жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ 2сынып Зат есім
САБАҚ:Қазақ тілінен ашық сабақ
Тақырыбы:Зат есім
Мектеп:Хлеболаровка ЖОББМ
Күні:5.02.2018ж
Мұғалімнің есімі: Естурлина Әсемгүл Озатқызы
СЫНЫП: 2 «В»
Қатысқандар саны:18
Қатыспағандар:0
Сабақ негізделген оқу
мақсаты (мақсаттары)
2.1.4.1 - тірек сөздерді қатыстыра отырып, берілген тақырып бойынша әңгіме құрау
2.2.3.1 - мәтін мазмұнын анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру
2.3.5.1 – жіберілген пунктуациялық, орфографиялық қателерді мұғалімнің көмегімен түзету
2.4.2.3* - сөз таптарын (зат есім, сын есім, сан есім, етістік) ажырату
Сабақ мақсаттары
Барлық оқушылар:
-
Оқулықта берілген тапсырмаларды орындайды. Тақырыпты меңгереді.
Оқушылардың басым бөлігі:
-
Тақырыптың маңызы туралы дәлелдеп айтып бере алады.
Кейбір оқушылар:
-
Білімді сыныптастарына түсіндіріп оқулықтан тыс ресурстар қоса алады.
Бағалау критерийі
Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады.
Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.
Ресурстар
Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.
Әдіс-тәсілдер
Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.
Пәнаралық байланыс
Музыка, қазақ тілі, көркем еңбек..
Жоспарланған
уақыт
Жоспарланған жаттығулар .
Ресурстар
Басталуы 5 минут
Топқа бөлу2 минут
Себетпен конфет әкелу. Оқушыларға себеттен конфет алуларын сұраймын.Конфеттің түрлеріне қарай 4 топқа бөлініп отырады.
Психологиялық ахуал қалыптастыру:
1 минут

1-топ Сары кәмпиттер таңдаған топ «Зеректер»
2-топ Көк кәмпиттер таңдаған топ «Алғырлар»
3-топ Қызыл кәмпиттер таңдаған топ «Тапқырлар»
4-топ Жасыл кәмпиттер таңдаған топ «Ойшылдар»
Алдыңғы оқу
5 минут
Сөз таптары ережесі, 5-жаттығу
Оқушылар кластер арқылы үй жұмысын қорытындылайды
Ортасы 20 минут
Білу және түсіну 10 минут
Оқушылар оқулықтағы негізгі тақырыппен танысады.
Сөзжұмбақты шешу арқылы миға шабуыл жасайды.
(ережелерін еске түсіру)
Бүгінгі тақырыбымыз осы сөз таптарының ішіндегі «Зат есімге» байланысты болмақ.
Дәптермен жұмыс.
№6. Мәтіннің тақырыбына қарап, оның мазмұнын болжа. Сонан соң мәтінді түсініп оқы.
«Кім жылдам?» Семантикалық карта толтыру.
Картаны толтырып, ереже шығарады. Адамға қатысты сөздерге кім? кімдер?, жануарлар мен заттарға не?, нелер? деген сүрақтар қойылады.
Қолдану 8 минут
Жалпыға арналған тапсырма:
Мәтіннен кім? Не? Деген сұрақтарға жауап беретін сөздерді тап.
Зат есім дегеніміз – заттың атын білдіретін сөздерді зат есім дейміз. Зат есімдерге кім? не? нелер? кімдер? деген сұрақтар қойылады.Мысалы: бұлбұл, орындық, Асқар, мұғалім.

Зат есімдердің мағыналары кең, өте бай болып келетін аңғарту үшін мынандай тапсырмалар беремін. Әртүрлі ұғымды білдіретін зат есімдер қойылады. Мысалы: ән,би,оқу т.б. Оқушылар сұрақ қою арқылы топтарға бөледі

Зат есім бас әріппен басталып жазылады. Оған адам аттары, жер - су аттары, таудың аттарын жазады.
Топтық тапсырмалар орындайды
Оқушылар топпен бірлесіп тапсырма орындайды
Қима қағаздармен жұмыс жасайды
Сергіту сәті
2 минут
«Көңілді күн!» би билеу
«Көңілді күн!» биі
Аяқталуы 20 минут
Синтез №7,8. Өздік жұмысы.
Өлеңді көшіріп жаз. Зат есімдердің астын сыз.
«Қозым»,-дейді мені атам,
«Қозым»,-дейді мені апам.
Сөздеріне күлемін,
Қозы емеспін білемін.
№8. Оңнан солға қарай оқыса да, солдан оңға қарай оқыса даөзгермейтін сөздерді тап.
|
Қ |
А |
З |
А |
Қ |
|
Қ |
А |
Б |
А |
Қ |
|
Қ |
Ы |
З |
Ы |
Қ |
|
К |
Е |
Р |
Е |
К |
|
К |
Е |
Б |
Е |
К |
|
К |
Е |
С |
Е |
К |
Шығармашылық тапсырма
«Тез тауып,бөгелмей айт» ойыны
..........соқты ............жарқылдады
.............жылынды .............ойнады
............жауды ............үреді
...........соғылды ...........еріді
.........келді ..........айтты

Оқушылар оқулықпен және кестемен жұмыс жасайды
Оқушылар жұп болып тапсырманы орындайды
Оқушылар тесттік тапсырма орындайды
Кері байланыс
«Менің көңіл-күйім баспалдағы»
Баспалдақтар «Керемет!», «Өзіме сенімдімін!», «Жақсы», «Жаман емес», «Маған көмек керек!», «Білмеймін», «Нашар» деп аталады.

Оқушылар стикерлерге өз есімдерін жазып (немесе смайликтің суретін салып) тақтада салынған баспалдақтардың біріне жабыстырады.
Үйге тапсырма: №9,44-бетте.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген