|
Ұйымдастыру
бөлімі. Психологиялық
ахуал. Дене қимылдары арқылы амандасу.
Баспен...иықпен...қолмен амандсып біткен соң бір-бірлеріне ыстық
лебіздерін білдіру.
Топқа бөліну: «Сандықтағы
сөздер»
«Ақын», «Жазушы»,
«Ағартушы» сөздері арқылы топқа
бөліну.
Алдыңғы
білім. «Көңілді таяқшалар»(үй
жұмысын сұрау әр таяқшада бала есімі
жазылған)
3-4 баладан ауызша сұралап, 2-3 баладан өлең
жолдары сұралады. Мадақтау.
Қызығушылығын ояту. Ой
қозғау.
Оқулықтағы сөзжұмбақ шешіліп,
Ыбырай Алтынсарин туралы не білетіндері
сұрастырылады.
– Оқушылар өз ойларын
жеткізеді. 1
слайд. – Тақтада қоңырау суреті
көрсетіледі.
- Мынау ненің суреті
?
–
Қоңыраудың.
- Қоңырау не үшін
қажет?
– Сабақ басталарда, сабақ аяқталғанда
соғылады. Бірінші
қыркүйекте, соңғы қоңырауда соғылады,
т.с.с.
- Яғни, бір сөзбен айтқанда қоңырау тікелей
мектепте байланысты
екен. Мен сіздерге
қонырауды бекер көрсеткен жоқпын.
- Бүгінгі
тақырыбымыздың аты Алғашқы қоңырау деп
аталады. Авторы Ғафу
Қайырбеков «Дала қоңырауы» поэмасынан
үзінді.
2
слайд. Тақтада
Ғ. Қайырбековтың суреті көрсетіледі. Өмірбаяны
туралы айтылады
- Ғ. Қайырбеков
Қостанай облысы, Торғай қаласында 1928 жылдың
15 тамызында
дүниеге келген. Алғашқы жинағы Құрдастар 1954
жылы, Дала қонырауы
поэмасы 1956 жылы, Жер астындағы
жұлдыздар өлені 1965 жылы
жарық көрген. Ғ. Қайырбеков –
қазақтың халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, көрнекті
ақын.
- Автормен таныстырған соң өленді мәнерлеп
оқу. - Өлең мазмұнын
баяндау.
- Өлендегі жаңа тіркестердің мағынасын
ашу.
3 слайд. Сөздік
жұмыс.
қалың ел,
↓
халқы, елі,
жұрты
қара
қазан
↓
отбасы,
жанұясы
сары
балапан
↓
ұрпағы
Өлеңдегі қоңыраушының аты
кім?
-
Ыбырай.
Топтық жұмыс «Қар
кесегі» (жұмыс тапсырмалары жазылған
кар кесектерін әр топқа лақтыру )
1-топ:
Өлең шумақтарына байланысты
сурет салу.
2-топ:
Ұстаз
тақырыбында эссе
жазу
3-топ
Ыбырай Алтынсарин шығамашылығы
туралы
Мәлімет
жинау.
Топтардың жұмыстары тыңдалып,
мадақталады.
Сергіту
сәті
(Даналар
сөзі)
Сабақтың ұраны:
слайд. Жақсылардың
үлгісі, Жанып турған
шамдай. Шешендердің
сөздері, Ағып тұрған
балдай
Дәптермен
жұмыс.
Ыбырай Алтынсарин туралы ашық
сұрақ құрастыру
Ғ.Қайырбеков туралы жабық
сұрақ құрастыру.
Бекіту
Балалар, бүгінгі сабағымыз
қазақ даласын дүр
сілкіндіріп, қоңыраулатып білім есігін
ашқан Ыбырай Алтынсарин аталарына арналғандықтан, болашақта
сіздерде осы Ыбырай аталарың сияқты қазақ елін дүр сілкіндіретіндей
жаңалық ашатын үлкен ғалым болуларыңа тілек білдіре отырып, өз
жаңалықтарыңның алғашқы қоңырауы болыңдар дей келе, бүгінгі
көрсеткен білімдеріңізді мынадай әсем қоңыраулармен бағалаймын.
Алдарыңда берілген жапсырма қағазға бүгінгі сабақтан алған
әсерлеріңді жазып,
жапсырамыз.
Ал енді сабағымызды «Ұстаз -
Ана» әнімен аяқтайық. Барша ұстаздар қауымына
арналады.
– Өлеңді хормен
орындайды.
– Сабақ аяқталды. Сау
болыңыздар!
– Сау
болыңыздар!
|