жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ 3 сынып тақырыбы; Зат есім қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Өнер. Пән: Қазақ тілі
Күні: 17.01.2020
Бөлімше: Сынып: 3 в сынып |
Мектеп: М.Әуезов атындағы №2 ОЖББМ
Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: Мұғалімнің аты-жөні: Калдешова Альфия Болатовна
|
||||||||||||
Тақырыбы |
Зат есім |
||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
3.2.4.1 өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау; 3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету; 3.4.2.3 сөйлемнен сөз таптарын (зат есім, сын есім, сан есім, етістік) табу. |
||||||||||||
Сабақтың мақсаттары |
Барлық оқушылар орындай алады: сөйлемнен зат есімді тауып, олардың түрлерін ажырата алады. Оқушылардың көпшілігі орындай алады: диалогке қатысады; мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтай алады. Кейбір оқушылар орындай алады: берілген тақырып бойынша ой қорыту жасай алады. |
||||||||||||
Тілдік мақсаттар |
Пәнге тән лексика және терминология: мәтін мазмұнын түсінді, ақпараттарды анықтау үшін сұрақтар құрастырады.
|
||||||||||||
Құндылықтарды дарыту |
Ынтымақтастық - ұжымда, жұптық, топтық, жеке жұмыс дағдыларын құруда шешімді бірігіп қабылдау. Құрмет - өз ісіне жауапкершілікті, өзге адамдарды түсін, құрметпен қарауға тәрбиелеу. |
||||||||||||
Пәнаралық байланыс |
Әдебиеттік оқу |
||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары |
Интербелсенді тақта, тест |
||||||||||||
Бастапқы білім |
Сын есім |
||||||||||||
Сабақ барысы |
|||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
|||||||||||
Сабақтың басы
5 минут
|
Қызығушылықты ояту. «Аяқ іздер» әдісі.
Ширату: «Тест» арқылы өткен тақырыпқа шолу. Мақсаты: Еске түсіру, қайталау. Өзара алмастыру арқылы тексеру. ҚБ: Қолпаштау. Жарайсың! Тамаша! Сенің қолыңнан келеді! Керемет!
Оқу мақсаты және бағалау критерилері хабарланады. |
Аяқ іздері.
Өткенді қайталау. А4 ламинатталған қағаз. |
|||||||||||
Сабақтың ортасы: 20 минут
|
Дәптермен жұмыс. ( Жеке жұмыс) 18-жаттығу. Мәтінді оқы. Мәтінге ат қой. Мәтін кейіпкерлері туралы не білетініңді айт. Мәтіндегі зат есімдерді тап. Олардың жалқы немесе жалпы есім екенін анықта. Ол үшін оқушыларға оқуға уақыт беріледі, мәтінді оқиды, оқып болған соң, сұрақ-жауап арқылы мазмұны сұралады. Мәтін не туралы? Мәтін кейіпкерлерін ата? Мәтіннен не түсіндіңдер?
Қосымша ақпарат: Құрманбек Жандарбеков және Әміре Қашаубаев туралы қысқаша айту.
Жұптық жұмыс: Кестеге жалпы және жалқы есімдерді жазады. Қатемен жұмыс келесі жұппен алмастыру арқылы болады.
Дескриптор: - Мәтінді оқиды; - Зат есімдерді табады? Жалпы, жалқы есімдерді жұптық жұмыс арқылы кестеге түсіреді.
ҚБ: «Үш шапалақ» арқылы бағалау.
«А.В.С» әдісі (үштік жұмыс) Мақсаты: ережелерді еске түсіру, қайталау.
Жалқы есім дегеніміз не? Жалпы есім дегеніміз не? Зат есім дегеніміз не? Етістік дегеніміз не? Сан есім дегеніміз не?
Дескриптор: А –сұрақ қояды; В- жауап береді; С-айтқан жауапты бақылайды, толық болмаса толықтырады.
ҚБ: «Қол шапалақтау» арқылы бағалау
19-жаттығу. Нақыл сөздерді қатесіз жаз. Нақыл сөздердің мағынасын топта талқыла. Саралау. (Топтық жұмыс)
Құмары қанбас аспанға ұшпай.
Білім-сұңқар.
Дескриптор:
ҚБ: «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» әдісі арқылы бағалау
|
Таныстырылым, дәптермен, тақтамен жұмыс
Акт арқылы көрсету.
Кестемен жұмыс.
Дәптермен жұмыс
|
|||||||||||
7 минут
|
«Алфавит» әдісі. Оқушыларға әріптер үлестіремін. Қолындағы әріпке байланысты, өткен ережелерді еске түсіріп айтады.
ҚБ: «Жапондық бағалау» әдісі Жақсы орындаған оқушыға «Ооо» - деп айтамыз. Әлі де түзету керек болса «Ммм» - деп басымызды шайқап, оқушылар барлығы бағалайды. |
Альфавит реті бойынша ережелерді айтады.
|
|||||||||||
Сабақтың соңы 8 минут
|
Қорытынды: «Еркін микрофон» әдісі
Рефлексия Кері байланыс: «Сұрақ-жауап» әдісі: -Бүгінгі сабақ қалай өтті? -Қандай көңіл күйде отырсыңдар? -Не қызықты болды? -Не қиындық келтірді? -Бүгінгі сабаққа қандай баға берер едің? -Ұсынысың бар ма?
ҚБ: «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» арқылы бағалау «Аяқ іздер» әдісіне қайта тоқталамын.
Оқу мақсаты мен бағалау критерийлеріне кері ораламын.
|
|
|||||||||||
Үй тапсырмасы |
20- жаттығу кестені тиісті сөздермен толықтырады. |
|
|||||||||||
Саралау – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?
|
Пәнаралық байланыс
Денсаулық
және қауіпсіздік техникасының сақталуы
|
|||||||||||
Дереккөздер бойынша саралау. Топтық жұмыс. Берілген нақыл сөздердің мағынасын ашады. Қосымша тапсырма Оқулықпен жұмыс(кейіпкерлер мен таныстыру)
|
ҚБ:Ширатудан кейін «Қолпаштау» ҚБ:«Екі жұлдыз, бір ұсыныс» арқылы бағалау. ҚБ: «Өзара алмастыру» әдісі арқылы өзара бағалау. ҚБ: «Жапондық бағалау» ҚБ:«Үш шапалақ»
|
|
|||||||||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген