400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ 3 сынып математика Тақырыбы: Менің жұмсайтын шығындарым

Материал туралы қысқаша түсінік
Әріптестеріммен тәжірибе алмасу мақсатында жариялап отырмын.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Тақырыбы: Менің жұмсайтын шығындарым

Мектеп: «А.А.Барманбекұлы атындағы орта мектеп- гимназиясы МДШО» КММ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Жакыпбекова Г.Е

3-сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаттары

3.5.1.4. Шамалар арасындағы тәуелділікке; пропорцияның белгісіз

мүшесін табуға берілген есептерді талдау және шығару.

3.5.1.1. 2-3 амалмен орындалатын есепті кесте, бағандық сызба,

қысқаша жазба түрінде модельдеу.

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар:

шамалар арасындағы тәуелділікке қатысты есептер шығару.

Бірқатар оқушылар:

шамалар арасындағы тәуелділікке қатысты есептерді зерттеу.

Кейбір оқушылар:

Кері байланысты үштік есеп құру.

Тілдік мақсаттар





Дағдыларын дамыту:

Шамалар арасындағы тәуелділікті қалыптастырады: баға, құн, сан.

Пәндік лексика және терминология:

Шамалар арасындағы байланыс, сызба, қысқаша жазбалар.

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл.

Талқылау:

Түсінік деген не?

Басқа екі шаманы біліп тұрып, бір шаманы қалай табуға болады?

Жазылым:

сызба, қысқаша жазба, шешім, есептің жауабы.

Тірек білім, білік, дағдылар

БАҒА, САН, ҚҰН туралы түсінік.

Критерий

  • Шамалар арасындағы тәуелділікке, пропорцияның белгісіз мүшесін табуға берілген есептерді талдау және шығару.

  • 2-3 амалмен орындалатын есепті кесте, бағандық сызба, қысқаша жазба түрінде модельдеу.

Дескриптор

  • Ақшаның қалай пайда болғанын біледі;

  • Заттың санын білу үшін заттың құнын заттың бағасына бөлу керек екенін табады;

  • Заттың бағасын білу үшін заттың құнын оның санына бөлу керек екенін табады;

  • Заттың құнын білу үшін заттың бағасын оның санына көбейту керек екенін табады;

  • Кестемен жұмыс жасайды;

  • Есептер құрастырады және оған өрнек құрастырып, мәнін табады;

  • «Бинго» ойыны арқылы заттардың санын, бағасын, құнын табуға байланысты тапсырмалар орындайды;

  • «Дүкен» ойыны арқылы өзінің жұмсаған шығындарын есептей алады.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Қоры








0-2

Шаттық шеңбері










- Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Бір-біріңе жымиып көңіл күйлеріңді білдіріп көріңдер, маған да күлкілеріңді сыйлаңдар.

Рахмет!






3-7

Ынталандыру.

Ақша туралы аудио тыңдатылады.

Оқушылардан сұраймын:

-Заттар мен өнімдердің нарқы бірдей болды ма?

-Адамдар қиындықтан шығатын жолды ойлап тапты ма?

-Ақша дегеніміз не екен?

– Сіз бір нәрсе сатып алдыңыз ба?

– Қандай ақшалар мен тиындарды білесіздер?

– Қайтқан ақшаны санадаңыздар ма?

–Дүкенде математика сабағында алған білімің қажет пе?

-Ендеше балалар мына сандарды өсу ретімен қойып жіберейік. Сандар үстіне орналасқан әріптерден сөз құрастырып жіберейік. Қандай сөздер шығатынын оқиық.

  • Шамалар арасындағы тәуелділік.

Сандар жазылған үлестірмелі қима қағаздар



8-9


Мақсат қою (мәселелі жағдаят)

Оқушылар 1-тапсырманы орындайды, кестені толтыру керек. Оқушылардан тапсырманың қай мәліметтері таныс деп сұраймын. Бір кәмпиттің бағасы мен сатып алынған заттардың жалпы сомасы белгілі. Осы ақшаға қанша кәмпит алынғанын анықтау керек. Мәселелі жағдаят туындады.

Оқулық.



10-20


Жаңаны ашу.

Мәселелі жағдайды шешу үшін сұрақтарға жауап беруді ұсына отырып, жұмыс жоспарын құрамын:

–Егер бір кәмпиттің бағасы 8 теңге болса, 40 теңгеге қанша кәмпит алуға болады?

– Қандай амалмен осыны анықтадыңыз?

Интербелсенді тақтадан видео көреді.


Оқушылар тауардың санын анықтау үшін,сатып алу сомасын бір заттың бағасына бөлу керек. Оқушыларға үшбұрышты қарап, бұл символдық ереже екенін айтамын, осының көмегімен белгісіз шаманы табуды түсіндіремін.

Оқушылар сатып алған соманы білу үшін тауардың бағасын оның санына көбейту керек деген шешімге келеді.

Оқушыларға үшбұрышты символдық ереженің көмегімен белгісіз шаманы табуды түсіндіремін.

Тапсырмада бізге қандай мәлімет белгілі деп сұраймын. Жалпы сома мен кәмпит саны белгілі. Бір кәмпиттің бағасын анықтау керек.

– Егер 5 кәмпитке 40 тг төлесе, онда бір кәмпиттің бағасы қанша?

Оқушылар бір кәмпиттің бағасын білу үшін жалпы соманы кәмпит санына бөлу керек деген шешімге келеді.

Түсіндіре отырып алғашқы бекіту.

Топтық жұмыс

Оқушылар 2- тапсырмадағы кесте бойынша есеп құрастырады және өрнек құрып мәнін табады.

Жұптық жұмыс

3- тапсырманы жұппен орындайды. Сызба суреттен есептер құрастырады. Өрнек құрып мәнін табады. Өз шешімдерін бір-біріне түсіндіреді

Оқулық. Разрядтар кестесі, дәптер, жаттықтырғыш.


21-31












Өзіндік жұмыс

Жұмыс дәптеріндегі тапсырманы орындайды.

«Бинго» ойыны

Заттардың санын, бағасын, құнын табуға байланысты тапсырмаларды, алдыңғы сабақта өткен аудан табуға арналған тапсырмалар орындайды;


Бағалау

Сабақ барысында ерекше көзге түскен оқушыларды мадақтап, белсенділік танытып отырған топтарға монеталар таратып отырамын.

Сабақ соңында әр топтың монетасын есептеп, қай топ тың монетасы көп болса сол топ жеңімпаз екенін жариялаймын.

Оқулық, дәптер.


32-38

Бекіту

«Дүкен» ойыны







Бағалау

Сабақ барысында ерекше көзге түскен оқушыларды мадақтап, белсенділік танытып отырған топтарға монеталар таратып отырамын.

Сабақ соңында әр топтың монетасын есептеп, қай топтың монетасы көп болса сол топ жеңімпаз екенін жариялаймын.




38-40


Рефлексия.

– Сабақта ең маңыздысы не болды?

– Не қызықтырды?

– Бүгін сабақта алған білімің қай жерде іске асуы мүмкін?




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 қараша
1022
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі