400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ 2сынып Жұрнақ және жалғау

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдер ге керек болып қалар деп жібер дім
Материалдың қысқаша нұсқасы


Пән: Қазақ тілі

Орта мерзімді жоспар бөлімі:

Дені саудың – жаны сау

Күні: 07.02.2019ж

Сынып: 2-сынып

Мектеп: «Қызылдихан» жом

Мұғалімнің аты-жөні: Токкулова Б

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Жұрнақ пен жалғау

Денің сау болсын десең

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

(оқу бағдарламасына сілтеме)

2.1.4.1 - Мұғалінің көмегімен түбір мен қосымшаны ажырату

2.2.4.1 - мұғалімнің көмегімен мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойды анықтау

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар жасай алады:

Тыңдалған мəтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап беріп, мəтінде жалпы не туралы айтылғанын түсінеді.

Оқушылардың көбі жасай алады:

Диалогке қатысады; мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтай алады.

Оқушылардың кейбірі жасай алады:

Берілген тақырып бойынша ой қорыту жасай алады.

Бағалау критерийлері

Оқушылардың тілдік, қатысымдық дағдыларын қалыптастыру тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым оқу мақсаттарына сәйкес жүзеге асырылады.

Құндылықтарды дарыту

Оқуға, білімге деген қызығушылығын арттырып, еңбекке баулу.

Жеке және топта жұмыс жасай алу, ынтымақтастық.

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану, қазақ тілі.

АКТ қолдану дағдылары

Интернет-ресурстар, дерекқордан және интернеттен сабаққа қатысты ақпаратты іздеу;

Ресурстар

интерактивті тақта, жұмыс дәптері, қалам мен түрлі түсті қарындаш, стикер, видеоматериалдар., постер, кері байланыс парағы т.б

Бастапқы білім

«Әдебиеттік оқу», «Дүниетану» және «Жаратылыстану» пәндерімен сабақтастық байланыста қарастырылған. Бөлім материалдарын оқыту барысында оқушылардың сауаттылығын арттыруға, көркем жазуға ден қойылған.

Сабақтың барысы

Сабақтың

жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Психологиялық дайындық

Сәлемдесу

Оқушыларды түгелдеу

. Бір, екі, үш

Бойға жинап күш.

Қолға қалам аламыз

Әдемі етіп жазамыз.

Жұмыс ережесін келісу

  • Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!

  • Уақытты үнемдейміз!

  • Нақты,дәл жауап береміз!

  • Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!

  • Сабаққа белсене қатысып, жақсы баға аламыз!

Алдыңғы білімді еске түсіру

Қосымша нешеге бөлінеді?

Жалғау деген не?

Жұрнақтың анықтамасын айт.

Cуреттегі нәрселердің атына жалғау жалғап айт

Мына сөздерге жұрнақ жалғап оқыңдар


ҚБ: Отшашу арқылы бір-бірін бағалау.

Оқу мақсатын таныстыру

Күтілетін нәтижені анықтау







Сұраққа жауап берген оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.


Алдыңғы білімді еске түсіру тапсырмалары



Сабақтың ортасы

Дескриптор:

  • Тыңдалған мəтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап беріп, мəтінде жалпы не туралы айтылғанын түсінеді.

  • Диалогке қатысады; мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтай алады.

  • Өз ой қорытындысын оқулықтағы жаңа ақпаратпен салыстыра алады. Кез келген жағдайда өз көзқарасын білдіріп, ой қорыту жасай алады.

ҚБ: Бас бармақ арқылы бір-бірін бағалау.

Тақырыбына қарап мәтін мазмұнын болжа. Содан соң мәтінді

түсініп оқы.

Денің сау болсын десең

  1. Үйге таза ауа көп кірсін. Күннің сәулесі (шуағы) түсіп тұрсын. Сау болу үшін таза ауа, күннің шуағы өте керек екенін ұмытпа.

2. Тұла бойыңды, ең болмағанда мойныңды, көкірегіңді,

арқаңды күнде салқын сумен жуып тұр.

3. Жылы мезгілде суға көбірек шомыл.

4. Өзіңді, тамағыңды таза ұста. Ішкен-жеген сайын, ертең-

ді-кеш аузыңды тазалап шай. Аузыңды таза ұстасаң, тіс

ауруларының көбінен құтыласың.

5. Таза ауада (сыртта) көбірек қимылда.

6. Өте жылы киінбе, басыңа жеңілдеу нәрсе ки.

7. Денеңді тар киіммен, белбеумен, түрлі баумен байлап,

қыспа.

8. Аяқкиіміңнің өкшесі жалпақ, аласа болсын. Биік өкше

өте зиянды.

9. Киімің, әсіресе шұлығың суланса, тез арада шешіп тас-

тап, құрғақ киім ки.

Халел Досмұхамедовтан

Мәтіндегі негізгі ойды анықта.

Мәтін мазмұны бойынша бір-біріңе сұрақ қой.

Денсаулық кепілі не деп ойлайсың?

Өзің осы айтылғандарды орындап жүрсің бе?

Мәтіннің бірінші нөмірін көшіріп жазып, заттың атын білдіретін

сөздерді сөз құрамына талда.


Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.


Белсенді оқу тапсырмалары.

Сабақтың соңы

Жаңа білім мен тәжірибені қолдану

Өлеңді көшіріп жаз.

Жан дүнием ізгіліктен жаралған,

жүрегімнен күн шуағы таралған.

адамдарды ардақ тұтып, аялап,

Тек жақсылық жасай беру – бар арман.

Абдырахман Асылбек

Топтық жұмыс «Семантикалық картамен жұмыс»

Сөздер

түбір

жұрнақ

жалғау

Орындық




теңіз




етікші




ғарышкер




билер




Жаңалық




қаздар





ҚБ Басбармақ арқылы бірін бірі бағалау

Рефлексия

Кері байланыс.

Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,

толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.


Оқушылар сабақтан алған әсерлерін кері байланыс парағы тапсырмалары арқылы білдіре алады.

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?

Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы




Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

.


Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да

ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың

жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу

қажет?



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
31.03.2019
1286
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі