жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ 3 сынып Үлкенге құрмет, кішіге ізет
«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары
Мектеп: Жезказған қаласы №10 мектеп
Мерзімі: 05.11.15ж
№ 25 - сабақ
Тақырып: Сары тауық пен балапандары
Құндылық: Сүйіспеншілік
Қасиеттер: жақсы көру, аялау, мейірім, жанашырлық, ізгілік
Мұғалімі:Дайырова Айгуль Абдибековна
Сынып: 3 Оқушы саны: 19
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың «мейірімділік», «қайырымдылық», «аяушылық» , «жанашырлық» туралы ұғымдарын кеңейту, сүйіспеншілік құндылықтарын дамыту. Сабақтың міндеті:
|
Ресурстар: Оқулық, үнтаспа, қосымша материалдар, компьютер, |
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі. Тыныштық сәті: Нұрға бөлену. Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын». Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз... Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады. Сұрақтар:
Қорытынды: - Олай болса, әр күнде бір-бірімізге нұрымызды шашып, тек жақсылық тілейік.
|
|
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. (сұрақ – жауап) №25 сабақ, 105-106-беттегі «Сары тауық пен балапандары » мәтінін оқып келу. М. Төрежанов «Сары тауық пен балапандары» Күздің бір күні сары тауық балапандарын ертіп, ауылдан ұзап кеткен. Аяқ астынан жаңбыр құйып кетті. Суық жаңбырдың астында қалған сары тауық балапандарын қанша асықса да мекеніне жеткізе алатын емес. Өйткені балапандарының жылы жүні әлі шықпаған балғын жас еді. Сары тауық қатты састы. Шөжелерін қос қанатының астына алып, бауырына басты. Бір балапаны сыймай сыртта қалды. Ана айла жасап,балапандарын кезектестіріп бір-бірден тыста ұстап, тоңа бастағанда бауырына алып отырды. Кезек ең кенжесіне келгенде ана оны сыртқа шығармады. -Оны неге шығармайсыз? – деп сұрады бір ақ балапан. -Ол тым жас. -Жас болса қайтеді? Кезегі келгенде ол да шықсын. -Сырқаттанып қалады. Кішімізге өзіміз қамқоршы болуымыз керек емес пе? Кәне, мұның орнына кім барады? – деп сұрады анасы. - Мен, - деді тұңғышы. -Мен барайын! – деді оған тетелесі. -Кезекті маған беріңіз! – деді одан кішісі. -Мен қалам ба сонда? – деді алғашқы қарсылық білдірген ақ балапан. -Қатесін түсінген сенің барғаның жөн! – деді сары тауық балапанды тысқа қарай ысырып. Сары тауық су өтіп қатты жаурады. Бірақ балапандарын тоңдырған жоқ. Балаға деген ыстық махаббатымен жылытып, сақтап қалды. Күн ашылып, ана жүрегіндей жадырады. Сұрақтар: 2.Сары
тауық балапандарымен қандай жағдайға
тап болды? 4.
Не себептен ақ балапан анасының
шешіміне қарсылық білдірді? Қорытынды:
Ендеше
балалар, барлығымыздың жүрегімізде
бауырмалдық пен мейірімділік қасиеттері
күннің риясыз төккен шуағы мен ана
жүрегінің ыстық махаббатындай
сүйіспеншілікке, мейірімге толы
болсын. Осыған байланысты тақтада не
жазылыпты оқып көрейікші |
|
ІІІ. Дәйексөз
«Ана күндіз –күн, түнде шырақ» Мақал
Түсіндіру: әр адамның анасы күні бойы бар ықыласымен баласын тәрбиелесе, түн ұйқысын төрт бөліп, түнде де сүйіспеншілік пен мейірімін аямай, күндіз- күн, түнде - шырақ болудан шаршамаған. Сұрақтар: 1.Осы мақалды қалай түсінесіңдер? 2.Ананы неліктен күн мен шыраққа теңеген? Қорытынды: -Олай болса балалар, мұның мағынасы мынада: анамыздың еңбегі мен сүйіспеншілігіне сендер де мейірім мен сүйіспеншілікпен жауап беруді әрдайым ұмытпаңдар. Мақалды барлығына жаттатамын, 3-4 баладан сұраймын) Дәптерлеріне жаздырылады.
|
|
ІҮ. Мұғалімнің сыйы: Анаға хат (әңгімелеп беремін) Арман 13 жасар бүлдіршін. Анасының оған берген кейбір үй жұмыстарын орындағысы келмей назданады. Бір күні анасы әдеттегідей үй жұмыстарын орындауды тапсырады. Көп ұзамай Арман анасына мынандай хат жазды: -Ана маған үй жұмыстарын істеткеніңіз үшін төмендегідей қарызыңыз бар: -нанға бардым – 100 теңге; -бөлмені жинадым – 50 теңге; -«5» алдым – 50 теңге; -қоқыс төктім– 100 теңге; -компьютер ойнамадым – 50 теңге; -құлайын деп тұрған ыдысты ұстап қалдым – 50 теңге; -киімдерді реттедім – 100 теңге; -кір киімдерді кіржуғыш машинаға салып қойдым – 50 теңге; Барлығы: 550 теңге қарызыңыз бар! Уақытысында төлемесеңіз үстеме қосатынымды айтып қояйын! Анасы Арманға мынандай жауап жазды: - саған ана сүтін бердім – 0 теңге; - түнде қорқып оянғанда қасыңда болдым – 0 теңге; - тамақ пісірдім – 0 теңге; - науқастанғанда қасыңнан кетпедім – 0 теңге; - түсінбеген сабағыңды түсіндірдім – 0 теңге; - көңілсіз болғанда, қолдаушың болдым – 0 теңге; - көңілді болғаныңда, бірге қуандым – 0 теңге; - сені қайда болса да жамандықтап қорғауға тырыстым – 0 теңге; - сені еркелеттім – 0 теңге; - ұнататын заттарды сатып алдым – 0 теңге; Арман жазған хатынан ұялып қалды да, бұдан былай анасын ренжітпеуге , айтқанын орындауға қүшін салады. Сұрақтар:
5. Әр ісіңнен кейін өзіңнің және анаңның жүзінен қандай сезімді байқайсың? 4.Өздерің осыны бастан кешіріп көрдіңдер ме? Қорытынды: Олай болса балалар, біз Арманның қателігін қайталамай, анамыздың риясыз сүйіспеншілігіне риясыз сүйіспеншілікпен жауап беруді әдетке айналдырайық. Сүйіспеншілік әр адамның жүрегі арқылы берілетінін де ұмытпайық.
|
|
Ү. Шығармашылық жұмыс Сүйіспеншілік энергиясының көзі- жүрек болғандықтан қазір түрлі –түсті жүрекшелердегі бес құндылық бойынша (ақиқат пен дұрыс әрекет, сүйіспеншілік, ішкі тыныштық, қиянат жасамау) төрт топқа бөлінеміз. Бүгінгі сабақтан жиған – түйгендерін бейнелеу (сурет салу, әңгіме жазу, мақал-мәтел жинақтау, сахналау ) Сұрақтар: Әр топқа жасаған жұмыстары бойынша қойылады. Қорытынды: Міне балалар, сендер де аналарыңа деген сүйіспеншіліктеріңді алған білімдеріңнен көрсете алдыңдар. Ендеше осы жақсы құндылықтарыды күнделікті өмірде шуаққа айналдырып, сәуле шашуды тоқтатпаңыздар..
|
|
ҮІ. Топпен ән айту Ақ мамам Сөзі: Ә.Дүйсенбиев Әні: Ә.Бейсеуов Ел жатқанда жатпаған Мен деп тыным таппаған Бақыты үшін баланың Аман-сау жүр ақ мамам Күлімдеген көзіңнен Күн мейірімі сезілген Бұл жалғанда балаға Жақын жан жоқ өзіңнен Өзің маған мият-күн Сен деп таңым жиі атты Ақ маманың айқайы Айналайын сияқты Қуат беріп құшағың Қанат бітіп ұшамын Естіртемін алып кеп Ел білмейтін құс әнін Көрсетемін күллі елді Жарық етем түндерді Өсіріп мен сыйлаймын Жұрт көрмеген гүлдерді Сұрақтар: 1.Өлең кімдер туралы? 2. Ана еңбегін қандай сезіммен, қандай жылы сөздермен бағалаған? 3. Баласы анасына қандай уәде беруінің себебі неде? Қорытынды: ендеше балалар, ортамызда жүрген аналарымызды, барлық әйел қауымдарын аялайық, құрметтейік, сүйейік, әр кез сүйіспеншілікпен дұрыс әрекет жасайық. |
|
ҮІІ. Үй тапсырмасы:
|
|
ҮІІІ. Қорытынды: Олай болса, аналарды, туған –туысқан, барлық жандарды, барлық әлемге тек сүйіспеншілікпен қарайық. Мейірімділікті анамыздан үйренейік!
|
|
ІХ.Тыныштық сәті: Музыка қойыла ды. Тыныштық... Көздеріңді жұмып, манаураған қалыпқа келіңдер. Бүгінгі сабақтың өздеріңе ұнаған, жақсы сәттерін естерімізге түсіріп, сабақтан бойымызға жинаған құндылықтарды жүрегімізге сақтаймыз. Енді жайлап көзімізді ашамыз. |
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген