Материалдар / Ашық сабақ 3 сынып Ана тілі Сен ұйықтап жатқанда" Б,Соқпақбаев
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ
Осы тақырыптағы материалдардың барлығын көріңіз!

Ашық сабақ 3 сынып Ана тілі Сен ұйықтап жатқанда" Б,Соқпақбаев

Материал туралы қысқаша түсінік
Менің жариялап отырған сабағым бастауыш сынып мұғалімдеріне көмегі тиеріне сенімдімін
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Қаңтар 2019
839
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: «Сен ұйықтап жатқанда» Б.Соқпақбаев

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Мамандықтар туралы түсінік беру,оқушылардың оқу дағдысын қалыптастыра отырып,түсініктерін әңгімелей білуге,ой-пікірін ашық айтуға үйрету.

Дамытушылық: Оқушылырдың ой еркіндігін,пікірін саралай білуге ықпал жасау,тиянақты,мәдениетті сөйлей білуге дағдыландыру,тіл байлығын,сөздік қорын, дүниетанымын дамыту

Тәрбиелік: Балалардың оқу қажеттілігін сезінуін,білімге,мектепке деген сүйіспеншілігін арттыру, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Типі: жаңа білім беру сабағы

Әдісі: әңгімелеу,сұрақ-жауап,қима қағаздармен жұмыс

Көрнекілігі: суреттер, қима қағаздар және т.б.

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі

Қоңырау соғылып ,сабақ басталды.

Оқушылармен сәлемдесіп,түгендеп,балалардың сабаққа дайындықтарын көзден өткеріп,зейіндерін сабаққа аударамын.

Психологиялық дайындық:

Сабағымызға келгендер, сәлем бердік бәріңе!

Ізгілікке сенгендер,сәлем бердік бәріңе

Өз бақытын өзгемен тең бөлісіп көргендер,

Сәлем бердік бәріңе,сәлем бердік бәріңе!

ІІ.Үй жұмысын сұрау:

  • Балалар үй жұмысына қандай тапсырма берілген еді?

  • С.Сейфуллиннің «Туған ел» өлеңін түсініп,тиісті дауыс ырғағымен оқу.

  • Олай болса үй тапсырмасына кім дайын?

Бірнеше оқушыдан үй тапсырмасын сұрап,қосымша сұрақтар беремін.

  • С.Сейфуллин туралы қандай деректер білеміз?

  • Сәкен (Сәдуақас) Сейфуллин (1894-1938) Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданында туған.Қазақтың белгілі ақыны,жазушысы,драматург және көрнекті қоғам қайраткері.Оның «Көкшетау», «Қызыл ат» поэмалары, «Қызыл сұңқарлар», «Бақыт жолында» пьесалары, «Тар жол тайғақ кешу», «Жер қазғандар» атты роман,повестері бар.

  • Табиғат адамға не береді?

  • Табиғат тіршіліктің түйіні.Біз табиғатпен тығыз байланыстамыз.Табиғат бізге нәр береді.Табиғат тіршіліктің анасы.

  • Сен табиғатқа қандай қамқорлық жасайсың?

  • Көктемде тал отырғызамын,оларды күтіп ,баптаймын.Қоршаған ортаны әртүрлі зиянды заттармен,қоқыстардан тазартуға бар күш,жігерімді жұмсаймын.

ІІІ.Жаңа тақырып:

А) Автор туралы мәлімет

Ә) «Сен ұйықтап жатқанда» мәтіні бойынша түсінік беру

А) Бердібек Соқпақбаев( 1924-1992) балалар жазушысы.Оның шығармаларының барлығы дерлік балаларға арналған.Оның «Менің атым Қожа», «Әжесінің баласы», «Балалық шаққа саяхат» атты кітаптары жарық көрген.

Ә) - Мәтін бойынша түсінік бермес бұрын «кім болам?» сұрағы төңірегінде қысқа әңгіме жүргіземін.

- Қандай мамандық ұнайды?

Балалардың жауаптары: дәрігер,мұғалім,жүргізуші,әнші,аспаз,есепші,сатушы,шаштараз және т.б.

  • Неліктен?

  • Мен ауырған балаларды емдеймін.

- Балаларға ұстазым сияқты білім беремін.

- Дәмді тағамдар пісіргенді ұнатамын.

- Бұлбұлдай сайрап ән салатын Роза апаға ұқсағым келеді.

- Қыздар мен ұлдардың шаштарын сәндеп қиғанды ұнатамын.

-Тақырыпқа түсініктеме беру.

1. Арнаулы тұрақ;

2. «Жедел жәрдем»;

3. Баспахана;

4. Байланыс бөлімдері.

- Күндізгі қаптап жүрген автобус,трамвай,троллейбус басқа да көлік түрлері арнаулы авто тұрақтарға қойылады.Ол жүрде бұл көлік түрлерін ертеңгі сапарға сүртіп тазалап,бұзылған,бүлінген жерлерін жөндеп даярлайды.

- «Жедел жәрдем» көлігі күні-түні жұмыс жүргізеді,тәуліктің қай мезгілінде болмасын аяқ астынан ауырған ауруларға дер кезінде көмекке жетіп келеді.Онда ұзақ түнде көз ілмей,адамды ажалдан арашалайтын кезекші дәрігерлер бар.

- Күнделікті оқитын газет-журналдар, біздің сүйіп оқитын «Балдырған»,

«Ұлан» газет-журналдарымыз,ертегі кітаптар,оқулықтарымыз баспаханаларда басып шығарылады.Баспаханаларда да тәулік бойы қызу еңбек тоқтамайды.Басылған газет-журналдарды қаладағы барлық байланыс бөлімдеріне арнаулы машиналар жеткізіп береді. Одан соң хат тасушылар күн сайын үйімізге осы баспаханадан басып шығарылған жаңа газеттерді ұйқымыздан оянбай тұрып әкеліп береді.

- Мәтінді тиісті дауыс ырғағымен оқып беремін.

- Суретпен жұмыс:

- Суреттерде қандай мамандық түрлері көрсетілген?

- Мәтіннің мазмұнына сүйеніп,сурет бойынша әңгіме құрау.

1.Көз дәрігері.

2. Дәнекерлеуші.

3. Дәрігер.

4. Мұғалім.












- Оқулықпен жұмыс: Мәтінді тізбектете дұрыс,саналы,мәнерлеп оқуға үйрету.

Мәтіндегі берілген үш бөлімді үш топ оқушыларына кезектете отырып, тиісті дауыс ырғағымен тізбектете оқытамын.Мәтінді оқып болғаннан кейін бірнеше оқушыдан өзінің ғана оқыған сөйлемдері бойынша түсініктерін сұраймын.Мұндағы мақсат мәтінді оқи отырып,оқығанының мән-мағынасын түсіну тәсілдерін қалыптастыру.Оқушылардың оқу қарқыны мен мәтіндегі сөздердің мағынасына қарай лайықты дауыс ырғағын сақтай білуге дағдыландыру.

-Рөльдік ойындар: Әр топқа тапсырмалар беріледі.

1 топ: «Ауруханада» (Дәрігерлермен емделушілер арасындағы қарым-қатынас.Олардың өздеріне тән іс-ірекеттері көрсетілуі тиіс)

2 топ: « Мектепте» (Мұғалімдермен оқушылар арасындағы қатынас.Мұғалімнің іс-әрекеті,оқушылардың іс-әрекеттері)

3 топ: « Балабақшада». (Тәрбиешілермен балалар арасындағы қарым-қатынас және олардың өздеріне тән іс-әрекеттері)

Берілген тақырыптарға байланысты көрініс қою,көрініс қою барысында балалар сол мамандықтарға тән іс-әрекеттер және сөйлеу шеберлігін көрсете білу керек.Бұл ойын барысында балалардың сөйлеу шеберлігі арқылы балалардың сауатты оқу,жазу дағдылары да қалыптаса бастайды.

- Қима қағаздармен жұмыс.

Балалар қазір біз қима қағаздармен жұмыс жүргіземіз. Бұл қима қағаздарда бүгінгі өтілген мәтіннен бірнеше сөйлемдер алынып,бұл сөйлемдердегі сөздердің орындары ауыстырылып берілді.Мен қазір сіздерге қима қағаздарды сол мәтінімен бірге беремін,берілген мәтін бойынша сөйлемдерді дұрыс,толық жазып шығуымыз керек.(Қима қағаздарды балаларға таратып беремін)

1.Адамның бастары көрінеді үш-төрт вагондарда.(Вагондарда үш-төрт адамның бастары көрінеді)

2.Таңертеңгі машиналарды әлгі олар әзірлейді сапарға.(Олар әлгі машиналарды таңертеңгі сапарларға әзірлейді)

І

...Сағат түнгі он екі боп қалды.Жұрт аяғы басылды.Алдымыздағы көшемен ең соңғы трамвай өтіп барады.Вагондарда үш-төрт адамның бастары көрінеді.

Күндізгі қаптап жүрген трамвай,троллейбус,автобустар қайда қазір?Олардың әрқайсысының арнаулы тұрағы – демалуға жайғасатын орны бар.Олар сонда жиналады.Мұнда түн бойы ұйықтамай,қызмет ететін адамдар бар.Олар әлгі машиналарды таңертеңгі сапарларға әзірлейді.Күндіз бүлінген жерлері болса,жөндейді.Іші-сыртын сүртіп,еденін сүртіп тазалайды.Таңертең троллейбус,трамвай, автобустар тап-таза болып,жарқырап шығады.


3.Аяқ астынан шалдығып әлдебіреу қатты ауруға қалған болар.(Әлдебіреу аяқ астынан қатты ауруға шалдығып қалған болар)

4.Күндіз-түні бірдей жүріп жатады қызу оларда жұмыс.(Оларда жұмыс күндіз-түні бірдей қызу жүріп жатады)

ІІ

...Бүйірінде «Жедел жәрдем» деген жазуы бар жеңіл машина қақпадан шығып келеді.Әне,жоғары қарай бұрылып,зырлап ала жөнелді.Әлдебіреу аяқ астынанқатты ауруға шалдығып қалған болар. «Жедел жәрдем» оны табанда емханаға жеткізеді.Онда ұзақ түнде көз ілмей,адамды ажалдан арашалайтын кезекші дәрігерлер бар.

Қалада бірнеше жедел жәрдем стансасы бар.Оларда жұмыс күндіз-түні бірдей жүріп жатады.

Аумағы бүкіл бір кварталды алып жатқан мынау сарғыш дуал.Оның ар жағында не бар екенін сен білемісің? Онда баспахана бар.Сенің «Балдырған»журналың,тағы басқа газет –журналдар,кітаптар осы баспаханада басылады.Қане,рұқсат сұрап,аулаға кіріп көрейік.

5.Үні жүріп естіледітоқтаусыз жатқан еңбек.( Тоқтаусыз жүріп жатқан еңбек үні естіледі)

6.Әр үйге одан соң хат тасушылар таратады.(Одан соң хат тасушылар әр үйге таратады)

ІІІ

Ақшыл бояумен боялған зор терезелердің ар жағында шам жанып тұр.Кең бөлмеде зырлаған машиналар,адамдар көрінеді.Тоқтаусыз жүріп жатқан еңбек үні естіледі.Қазіргі жеті қараңғы түнде олар неге мұнша асығады?Е,онда мән бар.Күнде таңертең пошташы сенің үйіңе сол күні шыққан газеттерді апарып береді ғой.Сол газеттерді осында басып дайындайды.Басылған газет журналдарды таңертең сен оянбай тұрып,қаладағы барлық байланыс бөлімдеріне арнаулы машиналар жеткізіп үлгереді.Одан соң хат тасушылар әр үйге таратады.

ІV. Қорытындылау.

Мамандықтың керексізі болмайды. Қандай мамандық таңдасаң да сол мамандық сен үшін сүйікті мамандығың болып қала береді.

V. Үйге тапсырма: «Сен ұйықтап жатқанда» С.Мәуленов.

«Мен таңдаған мамандық» тақырыбында әңгіме жазу




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!