400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ 3 сынып Түркілер және олардың өмір сүру салты

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән: Дүниетану

Ортақ тақырып: «Өнер»

Бөлімше: «Қазақстанның тарихи түп-тамыры»

Мектеп: Ембі қалалық №7 ЖББОМ КММ

Мұғалімнің аты-жөні:Аманиязов Даурен Зейнуллаевич

Қатысқандар саны:16

Қатыспағандар саны:0

Сабақ тақырыбы: «Түркілер және олардың өмір сүру салты»

Сабақта негіз-

делген оқу мақсат.

3.3.2.1 түрлі материалдарды зерделеу арқылы түркілердің өмір сүру салтын анықтау.

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар:

  • қазақ халқының арғы бабалары сақтар, ғұндар, түркілер жайында айтады;

  • түркі тектес халықтарды атайды; картадан түрік қағанатының аумағын көрсетеді;

-түркілердің айналысқан шаруашылықтарын атайды; түркілердің жеткен жетістіктері туралы айтады.

Көптеген оқушылар:

  • оқулықтағы иллюстрациялардың негізінде түркілердің жеңу себептеріне өзінің болжамдарын келтіреді; түркілердің, ғұндардың,сақтардың шаруашылықтарын салыстырады;

  • түркілер, ғұндар, сақтар бірдей шаруашылықпен айналысқан деген қорытынды шығарады.

Кейбір оқушылар:

-қандай дереккөздерден түркілердің өмірі жайлы ақпарат алатынымызды айтып береді;оқулықтағы иллюстрациялардың негізінде түркі әлемінің жетістіктерін көрсетеді,

бұл жетістіктердің адам өмірін қалай жеңілдеткенін түсіндіреді

критерийлері

-Қазақ халқының арғы бабалары түркілердің өмір сүру салты жайында білемін;

-Қосымша ақпарат бойынша түркілердің өмір салты мен мәдени жетістіктері туралы қорытынды жасай аламын;

-Қазақ халқының қалыптасуында түрік тамырлардың да негіз болғандығын дәлелдеймін.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Оқулықтағы мәтінмен және иллюстрациялармен жұмыс істеу арқылы түркілердің өмір салтын суреттейді.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

Түркілер, мал шаруашылығы, егін шаруашылығы, қолөнер.

Диалогке/жазылған қажетті тіркестер

Түркілер – ғұндардың ұрпағы.Түркілер – қазақтардың арғы бабасы Түркілер көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан.Түркілердің бір бөлігі егін шаруашылығымен айналысқан.

Түркілерде темір ұсталық, зергерлік, құмыра жасау қолөнері жақсы дамыған.

Талқыланатын мәселелер:

  • YI ғасырда түркілердің аумағы қандай болды?

  • Түркілердің жасаған жорықтары жеңіспен аяқталып отырды. Оның себебі не?

  • Түркілердің шаруашылықтарын атап шығыңдар.

  • Бұл жетістіктер адам өмірін қалай жеңілдетті?

Жазылым:

Дәптерде салыстырма кестені толтыру және қорытындыларды жазу.

Құндылықтарды дарыту

Денсаулық,достық және айналадағыларға қамқорлық көрсету.Қазақ халқының байырғы ұлттық құндылықтарын дәріптеу, насихаттау

Пәнаралық байланыс

Көркем еңбек,әдебиеттік оқу, қазақ тілі


Тақырып бойынша алдыңғы білім

Менің елімнің нышандары

Сақтар қалай өмір сүрді? Сақ ханшайымы – Тұмар. Ғұндар

Ресурстар

Оқулық,кесте,карта,презентация,топтық тапсырмалар, ватман, маркер, киіз үй, қоржын, торсықтар макеті т.б.


Сабақтың жоспары

Жоспарланған

уақыт

Сабақ барысы

Бағалау түрлері



Басы

2 минут

















3 мин

















6 минут














1 минут





2 минут









3 минут











2 минут


Психологиялық дайындық.


Шөліркемей гүл тұрсын,Жерім жайнап құлпырсын,
Нұрын сыйлап біздерге,Көкте мәңгі күн тұрсын.
Ортақ бізге туыстық,Нұр сыйлаған күн ыстық,
Ыстық бізге кең өлке,Ыстық бізге тыныштық!

Шаңырағымыз биік болсын!

Керегеміз кең болсын.Тереземіз тең болсын.

Несібеміз мол болсын!


-Түркі елінде сәлемдескенде не дейтінін білесіңдер ме?

-Олар бір-бірінің қолынан алып «Мерхаба» деп тілек айтады.

-Біздер де бір-бірімізге осы тілекті айтып,сабағымызға сәттілік тілейік.

Жұмыс ережемізді еске түсіріп жіберейік!


Ойын: Мозайка. Қандай бейне? Алтын адам, Тәуелсіздік монументі,Мәңгілік ел қақпасы


Топқа бөліну:

1-топ «Қылыш» 2-топ «Садақ» 3-топ «Қалқан»

Жұмыс ережесін келісу

  • Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!

  • Уақытты үнемдейміз!

  • Нақты,дәл жауап береміз!

  • Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!

  • Сабаққа белсене қатысып, жақсы баға аламыз!


-Сабағымызға сиқырлы қожын бар екен.Оны кім әкелді деп ойлайсыңдар? Әрине, ол- Алдаркөсе.Оны танисыңдар ма?

Қоржын ішінде асықтар бар екен.


-Өткен сабағымыздың тақырыбын кім есімізге түсіріп жібереді?

1. Еліміздің қандай ресми рәміздерін білесіңдер?

2.Еліміздің қандай ресми емес нышандарымен таныстыңдар?

3.Бәйтерек ескерткіші қай қалада,биіктігі неше метр?

4.Бәйтерек нысаны неше бөліктен тұрады?

5.Бәйтерек нысанының салудағы кімнің идеясы екен?

6. Бәйтерек жайындағы аңызда Самұрық пен айдаһар ненің символдары?

7.Алтын адам қай жерден табылды?

8.Алтын адам қандай әшекейлермен безендірілген?

9.Тәуелсіздік Монумент ескерткіші қай жылы және қай қалада ашылды?

10. Монументтің авторы кім?

11.Бұл Монументте не мүсінделіп жасалған?

12.Тәуесіздік Монументтің салудағы мазмұны қандай?

13.Мәңгілік ел қақпасы қай қалада орналасқан?

14.Сәулеттің биіктігі неше метр және Тәуелсіздігіміздің неше жылдығымыздың белгісі?

15.Мәңгілік ел қақпасында қандай ескерткіштер орнатылған?



-Енді балалар,тақтадағы әріптердің ішінде бүгінгі тақырып жасырынған.Соны кім табады?

Аьмлаптүркілерльалд лсьажәнеолььщ щадолардыңтшгт рапөмірсеп

Даооррсүрупи рпокгцусалтыжмю.

-Бәрекелді!қол соғып қошеметтеп қойыңдар зерек оқушымызды!


Сұрақ: Балалар, БББ кестесін толтырып жіберейік

Б- бұрын білетінімізді жазасыз

Б- не білгіміз келетінін жазылады

Б- Соңында сабақ соңында не білдім?



Бүгінгі қазақ халқы – сонау есте жоқ ескі замандарда-ақ тұлпарлардың тұяғымен дүниені дүр сілкіндірген көне сақтардың, ежелгі ғұндардың, байырғы түркілердің ұрпағы, үлкен үйдің қара шаңырағын атажұртта сақтап қалған халық», – бұл біздің Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың қазақтар жайында, олардың тарихтағы орны жайында айтқан сөзі. Осы сөйлемнің ішінен басты сөздерді бөліп көрсетіңдерші.

Оқушылар:

  • Қазақтар – көне сақтардың, ежелгі ғұндардың, байырғы түркілердің ұрпағы.

  • Түркілер есте жоқ ескі замандарда-ақ тұлпарларының тұяғымен дүниені дүр сілкіндірген.

  • Қазақтар үлкен үйдің қара шаңырағын атажұртта сақтап қалған.

.Біз бүгін зерттеуші боламыз. Әртүрлі дереккөздермен – оқулықтағы картамен, тарихи құжаттармен, иллюстрациялармен жұмыс істеу арқылы ежелгі түркілердің қалай өмір сүргенін және немен айналысқанын білетін боламыз.

(Ұ, Ж) Сабақтың соңында қандай мақсаттарға қол жеткізуіміз керек, қалай ойлайсыңдар?

Алдымен қысқаша бейнероликке назар аударайық.

Тақырыбы: «Түркілер»




Оқулық

Шаңырақ құралы, ленталар





Слайдтар







Ойын элементтері







Суреттер











Қоржын Алдаркөсе кейіпкері

суреттер

Асықтар













Парақшалар

Тапсырмалар




БББ кестесі





Н.Ә.Назарбаев сөзі-слайд




Жауап парақшалары










Бейнеролик


Ортасы




2 минут











3 минут





























8 минут








1 минут





3минут















2 минут















Бүгінгі сабақта: қазақ халқының арғы бабалары түркілердің өмір сүру салты жайында білесіңдер;

Қосымша ақпарат бойынша түркілердің өмір салты мен мәдени жетістіктері туралы қорытынды жасай аласыңдар;

Қазақ халқының қалыптасуында түрік тамырлардың да негіз болғандығын дәлелдейсіңдер;

Оқулықпен жұмыс .

-Оқулықтың 45-бетін ашыңдар.Алдарыңдағы – қазақ халқының шығу тегін баяндайтын ағаш.

Бұл ағаштың тамыры – қазақтың арғы бабалары сақтар, ғұндар, түркілер.

- Сақтар мен ғұндар жайлы не білесіңдер? Олар қайда өмір сүрді, немен айналысты? Естеріңе түсіріңдер.


Тақтадағы картамен жұмыс жасау.

Жер аумағын көрсету ,талдау.Каспи теңізі,Балқаш ,Арал көлдерін тауып ол қазір кімнің жерлері екенін талдау.Не себепті онда -Түрік қағанаты- деп жазылып тұр?

-Демек,VI-ғасырларда біздің еліміздің аумағы Түрік қағандығы құрамында болған.Осы, тағы басқа деректермен ақпараттарды, біз оқулықты оқу арқылы зерттейтін боламыз.

-Ал алдымен біз,мәтінде кездесетін жаңа ұғымдардың мағынасын түсініп алайық.Сөздік жұмысы

Ғұндар-қазақ халқының ежелгі ата тегінде болған тайпалардың бірі.

Қаған-түріктердің басқарушысы,басшысы.

Арықтар,каналдар-егістік жерлерді суғаруға арналған жасанды өзендер.

Үзеңгі-аттың үстінде отыруды ыңғайлы ететін аяққа арналған тіреуіш .

Ағаш егер-аттың үстінде ыңғайлы отыруға,шабуға мүмкіндік туғызатын ат әбзелі.

Орақ-шөп оруға арналған темір құрал.

-Енді мәтінді тізбектеп оқып шығамыз,ал сендер зейінмен тыңдаңдар.Жұмыстың соңында сендермен осы мәтін бойынша ойын ойнаймыз.Егер мәтінді түсінбей қалсаңдар,онда жеңіліп қаласыңдар.

Мәтіннің әр бөлігін оқушылар оқып шығып,мазмұнын түсіндіріп кетеді. «Ауыр қаруланған түркі әскері» иллюстрациясын қарап, түркілердің жеңіске жету себептеріне қатысты қорытындылар шыға

рады.

Семсерлілерде қорғаныс сауыттар тек жауынгерлерде емес, олардың аттарында да болды. Сол себептен түркілердің атты әскері жауға еш бой алдырмады, олардан жеңілмеді.





Топтық жұмыстар:

1-топ:Ауыр қаруланған түркі жауынгерлерінің жеңісінің себептерін айт.

2-топ:Араб тарихшылар не деп жазды? 3-топ:Түркілер қандай жетістікке жетті? Қолөнерлері қандай болды?


Сергіту сәті «Қара жорға»


Дәптермен жұмыс

-Ал енді,осы түсініктерің негізінде жұппен жұмыс жасаймыз.Әрбір жұп,осы білген деректер негізінде, жұмыс дәптерінің 29-бетіндегі суреттер көмегімен түріктердің өмір салты туралы бір-бір сөйлемнен құрастырып дәптерге жазыңдар.

Құжат: Араб тарихшысы былай деп жазды: «Түркі елінде 25 қала бар. Олар: Құлан, Меркі, Талғар және т.б.».Арықтар мен ежелгі каналдардың орындары сақталған. Археологтар орақ, пышақ, балта,

үзеңгі, қылыш, найза және түрлі әшекей тапты.

Оқушылардың жұптық жұмысы тексеріледі.

ҚБ Әрбір жұптың жұмысы «Қошемет» әдісі арқылы бағаланады.

Оқушылар: (дұрыс қорытындыны слайдтан жазып алады)


Топтардың тұжырымдарын қорытындылап,толықтырып кетемін.

Белсенді оқушыларды мадақтап,басқаларына бір тілек айтамын.


ҚБ-«Дұрыс –бұрыс» ойыны арқылы.

Егер мен мәтінде баяндалған дұрыс тұжырымды айтсам-сендер қол соғасыңдар,ал егер жалған пікір айтсам,бастарыңды «жоқ-жоқ!» деп бұлғайсыңдар.

Түркілер – ғұндардың ұрпағы.

Түркілердің негізін салған –Бумын Қаған болған.

Түркілер – қазақтардың арғы бабасы

Тіркілер кеме арқылы жүзген.

Түркілер көшпелі малшаруашылығымен айналысқан.

Түркілер жібек жасап шығарған.

Түркілердің бір бөлігі егіншаруашылығымен айналысқан.

Түркілерде темір ұсталық, зергерлік, құмыра жасау қолөнері жақсы дамыған. Түркілер мылтықтарды жасап шығарған.Түріктер алғашқы қалаларды құрған.Түркілер парсы, қытай елдерімен достасқан.Түркілерде өзінің руна жазуы болған.

ҚБ-Бәрекелді,мәтінді түсінгендерің көрініп тұр,ал кім көп қателессе,демек тағы бір рет оқулықты оқып шығуы керек.


Қосымша ақпарат беру

Түркі елдеріне жататын мемлекеттер:қазақ,түрік, қырғыз, өзбек,татар,әзірбайжан, түрікмен,ұйғыр,башқұрт,қарақалпақ




Слайдтағы мақсаттардың жазылуы

Н.Ә.Назарбаев, үш бидің суреттері











Түрік қағандығы картасы,

оқулық, суреттер






















Топтық тапсырмалар жиыны









Бейнеролик





ҚБ Әр топтың тұжырымына басқалар «Бас бармақ» тәсілімен өз бағаларын береді.




Жұмыс дәптері





Слайдтар

Ойын элементтері




Қазақстан

картасы



Рефлексия

1мин

Үйге тапсырма: Тақырып бойынша «Неліктен? деген сөзден басталатын сұрақтарды ойластыр. Келесі сабақта ол сұрақтарды сыныптастарыңа қой.

БББ кестесінің соңғы графасын толтыру

Бағалау критерийлері бойынша сабақтың мақсаттарын қайталап өту.

Мақсаттарымызға ерістік пе?

Қазақ халқының арғы бабалары түркілердің өмір сүру салты жайында білемін;

Қосымша ақпарат бойынша түркілердің өмір салты мен мәдени жетістіктері туралы қорытынды жасай аламын;

Қазақ халқының қалыптасуында түрік тамырлардың да негіз болғандығын дәлелдеймін.

ҚБ «Қошемет» стратегиясы.



Слайд

БББ кестесі,

бағалау парақшалары


Кері байланыс

1 минут

Түрлі түсті Торсықтар бойынша өзін-өзі бағалау

Жасыл-түсіндім, сары-сұрағым бар, қызыл- түсінбедім

Сабақты қорытындылау.Не үйрендік? Стикерлерге жазу


Торсықтар макеті,

стикерлер




































































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
30 қазан
1208
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі