жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ 3сынып
Жамбыл ауданы,Абай атындағы
орта мектебінің
бастауыш сыныптың III деңгейлік курсты
меңгерген мұғалімі Сулейманова Айша Алпысбаевна
Қысқа мерзімді жоспар
|
САБАҚ: 71 Тақырыбы: В.Сухомлинский «Нағыз адам» |
Мектеп: Абай атындағы орта мектебі |
|
||||
|
Күні: |
Мұғалімнің есімі: Сулейманова Айша |
|
||||
|
СЫНЫП: 3 «В» |
Қатысқандар саны: 20 |
Қатыспағандар саны: 1 |
|
|||
|
Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары) |
«Нағыз адам» мәтініндегі негізгі ойды түсіндіру.Сухомлинский өмірімен таныстыру. Түсініп оқуға, жақсы мен жамандықты ажырата білуге үйрету,топ арқылы тапсырмаларды дұрыс орындау |
|
||||
|
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушылар: Мәтінді түсініп оқиды,негізгі ойды ұғынады, жақсы мен жамандықты ажырата білуге үйренеді. |
|
||||
|
|
|
|||||
|
Оқушылардың басым бөлігі: Үш жолаушының іс-әрекеттеріне мінездеме береді алады. |
|
|||||
|
Кейбір оқушылар: Мәтінді сыни тұрғыдан ойлайды,дәлелдейді тұжырымдайды. |
|
|||||
|
Тілдік мақсат |
Оқушылар: Оқушылар мәнерлеп, әсерлі оқи алады,өз ойын еркін жеткізе алады |
|
||||
|
Негізгі сөздер мен тіркестер: Қуаң дала-шөл,шөлейтті,ылғал тапшы дала. жағрафия, |
|
|||||
|
|
|
|||||
|
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер: Осы мәтінді оқи отырып не
ұқтық?
|
|
|||||
|
Жетістік критерилері: -Өз ойын еркін жеткізе алады -Берілген тапсырмаларды орындай алды. |
|
|||||
|
Жазылым бойынша ұсыныстар: Мәтіндегі қызыл түспен жазылған тіркестерді түсініп оқу |
|
|||||
|
Алдыңғы оқу |
Ш.Құдайбергенұлы Бір кесе меруерт |
|
||||
|
|
||||||
|
Жоспарланған уақыт |
Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз) |
Ресурстар Т.М.Әбдікәрім Әдебиеттік оқу Алматы «Атамұра» 2014 Алматы «Атамұра» 2014 |
||||
|
Сабақ кезеңдері |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушылардың іс-әрекеті |
||||
|
Білу Түсіну Қолдану |
Сыныппен сәлемдесу Дөңгеленіп тұрайық,Керегені
құрайық. Міне сіздермен біз үлкен киіз үйді құрдық. Осы киіз үй сияқты біздің мектебіміздің қабырғалары мықты болып, шаңырағы биік болсын дегім келеді. Оқушыларды «мозайка» суреттері бойынша үш топқа бөлу,топ жетекшісін сайлау. Әр топқа бағалау парағын таратып беру. «Қар ұшқындары» әдісі арқылы сұрау Өткен тақырып қандай? Не туралы айтылады?
- Қария адамнан біреу не деп сұрады? -Неге оған бір кесе меруерттің пайдасы болмады? -«Азықсыз аш адамға ат басындай алтыннан түк пайда жоқ»дегенді қалай түсінесіңдер? Ребус
шешу Бүгін біз В.Сухомлинскийдің «Нағыз адам» шығармасымен танысамыз. а) В.Сухомлинский туралы мәлімет. Василий Сухомлинский 1918 жылы,28 қыркүйекте Херсон губернасы,Александр уезінде дүниеге келген.Қарапайым отбасында тәрбиеленген.Ол Палтава педагогикалық институтын 1936 жылы бітіріп, орта мектептерде мұғалім болған.В.Сухомлинский –педагог.Оның «Ұлыма хат», «Ата-аналар педагогикасы» т.б. шығармалары бар. Топтық жұмыс Топ бойынша мәтіннің 3 бөлігі , 3 топқа беріледі. Әр топта оқушылар жекелей іштей оқып шығып, топ ішінде мәтіннің мазмұнын ашу. Топ арасынан 1 оқушы шығып мазмұнын айтады. Осы
мәтінді оқи отырып не ұқтық? Автор
орындығы 1 топ-құдық басына келген1-ші жолаушыға 2 топ- құдық басына келген1-ші жолаушыға 3 топ- құдық басына келген1-ші жолаушыға Постермен жұмыс «Нағыз адам»деп қандай адамды айтамыз? Әр топқа қағаз беріледі,сол қағазға өз ойларын 1 сөйлем немесе сөз тіркесін жазады.Осылайша дөңгелек жасап, келесі оқушыға береді. Топ арасынан 1 оқушы шығып оқиды. (Оқушылардың ойларын жинақталып, талданады) (адамгершілігі мол, үлкенді құрметтей білу керек,кішіге үлгі болу әділеттілік, достық, ар-намыс,сабырлылық, батырлық) «Алты қалпақ» Жақсылыққа тек жақсылық бар дегенді қалай түсінесіздер? |
Ынтымақтастық атмосфера қалыптастыру
Суреттер арқылы топқа бөлінеді
Қар ұшқындары ішіндегі сұрақтарға жауап арқылы диалогқа түсіру Мәтінді әсерлі етіп оқып, әр топ мазмұнын ашады Ақылдың алты қалпағы арқылы өз ойларын ортаға салады Оқушылар өз ойларын жинақтаумен болжамдарын айтады Екі жұлдыз бір тілек |
||||
|
Талдау |
«Радиоға қоңырау шалу»/радио жүргізуші төрт қонақты ортаға шақырады да сұрақтар қояды/ Жақсылық пен жамандық туралы мақал-мәтелдер айту |
Әр топ өздеріне берілген тапсырманы топпен ақылдасып орындайды |
||||
|
Жинақтау Бағалау Кері-байланыс Үйге тапсырма |
«Қаламсап ортаға» әдісі Бағалау парақшасы мен бағалау шкаласы Өзін-өзі бағалау,топты бағалау
Бағалау шкаласы:
Стикерге сабақ жайлы өз ойларын жазуды ұсыну В.Сухомлинский(орыс жазушысы) «Нағыз адам» әңгімесін мәнерлеп оқып, мазмұнын әңгімелеп айту. |
Қаламсаптың иесі сұрақтарға жауап береді. Өзін өзі топты бағалайды сабақ жайлы өз ойларын стикерге жазады Күнделікке тапсырманы жазып алады. |
||||
|
Рефлексия Сабақ /оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен? |
Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз. |
|||||
|
Бүгінгі сабағымның оқу мақсаты шынайы болды.Себебі балалар нанның қадірін,дастарханға ол қандай еңбекпен келетінін түсінді.Сыныптағы ынтымақтастық атмосфера жақсы.Сабақ жоспарлаудағы «Ақылдың алты қалпағы»,» Радиоға қоңырау шалу» әдісі,постермен жұмыс, балдық жүйеде бағалауым тиімді болды. Берілген тапсырмаларды өз уақытында орындап қоңырауға дейін үлгерді .Мен өз жоспарыма жас ерекшелігене байланысты тапсырмаларға көңіл бөлу керек екенін түсіндім. |
||||||
|
Қорытынды бағамдау Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: Әр оқушының бойында еңбекке,нанға деген сүйіспеншілігін арттырдым деп ойлаймен 2: Ақылдың алты қалпағы арқылы өз ойларын ортаға салды Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: Постермен жұмыс жасауда сабақты жақсарта алды 2: «Радиоға қоңырау шалу» әдісі арқылы Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім? Оқушылардың шығармашылығын одан әрі дамыту үшін саралау тапсырмаларды күшейту |
||||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген