400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ 3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
3.1.3.1 түрлі жағдаяттағы (қоғамдық ортада) қатысымдық əрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, тілдік нормаларды сақтап сөйлеу; 3.4.2.8 мұғалімнің көмегімен жалаң жəне жайылма сөйлемдерді ажырату.
Материалдың қысқаша нұсқасы

САБАҚ: Қазақ тілі

Тақырыбы: Жалаң жəне жайылма сөйлем

МЕКТЕП: А.М. Горький ат.№2 ОМ

Күні: 11.12.2019 ж.

Мұғалімнің аты-жөні:Ахетова Б.Т.

Сынып 3 «А»

Қатысқаны: 16 Қатыспағаны: 1

Оқу мақсаты:



3.1.3.1 түрлі жағдаяттағы (қоғамдық ортада) қатысымдық əрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, тілдік нормаларды сақтап сөйлеу;

3.4.2.8 мұғалімнің көмегімен жалаң жəне жайылма сөйлемдерді ажырату.

Сабақтың критериі:

Барлық оқушылар жасай алады:

• Жалаң жəне жайылма сөйлемдерді ажыратады.

Оқушылардың көбі жасай алады:

•. Диалогке қатысады; мұғалімнің көмегімен мəтіндегі негізгі ойды анықтай алады

Оқушылардың кейбірі жасай алады:

• Берілген тақырып бойынша өз көзқарасын білдіріп, ой қорыту жасай алады.

Алдыңғы білімдер

Сөйлем мүшелерінің байланысы.

Жоспар




Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-əрекет

Дереккөздер

І. Бағдарлау-мотивациялық кезең (5 минут)

  1. минут

  1. минут










































  1. минут







































3 минут


Ұйымдастыру кезеңі.

Қош келдіңдер, балалар! Мен сендерді көргеніме өте қуаныштымын.

Бүгін біздің сабағымызға күндегіден ерекше , бізге қонақтар келіп отыр. Ендеше қонақтармен амандасып алайық.


Психологиялық ахуал

Қонақ күту салтымыз,

Оқып, біліп жатырмыз.

Келген қонақ сіздерге,

Сәлем бердік жалпымыз.


-Балалар, қазір қыстың қай айы?

-Желтоқсан айында қандай мерекелер бар?

-Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін қай жылы алды? 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі туралы заң қабылданды.

- Міне оқушылар біздер елімізбен мақтанамыз. Бұл еркіндік оңайлықпен келген жоқ. Қазақ елі еркіндікке жету үшін қаншама қиын-қыстау кезеңдерді бастан кешірді.Мыңдаған жылдық тарихы бар Қазақстан тәуелсіздік алды. Ал, 1986 жылғы оқиға халықтың есінде мәңгі сақталады. 16 желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып, Қазақстан тәуелсіздігін талап етті.

-Биыл тәуелсіздікке неше жыл толады? 27 жыл.

- Қалай ойлайсыңдар, осындай тәуелсіз елдің балалары қандай болуы керек?

-Ақылды, білімді, бәсекеге қабілетті.

-Балалар, біз әдеттегідей топпен жұмыс істейтін боламыз.

І топ: «Бастауыш»

ІІ топ: «Баяндауыш»

ІІІ топ: «Тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелер»


Ендеше топта жұмыс жасау ережелерін еске түсірейік.


Оқушылар жауабы - бір-бірімізді тыңдаймыз, сұрақтарға толық жауап береміз, оймызды ашып айтамыз, кезектесіп жұмыс жасаймыз, сабаққа белсенді қатысамыз, уақытпен жұмыс жасайтынымызды ұмытпаймыз.


Жаңа сабағымызды бастамас бұрын өткен сабақтарға ой жүгіртіп алайық.

Ой қозғау! Өткен сабақты қайталау.

- Балалар, сендерге поштамен конверт келген екен. Бұл конверттер жәй емес сиқырлы конверт.

«Ыстық орындық» әдісі

  1. – топ

— сөйлем мүшелері дегеніміз не?(Сөйлем құрамындағы нақты сұраққа жауап беріп тұрған толық мағыналы сөздерді сөйлем мүшелері дейміз.)

- бастауыш дегеніміз не? (қимыл, іс-әрекет иесін білдіретін сөзді бастауыш дейді. Бастауыштар кім? кімдер? не? нелер? кімі? несі?)

Сөйлемде қандай сызықпен сызамыз? (Сөйлемде бір сызықпен сызамыз.)

2-топ

— баяндауыш дегеніміз не? (Бастауыштың ісін, қимылын білдіретін сөздерді баяндауыш дейді. Баяндауышқа не істеді? неғылды? қайтты? деген сұрақтар қойылады.)

Сөйлемде қандай сызықпен сызамыз? (Сөйлемде екі сызықпен сызамыз.)

3- топ:

— сөйлемнің қандай мүшелері бар? (тұрлаулы және тұрлаусыз)

— тұрлаулы мүшелерге не жатады? (бастауыш, баяндауыш)

— тұрлаусыз мүшелер дегеніміз не?(Сөйлемдегі бастауыш, баяндауыштардан басқа сөйлем мүшелерін тұрлаусыз мүшелер деп атайды. Оларға қандай? кімге? неге? нені? қашан? қайда? т. б. сұрақтар қойылады.)

Сөйлемде қандай сызықпен сызамыз? (Сөйлемде ирек сызықпен сызамыз.)

Топтар бір – бірінің жауаптарын «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды.

Тақтаға назар аударыңдар. Бейнефильм тамашалаймыз.


http://imektep.kz -тен бейнефильм. Жалаң және жайылма сөйлем.

«Жалаң және жайылма сөйлем» фильмін көрсету.

– Бұл бейне материал арқылы нені ұғындыңдар?

– Сөйлемдер туралы не айтуға болады?

– Бір-бірінен ерекшелігі неде?

– Қандай қорытынды жасауға болады?

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Жалаң және жайылма сөйлем»

Сабақтың мақсатымен таныстыру.

*Жалаң жəне жайылма сөйлемдерді ажырату.

*Өз сөзін жүйелі түрде жеткізіп, тілдік нормаларды сақтап сөйлеу;

*Берілген тақырып бойынша өз көзқарасын білдіріп, ой қорыту жасай алу.












Интерактивті тақта











































Конверттегі тапсырмалар,

Орындық








































Интерактивті тақта

ІІ. Операциялық - орындаушылық кезең (30 минут)

7 минут






















  1. минут



  1. минут









  1. минут













4 минут

3. 2.4.1 (МК; Ұ; Т; Қ)

Оқулықпен жұмыс.

36-жаттығу. Мəтінді тыңдайды. Мəтіннің не туралы екені сұрақ-жауап əдісі арқылы анықтатылады. Бейнелеу өнерінің жанрлық түрлері туралы білетіндерін əңгімелейді. Оқулықта берілген сұрақтарға жауап беруде тілдік нормаларды дұрыс қолдануына басшылық жасалады. Өзіне ұнайтын бейнелеу өнерінің жанры туралы əңгімелейді.

Мəтіндегі қарамен берілген сөйлемдерді көшіріп жазады. Содан соң тұрлаусыз мүшені алып тастап жазады. Екі сөйлемді салыстырып, ойтұжырым жасайды.

Критерий:

* Мəтінді тыңдап, сұрақтарға жауап беру.

*Сөйлеу барысында тілдік нормаларды дұрыс қолдану.

*Жалаң жəне жайылма сөйлемдерді ажырату.


Оқулықта берілген ақпаратты (ережені 2-3 балаға оқыту) жасаған ойтұжырымымен салыстырады. Оқулықта берілген жаңа ақпаратты түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.


Сергіту сәті.

«Көңілді күн» музыкалық әуеніне билейді.


39-жаттығу.

Сызбаны толықтыру.

Жалаң жəне жайылма сөйлемдерді ажырату.


*Сызбаны толықтыру арқылы тақырыптан игерген білімдерін пысықтайды.

*Орындаған жұмыстарын топта оқып, талдайды.

*Мысалдар келтіру арқылы дəлелдейді.

(Т; Қ) Топтық жұмыс. Постер қорғау.

Оқушылардың топтық жұмысы ұйымдастырылады.

  1. топ. Жәй сөйлемдерді түрлеріне қарай сәйкестендіреді.

  2. Топ. Ребус шешеді. Ребусты дұрыс шешсеңдер мақал шығады. Шыққан мақалды сөйлем түріне, сөйлем мүшесіне талдайды.

  3. Топ. Сөйлем түрлерін салыстырып, ұқсастығы мен айырмашылығын дәлелде.

Бағалау. «Бағдаршам» әдісі



Жеке, жұптық жұмыс.

Семантикалық карта таратылып беріледі. Балалар тапсырмаларды жеке орындап, бірін-бірі тексереді.



Оқулық ,


дәптер
























Интерактивті тақта











Ватман,

Маркер





Семантикалық карта


ІІІ. Рефлексиялық-бағалау кезеңі (5 минут)


  1. минут













1 минут

(Ө; Қ) Бағалаудың шартты белгілеріне сəйкес өзін-өзі бағалау. Сабақтан игерген білімдеріне рефлексия жасату

Нəтижелері топта жарияланады.

Үй тапсырмасы:113 б.ереже жаттау,

114 б. 39 жаттығу





Желкенді қайық








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
4 ақпан
594
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі