400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ 3-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
жаңартылған білім бағдарламасы бойынша жасалған сабақ жоспары.3-сыныптың қазақ тілі пəнінен жазылған.Жас мамандар өздерінің ашық сабақтарында қолданады деген ойдамын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

Пәні: Қазақ тілі

Ортақ тақырып: Өнер

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Өнер туралы не білеміз?

Күні:

Сынып: 3

Мектеп: «Ш.Уәлиханов атындағы Сарыөлең орта мектебі» КММ

Мұғалімнің аты-жөні: Сагдолданова Меруерт Курмангажинова

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Зат есім


Оқу мақсаты

3.1.4.1 тірек сөздер мен жоспарды пайдалана отырып, берілген тақырып бойынша әңгіме құрау; 3.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру; 3.4.2.3 сөйлемнен сөз таптарын (зат есім, сын есім,сан есім, етістік) табу

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

Тірек сөздер мен жоспарды пайдалана отырып, берілген тақырып бойынша әңгіме құрайды . Мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтардың мағынасын түсінеді. Сөйлемнен сөз таптарын табады. Көптеген оқушылар:

Тірек сөздер мен жоспарды пайдалана отырып, берілген тақырып бойынша әңгіме құрайды. Мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады және жауап береді. Сөйлемнен сөз таптарын мағынасына қарап түрлендіреді.

Кейбір оқушылар:

Тірек сөздерді және жоспарды пайдаланып тақырып бойынша әңгіме құрастырады.Мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырып, мағынасын түсінеді. Мәтіннің құрылымдық бөліктерін дұрыс сақтап, мәтінді құрастырады.Сөз таптары түрлерінің ерекшеліктері туры алдын-ала болжайды.


Бағалау критерийлері

  • тірек сөздер мен жоспарды пайдаланып, берілген тақырып бойынша әңгіме құрайды;

  • мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады және өз жауабын негіздеп жауап береді;

  • сөйлемнен сөз таптарын табады;

Құндылықтарды дарыту

«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының екінші құндылығы қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім дәстүрін сақтап, ұлғайтып, ұрпақтан ұрпаққа беру міндетіміз екенін ескере келе барлық адамдармен сөйлеу мәдениетін сақтай отырып, жалпы адамдарға жақсылық тілеуге, жақсыны көре білуге, мейірімділікке баулу.

Пән аралық байланыс

Әдебиеттік оқу


АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақта

Бастапқы білім

Сөз таптарына негізделіп меңгертіледі.

Сабақ барысы

Сабақтың

Жоспарланған

кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 минут







-Сыныппен сәлемдесу.

-Кезекші сөзі түгендеу.

-Ынтымақтастық атмосферасын орнату.

Оқушылар шеңбер құрып тұрады. «Гүл сыйлау» ойыны арқылы, бір-біріне жақсы тілек айтып, гүл сыйлайды (музыка әуенімен).

Қима суреттердің көмегімен топқа бөлінеміз.Таңдап алған суреті қай өнерге жақын келетінін тауып, сол топқа топтасады.

Топқа бөлу:

Музыка өнері: домбыра, гитара, сылдырмақ.

Сурет өнері: қылқалам, бояу,қарындаш.

Мүсін өнері: ағаш,тастар,саз балшық,ермексаз.




Сабақтың ортасы

6 минут


































10 минут























2 минут






5-минут






























5 минут












































5 минут

(Ұ) 1-тапсырма « Сендер суретшісіңдер!» әдісі Миға шабуыл 

«Сендер – суретшісіңдер» Картина салайық. Бұл жаз кезінде болады. Көздеріңді жұмыңдар. Шөпті оң жаққа саламыз. Әр суретшінің шөбі әртүрлі: біреуде биік, біреуде аласа, біреуде шөптің түсі ашық болса, біреуде ашық емес, күңгірт немесе қалың емес. Енді жеңіл бұлттар қалықтаған ашық аспанды бейнелейік: Бұлттан шыққан күнді көрсетейік. Оның сәулелері ұзын әрі жарық. Кенет сендердің картиналарың «тіріліп» кетеді. Сендерге жылы әрі жарық. Оның жарығы жан-жағынан шуағын шашады. Сендер ақырындап көздеріңді ашасыңдар»-Қандай суретті бейнеледік? (Жаз мезгілін)-Шөптің түсі қандай? -Ашық-Күлгін-Қалың-Қай сөз табына жатады? (Сын есім)-Аспанда қалықтаған не?-Бұлт-Қай сөз табына жатады? ( Зат есім)-Күн шуағын не қылды? -Шашады-Қай сөз табына жатады? (Етістік)



Дескриптор: - Зат есім ережесін біледі. - Сан есім ережесін біледі. - Сын есім ережесін біледі. - Етістік ережесін біледі.

ҚБ: «Мен суретшімін» әдісі Жасыл түс қарындаш- Жарайсың! Сары түс –Жақсы! Қызыл түс –Талпын!



(Ө) 2-тапсырма «Алдын ала берілген атаулар» әдісі Берілген тірек сөздерді қолданып,жоспар бойынша дәптерлеріне әңгіме құрастырып жазады.

Жоспар

1.Менің мектебім

2. Өнер сайысы

Тірек сөздер: Әли, музыкалық мектеп, домбыра тарту, өнер сайысы. жүлделі орын, алғашқы жеңіс.

Дескриптор: 1.Жоспар бойынша жүйелі әңгіме құрастырады. 2.Тірек сөздерді қолданады.


ҚБ. «Ұшқыр ой» әдісі.

Ауызша мадақтау «Бәрекелді!», «Ұтымды ой айттың!, «Сенің жауабың менің көңілімді көтерді!, «Бүгін мен сені басқа жағыңнан таныдым», «Осы бетіңнен қайтпа!»


Сергіту сәті: «Айгөлек» атты конкрус. «Балапан» эфирлік телебағдарламасынан келіп, видеоға түсіреді, өзін ерекше биімен көрсеткен оқушыға «Айгөлек» конкурысына жолдама алады.


(Ж) 3-тапсырма «Көршінің сұрағы» әдісі

Мәтінді оқып шығады. Мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған бір сұрақ құрастырып , сұрағын келесі жұпқа ұсынады.Келесі жұп, жұптардың сұрағын дәптерлеріне жазады.Өзінің сұрағын келесі жұпқа ұсынады. Сағат тілімен жүріп отырады.

Тоқылдақ – орман құсы. Ол ағаш қабығының астындағы зиянды жәндіктерді теріп жейді. Тоқылдақты «орман емшісі» деп бекер айтпаған. Себебі, тоқылдақ орманды құрттардан, ұсақ жәндіктерден тазартады. Тоқылдақ – пайдалы құс.


Дескриптор: 1.Мәтінге сұрақ құрастырады.

2.Құрастырған сұраққа жауап береді.


ҚБ: «Ноталар» әдісі

- Жарайсың!

–Жақсы!

–Талпын!


(Т) 4-тапсырма «Сөзді тап!» топтағы оқушылар өнерге қатысты сөзді тауып, сөз таптарына жіктейді.Тапсырма соңында талқыланады.

1-топ

Біздің сыныптың оқушылары шетінен әнші. Айжан сайыстарға қатысып, өзінің өнерлі екенін дәлелдеді.

2-топ Арман ағаштан мүсін жасағанды ұнатады. Роза Рымбаева концертте ән шырқады.

3-топ 

Сынып сағатында Балжан күй тартты. Дүйсенбі күні домбыра үйірмесіне қатысамын.                               

Дескриптор:

- Өнерге қатысты сөзді табады.

- Сөз таптарына жіктей алады.


ҚБ: «Мүсіншінің сыйлығы» әдісі



Жарайсың!



Жақсы!


Талпын!

«Туңге алу» ойыны

Мақсаты: шашылған теңгелерді өз әмияныныа салу.

Теңгелерге жазылған сөздерге сұрақ қоя отырып, әмияндарға салу.

Жұлдыз, тау, екі, ата, көк, оқыды, үлкен, ақын, жуынды, спорт, жеті, адам, отыз, құс, жүзді, биік, жасыл, айналысады.


Дескриптор:

- сұрақ қоя отырып, зат есімдерді анықтайды;

- сұрақ қоя отырып, етістіктерді анықтайды;

- сұрақ қоя отырып, сын есімдерді анықтайды;

- сұрақ қоя отырып, сан есімдерді анықтайды;


ҚБ. «Менің өнерім» әдісі

Камера суреті берілсе –керемет!

Микрофон берілсе – толық емес

Наушник– осы тақырып төңірегінде жұмыстар жасау керек








































































































































- Керемет!

-Толық емес! -жұмыс жасау керек

Сабақтың соңы


4 минут














Кері байланыс: «Ән шашу»

Оқушылар магнитті смайликтерін тиісті

жеріне жапсырады


-Маған бәрі түсінікті


. –Мен есте сақтадым

– Сұрақтар пайда болды


– Түсінбедім


Саралау- оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырасыз?


қарқын, бағалау, тапсырма әдісін қолданамын. Тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Өткен тақырыпты қайталау негізінде сұрақтарға жауап берді.


қарқын, бағалау тәсілдерін қолдандым. Барлық оқушылар бір тапсырманы орындаса да олардың нәтижелері әртүрлі болады.


бағалау, қарқын тәсілдерін қолдандым. Оқушыларды ойланту үшін және жауаптар алу үшін мәтін негізінде оқушылар сұрақ құрастырады және сұраққа жауап береді.


бағалау, жіктеу, қарқын тәсілдерін қолданамын. «Сөзді, тап!» саралаудың қарқын, бағалау, тәсілдері арқылы оқушылардың топтасып жұмыс жасауына және өз ойымен бөлісе отырып нәтижеге жетуге жақсы ықпалын тигізді.


Бағалау - оқушылардың материалдың меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?


ҚБ: «Мен суретшімін» әдісі Жасыл түс қарындаш- Жарайсың! Сары түс –Жақсы! Қызыл түс –Талпын!


ҚБ. «Ұшқыр ой» әдісі.

Ауызша мадақтау «Бәрекелді!», «Ұтымды ой айттың!, «Сенің жауабың менің көңілімді көтерді!, «Бүгін мен сені басқа жағыңнан таныдым», «Осы бетіңнен қайтпа!


ҚБ: «Ноталар» әдісі

ҚБ: «Мүсіншінің сыйлығы» әдісі

Жылқы мүсіні - Жарайсың!

Елік мүсіні – жақсы!

Есек мүсіні- Талпын!

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы.

Әр оқушының тақтаға шығып барып келуінде парталарға соғылып қалмай абайлап жүруі айтылды. Жұмыс орындарын таза ұстап, артық заттарды жиыстырып отыру ескертілді.


Топта отырғанда қаламсап, сызғыш заттарын бір-бірлеріне нұсқамауға , байқамай тигізіп алмаулары айтылды.


Бір-бірінің құлақтарына қатты сөйлемеуге, бір-бірін итеріп кедергі жасамай ынтымақтастыққа шақырып, бірыңғай талапты орындаулары, топтағы ережені сақтаулары ескертілді.





Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезендері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі(оқыту турулу да оқу туралы да ойланыңыз)?

1:



2:


Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да оқу туралы да ойланыңыз)?

1:



2.

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік / қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
10 наурыз
961
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі