400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 16 материал табылды

|Ашық сабақ 3 сынып «Жаратылыстану туралы білеріңіз көп пе?»

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні: 22.11.2018 ж Сынып: 3 – сынып

Сабақтың тақырыбы: «Жаратылыстану туралы білеріңіз көп пе?»

Сайыс сабақ

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: 3 сынып оқушылармен бірлесе отырып, сайыс сабағын жүргізу.

3 – сынып оқушыларының алған білімдерін пысықтай отырып. Ойын барысында әр түрлі тақырыптарға байланысты тапсырмалар орындау. Дамытушылық: Оқушылардың ой – өрісін, ақыл – ой қабілетін дамыту. Логикалық ойндар немесе басқа да ойындар көмегімен өткен тақырыптарды еске түсіру.

Тәрбиелік: Адамгершілік, ұлтжандылық, отанды сүюге, табиғатты аялауға, мейірімділікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Ойын сабағы.

Қолданылатын әдіс – тәсіл: логикалық ойын, сұрақ – жауап, интерактивті тақтада слайдпен жұмыс, пазл

Сабақтың жабдықталу көрнекілігі: слайд және тақырыпқа байланысты әр түрлі суреттер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, сабаққа әзірлігін пысықтау.

Таныстыру: әр сынып қатысушылары өздерін топтың атымен атап таныстырады.

1 –кезең Өсімдіктер

3 «А» сынып: Топтың аты ________________________________

  1. Өсімдіктер тамыры қандай қызымет атқарады? Тамыр өсімдікті топыраққа бекітеді. Ол топырақтан су мен қоректік заттар алады.

  2. Ағаштардың өсімдіктер бөлігінен айырмашылығы бар ма? Қандай? Бар. Ағашта сабақ орнына дің, бұтақ, соңында жемісі болады.

  3. Фотосинтез деген не? Өсімдіктің жасыл мүшелерінде глюкозаның түзілуі мен оттектің бөліну үдерісін айтады.

  4. Гүлдің бөліктерін ата



Shape1

Гүлдің бөліктерін атап көрсет: тамыр, сабақ, жапырақ, гүлі, тұқымы

3 «Ә» сынып: Топтың аты ___________________________________

  1. Құрғақшылыққа төзімді өсімдіктер қандай өсімдіктер? Ауа температурасы ыстық, жауын-шашыны аз жерде өсетін өсімдіктер.

  2. Өсімдіктер өсетін орталарды ата: суқоймаларында, шөлде, суықта, тау бөктерінде, далада, батпақта өсе береді.

  3. Хлорофилл дегеніміз не? Өсімдікте пигмент деп аталатын бояғыш зат болады.

  4. Ағаш бөліктерін атап көрсет

Shape2

Ағаштың бөліктерін атап көрсет: тамыр, діңі, бұтақ, жапырақ, гүлі, жемісі

3 «Б» сынып. Топтың аты _____________________________________

  1. Өсімдіктерді қай мезгілде отырызған дұрыс және не себепті? Көктем

  2. Өсімдіктер бөліктерін ата: тамыр, сабақ, жапырақ, гүлі, тұқымы

  3. Булану деген не? Ыстық және құрғақ аймақтағы өсімдіктер бойындағы ылғалдың булануы

  4. «Астананың жасыл белдеуі» деген не?

Shape3

ҚР тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Жарлығымен 1997 жылдан бері Астана қаласының төңірегіне көшет отырғыза бастады. Бұл көшеттерді Елбасымыз «Астананың жасыл белдеуі» деп атайды.

3 «В» сынып. Топтың аты: ______________________________________

  1. Өсімдіктер сабағының атқаратын қызметі. Сабақ өсімдіктерді ұстап тұрады. Ол су мен қоректі басқа бөліктерге жеткізеді.

  2. Өсімдіктерден адам пайдасына қажетті қандай заттар алуға болады? Бидай, май, киім, қант т.б

  3. Табиғи бірлестік деген не? Ұзақ уақыт бойы белгілі бір табиғат жағдайында өскен өсімдіктер

  4. Ботаникалық бақ дегенді қалай түсінесің? Біздің елде ботаникалық бақ бар ма?

Shape4

Ғылыми зерттеу жүргізу әрі сирек кездесетін өсімдіктер мен бірлестіктерді сақтап қалу үшін ботаникалық бақтар құрылады. 1912 жылы Петропавл қаласында құрылған ботаникалық бақ Қазақстандағы ең көне болып саналады.







3 «Г» сыны. Топтың аты: ________________________________________

  1. Өсімдіктер сабақтарында не орналасады? Өсімдіктер сабақтарында жапырақ, гүлдер мен жемістер орналасады.

  2. Жыл мезгілінің ауысуына қарай өсімдіктер өзгеріске түсе ме әлде түспей ме? Жыл мезгілінің аусуына қарай шырша өзгеріске түспейді. Басқа өсімдіктер өзгеріске түседі.

  3. Өсімдік ырғағы мен тыныштық күйде өсуі деген не? Өсімдіктердің даму ырғағы болады. Сондықтан да өсімдіктер бірде белсенді бірде тыныштық күйде өседі.

  4. «Қызыл кітап» дегенді қалай түсінесің? Біздің елімізде қызыл кітап деп нені айтады?

Shape5

Қызыл кітап Қазақстанда 1978 жылы басылып шықты. Елімізде 600 – ге жуық сирек кездесетін және жойылып бара жатқан өсімдік түрі бар. Олардың көбі осы кітапқа енген.



2 – кезең. Жануарлар



3 «А» сыны. Топтың аты: ________________________________________

  1. Жануарлар топтарын ата. Сүтқоректі, бауырмен жорғалаушы. Қосмекенді, жәндіктер, құстар, балықтар т.б

  2. Сүтқоректіге жататын қандай балықтар түрін білесіз? Кит, касатка (дельфиннің бір түрі) дельфин, морж, теңіз арыстаны, итбалық

  3. Жануарлар тіршілік ортасын атаңыз. Тундра, дала, шөл, орман, шалғын, саванна, тау, суқоймасында өмір сүруге бейімді.

  4. Құмырсқаның дене мүшесін атап шығамыз.

3 «Ә» сыны. Топтың аты: ________________________________________

  1. Қосмекенді деген қандай жануарлар? Суда да құрлықта да өмір сүруге бейімді.

  2. Жұмыртқы арқылы көбейетін жануарларға қандай жануарлар жатады? Қолтырауын, тауық, балық, құстар т.б

  3. Омыртқалы жануарлар деген қандай жануарлар? Балықтар, бауырмен жорғалаушылар, қосмекенді және сүтқоректілер мен құстар омыртқалылар. Басты ерекшеліктері сүйектің болуында.

  4. Суреттегі құстардың қайсысы ең кішкентай құс. Колибри

3 «Б» сыны. Топтың аты: ________________________________________

  1. Құстардың басқа жануарлардан қандай ерекшелігі бар? Құстардың алдыңғы екі аяғы қанатқа айналған. Олар ұша алады.

  2. Төлдер арқылы көбейетін жануарлар топтарын ата. Сүтқоректілер

  3. Омыртқасыз жануарлар – дегеніміз не? Буанқденелілер, құрттар, ұлулар, өрмекшілер және кейбір теңіз жануарлары омыртқасыздар. Олардың басты ерекшеліктері сүйек орнына бунақ болады.

  4. Пазл арқылы құралған жануар туралы не айтасың?

Shape6

Қолтырауын – қосмекенді жануарлар тобына жатады. Тұқымын жұмыртқа арқылы көбейтеді.



3 «В» сыны. Топтың аты: ________________________________________

  1. Жәндіктер мен өрмекшілердің айырмашылығы қандай? Жәндіктер 6 аяқты ал өрмекшілер 8 аяқтылар тобына жатады.

  2. Қандай жануарлар түсін өзгертуге бейім? Не себепті? Қорғану үшін

  3. Жануарлар тіршілік ортасын өзгертсе не болады? Кей жануарлар бейімделеді кей жануарлар бейімделе алмайды.

  4. Пазл арқылы құралған сурет туралы не айтасың?



3 «Г» сыны. Топтың аты: ________________________________________

  1. Балықтар тобы туралы не айтасыз? Балықтар суқоймасында өмір сүретін құрлыққ бейімсіз жануарлар.

  2. Бунақденелілір қандай жануарлар? Денесінің көп бөлігі бунақтардан тұратын жануарлар.

  3. Омыртқа дегеніміз не? Омыртқа – сүйек пен бұлшық етті біріктіріп тұратын тірек.

  4. Араның дене құрылысын атаймыз



3 –кезең Адам. 2 сұрақ беріледі. 3 сұрақ ортақ.

3 «А» сыны. Топтың аты: ________________________________________

  1. Қаңқа деген не? Адам денесін ұстап тұратын сүйектер жиынтығы.

  2. Сезім мүшелері деген не? Оларға не жатады? Тіл, мұрын, құлақ, көз, тері

3 «Ә» сыны. Топтың аты: ________________________________________

  1. Бұлшық ет деген не? Дене мүшелеріміз бен сүйектер жиынтығын қимыл – қозғалысқа келтіретін еттер жиынтығы.

  2. Берілген суреттер бойынша не айтасыз?



3 «Б » сыны. Топтың аты: ________________________________________

  1. Ас қорыту мүшесі туралы не білесіз? Ас қорыту жүйесін ретімен атап шық. Ас қорыту – ауыз, өңеш, асқазан бөліктерінен тұрады.

  2. Қаңқа құрылысы бойынша қандай сүйектер барын атаймыз?



3 «В » сыны. Топтың аты: ________________________________________

  1. Тыныс алу мүшесі туралы не білесіз? Оның жүйесін ретімен атаймыз. Мұрын,

  2. Адам денсаулығына пайдалаы тағамдар тізімін атаңыз. Оқушы жауабы





3 «Г» сыны. Топтың аты:________________________________________

  1. Адам денесінде қандай организімдер болады? Ми, өкпе, жүрек, асқазан, бауыр, бүйрек т.б

  2. Бұлшық ет қызметін ата







Сабақты қорытындылау: Ойынды қорытындылау әділ – қазылар алқасына беріледі. Әділ – қазылар оқушылардың ұпай сандарын есептен оқушылардың жұмыстарына өз бағаларын беріп жеңімпазды анықтайды.









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
16 қаңтар
716
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі