Ашық сабақ. 30-сабақ. Жоба жұмысына презентация жасау.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ. 30-сабақ. Жоба жұмысына презентация жасау.

Материал туралы қысқаша түсінік
. 30-сабақ. "Жоба жұмысына презентация жасау" тақырыбында ашық сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Түркістан облысы. Шардара қаласы, «№2 Жамбыл Жабаев атындағы бастауыш мектебі КММ»

Пән: Цифрлық сауаттылық, 3-сынып


Бөлімі:

Ұзақмерзімді жоспар тарауы:

4-бөлім. «Презентациялар» (ортақ тақырыбы: «Су-өмірдің қайнар көзі»)


Педагогтің аты-жөні:

Жұмәділлә Никара Мәлікайдарқызы


Күні:

24.04.2025ж.


Сыныбы: 3 « »

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:


Сабақтың тақырыбы:

30-сабақ. Жоба жұмысына презентация жасау.


Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

3.2.3.1 мәтін мен бейнені қамтитын қарапайым таныстырылымдар жасау;

3.1.2.1 қолданбалы программаларда «ыстық» пернелерді қолдану;


Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушы үшін:

Безендіру мен ауысуларды пайдаланып жоба жұмысына таныстырылым дайындауды үйренеді.


Сабақтың барысы:


Сабақтың кезеңі/уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар


(Ұ)

Ұйымдастыру кезеңі:

1-7 мин.


Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.

І. Қызығушылықты ояту: «Күн шуағы» ойыны

Өту барысы: Оқушылар шеңбер болып тұрады. Мұғалім: - «Мен бүгін өзімді күндей жарқын сезініп тұрмын, ал сендер ше?» деп кезекпен оқушылардан сұрайды да қолындағы күн сәулесін оқушыға ұстатады. Осылай жалпы оқушыға ұстатып, сәулесін шашқан күн кейпінде тұрады да «Сен бүгін әдемі көрініп тұрсың», «Сабаққа сәттілік тілеймін» деп тілектер айтады. Бүгінгі сабақ күндегіден ерекше, сендер сабаққа кіру билетін жеңіп алдыңдар. Билетте көрсетітілген номер бойынша топтасуда платформа арқылы генерация жасалады.

Мақсаты: Жақсы көңіл күй орнату, бір-біріне жылы лебіз білдіру.

/Бұл ойын оқушыларға психологиялық жағымды ахуал орнатады/.

Бұл кезеңде мұғалім мен оқушы арасында сенімді қарым-қатынас орнайды, оқушылар сабаққа қызығушылықпен қатысуға бейімделеді.


Топтастыру:

Топтастыру

Flippity онлайн платформасы арқылы топқа бөлу әдісі. Шапшаңдық, кездейсоқ ат таңдаушы.

Flippity арқылы топқа бөлу әдісін қолдану өте оңай әрі қызықты Бұл оқушыларды кездейсоқ немесе әдістемелік жолмен топтарға бөледі.

Құралы: Flippity Random Name Picker

? Қадамдары:

1. Flippity сайтына кіріп:

? [https://www.flippity.net](https://www.flippity.net ) Шапшаңдық, кездейсоқ ат таңдаушы.

2. "Flippity Random Name Picker" құралын таңдаймыз..

- Бұл құрал оқушыларды кездейсоқ ретпен немесе топтарға бөлуге арналған.

3. "Template" (үлгі) –ді ашып, "Template" батырмасын басып, Google Sheets құжатын өз Google Drive-ыңызға көшіріп аламыз.

4. Оқушылардың есімін немесе санды енгізіп,ашылған кестеге (Google Sheets) оқушылардың аттарын жазамыз.

5. "File" → "Publish to the web" Бұл әрекет арқылы парақшаны онлайн режимде көруге мүмкіндік аламыз.

6. Жоғарғы бөліктен "Get the link here" деген жерден дайын сілтемені басамыз.Платформа оқушыларды автоматты түрде топқа бөліп береді.

Оқушылардың қолында сандар бойынша платформа генерация жасайды. Сол бойынша топтарға оқушылар жайғасады.

І топ: «Ғалымдар» ІІ топ: «Көшбасшылар»

Мақсаты: Сабақта оқушыларды тиімді және әділ түрде топтарға бөлу. Уақытты үнемдеу арқылы мұғалім жұмысын оңтайландыру.

Тиімділігі: Оқушылар үшін топқа бөлу процесі ойын түрінде қабылданып,сабаққа деген мотивациясы артады.Мұғалім өз қажеттілігіне қарай топ санын, не әр топтағы оқушы санын өзгерте алады. Ешбір оқушы шет қалмайды, барлығы автоматты түрде қамтылады.

Саралау: білім беру процесінде әр оқушының жеке қажеттілігі мен мүмкіндігіне қарай оқыту мен бағалауды ұйымдастыру тәсілі. Бұл әдіс барлық оқушылардың оқу мақсатына жетуін қамтамасыз ету үшін қолданылады.



Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау !

Shape1

- Ал оқушылар, компьютерде жұмыс жасаған кездегі қауіпсіздік ережесін сақтай отырып сабағымызды бастаймыз.


(МК, Ұ) Ой қозғау. «Миға шабуыл» әдісі.

«Тоғыз асық» ойыны

Тоғыз асықта ой қозғау, өткенді еске түсіру бойынша сұрақтар дайындалған.

PowerPoint бағдарламасымен жасалған ойын.

Сұрақтар:

1. Презентация дегеніміз не?

2. Презентация жасау не үшін қажет?

3. Презентация жасау үшін қандай бағдарлама қолданамыз?

4. Слайд дегеніміз не?

5. Слайдта не орналастыруға болады?

6. Презентацияда қандай ережелерді сақтау керек?

7. Слайд саны қанша болу керек?

8. Жоба тақырыбын қалай таңдауға болады?

9. Презентацияны қалай сақтау керек?


Оқушылар кезекпен тоғыз асықтың бірін таңдайды.

Асықты басқан кезде ашылған сұраққа білгендері бойынша өз ойларын айтып, жауап береді.

Сұраққа жауап берген оқушы сыйлыққа бір асық алады.


Сұрақ жауаптары:

Презентация – ақпаратты слайдтар арқылы түсіндіру тәсілі.

Ақпаратты көрнекі, қызықты және түсінікті етіп жеткізу үшін.

PowerPoint, Google Slides.

Презентацияның әр беті – слайд деп аталады.

Мәтін, сурет, бейне, дыбыс, анимация.

Қысқа, түсінікті жазу; үлкен әріппен жазу; тым көп мәтін жазбау.

5–7 слайд жеткілікті.

Қызықтыратын, өзің білетін немесе зерттегің келетін тақырыпты таңдау.

«Файл» → «Сақтау» немесе «Save as» батырмасы арқылы.


Қалыптастырушы бағалау

Мұғалім оқушыларды сабаққа қатысу белсенділігі мен сұрақтарға жауап беру деңгейіне қарай «Фигуралар» әдісі арқылы бағалайды.

Бес жұлдыз –

Өте жақсы!,

Төртбұрыш – Жақсы!,

Үшбұрыш – Талпын!.

тақта

Оқулық

Жұмыс

дәптерлері


Жаңа сабаққа дайындық.

Сканерлеңіз

Жаңа сабақ тақырыбын ашу үшін оқушылар Wordwall онлайн платформасында жасырынған сөздерді табады. https://wordwall.net/ru/resource/68103485

«Адасқан әріптер» әдісі. Анаграмма. Әріптер дұрыс орналастырылса жаңа сабақ тақырыбы шығады. Жаңа сабақ тақырыбы: «Жоба жұмысына презентация жасау».

Жаңа сабақты түсіну үшін бейнекөрсетілім қойылады. https://qrmedia.kz/c4AsP

Оқушылар, біз жасанды интеллект ChatGPT мен Canva- да 2 минутта бізге қажет болған презентациямызды дайындай алатынымызды айта өтейін.Бұл бізге уақыт үнемдеу үшін өте қажет мүмкіндік болар еді. Тағы да көптеген жасанды интеллект түрлері көп презентация жасау үшін.

Мақсаты: Алдыңғы білім мен жаңа білімді ұштастыру үшін жетелеуші және түрткі сұрақтарды талқылау.

Тиімділігі: Оқушыға сұрақ қою, проблеманы зерттеу арқылы ой-өрісін дамытады, ойын еркін жеткізеді. Пікірлерін еркін айтып, ешқандай сынға ұшырамай, қағазға түсіруге де болады, ауызша талқылау да жұмысы жүргізіледі.

Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін, интерактивті тақтадан немесе Led экраннан сабақтың тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийлерімен таныстырылады. DI-DI Жасанды интеллект нейрондық желісі көмегімен фотоны сөйлету.

Shape2


Сабақтың ортасы

(26 мин)


Жаңа ақпаратпен танысу



ІІ. Мағынаны ашу (білімді өзектендіру үшін)

Оқулықпен жұмыс істеу.

«Әңгімелесетін

әріптестер» әдісі


Алдымен топтарға бірігіп, оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқиды.

PowerPoint программасын қалай қолдана алатындарыңды тексеріп көрейік.

«Су – біздің байлығымыз»

тақырыбындағы жоба жұмысының презентациясын дайындаймыз.

Жоба жұмысын дайындауда

1-кестені пайдалан.

Жобаның маңызды тұстарын презентацияға енгіз.

Алдымен презентация слайдтарын орналыстыратын ақпаратты дайында.

2-кесте

1-слайд

Жобаның тақырыбы

2-слайд

Жобадағы негізгі мәселелер

3-слайд

Менің ұсыныстарым мен болжамым

4-слайд

Қорытынды


Дескриптор

  • Жаңа тақырыптың мәтінімен оқып, танысады.

  • Топтар арасында талқылайды.

  • Жоба жұмысының презентациясын дайындау жолын талқылайды.

  • Бір-біріне сұрақтар қойып,

түсінбеген жерлерін толықтырады.

т



Қалыптастырушы бағалау

Мұғалім оқушыларды сабаққа қатысу белсенділігі мен сұрақтарға жауап беру деңгейіне қарай «Мадақтау» әдісі арқылы бағалайды.

«Жарайсың!», «Өте жақсы!», «Керемет жауап!»

тақта

Оқулық

Жұмыс

дәптерлері




Практикалық жұмыс

Жеке жұмыс.

1-тапсырма

PowerPoint

Программасында «Су –біздің байлығымыз» тақырыбында жоба дайындаймыз. Жоба төрт слайдтан тұрады. Оны презентация арқылы көрсет.

1.Программаны іске қос.

2Shape3 Shape4 . Файл Создать(Құру)

Новая презентация (жаңа презентация) командалар тізбегін орында.

3Shape6 Shape5 . Дизайн Фон Стили фона командаларын орындап, жоба тақырыбына сай фон таңда.

4. Интернетті қос. Іздеу серверінен жоба тақырыбына сай суреттерді көшір.

5Shape7 . Вставка (Кірістіру) Рисунок (Сурет) командалары тізбегін орында. Презентацияға Инетернет желісінен алынған суреттерді орналастыр.

6. Жобаның мәтінін енгіз.

Слайдтан слайдқа ауысу үшін, уақыт, дыбыс ауысу түрін таңда.

Дайын болған презентацияны Жоба.pptx деген атпен сақта.

ПShape8 резентацияны толық эранда көру үшін, Показ слайдов (Слайд көрсету) С начала (Басынан) командаларын орында.

Дескриптор

  • «Су – біздің байлығымыз» тақырыбындағы жоба презентациясын дайындап,

топтық талдау жүргізеді.

  • Презентация слайдтарын орналастыратын ақпаратты дайындайды.

  • Әр оқушы өз слайдын қорғайды.


1-сурет

2-сурет

3-сурет

4-сурет

Қалыптастырушы

бағалау

Топтағы оқушылар бір бірінің сабаққа қатысу белсенділігі мен тапсырманы орындау деңгейіне қарай «Фигуралар» әдісі арқылы бір-бірін бағалайды.

Бес жұлдыз

Өте жақсы!, Төртбұрыш – Жақсы!,

Үшбұрыш – Талпын!


тақта

Оқулық

Жұмыс

дәптерлері




Көз жаттығуы

Компьютерде ұзақ уақыт отырғандықтан көздеріміз тез шаршайды, өйткені көз бұлшықеттері бір қалыпта ұзақ уақыт жұмыс істейді. Бұл жағдайды болдырмау үшін көз жаттығуларын жасау өте маңызды.


Жалпы оқушылар көз жаттығуын жасайды.





Сергіту сәті


Сергіту сәті

«Ритм»

Оқушылар әуен ырғағымен қимыл,әрекеттер жасайды.


рррLпL




Дәптермен жұмыс.

СоздатьҚұру

Новая презентация-Жаңа презентация

Стили фона-Фонның стилі

ВставкаКірістіру

Рисунок-Сурет

Показ слайдов-Слайд көрсету

С начала-Басынан

Слайдтарды көрсету- показ слайдов-demonstration

Үш тілді сөздік дәптерін ашып түртіп алады.


Сөздік дәптер





2-тапсырма.

Жұптық жұмыс

«Иықтасыңмен ізден» әдісі

Оқушының жұптасып презентация жасау дағдысын дамыту.

Ақ қағазға дайын сурет,тақырып,қызықты мағмұматты таңдап, дұрыс орналастырып жапсырады.

Тапсырма: «Менің сүйікті жануарым» тақырыбында презентация дайындау.

1-слайд. Тақырып пен авторлар.

2-слайд. Жануар туралы ақпарат.

3-слайд. Сурет. Немесе қызықты дерек.

Әр жұп өз презентациясын қорғайды.

Мақсаты: Оқушылардың шығармашылық ойлауын, зерттеу дағдысын және цифрлық сауаттылығын дамыту.

Дескриптор

  • Жұптасып презентация дайындайды.

  • Жұбымен презентацияны қорғайды.

Қалыптастырушы

бағалау

Жұптағы оқушылар бір бірінің сабаққа қатысу белсенділігі мен тапсырманы орындау деңгейіне қарай

«Фигуралар» әдісі арқылы бір-бірін бағалайды.

Бес жұлдыз –Өте жақсы!

Төртбұрыш -Жақсы!

Үшбұрыш – Талпын!


тақта

А3 қағаз

Қағазда дайын жануар суреттері

дайын мәлімет




Тауып көр ойыны








3-тапсырма.

Ұжымдық жұмыс. Сабақты қорытындылау.

«Ия немесе жоқ» ойыны

Мақсаты: Презентация туралы түсініктерін тексеру,қорытындылау.

Өту барысы:

Тез, жылдам сұрақ қойылады.


1. Презентация жасау үшін ең алдымен тақырып таңдау керек. – (Иә)

2. Слайдта тек сурет болса, жеткілікті. – (Жоқ)

3. Презентацияны PowerPoint бағдарламасында жасауға болады. – (Иә)

4. Презентацияда мәтін мүлде болмауы керек. – (Жоқ)

5. Жобаны қорғау кезінде дауыстап сөйлеу керек. – (Иә)

6. Слайдтар саны 100-ден көп болуы керек. – (Жоқ)

7. Презентацияда сурет, мәтін және тақырып болуы керек. – (Иә)

8. Презентацияны досыңның орнына жасауға болады. – (Жоқ)

9. Өз жобаңды түсінікті әрі қызықты етіп таныстырған дұрыс. – (Иә)

10. Презентация жасау – шығармашылық жұмыс. – (Иә)


Дескриптор

  • «Ия» немесе «Жоқ» деп сұраққа жылдап жауап береді.




Қалыптастырушы

бағалау

Оқушылар өздерінің сабаққа қатысу белсенділігі мен сұраққа жауап беру деңгейіне қарай «Фигуралар» әдісі арқылы өзін-өзі бағалайды.

Бес жұлдыз

Өте жақсы!, Төртбұрыш – Жақсы!,

Үшбұрыш– Талпын!


тақта

Оқулық

Жұмыс

дәптерлері



Сабақтың соңы 7 мин.

Сабақты бекіту.

Рефлексия.

ІІІ. Ой толғаныс. Рефлексия

«Бағдаршам» әдісі https://classroomscreen.com/app/workspaces/53418821-290b-48c3-9a83-97f41b2ea108

Classroomscreen платформасы арқылы кері байланыс жасау.

Бағдаршам түстерінің мағынасы:

1. Жасыл түс:

- Оқушы тапсырманы толық және дұрыс орындағанын көрсетеді.

- Оқушы тақырыпты толық түсінген және қиындықсыз орындап шыққан.

- Мұғалім бұл оқушының нәтижелерін жақсы деп бағалайды, әрі оған оң пікірлер айтуға болады.


2. Сары түс:

- Оқушы тапсырманы орындай отырып, кейбір қателіктер жіберген немесе түсініксіз жерлері бар.

- Мұғалім осы оқушыға қосымша көмек көрсетуді, түсіндірме жұмыстарын жүргізуді және қайтадан жұмыс жасауға ынталандыруды қажет етеді.

- Оқушының нәтижесі жақсы, бірақ ол толық емес немесе жетілдіру қажет.

3. Қызыл түс:

- Оқушы тапсырманы дұрыс орындамаған, көп қателіктер жасаған.

- Оқушыға қосымша түсіндіру, қайта қайталау және тақырыпты толық меңгеру үшін көмек көрсету керек.

- Бұл түс оқушының қазіргі жағдайын білдіреді және оған көбірек назар аудару қажет.


Қалыптастырушы бағалау

Мұғалім оқушыларды сабаққа қатысу белсенділігі мен сұраққа жауап беру деңгейіне қарай «Фигуралар» әдісі арқылы бағалайды.

Бес жұлдыз – Өте жақсы!, Төртбұрыш – Жақсы!,

Үшбұрыш – Талпын!

Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірі анықталады. Жинақталған деректердің құнды

болуын қадағаланады.



Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз?

Бағалау. Сіз

оқушылардың

материалды игеру деңгейін қалай

тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Білім беру процесінде ЖИ (AI) технологияларын пайдалану

«Диалог және қолдау көрсету»,

«Тапсырма», «Жіктеу».

Саралау тапсырмаларды іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып әзірлеуді қамтиды.

«Мадақтау» әдісі

«Фигуралар» әдісі

Денсаулық сақтау технологиялары.

PowerPoint бағдарламасымен жасалған ойын.

ChatGPT мен Canva жасанды интеллектте тез презентация жасау.

DI-DI нейронды желісі арқылы суретті сөйлету.

Flippity онлайн платформасы,

Wordwall онлайн платформасы,

Classroomscreen платформасын сабақта қолдану.

Басқа да презентация жасауға ыңғайлы платформалармен таныстыру.

Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолданамын. Осы сабақта қолданылатын

Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары орындалады.

Жалпы бағалау

Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:

Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:

Мен сабақ кезінде сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аудару қажет?

1:

2:











PowerPoint – бұл Microsoft компаниясының танымал презентация жасау бағдарламасы. Оқушылар оны пайдаланып, өз презентацияларын құра алады.

Қадамдар:

1. PowerPoint бағдарламасын ашу:

Компьютеріңізде PowerPoint бағдарламасын іске қосыңыз.

2. Жаңа презентация жасау:

«Файл» мәзірінен «Жаңа» таңдаңыз.

Қалаған тақырыптағы жаңа презентацияны таңдаңыз.

3. Слайдтарды қосу және өңдеу:

«Үй» мәзірінен «Жаңа слайд» түймесін басып, қажетті слайд түрлерін таңдаңыз.

Әр слайдқа тақырып, мәтін, суреттер және графикалар қосыңыз.

4. Дизайнды өзгерту:

«Дизайн» мәзірінен түрлі тақырыптар мен түстерді таңдаңыз.

5. Презентацияны сақтау:

«Файл» мәзірінен «Сақтау» немесе «Сақтау ретінде» опциясын таңдаңыз.

Файлды компьютеріңізге сақтаңыз.



ЖИ арқылы презентация жасау.

1. Canva арқылы презентация жасау:


Canva – бұл онлайн графикалық дизайн платформасы, онда көптеген тегін және қолжетімді шаблондар бар. Оқушылар үшін арнайы жасалған шаблондарды пайдалану арқылы презентацияларын оңай құра алады.


Қадамдар:

1. Canva сайтына кіру:

[Canva](https://www.canva.com/) сайтына өтіңіз.

Тіркелгіңіз болмаса, тіркеліңіз немесе бар тіркелгімен кіріңіз.

2. Презентация түрін таңдау:

Басты бетте «Презентация» дегенді таңдаңыз немесе іздеу жолағына «Презентация» деп жазыңыз.

3. Шаблонды таңдау:

Түрлі категориялардан оқушыларға арналған презентация шаблондарын таңдаңыз.

Мысалы, «Білім беру» немесе «Балалар» категорияларын қараңыз.

4. Дизайнды өзгерту:

Таңдалған шаблонды өз қажеттіліктеріңізге сәйкес өзгертіңіз.

Мазмұнды қосу, суреттерді ауыстыру, мәтінді өзгерту сияқты әрекеттерді орындаңыз.

5. Презентацияны сақтау және жүктеу:

Жұмысыңызды аяқтағаннан кейін, «Жүктеу» түймесін басып, файлды компьютеріңізге сақтаңыз.


Тағы да бірнеше презентация жасауға арналған жасанды интеллект құралдары


1. Gamma.app –

Мазмұнды автоматты түрде әдемі дизайнмен презентацияға айналдырады. Тақырыпты терсеңіз жеткілікті.

2. Beautiful.ai –

Кәсіби көрінетін презентациялар жасауға көмектеседі. Инфографика мен анимация да қосуға болады.

3. Tome.app –

Тақырып берсеңіз, толық презентация жасап береді (мәтін, сурет, құрылым).

4. Canva (canva.com) –

Дайын шаблондар мен AI жазушы арқылы слайдтар жасауға болады.

5. Visme –

Көбірек инфографика керек болса, бұл платформа өте ыңғайлы.

6. SlidesAI.io –

Берілген мәтін бойынша автоматты түрде PowerPoint слайды жасайды.

7. Microsoft Copilot (PowerPoint) –

PowerPoint ішінде Smart AI көмекшісі мазмұн мен дизайн ұсынады.






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.00.2025
115
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі