жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ. 3В бөлім- Көбейту және бөлу. Есептер
|
Нурашева Жазира Кожагулкызы, А.Тайманов атындағы № 34 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі. |
||
Пән: Математика Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 3В бөлім- Көбейту және бөлу. Есептер |
|
||
2-сынып Сабақ 74 |
Қатысқандар саны:24 |
Қатыспағандар саны: |
|
Сабақтың тақырыбы: |
2 санына көбейту жəне бөлу кестесі.
|
||
Оқу мақсаты: |
1.2 Сандармен амалдар орындау. |
||
Сабақтың мақсаттары: |
2.1.2.4** 2 сандарына көбейту жəне бөлу кестесін құру, білу жəне қолдану. 2.5.1.3. Бірдей қосылғыштардың сомасын табуға; мазмұнына қарай жəне бірдей бөліктерге бөлуге берілген есептерді талдау жəне шығару; кері есеп құру жəне шығару. |
||
Сабақтың мақсаттары: |
Барлық оқушылар: •көбейту жəне бөлу амалдарының өзара байланысын түсінеді. |
||
Көптеген оқушылар: •2-ге көбейту жəне бөлу кестесін құрастыруды біледі жəне қолданады. |
|||
Кейбір оқушылар: •2-ге көбейту жəне бөлу кестесін жылдам жəне дұрыс қолданады. |
|||
Тілдік мақсаттар |
Оқушылар: •көбейту жəне бөлу амалдарының өзара байланысын түсіндіруді біледі. Пəндік лексика жəне терминология: Көбейту, бөлу, 2-ге көбейту жəне бөлу кестесі. |
||
Диалог/жазбаша жұмысқа қажетті пайдалы фразалар топтамасы Талқылау: 2 санына көбейту кестесі қалай құрылғанын түсіндіре аласың ба? 2 санына көбейту кестесін қалай құратынын түсіндіре аласың ба? |
|||
Жазу: 2 санына көбейту жəне бөлу кестесі. |
|||
Тірек білім, білік, дағдылар |
Көбейту мен бөлу амалдарының мағынасы, көбейту мен бөлуге берілген практикалық есептерді шығару. |
||
Жоспар |
|
||
Жоспарланған уақыт (минут) |
Жоспарланған іс-əрекет |
Ресурстар |
|
0–3 Сабақтың басы
|
Психологиялық дайындық. Біздер тату баламыз, Өсіп алға барамыз. Есептерді шығарып, Білімді шәкірт боламыз. Ынталандыру. - Балалар, қандай таза ауада ойнайтын ойындарды білесіздер? - Өте жақсы! Ойындарды не үшін ойнайды? - Епті, шапшаң, шымыр болу үшін. - Жарайсыңдар! Әр топтан бір оқушыдан ортаға шығайық. «Білім қоржыны» ойыны Қоржында сіздер жақсы көретін зат бар. Сол затты бір-бірден аласыздар. Алған заттағы сандар бойынша сұрақтарға жауап береміз. iMektep.kz сайтынан «Дұрыс Бұрыс» ойынын ойнау Көбейту мен бөлу- кері амалдар (Дұрыс) Жарайсыңдар! |
«Білім қоржыны»
Асықтар
iMektep.kz |
|
Сабақтың ортасы
|
2. Мақсат қою (проблемалық жағдаят) Оқулықтағы 1- тапсырма бойынша асық беріледі. Оқушылар тең бөліп алады. Әр топтан төрт оқушыдан ортаға шақырамын. Қоржындағы асықты бір оқушы алады. Достарына екі – екіден таратып береді. –Əр алақанда неше асықтан бар? –Барлығы қанша асық бар? Мұны қосудың көмегімен қалай жазуға болады. 2+2+2+2+2=10 –Көбейту жəне бөлу амалдарының жазылуын түсіндір. –Əр сан нені көрсетеді? –Ол қалай аталады? –Өрнектердің мəнін есепте. –Теңдіктің мағынасын түсіндір. Мұғалім оқушылардан: – Бірдей қосылғыштарды қосуды жүргізе отырып көбейтуді орындаған ыңғайлы ма? - деп сұрайды? (Ыңғайсыз емес, ұзақ). –Жылдам санау əдісі бар ма? Көбейту мен оған сəйкес бөлу жағдайларының кестесін құрастырып. Көбейтумен қалай жазуға болады. 5*2=10 2*5=10 10:2=5 10:5=2 Осыдан қандай ереже шығаруға болады. Көбейткіштердің орнын ауыстырғаннан көбейтіндінің мәні өзгермейді. Егер көбейтіндінің мәнін көбейткіштердің біріне бөлсе, онда екінші көбейткіш шығады. |
Асықтар.
|
|
12–29 |
Жаңаны ашу iMektep.kz сайтынқолдану және электронды оқулықтың көмегімен көбейту кестесі қалай құрылғанын тыңдау, түсіндіру. – Қосындыларды көбейту түрінде жазыңдар жəне олардың мəнін есептеңдер. –Келесі мəнді есептеу үшін алдыңғы мəнді қолданыңдар. Оқушылар көбейту кестесінің бірінші бағанын құрастырады. Оқушылардан неліктен бірден төрт баған құрастырылатынын сұраңыз. көбейтудің ауыстырымдылық қасиетін қолданады. |
Сабаққа арналған тұсаукесер. 2-ге көбейту кестесі.
электронды оқулық |
|
|
Дәпермен жұмыс Дəптердегі 1-тапсырманы өздері орындайды. Тексеру. Оқушыларға орындағандарын үлгімен салыстыру жəне бағалау критерийлерімен салыстыру ұсынылады Бағалау критерийлері
Түсіндіре отырып алғашқы бекіту Содан кейін оқушыларға көбейту кестесін жаттап алуға кеңес беріледі. Өздік жұмыс Дəптердегі 2-тапсырма орындалады. (Слайд ) |
Оқулық, дәптер |
|
3мин |
Сергіу сәті. Қызықты сұрақтар. |
|
|
|
Жаңаны қолдану. Жұптық жұмыс. «Коктейль таяқшасы.» Оқулықтағы 4-тапсырма өз беттерінше тексерумен орындалады. Топтық жұмыс І топ: Берілген асықтар бойынша есеп құрастырады. көбейту мен бөлуге мысалдар төрттігін құрастыруды. ІІ топ: «Қыстырғыш» әдісі бойынша орындайды. ІІІ топ: «Ақ сүйек» ойыны арқылы тапсырманы орындайды жəне көбейту мен бөлуге мысалдар төрттігін құрастыру. ІV топ: Жұптық жұмыс. (Топтың жұмысын тыңдау, қорытындылау. ) Қалыптастырушы бағалау. |
Қыстырғыш, Асықтар, қима қағаздардан жасалған сүйектер, топшамалар. |
|
Сабақтың соңы |
Кері байланыс. «Стикердегі сұрақ» әдісі Рефлексия. «Білім қоржыны.» |
Білім қоржыны |
|
Батыс Қазақстан облысы,
Орал қаласы.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген