Материалдар / Ашық сабақ. 3-сынып "Зат есімнің тәуелденуі"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ. 3-сынып "Зат есімнің тәуелденуі"

Материал туралы қысқаша түсінік
3-сыныптың 3-тоқсанында жаңартылған бағдарламаның барлық талаптарына сай ҚМЖ құрастырылып, өткізілген сабақ. Сабаққа қосымша презентация, бағалау парағы, ҚБ тапсырмалары да бар.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Тамыз 2024
128
0 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Пән

Қазақ тілі

Педагогтің аты-жөні

Хамзина А.Ж.

Күні:

31.01.2024ж

Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

78 Зат есімнің тәуелденуі 47-51 жаттығулар.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

3.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру

3.4.2.2 тәуелдік жалғауларының қолданысын білу

Сабақтың мақсаты

Мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады және жауап береді

Тәуелдік жалғауларының қолданысын біледі

Құндылықтарды дарыту

Ұлттық мүдде. Мемлекеттік рәміздерді қадірлейді

Сабақтың барысы

Сабақтың кезең, уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы 5 мин

Психологиялық ахуал

Жаңылтпаш айтамыз,жаңылмай айтамыз!

-Бірінші менен кейін қайталаймыз,екінші рет менімен бірге оқимыз,үшінші рет өз беттеріңмен максималды жылдамдықпен оқисыңдар.

Менің үш кіші ішігім күшті,

Сенің үш кіші ішігің күшті,

Оның неше кіші ішігі күшті?!

-Балалар,жаңылтпаштағы менің,сенің,оның деген сөздер қандай сөздер?

-Сонымен,біз қандай тақырып өтіп жатырмыз?

-Ондай болса,сабағымызды одан әрі жалғастырамыз.

-Тақырып: Зат есімнің тәуелденуі

-Сабағымыздың мақсаты:

Мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырамыз және жауап береміз.

Тәуелдік жалғауларының қолданысын үйренеміз.

-Сабағымызды қайталаудан бастайық.








.Тәуелдік жалғаудың жақтары.

-Зат есімнің тәуелденуі





Қыс мезгілі.

-Қар жауады,күн суытады.


Сұрақтарға жауап беріп ,өткен тақырыпты еске түсіреді.

Бағалау шкаласы








слайд







Сабақтың ортасы

10 мин



ФС 47 –тапсырма

Жұптық жұмыс.

«Сен маған,мен саған» әдісімен тапсырманы орындайды.

ОДД:білу,түсіну,қолдану

Нұсқау:

- Балалар,қолдарыңдағы қаршаларға қараңдаршы,ол қандай,неге ұқсайды?

-Бұл оюды кім жасады деп ойлайсыңдар?

-Дұрыс айтасыңдар, бұл табиғаттың ерекшелігі.Мұндай оюларды қыста тағы қай жерлерде байқадыңдар? -Айналаға қарасақ табиғаттың өнері шексіз. Адамдар да осы табиғаттан осындай өнерлерді үйренеді.Адамдар осындай оюлар жасай ала ма?

--Ия,дұрыс айтасыңдар, әр ұлттың,әр мемлекеттің символына айналған өзіндік ою-өрнектері болады. Бүгін біз қазақтың ою-өрнектері туралы айтататын боламыз Мәтінді «Күбірлеп оқу» әдісімен жарты дауыспен күбірлеп оқып шығайық.

ЕББҚ ететін (ойлау деңгейі төмен) балаға тапсырма

-Өрнек сөзін жекеше, көпше түрде тәуелдеп жаз

жақ

жекеше

көпше

І жақ

өрнегім

өрнектерім

ІІжақ

өрнегің

өрнектерің

ІІІжақ

өрнегі

өрнектері


Мәтінді күбірлеп,түсініп оқиды.




Жұмыс парақтардағы тапрсырмаларды жұптасып орындайды.



Бағалау критерйиі

Мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады және жауап береді

Дескриптор:

- Мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады және жауап береді 2 балл

Тәуелдік жалғауларының қолданысын біледі 2 балл


Оқулық


2 мин

Сергіту сәті

Балалар орындайды

Жарайсыңдар!


10 мин

ҚБ 48– тапсырма

Жұптық жұмыс

ОДД:білу,түсіну,қолдану

«Түсінемін,білемін!» әдісі

Нұсқау Жоғарыдағы мәтін бөліктерінің атауын толықтырыңдар.

1. Қазақ ою-өрнегінің түрлері

2. ...

3. ...

-Осы жоспар бойынша мәтіннің мазмұнын айтып көріңдер.

-Жоғарыда оқыған, мазмұнын айтқан мәтініңнің жанрын анықтаңдар.



ЕББҚ ететін (ойлау деңгейі төмен) балаға тапсырма Көшіріп жазады

Мәтін бөліктерінің атауын толықтырады

-Жоспар бойынша мәтіннің мазмұнын айтады

-Мазмұнын айтқан мәтіннің жанрын анықтайды


Дескриптор:

Мәтін бөліктерінің атауын толықтырады -1балл.

-Жоспар бойынша мәтіннің мазмұнын айтады-1балл.

-Мазмұнын айтқан мәтіннің жанрын анықтайды-1балл


.


10 мин

ҚБ 49– тапсырма

Жұптық жұмыс

ОДД:білу,түсіну,қолдану

«Сызбамен жұмыс» әдісі

-Жұмбақты оқып, шешуін тап. (қораз)

- Тәуелденген сөздерді тауып, оларды үш жақта, жекеше және көпше түрде айт.

Ж: Тарағым, орағым, сақалым.

жақ

жекеше

көпше

І жақ

Тарағым, орағым, сақалым

Тарақтарым, орақтарым, сақалдарым

ІІжақ

Тарағың, орағың, сақалың

Тарақтарың, орақтарың, сақалдарың

ІІІжақ

Тарағы, орағы, сақалы

Тарақтары, орақтары, сақалдары


Тәуелденген сөздерді табады

Тәуелденген сөздерді үш жақта, жекеше және көпше түрде айтады




Дескриптор:

- Тәуелденген сөздерді табады-1балл.

Тәуелденген сөздерді үш жақта, жекеше және көпше түрде айтады-1балл.




5 мин

ҚБ 50– тапсырма

Жұптық жұмыс

Тоқыма торға зер салып қара. Шебер тоқыма торды тоқыған кезде әртүрлі ағаштарды пайдаланған екен. Тиісті әріптерді қойсаң, ол қолданған ағаш түрлерін оқисың.

-Шыққан ағаш түрлерін тәуелдеп жаз.

Ж: Шырша, қайың, терек.

ЕББҚ ететін (ойлау деңгейі төмен) балаға тапсырма - Кез келген зат есімді алып тәуелдеп жазады

Ағаш түрлерін тәуелдеп жазады

Дескриптор:Ағаш түрлерін тәуелдеп жазады-1балл.


Қорытынды

3 мин


Рефлексия: «Хабарламалар»

Оқу тапсырмасы: 51 жаттығу


Кері байланыс жасайды.

Оқу тапсырмасын жазып алады

ҚБ қойылады.


























Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!