасиеттерін дұрыс бағалай білу, рефлексия жасауды қалыптастыру мақсатында«Өзін-өзі бағалау парағы» әдісін қолданамын.
|
Сабақ барысында оқушылардың қауіпсіздік техникасын сақтау ережелеріне назар аудару.
«Досым, қалың қалай?» тренингі Мақсаты: оқушылардың көңіл - күйін көтеру, бір- бірімен қарым- қатынасын нығайту, әрбір қатысушының сол топтың бір мүшесі екендігін сезіну, бір-біріне жылулық силау.
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия |
Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрысқойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралаудұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталдыма?
Сабақ жоспарынан Қандай ауытқулар болды,неліктен? |
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жалпы баға
Сабақтың
жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы
да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақтыжақсартуға не ықпалетеалады (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақбарысындасыныптуралынемесежекелегеноқушылардың
жетістік/қиындықтарытуралыненібілдім, келесісабақтарда неге көңілбөлуқажет?
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген