Күні:
Сынып:
3-сынып
Мектеп:
Мұғалімнің
аты-жөні:
Қатысқандар
саны: Қатыспағандар саны:
Пән:
Тәрбие сағаты
Тақырыбы
:
«Отбасы-бақытты мекенім»
Мақсаты: Бала
тәрбиесіндегі ата-ананың алатын орнының
ерекше екендігін түсіндіру.Жанұядағы
ата-ана және бала арасындағы қарым-қатынасты
нығайту. Ата-анаға деген бала махаббатын
ояту.Мектеп, ұстаз, ата-ана бірлігін
нығайту.Отбасы мүшелері арасындағы
бауырмалдық. Қайырымдылық, достық
қарым-қатынасты қалыптастыру, үлкенді
сыйлауға,сыпайы, ілтипатты болуға
тәрбиелеу.
Көрнекілігі: қанатты
сөздер «Ата көрген-оқ жонар, ана көрген-
тон пішер» , «Ата – бәйтерек, бала -
жапырағы», карточкалар, мультимедиалық
проектор
Түрі: танымдық
сайыс, пікір талас
Барысы:
І.
Ұйымдастыру. Сәлемдесу
Ата-аналарды
екі топға орналастыру
Мұғалім:
Құрметті оқушылар! Бүгін біз «Отбасы-бақытты
мекенім»
тақырыбындағы тәрбие сағатында бала
тәрбиесі, оның жан-жақты дамуы бағытында
өз ойымызды ортаға салмақпыз.Отбасы –
адам баласының түп қазығы, алтын ұясы.
Адам баласы шыр етіп дүниеге келгеннен
бастап, сол ортаның ыстық суығына
бейімделіп, ықпалына көніп, осында ер
жетеді. Әке шаңырақ иесі.Отбасы мүшелерінің
жауапкершілігі толығымен ер-азаматқа
жүктеледі. Әйел – отбасының ұйтқысы.
Баланы өсіп тәрбиелеу- ата-ана міндеті.Бала
әкеден ақыл, анадан мейірім алады.Тәртіпті
де тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу – отбасы
мен мектептен алған үлгі- өнеге жиынтығының
жемісі.Ендеше, бүгінгі сайысымызды
бастайық.
І
бөлім Таныстыру.
1-топ:
«Алтын
ұя»
2-топ:«Берекелі
отбасы»
-
Алдымен топтың атын таныстырып мағлұмат
береді.
«Тақпақтар»
1.Анам
маған «Үлкенді сыйла» деген,
Сол
сөз маған ізгілік құйған ерен.
Үлкендерден
ауысқан кішілікті
Үлкендердің
өзіне сыйға берем.
Атамнан
қалған мұра-ізеттілік,
Арымды
соған қойған күзеттіріп,
Адалдық-
менің сәби Айбарым ғой,
Маңдайынан
жүргені жүз өптіріп.
2.Ана
жанын ана болсаң ұғарсың.
Алдыңдағы
ол бір биік құзар шың,
Балаң
үшін биіктен де құларсың.
Ана
мейірі күн көзімен пара-пар.
Тұла
бойға қуат болып таралар.
Өміріме
шуақ шашып әрқашан
Көп
жасаңдар, ақ ниетті аналар!
3.Әке
деген-биік шыңы адамның,
Әке
деген- тірегі ғой ғаламның.
Әке
деген-бойыңда аққан қаның да,
Шыққан
тегің, ол негізің, жаның да.
Не
десең де әке жолы бір бөлек,
Қайда
жүрсең қолтығыңнан тұр демеп.
Нағыз
әке ақылгөй де асқар жан,
Барлық
ұрпақ әкелерден басталған.
II
бөлім:
1-топ:
«Үйге
балаларым келсе, барлық дүнием түгел»
тақырыбына
көрініс көрсету.
2-топ:
«Отбасы-аялы
алақан мекені»
тақырыбына көрініс көрсету.
Ән:
«Ана
туралы»
III
бөлім:
«Болашағымыз
білімді жастардың қолында» сурет
салу байқауы.
Екі
топ суреттерін
қорғайды.
Ән:
«Көк тудуң желбірегені»
IV
бөлім: «Ойлан тап» ойынын
ойнау.
V
бөлім: «Отбасы. Бала. Мектеп» тақырыбына
шағын шығарма жазу
VI
бөлім: Қорытындылау:Құрметті
оқушылар бүгінгі тәрбие сағатымызды
қорытындылай келе, келіп қатысқан
аналарға алғыс білдіремін. Отбасыларыңызға
қуаныш тілеймін.Балаларыңыз мына күннің
шуағындай болып жайнап тек қуанышқа
бөлей берсін!Ал балалар, сабақты жақсы
оқып,үлкендерді тыңдау керек.