Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ 3-сынып "Сан есім"

Материал туралы қысқаша түсінік
Сан есімді қайталау
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

Пән: қазақ тілі

Мектеп : №36 ЖББМ

Сынып : 3- сынып

Мұғалімнің аты-жөні: Жылгелді Әлия Кемелханқызы

Күні:

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Сан есім

Осы сабақ арқылы қол жеткізетін оқу мақсаты:

3.4.2.3 сөйлемнен сөз таптарын (зат есім,сын есім,сан есім,етістік) табу

Бөлім:

4.Тілдік нормалардың қолданысы

Бөлімше:

4.2 Грамматикалық нормаларды сақтау

Ортақ тақырып :

Су- тіршілік көзі

Бағалау критерилері:

Барлық оқушылар:

  • Сұрақ қою арқылы сан есімдерді табады, қай сөзбен байланысып тұрғандығын сызбамен көрсетеді.

  • Суреттерді сөздермен сәйкестендіреді және сан есімге байланысты сөйлем құрайды.

Оқушылардың көпшілігі:

- Мәтінді оқиды, өз ара талқылайды, мазмұнын түсінеді, мәтіннің ішінен сан есімді тауып, сұрақ қояды.

-Орны ауысқан сан есім сөйлемдерін ретімен жазады.

Кейбір оқушылар:

-Құрамында сан есімі бар сөздерді пайдалана отырып, сөзбен жазады, сол сөздерге сөйлем құрайды.


Сөздік қор:

уыс, таяз, бекер,

Құндылықтарды дарыту:

Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында цифрлы технологияны қолдана отырып, жас ұрпақтардың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру.


Пәнаралық байланыс :

Математика, әдебиеттік оқу, дүниетану.

Бастапқы білім:

Сөз таптарын атайды. Сан есім және оның түрлерін ,бөліп көрсетеді және сұрақтарын пайдалана отырып мысалдар келтіреді.

Сабақтың барысы:

Сабақтың жоспарланған кезеңдері:

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

І. Жағымды ахуал.

«Әріптер мен сандар» Оқушылардың зейінін аудару мақсатында, кез-келген әріптерді айтамын, ал, оқушылар сөз таптарына қатысты зат есім, сын есім, сан есімге сөздер айту керек. Осы сөздерге байланысты топқа бөлінеді.

II. Топқа бөлу. Жоғарыда сөз таптарына қатысты айтылған сөздерге байланысты топқа бөлемін.

1-топ. Зат есім.Зат есімге қатысты сөздер айтқан оқушылар.

2-топ. Сын есім. Сын есімге қатысты сөздер айтқан оқушылар.

3-топ. Сан есім. Сан есімге қатысты сөздер айтқан оқушылар.

Әр топ өздерінің топтарына байланысты сөз таптарының сұрақтарын айтады, мысалдар келтіреді.



Сабақ тақырыбы мен мақсаты жарияланады.



Сабақтың ортасы:

30 минут

Топтық жұмыс. «Гауһарлар иерархиясы» әдісі.

Критерийлер:

  • Сұрақ қою арқылы сан есімдерді табады, қай сөзбен байланысып тұрғандығын сызбамен көрсетеді.

  • Суреттерді сөздермен сәйкестендіреді және сан есімге байланысты сөйлем құрайды.

1-топ. Мақалды жатқа жазады.Сан есімнің қай сөзбен байланысып тұрғанын сызбамен көрсетеді. Мақалдың мағынасын түсіндіреді.

Бір кісі қазған құдықтан,

Мың кісі су ішеді.

2-топ.

Ойлан тап.Ол қай сан ? Берілген шумақтан жасырынған санды табады.

Оңынан оқысаң, ол – сан,

Терісінен оқысаң, ол – сан. Жауабы: (қырық)

3-топ. Әр топ берілген қима қағаздардағы суреттерді сөздермен сәйкестендіреді және сан есімге байланысты сөйлем құрайды.

Дескриптор:

  • Мақалды жатқа жазып, мағынасын түсіндіреді.Сан есімнің қай сөзбен байланысып тұрғанын сызбамен көрсетеді.

  • Өлеңде жасырынған санды табады, сұрақ қойып сөйлем құрайды.

  • Суреттерді сөздермен сәйкестендіреді және сан есімге байланыстырып сөйлем құрайды.

ҚБ. «Бутерброд»



Оқулықпен жұмыс. «Құндылықтар спектрі»

Қазақ тілі. 3-сынып. 2-бөлім. 78-бет.

Критерийлер:

Мәтінді оқиды, өз ара талқылайды, мазмұнын түсінеді, мәтіннің ішінен сан есімді тауып, сұрақ қояды.

21-жаттығу. Мәтін. «Су».

Тапсырма.

1.Асан қайда бармақшы болды?

2.Ол неліктен шөлдеді?

3.Жолда не кездесті ?

4.Бұлақтың суы қандай ?

5.Бұлақтың суы неліктен ерекше болып көрінді?

Дескриптор:

- Барлық бала мәтінді оқиды, мазмұнын түсіндіреді, талқылайды.

- Мәтін желісімен сұрақтарға жауап береді.

- Мәтіннің ішінен сан есімді тауып, сұрақ қояды.

ҚБ: «Жапондық бағалау»



Критерийлер:

-Орны ауысқан сан есім сөйлемдерін ретімен жазады.

-Құрамында сан есімі бар сөздерді пайдалана отырып, сөзбен жазады, сол сөздерге сөйлем құрайды.

Дәптермен жұмыс. «Данышпан үкінің тапсырмалары»

Қазақ тілі. 3-сынып. 2-бөлім. 79-бет.

22-жаттығу.Орны ауысқан сөйлемдерді ретке келтіріп жаз.

Көп одан әлдеқайда теңіз. Бар мұхит жер бетінде төрт. Жетеді отызға саны олардың.

23-жаттығу.Оқушылар үлгіге қарап сан есімі бар сөздерді сөзбен жазады.

К+2+лік, 7+к, тү+1, к+3+ік, жел+90, 6+бақан.

Дескриптор:

-Орны ауысқан сөйлемдерді реттілікпен жазады.

-Сұрақ қою арқылы сан есімді табады.

- Сан есімі бар сөздерді пайдаланып сөзбен жазады, сол сөздерге сөйлем құрайды.

ҚБ. «Не жақсы?» Дәптерлеріне пікір қалдырамын.






































Оқулық



















АКТ






































Сабақтың соңы:

5 минут

Кері байланыс. «Ү» әдісі.

Оқушыларға бүгінгі сабақ бойынша көздерімен не көрді, құлақтарымен не естіді, жүректерімен жақын не қабылдады әдісі арқылы білгенімен, түсінгендерін сұрау.

Сан есім ережесін айтады, сан есімдерге мысалдар келтіріп,сол сөздерге сұрақ қояды.






Рефлексия. «Білгенім – бір тоғыз, білмегенім – тоқсан тоғыз»








АКТ

Саралау.

Бағалау- әрбір тапсырмадан кейін қалыптастырушы бағалауды үнемі жүргізіп отырамын.Диалог және қолдау көрсету
Топтық, жұптық жұмыстарда жетелеуші сұрақтар арқылы диалог болады және әрбір балаға қолдау көрсетіп отырамын.
Дерексөздер өтіліп жатқан тақырып аясында өмірмен байланыстырып мысалдар келтіріп дәлелдейді.

Қарқын-әрбір тапсырманы орындауда уақытты тиімді пайдаланамын және көмекті

қажет ететін оқушыларға қосымша уақыт беремін .

Қорытынды-оқушылардың түсінген, түсінбегенін білу үшін үнемі оқушылармен кері байланыс жүргізіп отырамын

Ықшамсабақ

Өзім жаңартылған бағдарлама бойынша сабақ бермегендіктен ҚМЖ; ОМЖ туралы естігенім болмаса түсінбейтін едім. ҚМЖ жазу барысында оқу мақсаты, ортақ тақырып аясында SMART мақсатты қоюды, үйрендім. Саралау тәсілдері, бағалау критерийлері, сол критерийлер бойынша әрбір тапсырмаға дескриптор құрып, қалыптастырушы бағалау түрлерін қолдануды меңгердім. Бастапқыда кездескен қиындықтарды жеңіп, мен білмеген көп нәрсені үйренуіме осы курстағы бірге оқыған әріптестерім мен тренерім Таженова Камшат Қыдырбекқызымен кері байланыстың көп көмегі тиді. Ықшамсабақты жоспарлауда оқытудың белсенді тәсілдері мен АКТ-ны тиімді пайдаланудың маңызын түсіндім.

Жаңартылған бағдарламаны меңгерудің арқасында оқытуды сапалы ету үшін белсенді оқу әдістерін қолдану арқылы, әр сабағымды күнделікті түрлендіріп өткізу барысында жан-жақты дамыған, бәсекеге қабілетті, рухани бай шәкірт тәрбиелей алатыныма сенімдімін.






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.05.2020
3445
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12