жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ. 3 сынып.Менің ататегім қайдан бастау алады?
|
Пән: Дүниетану Мектеп: №42 ЖОББМ.КММ Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мұғалімнің аты-жөні: Сапиева Ж.М Қатысқандар саны: Күні: Қатыспағандар саны: Сынып: 3Б |
||||
|
Сабақ тақырыбы |
Менің ататегім қайдан бастау алады? |
|||
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
3.1.1.1 отбасы мүшелерінің арасындағы туыстық қатынастарды түсіндіру. 3.1.1.2 әулет шежіресін құрастыру 3.1.1.3. өз әулетінің құндылықтарын анықтау. |
|||
|
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушылар: Отбасы мүшелерінің арасындағы туыстық қатынастарды түсінеді, өз әулетінің шежіресі мен құндылықтарын анықтай алады. Көптеген оқушылар: Отбасы мүшелерінің арасындағы туыстық қатынастарды түсінеді, өз әулетінің шежіресі мен құндылықтарын анықтайды және отбасы шежіресін құрастыра алады. Кейбір оқушылар: Отбасы мүшелерінің арасындағы туыстық қатынастарды түсінеді, өз әулетінің шежіресі мен құндылықтарын анықтайды, отбасы шежіресін құрастырады және отбасы өмірімен байланыстыра алады. |
|||
|
Бағалау критерийлері |
1.Отбасы мүшелерінің арасындағы туыстық қатынастарды түсіндіреді; 2.әулет шежіресін құрастырады; 3.өз әулетінің құндылықтарын анықтайды. |
|||
|
Тілдік мақсаттар |
Оқушылар отбасы мүшелерінің арасындағы туыстық қатынастарды түсіндіреді, әулет шежіресін құрастырады және өз әулетінің құндылықтарын анықтайды. Пәнге қатысты лексика мен терминология: Шежіре, ру, ататегі. Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Ататек деген не? Сен өзіңнің атаңның, арғы аталарыңның аты-жөндерін білесің бе? |
|||
|
Құндылықтарды дарыту |
Оқушыларда отбасының тарихы мен арғы тегін ұғыну арқылы Отандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік құндылықтары артады. Жұптық, топтық жұмыс жасау кезінде ынтымақтастық және құрмет құныдылықтары артады. Өмір бойы білім алу. |
|||
|
Пәнаралық байланыстар |
Әдебиеттік оқу , өзін-өзі тану пәні арқылы жүзеге асады. |
|||
|
Бастапқы білім |
Отбасы мүшелеріне қатысты туыстық байланыстар жүйесіндегі өз орынын анықтай алады. Отбасылық мұрғат негізінде отбасы мүшелерінің ауызша портретін жасай алады. Мысалдар келтіре отырып, өз отбасындағы әдеп нормаларын түсіндіре алады. |
|||
|
Сабақ барысы |
||||
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар
|
||
|
Сабақтың басы
|
І. Сәлеметсіңдер ме, балалар! Оқушыларға жайлы орта қалыптастыру. Оқушылар ортаға шығып, арнайы дайындалған шаңырақ астында қол ұстасып, шеңберге тұрады. Шаңырақ ата-бабамыздан келе жатқан отбасының құндылығы ретінде алынып,оқушылар шаңырақ астында отбасына арналған өлең жолдарын бірге айтады:
Атамнан
басталар, Жаңа топ құру. Балалар сендердің әр біреуіңнің алдыңда шаңыраққа ілінген түрлі-түсті ленталар бар. Осы ленталардың түсіне байланысты 2 топқа бөлінеміз. 1-топ: «Ынтымақ» 2-топ: «Құрмет» Қалай ойлайсыңдар, неге шаңырақ астында отбасы жайлы өлең жолдарын айтып, екі құндылықты атаудан тұратын топтарға бөліндік, сабағымыздың мақсаты не жайлы болмақ? -Отбасы және ататегіміз жайлы болмақ. |
. Шаңырақ, түрлі-түсті ленталар (жасыл,қызыл) |
||
|
Сабақтың ортасы Сергіту сәті |
-Сонымен балалар, біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы « Менің ататегімнің қайдан бастау алады?» деп аталады. Ең алдымен жаңа сөздерді 3 тілде айтып көрейік. Бүгін бізге берілген жаңа сөздер: 1) шежіре- родословная- bloodline 2) ру- род-ancestry 1-тапсырма (Т.ж., Ж.ж) «Оқимын, талқылаймын, орындаймын» әдісі Оқушылар оқулықта берілген мәтінді тізбектей оқиды. Мәтінде айтылған ойды мұғалім және топпен бірге талықыға салады. Ол үшін топтарға мәтінге байланысты сұрақтар қоямын: -«Тектілік» ұғымын қалай түсінесіңдер? - Қазақ халқы ататегін қай тараптан таратады? -Жеті аталарыңды білесіңдер ма? - Қалай ойлайсыңдар, неге көптеген халықтар шежірені тармақталған ағаш бұтақтарына балайды? Балалар, біз берілген мәтінді оқыдық және талдадық. Енді осы мәтін бойынша тапсырма орындаймыз. Тапсырма жеке оқушылармен орындалады. «Отбасы-шежіресі» ағашында өздеріңнің жеті аталарыңды көрсетесіңдер.
Дескрипторы: 1. «Тектілік» және «Шежіре» ұғымдарын түсінеді және анықтама береді. 2. «Отбасы-шежіресі» ағашыда отбасы құндылығы мен тарихы саналатын жеті атасын көрсетеді. ҚБ: «Отбасы ағашы» әдісі Жемісті ағаш- Тапсырманы орындау кезінде ешқандай қателіктер жібермей, өз бетімен орындай алса; Жеміссіз ағаш- Тапсырманы орындау кезінде қандай да бір қателіктер жіберсе; Ағаш қаңқасы- Тапсырманы орындауда өз бетімен жұмыс жасамай, мұғалімнің көмегін қажет етсе. 2-тапсырма «Кім жүйрік?» әдісі Шежіре бойынша адамның өмір сүру жасын орта есеппен 25 жас деп санасақ, жеті атаның шежіресін білу қанша уақыт аралығын қамтиды? Берілген тапсырма бойынша оқушылар жылдамдыққа жеті атаның шежіресін білу уақытын есептеп, дәптерлеріне жазады.
Сергіту сәті. (Орындарынан тұрып әуен ырғағымен қозғалыс жасайды) «Бес саусақ» әдісін қолданамын. Бас бармағым-Атам Үйдің данасы Балаң үйрек-Әжем Ошақ анасы Ортан терек-Әкем Отау тынысы Шылдыр шүмек -Шешем Шаңырақ ажары Титтей бөбек- біздерміз Бәрінің базары! 3-тапсырма. (Ж.ж.) «Ойлан, жұптас,талқыла» әдісі. «Сұхбат алып көр!» Оқушылар жұптасады да, рөлге бөлінеді. Бір оқушы- журналист, екінші оқушы- сұхбат беруші. Журналисттерге қозғайтын тақырыптары беріледі, оқушылар 3 минут уақыт дайындалады.
Дескриптор: 1. Жеті атаны білу не үшін қажеттілігін түсіндіреді. 2. Жеті атасын білмеген-жетесіз деген ұғымның мәнін анықтайды. ҚБ: «Отбасы қоржыны» әдісі Жасыл қоржын- Тапсырманы орындау кезінде ешқандай қателіктер жібермей, өз бетімен орындай алса Сары қоржын- Тапсырманы орындау кезінде қандай да бір қателіктер жіберсе; Қызыл қоржын- Тапсырманы орындауда өз бетімен жұмыс жасамай, мұғалімнің көмегін қажет етсе. |
Оқулық «Отбасы-шежіре» ағашы
қоржын |
||
|
Сабақтың соңы |
Рефлексия
Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған 5 қаңтар 674
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз "Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі | |||



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген