400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ 3 саны және цифры 1-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Математикадан сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 1.4 Мен және қоғам

Пән: Дүниетану

Мұғалімнің аты-жөні:

Мектеп:

Күні:

Сынып: 1 Қатысқандар: Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы

Тазалық – денсаулық кепілі.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

1.1.4.1 жеке бас гигиенасын сақтаудың маңыздылығын түсіндіру

Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар: жеке бас гигиенасы ережелерін анықтайды.

Көптеген оқушылар : оның денсаулықты нығайтудағы маңызын айтады.

Кейбір оқушылар: тазалық сақтау жауапкершілік екенін ұғынады.

Бағалау критерийі

- Жеке бас құралдарын атайды.

- Жеке бас гигиенасына қатысты тәртіп ережелерін анықтайды.

- Гигиена сақтаудың,қажеттілігі туралы әңгімелейді.

Тілдік мақсаттар


Пәнге тән лексикология және терменология:

• денсаулық және қауіпсіздік;

• гигиена;

• жеке жауапкершілік, өзін-өзі күту;

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Біздер өткен сабақта нені білдік?

  • Денің сау болуына не әсер етеді?

  • Жеке бас гигиенасы дегенді қалай түсінесіз?

  • Дене сымбаттылығын қалай сақтайсыз?

  • Қолды қашан жуу қажет?

  • Тісті күніне неше рет тазалайды?

  • Адамдар не үшін шаш тарайды?

  • Күніне неше рет жуыну қажет?

Құндылықтарға баулу

Сабақта өз денсаулығын сақтау және өз денсаулығына деген жауапкершілік сияқты құндылықтары қалыптасады. Жеке бас тазалығын сақтаудың маңыздылығын түсінеді.

Пәнаралық байланыс

Математика. Қоржыннан шыққан заттарды тура және кері санау.

Көркем еңбек . Мақта матадан бет орамал жасату.

АКТ қолдану дағдылары

Қабілеті жоғары оқушылар интернеттен гигиена заттарының суретін табады

Алдыңғы білім

Алдыңғы бөлімдерде оқушылар «Дүниетану» бағдарламасындағы бірқатар аспектілермен танысты. Оқушылардың осы бөлімде қамтылған ақпарат туралы белгілі білімдері бар.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы (5 мин)


ҰЖ.Ботаның қоржынында не бар? Көрейік. Алып шыққан затттарға байланысты жұмбақ құрастыр. Осы заттар не үшін қажет? Қоржыннан шыққан заттарды тура және кері сана. Бұдан кейін бұл заттарды тағы екі затпен толықтырып, қанша зат болғанын айт. Мысалы, сусабын – жуынуға арналған гель.

Қалыптастырушы бағалау.

Ауызша қолдау: «Бұл – жақсы жауап» болды. Себебі сендер заттардың атауларына байланысты жұмбақ құрастырдыңдар, оларды тура және кері санадыңдар, тағы екі затпен толықтырдыңдар.

«Бағдаршам»Түсінгендіктерін көрсету үшін бағдаршамның түстерін көрнекі құрал ретінде пайдалану. Мысалы, оқушыларда қызыл, жасыл және сары түсті карточкалар бар. Олар оны өз парталарына қояды, немесе жоғары көтереді. Қызыл – түсінбеймін, жасыл – барлығы түсінікті.

Сабын, тіс щеткасы, орамал, тарақ, айна, сусабын, гель

Сабақтың ортасы - (20 мин)

(2 мин)


















3 (мин)


































(3 мин)



































3 ( мин)




























2 (мин)















(3 мин)


















(4 мин)

ЖЖ. Суретке мұқият қараңыз. Балаға тазалық сақтауға қажетті заттарды анықтауға көмектесіңіз. Суреттерді сәйкестендіріңіз

Қалыптастырушы бағалау.

Ауызша қолдау: «Жарайсыңдар!» .

Балаға тазалық сақтауға қажетті заттарды анықтауға көмектестіңдер. Сондықтан мен сендерге тәттілер таратамын.

ӨЖ. Сурет бойынша жеке бас гигиенасы және оны сақтаудың маңыздылығы туралы әңгімелеңіз.

Д
ескриптор:
Білім алушы

- жеке бас гигиенасы туралы әңгімелейді;

- жеке бас гигиенасын сақтаудың маңыздылығын айтады

Қалыптастырушы бағалау. Ауызша қолдау: «Жарайсыңдар» Жеке бас гигиенасы туралы әңгімелей алдыңдар. Жеке бас гигиенасын сақтаудың маңыздылығын айттыңдар.

«Басбармақ» Оқушылардың басбармақтарын көрсету арқылы түсінгендерін, олардың ұғу деңгейін тексеремін.

Басбармақ жоғарыға қарай = Мен түсінемін.

Басбармақ көлденең = Мен түсінгендеймін.

Басбармақ төмен қарай = Мен түсінбедім.

ЖЖ. Жеке бас гигиенасы дегенді қалай түсінесіз? Жұпта талқылаңыз. Берілген сөйлемдерді мұқият тыңдаңыз және тұсына «+»,«-» таңбаларының тиістісін қойыңыз.

№ Сөйлемдер +/-

1. Жеке бас гигиенасын сақтау дегеніміз – тазалық сақтау.

2. Әр адамның жеке орамалы болғаны жөн.

3. Жеміс-жидектерді жуып жеу міндетті емес.

4. Тісті күнделікті тазалап тұру керек.

5. Тырнақты өсірмей, уақытында алып тұру керек.

Дескриптор: Білім алушы

- жеке бас гигиенаасы туралы ой бөліседі;

- сөйлемдердің дұрыс/ бұрыстығын көрсетеді.

Қалыптастырушы бағалау. Ауызша қолдау: «Тамаша» сөйлемдердің дұрыс/бұрыстығын көрсете білдіңдер.

« Смайликтер» арқылы

Оқушылар тақырыпқа қатысты өздерін қолайлы сезіну деңгейін білдіру үшін смайликтер салады.

Жалғастыруға дайынмын

Бір нәрсе түсінемін, бірақ бәрін емес

Түсінбеймін, қайталап қарау қажет


ЖЖ. Көршіңе әңгімелеп бер»

• Мына сұрақтарға жауап бер.

Қолды қашан жуу қажет?

Тісті күніне неше рет тазалайды?

Адамдар не үшін шаш тарайды?

Күніне неше рет жуыну қажет?

• Көршіңмен осы сұрақтардың жауабы бойынша пікір алмас.

«Көршіңе әңгімелеп бер» әдістемесі оқушылар өз ойларын дауыстап айтып беру үшін пайдаланылады.

• сұрақ қойып, ойластыруға уақыт беремін;

• одан кейін оқушылардан өз ойларын көршілерімен бөлісуді сұраймын;

Қалыптастырушы бағалау. Ауызша қолдау: «Бұл – жақсы жауап» «Смайликтер»

Оқушылар тақырыпқа қатысты өздерін қолайлы сезіну деңгейін білдіру үшін смайликтер салады.

Жалғастыруға дайынмын

Бір нәрсе түсінемін, бірақ бәрін емес

Түсінбеймін, қайталап қарау қажет


Сергіту сәті. Әр топ оқушылары гигиена ережелерінің біреуін қимылмен немесе ым-ишара тәсілі арқылы көрсетуі тиіс.

Оқушыларға осы тапсырманы орындауға көмектесетін ресурстар ұсынамын.

ЖЖ. Суреттерді салыстырыңыз.

  • Балалар туралы не айта аласыз?

  • Тазалық сақтау неліктен маңызды?

  • Тірек сөздерді пайдаланып, сөйлемдерді толықтырып жазыңыз.

Әр адамның жеке бас гигиенасына арналған өз заттары ________________,

_________________, _________________ болуы керек. Гигиена сақтау

________________________________ көмектеседі.

Тірек сөздер: орамал, тарақ,тіс щеткасы, денсаулықты нығайтуға.

Дескриптор: Білім алушы

- суреттерге сүйеніп, тазалық сақтаудың маңыздылығы туралы әңгімелейді;

- сөйлемдерді толықтырып жазады.

Қалыптастырушы бағалау. Ауызша қолдау: «Керемет!» қолпаштау сөздері. Сурет бойынша тазалық сақтаудың маңыздылығы туралы әңгімелей алдыңдар, сөйлемдерді толықтырып жазадыңдар.

ӨЖ. Бос орынға қажетті сөздерді қойып оқы.

Дене мен киімді__________________ ұстау – бұл жеке бас гигиенасы.

Тазалық денсаулықты ­­­­­­­­­________________көмектеседі.

Әр адамның жеке бас гигиенасына арналған өз ____________________ болуы тиіс.

Қажетті сөздер: таза, заттары, сақтауға.

  • Жеке бас гигиенасына қажетті заттарды боя.

«Шаршылар»

Жұмысты аяқтағаннан кейін оқушылар дәптерге шаршының суретін салады. Егер жұмыс түсініксіз болса, шаршыны қызыл түске бояйды, егер аздап түсінсе сары бояумен, тақырыпты жүз пайызға түсінгеніне сенімді болса, жасыл түспен бояйды.

Қалыптастырушы бағалау. Ауызша қолдау: «Өте жақсы!» қолпаштау сөздері. Бос орынға қажетті сөздерді қоя білдіңдер, жеке бас гигиенасына қажетті заттарды боядыңдар.


















































































































Сергіту сәті. Айна, тарақ, тіс щеткасы, орамал .










































Сабақтың соңы – (10 мин).

(6 мин)
















(4 мин)

ӨЖ. Орындап көр. Жеке бас гигиенасына арналған заттар туралы түсінігін бекіту үшін беторамал жасатылады. Бұл тапсырманы орындау үшін мақта матадан әзірленген мата дайындалады. Парталас көршісімен талқылай отырып бет орамал әзірлеу технологиясын ойлап табады. Мұғалім әр жұпқа өз идеаларын талқылауға 1 минут уақыт береді. Содан кейін оқушылар тапсырманы бірлесе орындайды. Өз бұйымдарын таныстырып болғаннан кейін оқушыларға осындай бет орамалды әр дайым қастарында алып жүру керек екендігін ұмытпаңыз.

Қалыптастырушы бағалау.

Ауызша қолдау: «Сендер жетістікке жетудесіндер!»

Рефлексия: «Бір сөйлеммен түйіндеу»

Оқушылар олардың тақырып бойынша 1 сөйлем жазады. Сөйлемдер кім,не, қашан,қалай, қай жерде тағы басқа сөздерден тұруы мүнкін.Содан кейін сөйлемдерді сыныптастар бағалай алады, немесе көшіріп жазады.

Басбармақ Оқушылардың басбармақтарын көрсету арқылы сіз түсіндіргенді олардың ұғу деңгейін тексеріңіз.

Басбармақ жоғарыға қарай = Мен түсінемін.

Басбармақ көлденең = Мен түсінгендеймін.

Басбармақ төмен қарай = Мен түсінбедім.

Мата, қайшы



























Саралау: Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырма бересіз?

Бағалау: Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Көбіне қолдауды С деңгейіндегі оқушыларға көрсетемін. Мысалы, 6-тапсырманы орындау барысында, сол тапсырманы дұрыс орындаған оқушыға оқытып, қалғандарының өз жұмыстарын тексерулерін сұраймын.

В деңгейіндегі оқушыларға Жеке бас гигиенасына арналған заттар туралы түсінігін бекітуге арналған тапсырмалар берілді.Осы тапсырманы тексеру барысында қажетті сөздерді қойып оқып,жаза алады. Ауызша қолдау : Дұрыс! Сендер жетістіктерге жетудесіңдер!

А деңгейлі оқушылар көзқарастарын мысал мазмұнынан бөлек өз ойларымен, басқа дереккөздерден алып көрсетеді. Интернеттен гигиена заттарының суретін табады.

Оқушылар:

  • «денсаулық» , «жеке бас гигиенасы» ұғымдарын білді.

  • гигиена ережесін қалыптастыруды үйренді

салыстыру мен талқылаудың тәжірбиелік дағдыларын іскерлігін бекітті. Бұл сабақ бойынша өзара бағалау өз өзін бағалау жүргізілді. Себебі әр оқушы жеке бас гигиенасының ережелерін сақтаудың маңызды екенің түсінуі қажет. Жұмыс жұппен өткізілді. Ол үшін мынадай сұрақтарға жауап беруді тапсырамын:

  • Қолды қашан жуу қажет?

  • Тісті күніне неше рет тазалайды?

  • Адамдар не үшін шаш тарайды?

  • Күніне неше рет жуыну қажет?

Қалыптастырушы бағалау оқушылар топтық, өздік жұмыстары арқылы кері байланыс берілді.«Басбармақ»«Бағдаршам» «Смайликтер» «Шаршылар» әдіс- тәсілдері арқылы іске асты.


Сабақтағы ынтымақтастық пен достық қарым-қатынас оқушылардың топтық, жұптық жұмыстары арқылы сақталады. Жеке бас гигиенасын сақтау ережелері. Қайшымен жұмыс жасау кезіңдегі қауіпсіздікті сақтау. Сергіту сәтінде оқушылар өздерін сабақ барысында сергек сезінеді.


Сабақ бойынша рефлексия

Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланаңыз. Төменде өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз

Сабақ мақсаты қолжетімді болды ма?


Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме?


Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз?


Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?


Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба?


Сабақ жоспарынан ауытқу болды ма және неліктен?


Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен 2 нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1.

2.

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1.

2.

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені анықтадым,келесі сабақта не нәрсеге назар аудару керек?









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
29 желтоқсан
434
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі