400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ. 3-сынып. Дүниетану

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ. 3-сыныптың Дүниетану пәнінен "Спорт-денсаулық кепілі!" атты ашық сабақтың қысқа мерзімді жоспары. Оқу мақсаттары: спорт түрлерін топтастыру, спорттың қандай да бір түрімен айналысу үшін қажетті негізгі және өзінің қабілеттерін анықтау
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бастауыш сынып мұғалімі: Даулетбаева Гүлзира


Дүниетану пәнінен қысқа мерзімді жоспар

Сабақтың тақырыбы: Спорт – денсаулық кепілі!

Бөлімі

ІІІ. Уақыт

Педагогтің аты-жөні

Даулетбаева Гүлзира

Күні

Сыныбы: 3

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Спорт-денсаулық кепілі!

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

3.1.4.2 спорт түрлерін топтастыру, спорттың қандай да бір түрімен айналысу үшін қажетті негізгі және өзінің қабілеттерін анықтау

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар:

– адамдар не үшін спортпен айналысатынын түсіндіреді;

– қыстық және жаздық спорт түрлерін ажырата алады.

Көптеген оқушылар:

– қандай да бір спорт түрімен айналысуға қажетті негізгі қабілеттерді және өзінің бойындағы қабілеттерді анықтайды;

– тақырыпты талқылайды, пікірлерімен бөліседі.

Кейбір оқушылар:

– белгілі бір спорт түрін таңдағанына қатысты өзінің пікірін дәлелдейді; өзінің мектебіндегі (ауылындағы, қаласындағы) спорт секциялары туралы ақпарат жинайды.

Тілдік мақсат

Оқушылар өзінің туа бітті қасиеттерін есепке ала отырып денсаулықты нығайту үшін спортпен айналысу қажеттілігі жайында талқылайды және соған қатысты шешімдер шығарады.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

Спорт, спорт түрлері, спортпен айналысуға арналған адам бойындағы туа бітті қасиеттер, спорт жарыстары, олимпиада ойындары.

Диалогке/жазылымға қажетті тіркестер

Спортпен айналысу денсаулықты нығайтады, көрікті сымбат сыйлайды, тыныс алу жолдарының жұмысын жақсартады, төзімділікке үйретеді, иілгіштікті дамытады.

Талқыланатын мәселелер:

– спорттың қандай түрлері бар?

– адамдар спортпен қандай мақсатта айналысады?

– спорт адам мінезіндегі қандай қасиеттерді қалыптастырады?

– спортпен айналысуға арналған адам бойындағы туа бітті қасиеттердің қандай маңыздылығы бар?

Жазылым: Үлгі бойынша сөйлем құрастыру: «Спорт дегеніміз – ...».

Құндылық

Оқуға, білімге деген қызығушылығын арттырып, еңбекке баулу. Жеке және топта жұмыс жасай алу, ынтымақтастық.

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану, математика

АКТ-ны қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта, слайдтар топтамасы. Бейнеролик демонстрациялау.

Алдыңғы білім

Спорт туралы қарапайым түсініктер





Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі / Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Қызығушылықты ояту.

Ұжымдық жұмыс.

2 мин.








Миға шабуыл. «Кластер құрастыру»

Ұжымдық жұмыс.


5 мин.

Психололиялық дайындық: (өлеңді бірге оқу, қимылдар жасау)

Ұйқыңнан ерте тұр,

Жадырап жарқын күл.

Әдетің болсын әрқашан,

Жаттығу жасау, шынығу.

Мұғалім: Өлеңге назар аударыңдар:

Спорт – сенің серігің

Жанға дауа, қолға күш.

Сергітетін адамды

Қимыл менен қозғалыс.

-Балалар, әдетте спортпен не үшін айналысады?


Алдыңғы білімді еске түсіру (ұжымда).

(Ұ)Суретпен жұмыс. Слайд №1.

Суреттерге қара.

Адамдар не үшін спортпен айналысады? Кем дегенде 4 себебін атап шық.

Кластер құрастырамыз.

Спорт бізге не береді?


Shape1




(Ұ, Ж) Бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау.

Сабақтың соңында қандай мақсаттарға қол жеткізуіміз керек, қалай ойлайсыңдар?

- Спорттың қандай түрлері бар екендігін білеміз; 

-спорттың әр алуан түрлерімен айналысу үшін қажетті физикалық мүмкіндіктерді анықтаймыз.

Топқа бөлу. Қима суреттер арқылы топқа бөлу

1. Доп

2. Коньки

3. Шаңғы

4. Велосипед

Жұмыс ережесін келісу

  • Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!

  • Уақытты үнемдейміз!

  • Нақты, дәл жауап береміз!

  • Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!

  • Сабаққа белсене қатысып, жақсы баға аламыз!

Барлығыңа сəттілік тілеймін!

Психологиялық ахуалға берілген психогиялық жаттығуларды орындау арқылы жаңа сабаққа назар аудару.









Оқушылар сұраққа жауап береді, жұмысты берілген түріне қарай орындайды.




Кластер құрастыруға қатысады.















Қима қағаздағы суреттер арқылы 4 топқа бөлініп отырады.



Жұмыс ережесін еске түсіреді.






















ҚБ: «От шашу» арқылы бір-бірін бағалау.


Психологиялық ахуал.


Қима суреттер


Алдыңғы білімді еске түсіру тапсырмалары.


Слайд №1

















Интербелсенді тақта


Қима суреттер: коньки, шаңғы, велосипед, доп.

Сабақтың ортасы


Бейнеролик

2 мин






Жаңаны түсіну

9 мин



































Топтық жұмыс

15 минут







Ойқозғау. Бейнеролик көру. (2 мин) «Спорттың 5 пайдасы. Спорт - денсаулық кепілі».  https://youtu.be/Z5DUh6CCG4E

-Бұл бейнероликтен не ұқтыңдар балалар?

-Денсаулығымыз мықты болу үшін не істеуіміз керек?

Жақсы олай болса, бүгін біз спорт жайында әңгімелейік.

Мұғалімнің түсіндірмесі. Слайдпен жұмыс.

-Бүгінде әлемде 200-ден астам спорт түрі бар деп есептелінеді. Осындай көп спорт түрлерін қалай реттеуге болады? Спорт түрлерін әртүрлі топтарға бөледі. Мысалы, өткізу уақытына қарай қыстық және жаздық болып бөлінеді. Ақыл-ойды дамытатын және ұлттық ойындар.



- Олимпиада ойындары 4 жылда 1 рет өткізіліп тұрады. Соңғы Олимпиада ойындары 2016 жылы Рио до Жанейрода болды. Біздің қазақстандықтар 17 медальмен оралды. 3 алтын, 5 күміс, 9 қола. Олар Ольга Рыпакова, Василий Левит, Данияр Елеусінов, Әділбек Ниязымбетов, Дариға Шәкілова тағы басқалар.

-Білетіндерге жарайсыңдар дегім келеді! Ал қалғандарыңа ғаламтор ресурстарына жүгініп, олимпиада жайында ақпарат алуларыңа кеңес беремін.

(Т) Топтық жұмыс.

Әр топқа сұрақтар беріледі. Жауаптары әр топтың шығармашылығына қарай ұсынылады. Қажетті құрал-жабдықтар беріледі (А3 парағы, маркерлер, стикерлер, т.б.) (Дайындыққа 5 минут уақыт беріледі. Қорғауға әр топқа 2 минуттан. Қорытынды жасауға 2 минут)

-Спорт дегеніміз не?

-Спортпен айналысу үшін қандай қабілет керек?

-Адамдар спортпен не үшін айналысады?

-Спорттың қандай түрлері бар?

1) Топ ішінде талқылау (2 минут)

2) Әр топтан бір оқушы шығып жауабын ұсынады

Дескриптор:

-Спорт туралы негізгі ұғымды анықтай алады;

-Спортпен айналысу үшін қажетті басты қабілеттіліктерді атайды;

-Спорттың денсаулыққа тікелей қатысы бар екенін дәлелдейді;

-Спорт түрлерін ажыратады;

Қ.Б. Әр ұтымды жауапқа медаль беріледі.

Медаль саны көп топ жеңімпаз аталады.

Бейнероликті тамашалайды.

Берілген сұраққа жауап беріп, тапсырмаларды талапқа сай орындайды.









































Белсенді оқу тапсырмалары.

Топтық жұмыстарға қатысады.

Жауаптарды зерттеу, шығармашылықпен іздену түрінде ұсынуға белсене қатысады. Әр оқушы өз қабілетіне қарай топ жұмысына өз үлесін қосады.













Қалыптастырушы бағалау жүргізіледі.








































ҚБ:

Медальдармен марапаттау




Бейнеролик:

https://youtu.be/Z5DUh6CCG4E




Слайдтар топтамасы





































Сұрақтар жазылған қима қағаздар

(А3 парағы, маркерлер, стикерлер, т.б.)

Сабақтың соңы.

Жұптық жұмыс. «Еркін жазу»


7 мин.

Жаңа білім мен тәжірибені қолдану. (Ж) Жұптық жұмыс. «Еркін жазу» минуты.

Үлгі бойынша сөйлем құрастыр:

Спорт деген – денсаулық!

Спорт деген - қозғалыс!

Спорт деген –сұлулық!

Спорт деген - өмір!

Спорт деген-.....

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
29 наурыз
400
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі