жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ 3-сынып Тұрлаулы мүшелер 17-20 жаттығу
Пән: Қазақ тілі Орта мерзімді жоспар бөлімі: Жанды табиғат Күні:5.12.2019ж Сынып: 3 «В» |
Мектеп: Г Титов атындағы №54 жалпы орта мектеп №2 Мұғалімнің аты-жөні: Жамбулова А Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
||||
Сабақ тақырыбы |
Тұрлаулы мүшелер 17-20 жаттығу. |
||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
3.4.2.7 сөйлемнің тұрлаулы(бастауыш, баяндауыш) жəне тұрлаусыз мүшелерін ажырату; 3.1.3.1 түрлі жағдаяттағы (қоғамдық ортада) қатысымдық əрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, тілдік нормаларды сақтап сөйлеу; 3.3.7.2 мұғалімнің көмегімен бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықшаның орнын білу жəне қою. |
||||
Сабақ мақсаттары |
Барлық
оқушылар жасай алады:
мұғалімнің көмегімен
сызба құрастырады, сөйлемнің тұрлаулы
(бастауыш, баяндауыш) жəне тұрлаусыз
мүшелерін ажыратады алады. |
||||
Бағалау критерийлері |
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелерін анықтайды тілдік нормаларды сақтап сөйлейді бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықшаның орнын біледі |
||||
Құндылықтарды дарыту |
Оқуға, білімге деген қызығушылығын арттырып, еңбекке баулу. Жеке және топта жұмыс жасай алу, ынтымақтастық. |
||||
Пәнаралық байланыстар |
Дүниетану, қазақ тілі. |
||||
АКТ қолдану дағдылары |
Интернет-ресурстар, дерекқордан және интернеттен сабаққа қатысты ақпаратты іздеу; |
||||
Ресурстар |
Топқа бөлуге арналған парақшалар, интерактивті тақта, жұмыс дәптері, қалам мен түрлі түсті қарындаш, стикер, видеоматериалдар., постер, кері байланыс парағы т.б |
||||
Бастапқы білім |
Мəтін түрлері мен құрылымдық бөліктері тақырыбына негізделіп меңгертіледі. |
||||
Сабақтың барысы |
|||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
|||
Сабақтың басы |
Жаңа топ құру Психологиялық ахуал қалыптастыру. «Мен ақылды баламын» әр бала өздерінің жақсы қасиеттерін атап, қалай өсіп келе жатқандарын айтады. Мыс: Мен Балнұр, балдай тәтті үйдің еркесімін. Мен Асқар, барлығынан біліміммен барлығынан асып түссем деймін т.б. «Бір сөзбен» әдісі барысында оқушылар берілген сөздердің ішінен бүгінгі сабақтағы жағдайын сипаттайтын үш сөзді таңдайды. (қуаныш, немқұрайлылық, шабыт, зерігу, сенімсіздік,сенімділік,рахаттану,алаңдау) Жаңа топ құру. Себетпен конфет әкелу. Оқушыларға себеттен конфет алуларын сұраймын.Конфеттің түрлеріне қарай 3 топқа бөлініп отырады. 1-топ «Сары кәмпиттер» 2-топ «Көк кәмпиттер» 3-топ «Қызыл кәмпиттер» Жұмыс ережесін келісу Алдыңғы білімді еске түсіру (ұжымда)
ҚБ: Отшашу арқылы бір-бірін бағалау. Оқу мақсатын таныстыру Күтілетін нәтижені анықтау |
Оқушыларды топтарға бөлуге арналған суреттер.
Сұраққа жауап берген оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.
Алдыңғы білімді еске түсіру тапсырмалары |
|||
Сабақтың ортасы |
Ширату тапсырмасы. 3.4.2.7 (МК; Ө; Ұ; Қ) Сөйлемдерді сызбамен сəйкестендіру. Сөйлемнің тұрлаулы (бастауыш, баяндауыш) мүшелерін ажырату. 17-жаттығу. Сөйлемдерді сызбамен сəйкестендіріп, қай сызба қай сөйлемге сəйкес келетінін түсіндіреді. Бұл сөйлемдегі сөздер қандай сұрақтарға жауап беріп тұрғанын анықтайды. Оқулықта берілген жаңа ақпарат оқытылып, түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. 3.1.3.1 (МК; Ұ; Қ) Мəтінді тыңдау. Тілдік нормаларды сақтап сөйлеу. 18-жаттығу. Мəтінді тыңдау. Мəтінде қандай қала туралы айтылғанын əңгімелеу. Отырар қаласы туралы қосымша ақпарат беру. 3.4.2.7 (Ө; Ұ; Қ) Сөйлемнің тұрлаулы (бастауыш, баяндауыш) мүшелерін ажырату. Мəтіндегі қарамен жазылған сөйлемнен тұрлаулы мүшелерді табу. Сызықшаның қойылу себебін түсіндіру. Ой сергек! «Күн, жер, су» ойыны. «Күн» дегенде, қолдарын жоғары көтеріп, күнді бейнелейді. «Жер» дегенде, бір орында тұрып, аяқтарын кезек-кезек қозғайды. «Су» дегенде, қолдарымен толқынды бейнелейді. 3.4.2.7 (Ұ; Ө; Қ) Ребусты шешу. Сөйлем құрап жазу. Сөйлемнің тұрлаулы (бастауыш, баяндауыш) мүшелерін ажырату. Шығармашылық үзіліс. 19-жаттығу. Ребусты шешеді (Отырар – қала). «Қала» сөзімен екі сөйлем құрап жазады. Ол сөз бірінде бастауыш, екіншісінде баяндауыш болуына назар аудартылады. Бір сөздің екі сөйлемде екі түрлі сөйлем мүшесінің қызметін атқару себебін түсіндіріп, талдайды. Екінші сөйлемде сызықшаның қойылу себебін түсіндіріп, дəлелдейді. 3.1.3.1 (МК; Ұ; Қ) Тапсырманы түсініп орындап, өз пікірін білдіру. Тілдік нормаларды сақтап сөйлеу. 20-жаттығу. Тапсырманы түсініп оқиды. Ойын шартымен танысады. Тапсырманы орындау барысында өз пікірінің дұрыстығын дəлелдейді. Дескриптор: Қаратпа
сөздерді анықтай алады. Жұмыс дәптеріндегі жазылым тапсырмаларын орындау |
Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.
Белсенді оқу тапсырмалары.
Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.
|
|||
Сабақтың соңы |
(Ө; Қ) Дұрыс жауапты белгілеу жəне толықтыру. Тақырып бойынша оқушылардың игерген білімдеріне рефлексия жасату мақсатында тестік жұмыс орындатылады. Оқушылар дəптерде берілген тапсырманы оқиды. Дұрыс жауаптардың бірін белгілейді. Сызбаны тиісті сөздермен толықтырып жазады.
Рефлексия (жеке,жұпта,топта, ұжымда) Кері байланыс.
|
Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау, толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.
Түрлі түсті суреттері бар журналдар, флипчарт, желім
|
|||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы |
|||
|
|
Денсаулық сақтау технологиял ары. Сергіту сәттері мен белсенді іс- әрекет түрлері. |
|||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2:
|
|||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген