жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ 3 саны және цифрымен танысу.
Білім беру саласы: «Таным» Ұйымдастырылған оқу қызметі: Қарапайым математикалық ұғымды қалыптастыру. Тақырыбы: «3саны және цифрымен танысу. Мақсаты: Балаларды 3 санымен және цифрымен таныстыру. 1-ден 3-ке дейін тура және кері санау. 3 цифрын тану және бейнелеуге үйрету.Логикалық тапсырмаларды орындау арқылы балалардың ойлау қабілетін дамыту. Ұйымшылдыққа, топпен жұмыс істеуге , тапқырлыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілі:
Сұрақ- жауап,әңгімелеу,ойындар
Көрнекілік:
Интрактивтік тақта,асықтар, үш түрлі
сандық, дидактикалық ойынға қажетті
пішіндер, сандар, үлестірмелі
материалдар
Қос
тілділік:
Үш –три,сандар- цифры, пішіндер- фигуры.
Оқу қызметінің кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық қозғаушы |
Біз қандаймыз,қандаймыз Шұғылалы таңдаймыз, Күлімдеген күндейміз, Ренжуді білмейміз. Қуанамын менде, Қуанасын сенде, Қуанайық достарым, Арайлап атқан күнге -Балалардың қолдарына пішіндер тарату арқылы топқа бөлу. «Үш бұрыш», «төртбұрыш»,»шеңбер» тобы. |
Балалар шеңберге тұрып қимылмен жасайды. |
Ұйымдастыру шылық кезең
Қорытушы кезең |
Ендеше балалар біз алдыңғы өткен сабағымзды қайталап жіберейік. Өткен оқу іс-әрекетімізде қандай санмен таныстық? -Екі саны неге ұқсайды? -Екі саны қай саннан кейін тұрады? -Екі саны туралы кім санамақ айтып береді? Дидактикалық ойын: «Екіден сенде не бар?» Жұмбақ есептер 1.
Ұлпа жүнін қыздырып, 2.
Табақта екі алма, -Біз бүгін балалар үш санымен танысамыз. -Екіліктен кейін қараңдар, Үш саны шықты жараңдар Үшінші орын тұрағы Үш ілмектен тұрады. - 3 саны неге ұқсайды? -Онымен қандай цифр көрші тұрады? 3 саны туралы түсінік беру.Үш санының үш бірліктен тұратынын, бағдаршамның үш көзі болатынын,үш бұрышта үшбұрыш болатынын түсіндіру. біз бүгін сендермен 1-ден 3 ке дейін тура және кері санауды үйренеміз,неше түрлі тапсырмалар орындаймыз. -Үш саны туралы қандай ертегі білетіндерін сұрау. Ғажайып сәт. Машаны орманда үш аю ұстап отыр. Босату үшін бізге көптеген тапсырмалар беріп отыр.Соларды орындасақ Машаны ата-әжесіне жібереміз дейді.Білесіңдер гой Маша олардың ботқаларын жеп қойды, төсектерін шашып тастады.Ендеше тапсырма орындауға дайынсыңдар ма? -Сабағымызды
жарыс түрінде өткізсек қалай болады.Ол
үшін ұлттық «Ханталапай» ойыны арқылы
қай топтың алғашқы бастайтынын анықтап
алайық. 1-Михайлоның тапсырмасы. - Логикалық есептер
Қостілділік Үш-три Сандар-цифры Пішін-фигура 2-Настияның тапсырмасы. -3 санын нүктелер арқылы қосу. -Әр топтағы берілген заттарды санау, санмен белгілеу. - Сандар ішінен 3 санын тауып қорша. -Бірдей үш гүлді боя. Сергіту сәті 3-Мишутканың тапсырмасы. -Әр топтан бір баладан шығып,санамақ айту. -Цифрлардың қайда жасырылғанан табу. -Ойын”Айырмашылығын тап” -Ойын “Не үшеуден” -Ойын «Не артық?» -Балалар біз аюлардың тапсырмасын орындадық.Олар бізге риза болып тұр.Машаны ата-әжесіне жібереміз дейді.Балалар біз Машаны құтқардық. Ата әжесі рахмет айтып жатыр.
-Балалар бүгін қандай санмен таныстық? -3 Саны неге ұқсайды? -3 саны неше бірліктен тұрады? -3 саны қай саннан кейін тұрады? -Қандай ойын арқылы өткіздік сабағымызды? -Балалар сендерге бүгінгі сабақ ұнады ма? -Қай тапсырма ұнады? -Бүгінгі сабаққа бәрің жақсы қатыстыңдар,Қай топтың жақсы қатысып,сұраққа жауап бергенін білу үшін асықтарын санап шығайын.Қай топтың жеңіске жеткенін анықтайық. -Балаларға мадақтама тарату. |
Өткен сабақты қайталайды. Санамақтар айтады.
Күшік
Үш алма
Балалар жаңа сабаққа қызығушылық танытады. Үш санының жыланға ұқсайтынын,үш ілмектен тұратынын айтады.
Үш қой,үш аю т.б
Үш аю ертегісін естеріне түсіреді.
Балалар ойынға қызығушылық танытып,үш топтан балалар шығып,ойынды ойнайды.
Балалар слайд бойынша тапсырмаларды қызыға орындайды.
Қайталап айтады.
Үлестірмелі матриалдан тапсырмаларды қызыға орындайды. Сергіту сәтін қимылмен орындайды.
Үш бала шығып санамақ айтады.
Ойынға барлық бала қатысады.
Аюлармен қоштасып,машаны ата әжесімен табыстырады.
Үш саны Үш бірліктен 2 санынан кейін
Ханталапай Ия,сабақ ұнағынын смайлик арқылы көрсетеді Балалар ұнаған тапсырмаларын айтады. Қызыға сандықшадағы асықтарын санайды. |
Күтілетін нәтиже |
Білуі
керек:
1-ден 3-ке дейінгі сандарды тура және
кері санай білуді .
|
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген