жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ "3, 9-сандарына бөлінгіштік белгілері"
|
Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: 5.1В Натурал сандардың бөлінгіштігі |
Мектеп: Мұғалімнің аты-жөні: |
|
Күн: Сынып: 5 |
Қатысқандар: Қатыспағандар: |
|
Сабақтың тақырыбы: |
3, 9-сандарына бөлінгіштік белгілері |
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқумақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
5.1.2.6 Натурал сандардың 3-ке және 9-ға бөлінгіштік белгілерін қолдану |
|
Сабақтың мақсаттары |
Барлық оқушылар: ережені қолдана отырыпберілген санның цифрларының қосындысына қарап ол санның 3-ке және 9-ға бөлінетінін біледі Оқушылардың басым көпшілігі:кез келген санның 3-ке және 9-ға бөлінетіндігін тексере алады Кейбір оқушылар:3-ке және 9-ға бөлінгіштік белгілерін мәтінді есептердішешуде қолдана алады |
|
Бағалау критерийлері |
- ережені қолдана отырыпберілген санның цифрларының қосындысына қарап ол санның 3-ке және 9-ға бөлінетінін түсінеді - кез келген санның 3-ке және 9-ға бөлінетіндігін тексере біледі - 3-ке және 9-ға бөлінгіштік белгілерін мәтінді есептерді шығарады |
|
Тілдік мақсаттар |
Тілдік мақсат:оқушылар 3-ке және 9-ға бөлінгіштік белгілерінің ұғымын тұжырымдайды Пәнге қатысты лексикамен терминалогия: -бөлінгіштік белгілері -натурал санның цифрларының қосындысы Диалогтар мен сөз тіркестері: -егер натурал санның цифрларының қосындысы.... бөлінсе, онда сан .... бөлінеді -3-ке бөлінетін сандардың барлығы 9-ға бөліне ме - 9-ға бөлінетін сандардың барлығы 3-ке бөліне ме |
|
Құндылықтарға баулу |
«Мәңгілік Ел» жалпы ұлттық идеясының «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығында өмір бойы білім алуға, отбасы табысының тұрақты өсуінің, өмір сапасын тұрақты жақсартуда еңбек етуге тәрбиелеу |
|
Пәнаралық байланыс |
Қазақ тілі |
|
Алдыңғы алған білім |
Натурал санның бөлгішін және еселігін табуды; жай және құрама сандарды; көбейтіндінің берілген натурал санға бөлінгіштігін; қосындының және айырманың берілген натурал санға бөлінгіштігін; 2-ге, 5-ке, 10-ға бөлінгіштік белгілерін |
Сабақ барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтың жоспарланған жаттығу түрлері |
Ресурстар |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың басы 5 мин |
I.Ұйымдастыру кезеңі: -оқушылармен амандасу; -оқушыларды түгендеу; -сыныптың тазалығын қадағалау. II. «Өрмекші торы» тренингі. Шарты: Оқушылар ортада дөңгелене тұрады. Бір оқушы сыртынан жіп оралған допты қарсы тұрған оқушының біріне тілеген айтып лақтырады. Осылай барлық оқушылар айтып шығады. Сонда өрмекші торы пайда болады. Мақсаты: Оқушының сыныптасына жақсы тілегін айта отырып, көңіл-күйлерін көтеру. III: Сынып оқушыларын «Гүлдің бөлшектері» әдісімен топқа бөлу. Адам өмірдің гүлі дейді. Менде сендерді Қазақ елінің өсіп келе жатырған гүлдері деп елестетемін. Қазір әрқайсысыңыз гүлдің бір жапырақшасын алып, ондағы жазылған атауларға сай сіздер топқа бөлініп отыруларыңызды өтінем. 1топ:Біздің; 2 топ: Сынып; 3 топ: Өте; 4 топ: Керемет |
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың ортасы 10 мин 5 мин 10 мин 7 мин |
«Галереяға саяхат» әдісімен өткен сабақты пысықтау «Бөлінгіштік қасиеті» I- топқа. 3 –жаттығу. 4 бет 2-ге бөлінетін сандарды таңдаңыз.
II- топқа. 4- жаттығу. 5 бет 5-ке бөлінетін сандарды таңдаңыз.
III- топқа. 7-жаттығу. 8бет 10-ға бөлінетін сандарды таңдаңыз.
IV-топқа. 2-жаттығу. 3 бет Берілген сандардың бөлгіштерін белгілеңіз.
ҚБ «Қол шапалақтау» әдісі
Сабақтың тақырыбы: «3, 9-сандарына бөлінгіштік белгілері» Жаңа білімді меңгерту:
ҚБ «Мадақтау» 2. «Жұптық жұмыс» Оқушыларды жұптастырып, оларға кейбірі 3-ке, 9-ға бөлінетін, ал кейбірі 3-ке де, 9-ға да бөлінбейтін бірнеше көптаңбалы сандар жазылған үлестірмелер ұсынамын. Оқушының жұмыс парағы
Сұрақтар: 1.Кестедегі толтырған мәліметтеріңізді қолданып қандай қорытынды жасауға болады? 2.Қалай ойлайсыздар сандарға қарап оның 3-ке бөлінетінін немесе бөлінбейтіндігін айтуға бола ма? 3.Қалай ойлайсыздар сандарға қарап оның 9-ға бөлінетінін немесе бөлінбейтіндігін айтуға бола ма? 4.Бөлу амалын орындамай санның 3-ке немесе 9-ға бөлінетіндігін анықтауға бола ма? Мұғалім: Оқушылар санның 3-ке немесе 9-ға бөлінетіндігін сұрағанда әрқашан санды бөлуіміз қажет пе? Оқушылар осы сұрақтарға жауап бере отырып 3 және 9-ға бөлінгіштік белгілерін тұжырымдайды. ҚБ «Бағдаршам арқылы» бағалау.
Жеке жұмыс «Кір қыстырғыш» әдісі
Берілген тапсырманы жеке-жеке орындап, топпен талқылап тақтаға жауабын іледі. №173 1.Тұрғын үйдiң әр қабатында үш пәтерден орналасқан. Бiр кiреберiсте 27 пәтер, 32 пәтер, 69 пәтер болуы мүмкiн бе? 2.Мейрам күнi балалар бес бiрдей сыйлық алды. Барлық сыйлықтарда 44 кәмпит, 65 кәмпит, 80 кәмпит болуы мүмкiн бе? №175 311-ден үлкен, бiрақ 331-ден кiшi және бiр мезетте 1) 2 мен 5; 2) 2, 3, 5 сандарына бөлiнетiн барлық натурал сандарды жазыңдар. №183 Әрiптiң орнына қойғанда b – 29 өрнегiнiң мәнi 9 санына бөлiнетiн екi натурал санды табыңдар №191 2017 санының оң жағына қандай екi цифрды тiркеп жазғанда 99 санына бөлiнетiн санды алуға болады? ҚБ «Өзара бағалау» |
www.BilimLand ресурсынан
www.BilimLand ресурсынан
Оқулық 5 сынып А.Е.Әбілқасымова Математика Алматы «Мектеп» 2017
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың соңы
5 мин
1 мин
|
Қалыптастырушы бағалау Бағалау критерийі Білім алушы: -Санның 3-ке және 9-ға бөлінгіштігін анықтайды. -Натурал сандардың 3-ке және 9-ға бөлінгіштік белгілерін қолдана отырып, есептер шығарады Ойлау дағдыларының деңгейі: Білу, түсіну, қолдану, талдау
Саралауға арналған тапсырмалар Мақсаты: 3-ке; 9-ға бөлінетін натурал сандарды табу ережелерін түсініп есептер шығаруда қолдана білу дағдыларын байқау
А деңгейі№172 3-ке; 9-ға бөлінетін екі натурал санды жазыңдар Дескриптор: Білім алушы: 3-ке, 9-ға бөлінгіштік белгілерін қолданып натурал санды жаза алады Вдеңгейі№182 1; 4; 0; 7цифрларынан 3 санына бөлінетін екі таңбалы сандарды жазыңдар Дескриптор:Білім алушы:берілген сандар арқылы 3 санына бөлінетін сандарды таба алады Сдеңгейі№189 а натурал саны 3 санына бөлінбейді. Онда 16а өрнегінің мәні 6 санына бөліне ме? Дескриптор: Білім алушы: тапырманы орындау барысында логикалық ойлау тәсілдерін тиімді қолдана отырып 6 санына бөлінгіштігін табады. ҚБ «Бас бармақ»
Кері байланыс.«Табыс сатысы». Тақырыпты меңгердім деген оқушылар Мен ....... білемін.Мен .....түсінемін.Мен........ жасай аламын. деген сөйлемдерді толықтырып тақтада тұрған сатыға апарып жабыстырады. |
Оқулық 5 сынып А.Е.Әбілқасымова Математика Алматы «Мектеп»
2 |
|
Саралау - Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? |
Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау |
|
Тақырыпты меңгеру үшін оқушыларға тілдіқ мақсаттың лексика және терминология, диалогтік тармақтарын пайдаланамын.Оқушының қабілеттеріне қарай топтық, жұптық және жеке тапсырмалар саралап алынған. Тапсырманы орындау барысында әр оқушы өз рөлдерін анықтап, қабілеттеріне қарай сараланады. Белсенді оқу тәсілдері: «Галереяға саяхат»; «Жұптық жұмыс»;«Кір қыстырғыш» тәсілдерін пайдаландым. |
Жұптар бағалау критерийі арқылы бір-бірін бағалайды. Сабақ соңында оқушылар өздерінің жеткен жетістіктері жайлы өзін – өзі бағалайды. Қалыптастырушы бағалау тапсырмалары арқылы бағаланды «Қол шапалақтау» «Бағдршам арқылы» «Мадақтау» «Өзара бағалау» «Бас бармақ" Кері байланыс « Табыс сатысы» арқылы өтіледі. |
Оқушылардың партада отыруын, жарықтың дұрыс түсуі; Сергіту
жаттығу: «Көңілді
жаттығулар» слайд қосылады. Оқушыларға музыкамен жануарлардың жасап
жатқан жаттығулары слайд арқылы көрсетіледі. Оқушылар орындарынан
тұрып, қайталайды. АКТ – ны уақытынды қосып, сөндіруді қадағалау. |
|
Сабақ бойынша рефлекция 2мин |
«Күн көзі». Оқушылар сабақ туралы өз ойларын сары түсті жолақ қағаздарға жазып, тақтада салынған күннің суретіне барып жапсырады. Тапсырма соңында барлық пікірлер оқылып, сабаққа қорытынды жасалады. |
|










Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген