Материалдар / Ашық сабақ: 3 сынып "Үлкендерді сыйлаймын"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ашық сабақ: 3 сынып "Үлкендерді сыйлаймын"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ: 3 сынып "Үлкендерді сыйлаймын" 3.1 Оқу түрлерін қолдану 3.3.1.1 мәтінді немесе оның бөлімдерін мәнерлеп оқу, шолып (танысу мақсатында) оқу/рөлге бөліп оқу 3.4 Сұрақтар мен жауаптар құрастыру 3.3.4.1 мәтін мазмұны мен кейіпкерлерінің іс-әрекетін нақтылау үшін сұрақтар (қандай? қай? қашан? қайда?) құрастыру және оған жауап беру 5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау (лингвистикалық терминдерді қолданбау) 3.5.1.2 өз бетінше шағын мәтіннен көптік/тәуелдік/септік/жіктік жалғаулы сөздерді ауызша/жазбаша тілде қолдану.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Қараша 2021
332
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Пән: Қазақ тілі Т2

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

2-бөлім Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен

Күні:

Сынып: 3

Мектеп:



Мұғалімнің аты-жөні:


Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Үлкендерді сыйлаймын № 11

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары


3.1 Оқу түрлерін қолдану

3.3.1.1 мәтінді немесе оның бөлімдерін мәнерлеп оқу, шолып (танысу мақсатында) оқу/рөлге бөліп оқу

3.4 Сұрақтар мен жауаптар құрастыру

3.3.4.1 мәтін мазмұны мен кейіпкерлерінің іс-әрекетін нақтылау үшін сұрақтар (қандай? қай? қашан? қайда?) құрастыру және оған жауап беру

5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау (лингвистикалық терминдерді қолданбау)

3.5.1.2 өз бетінше шағын мәтіннен көптік/тәуелдік/септік/жіктік жалғаулы сөздерді ауызша/жазбаша тілде қолдану.


Сабақ мақсаттары

Оқушылардың барлығы:

Оқыған мәтіннің мазмұнын түсінеді және мұғалімнің қолдауымен сұрақтарға жауап береді, сөйлеуде жіктік жалғаулы сөздерді қолданады.

Оқушылардың көпшілігі:

Тақырыпқа қатысты сұрақтар құрастырады, мәтінді сәйкес интонациямен оқиды, сөйлеуде /жазуда жіктік жалғаулы сөздерді орынды қолданады.

Оқушылардың кейбірі:

Тақырып бойынша жоғары деңгейлі сұрақтар құрастырады, сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтайды, өз ойларын білдіреді.

Бағалау критерийлері

- мәтінді мәнерлеп оқиды;

- тақырыпқа қатысты сұрақтар құрастырады;

- сөйлеуде /жазуда жіктік жалғаулы сөздерді дұрыс қолданады.

Лексикалық минимум

Сыйлау


Грамматикалық минимум

Жіктеу есімдіктері

Мен, сен, сіз, ол

Құндылықтарды дарыту

Үлкендерді сыйлау керектігін ұғыну


Пәнаралық байланыстар

Өзін-өзі тану


АКТ қолдану дағдылары

Power Point таныстырылымы


Бастапқы білім


І бөлім. Ақылды Мирас № 10

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері


Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет



Ресурстар

Сабақтың басы

(10 мин)


Тілді жаттықтыру.

Ойын: «Мен ... сыйлайымын!»

Оқушылар шеңбер құрып тұрады. Бір-біріне кімді сыйлайтынын айтып, қағаздан жасалған немесе ойыншық жүректі береді.

Мысалы: Мен атамды сыйлаймын, мен әжемді сыйлаймын, мен әкемді сыйлаймын, мен анамды сыйлаймын, мен досымды сыйлаймын, т.б.


Қызығушылықты ояту:

(Ұ) Сөздік қорды белсендіру. Мұғалім бастапқы сөзін айтады, оқушы ойланып жалғастырып айтады.

«Не істеу керек?»
- Үлкен кісіні ....................... (сыйлау керек)
- Үлкеннің тілін ................... (алу керек)
- Үлкендерге ......................... (сәлем беру керек)
- Кішілерге ............................ (қамқор болу керек)

«Не істеуге болмайды?»
- Үлкендердің алдынан ...... (кесіп өтуге болмайды)
- Кішкене баланы ................ (ренжітуге болмайды)
- Құстарды ........................... (атуға болмайды)
- Сабақтан ............................. (кешігуге болмайды)
(Қимыл, дыбыс, мимика арқылы көрсету)


Оқушылар суреттер арқылы сабақтың тақырыбын болжайды.



Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру

- мәтінді мәнерлеп оқимын;

- тақырыпқа қатысты сұрақтар құрастырамын;

- жалғауларды дұрыс байланыстырамын.


Таныстырылым № 1







Таныстырылым № 2














Таныстырылым № 3, 4, 5

Сабақтың ортасы

25 мин)


(Ұ, МК) Жаңа сөзді меңгерту: Сыйла, ата-ана

1. Сөздің мағынасын синонимдері арқылы түсіндіру

Сыйлау - құрметтеу, қастерлеу, қадірлеу

Ата-ана – әке-шеше

2. Дұрыс айтуға дағдыландыру:

- сөздерді мәнерлеп оқып беру;

- оқушылар мұғалімнен кейін сөздерді дауыстап оқиды;

- тізбекпен оқиды.

3. Жаңа сөздерден сөз тіркестерін құрастыру:

Үлкенді сыйлаатаны сыйлау, досты сыйлау.

4. Сөйлемдер құрастыру.

Мен әрқашан ата-анамды сыйлаймын.

5. Жана сөздерді сөздік дәптерге жазу. 


Грамматикалық қоржын

(Ұ, МК) Жіктік жалғауларын қайтала.

Жіктік жалғауы — қимыл иесінің кім екенін білдіру үшін қолданылады, ол сөз бен сөзді байланыстырады .


Мысалы:

Мен сыйлай+мын Біз сыйлай+мыз

Сен сыйлай+сың Сендер сыйлай+сың+дар

Сіз сыйлай+сыз Сіздер сыйлай+сыз+дар

Ол сыйлай+ды Олар сыйлай+ды


(Ж) Оқушылар жіктік жалғауларын қолданып, тақырып бойынша диалог құрастырады.

- Сен ата-анаңды сыйлайсың ба?

- Иә, мен ата-анамды сыйлаймын.

- Ата-анаңды қалай сыйлайсың?

- Мен ата-анама жиі көмектесемін, тыңдаймын.

- Жарайсың!

- Біз інім екеуіміз ата-анамызды сыйлаймыз!


Кері байланыс: Бірнеше жұптың жауаптарын тыңдау, мадақтау «Жақсы! Тамаша! Керемет!»


(Т) Оқушылар топқа бөлінеді. Әр топ «Ассоциация картасы» әдісі арқылы сызбаны толтырады, өз ойларын ортаға салады:


Shape2



Кері байланыс: «Бас бармақ» әдісі арқылы топтар бір-бірін бағалайды.

Сергіту сәті

Аталар, Апалар,

Әжелер, Балалар -

Ағалар, Әр үйде

Әпкелер, Бар олар. (Әли Ысқабай)

(Оқушылар дауыстап бірге айтады. Саусақ арқылы тізбектейді немесе қимыл арқылы көрсетеді)


(Ж) Мәтінді оқиды. Кестені толтырады.

Үлкенді сыйлау – қазақ халқының ата салты. Ол ертеден келеді. Үлкенді сыйлау - әке мен ананы сыйлаудан басталады. Ата-ана балаға өмір береді, тәрбиелейді, білім береді. Оған сенім артады. Кейін бала ата-анасына қамқоршы болады. Ата-ананы сыйлау - әр баланың парызы.


(Ө) «Дұрыс/Бұрыс» кестесін толтыру


Сөйлемдер

Дұрыс

Бұрыс

Үлкенді сыйлау - қытай халқының салты.



Үлкенді сыйлау - досымды сыйлаудан басталады.



Ата-ана балаға кәмпит береді.



Ата-ана балаға сенім артады.



Ата-ананы сыйлау - әр баланың парызы




Кері байланыс: Оқушылар өз жұмыстарын тақтадағы дұрыс жауаппен салыстырып, тексереді. «Смайликтер» арқылы бағалайды.


- тапсырманы дұрыс орындадым, қате жоқ


- тапсырманы орын

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!