400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ 3 сынып Заттар қандай болады?

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал бастауыш сынып мұғалімдеріне тәжірибе алмасу мақсатында керек болады деген ойдамын. Сабақ жоспары жаңартылған білім мазмұнына сай құрылғандықтан барша ұстаздарға сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдердің маңыздылығын, оқушы білімін бағалауға көмегі тиеді деген пікірдемін.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін

Оқу-ісінің меңгерушісі Дүйсембиева А.


Пән: Жаратылыстану

Мектеп: «№188 мектеп-гимназия» КММ

Сынып: 3 «Б»

Мұғалім: Смажанова А.С.

Күні: 06 .12.18 ж.

Қатысқан оқушылар:

Қатыспаған оқушылар:

Тарау:

Заттар және олардың қасиеттері. Ауа мен су.

Тақырыбы:

Заттар қандай болады?

Оқу мақсаты:

3.3.1.1 заттарды шығу тегі және агрегаттық күйі бойынша жіктеу;

3.1.2.1 ақпарат көзінің түрлерін анықтау.

Сабақтың

мақсаты:

Дененің неден жасалатынын, заттардың шығу тегі туралы біледі.

Бағалау критерийі

Заттарды шығу тегі және агрегаттық күй бойынша жіктей алады.

Ақпарат көздерінің түрлерін анықтайды.

Тілдік мақсат

Дененің неден жасалатынын айта алады.

Пәндік терминология мен тірек сөздер: Зат, дене.

Құндылықтар

Оқушыларды өзара құрмет көрсетуге, бір біріне түсіністікпен қарауға тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Қазақ тілі, математика, көркем еңбек.

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта, электронды оқулық, слайд, видео.

Алдыңғы меңгерілген білім

Адам ағзасы

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Сабақта жоспарланғаніс-әрекет

Ресурстар


Сабақтың басы

2 минут











Алдыңғы білім


3 минут


  • Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық

Оқушыларды орындарынан тұрып, төмендегі өлең жолдарын айтады.

Қайырлы күн, досым!

Қайырлы кун Болсын!

Бүгінгі бейсенбі күн,

Сәттілікке толсын!

Біздің алар бағамыз,

Кілең бестік болсын!

  • Топқа бөлу: (Түрлі заттардан жасалған денелер арқылы топқа бөлу.)

«Екі дұрыс, бір бұрыс» тәсілі арқылы өткен білімді пысықтау.


1.Нәруыздар ....., ...... құрамында көп болады.

а) сүт

ә) бал

б) ет

2. Асқорыту жүйесіне .... , ...... , жатады.

а) асқазан

ә) өкпе

б) тоқішек




Денелердің заттардан жасалатынын талқылау. Талқыланатын сұрақтар:

- Әртүрлі заттардан бірдей денелер жасауға болады ма?

- Бірдей заттардан жасалған денелер болуы мүмкін бе?

ҚБ. Мұғалімнің ауызша қалыптастырушы бағалауы.

Слайд №1


































Сабақтың ортасы

Жаңа білім









































































Қорытынды






3.Адам өкпесінің көлемі ....... литр болады.

а) 3

ә) 12

б) 5

4.Қанайналым жүйесі ....., ...... тұрады.

а) жүректен

ә) ауатамырдан

б) қантамырдан

5.Иммунитетті нығайтуға .... , ..... көмектеседі.

а) тазалық

ә) білім

б) спорт

Жұптарымен ауысып тексеру, бір-бірін бағалату.

«Болжау» стратегиясы бойынша сабақтың тақырыбын ашу.

  • Сабақтың басында топқа қалай бөліндік? (заттармен)

  • Неліктен олай бөліндік деп ойлайсыңдар?

  • - Ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қалай аталады екен?

  • Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.


«Миға шабуыл» әдісі «Неден жасалған?» ойны. Денелердің неден жасалғанын анықтайды


  • Электронды оқулықтан «Заттар мен денелер» туралы мағлұмат алу.


Топтық жұмыс:

1-топ: «Саналуан заттар» тапсырмасын (68-бетте )

«Т-кестесі» стратегиясы бойынша заттарды табиғи және жасанды түрлерін анықтап, постерге жазады, іледі, қорғайды.

2-топ: «Денелер мен заттар» тапсырмасы (69-бет)

«Венн диаграммасы» бойынша сынып бөлмесінен табиғи заттардан жасалған 5 дене, жасанды заттардан жасалған 5 дене тауып, жазады. Жасанды заттар қандай материалдардан жасалатынын анықтап, сипаттайды. Жасанды заттарды дайындауда адамның іс-әрекетін сипаттайды.

3-топ: «Зерттеу» жұмысы. Алдын ала дайындалған денелермен танысып, ұстап, бақылап көреді.Зерттеу нәтиже­лерін дайындалған «Зерттеу» кестесіне жазып, ұсынады.

Дене атауы

Денені жасаған зат

табиғи

жасанды

үй

кірпіш


+





4-топ: «Ойлан» тапсырмасы 69-бет. «Ашық микрофон» әдісі. Оқушылар айналадағы жасанды заттарсыз өмір сүру мүмкіндігін талқылайды. Тапсырмада «Менің сөзім, менің пікірімше немесе менің ойымша» тіркестерін пайдаланып, әр бала өз ойын дәлелді түрде айтып беруі тиіс.

ҚБ. «Бас бармақ» әдісі арқылы өзара бағалау. Неліктен солай бағалағандары тыңдалады.

  • Сергіту сәті «Қаңқалар биі»

Дене жаттығуларын орындау, билеу. Сұраққа жауап беру.

Сабақ барысында неге дене жаттығуларын орындау керек деп ойлайсыңдар?

Электронды оқулықтан қосымша тапсырмалар орындату.


  • Сен білесің бе? Алмаз – табиғатта кездесетін ең қатты зат. Одан әдемі әшекей бұйым – гауhартас жасайды. (


Жеке жұмыс. Дәптермен жұмыс ұсынылады.

45-жұмыс парағы. «Денелер мен заттар», 47-б.

Сәйкестігін тап. Оқушылар денелер мен заттар­ды жасалуына қарай сәйкестендіреді, сызықтармен қосады. Жасыл түсті қарындашпен табиғи заттар­дың, көк түспен жасанды заттардың аттарының астын сызады.


ҚБ. «Смайликтер» арқылы қалыптастырушы бағалау жүргізу.


Топтық жұмыс:

1-топ: «Бэкроним» әдісі. Сөздің алғашқы дыбысына қатысты сөйлем құрап айту. (Дене, зат)

2- топ: «Синквейн» әдісі. (күн, сағат)

3-топ: Жұмбақ шешу, шешуіндегі сөздің суретін салу, үш тілде айту.

Құс сияқты, құс емес,

Самғап ұшқан биікке.

Қанаты бар қақпайды,

Жүрсе де сондай биікте.  (ұшақ)

4-топ: «Терме диктант» Әйнектен жасауға болатын денелерді теріп жазу.

Ыдыс, сабын, кітап, шатыр, өшіргіш, ғимарат, сөмке, дәрі, шанышқы, компьютер.


«Қарлы кесек» әдісі арқылы сабақты қорытындылау.Әр топ келесі топқа бүгінгі сабақ бойынша сұрақтар жазып, умаждап лақтырады, алған топ сұраққа жауап береді.


ҚБ. «Бас бармақ» әдісі арқылы өзара бағалау.























Оқулықпен жұмыс

Слайд


Электронды оқулық (3 сынып дүниетану)


Постер,

«Т-кестесі»

«Венн диаграм-масы»





Смайликтер


Топқа бөлуге арналған суреттер


Кесте



.


Микрофон








№4,5,6,7


Слайд




Жұмыс дәптері







Смайлик










Рефлексия

  • Мен …….. ұқтым

  • Мені …….. таңғалдырды

  • Маған …….. ұнады

  • Мен өзімді және достарымды………. үшін мақтай аламын



«Білім ағашы» тақтасы

Слайд №8

Сабақтың соңы

2 минут



Бағалау

Белсенділік танытқан топты, жеке жұмыс, жұптық жұмысты ерекше орындаған оқушыларды мадақтау, смайлик ұсыну.


Қосымша ақпарат

Саралау –оқушыларғақалайкөбірекқолдаукөрсетудіжоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз?

Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы

2

Саралап оқыту мақсатында қабілеті жоғары оқушыларға кестедегі қатарларды әрі қарай жалғастырып, денелер жасалуы мүмкін заттардың аттарын толықтырып жазып шығуды тапсыру.

Тапсырмалар бойынша саралау: Материалдарды игеру деңгейлерінде оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында ақпаратты қабылдаудың әр түрін ескеру. Оқушылардың ақпаратты қабылдауына байланысты тапсырмалар ұйымдастыру.

Сабақ барысында

- Қалыптастырушы бағалау құралдары:

- смайликтер арқылы бағалау;

-мұғалімнің ауызша кері байланысы (мадақтау, қолдау сөздер айту);

- өзара бағалау: «Бас бармақ»

- мұғалімнің жазбаша кері байланысы

-оқушылардың жауаптарын, іс-әрекеттеріне бақылау жүргізіп, түртіп алу арқылы бағалау;

- «Білім ағашы»



-Сергіту жаттығуын орындау

- әрекеттерді жиі ауыстыру

- қауіпсіздік ережелерін сақтау















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
28 ақпан
2553
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі