400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ 4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
4 сынып оқушыларына арналған қазақ тіленен ашық сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы



"№11 жалпы орта білім беретін мектеп" КММ

"ШҚО Семей қалалық білім бөлімі"ММ













Оқыту жүйесіндегі АКТ технологияларды қолдану конкурсы





Орыс сыныптарындағы қазақ тілі сабағы 4-сынып тақырыбы: «Нан қандай дәмді!» пәні мұғалімі Абишева Р.А.























Семей қаласы -2018









"Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру-Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы".

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев









Жас ұрпақты тәрбиелеу мен білім беру үрдісін іске асыруда ақпараттық-коммуникативтік технологияны пайдалану, қолданудың тиімділігі зор. Оқушылар алдына қойған мақсатқа жетуге талпынады, қарым-қатынастар нығаяды, тіл дамыту жұмыстары жүйелі жолға қойылады. Мемлекттік тілді игерту бастауыш сыныптардан бастап жолға қойылған. Бастауыш сыныптардағы тіл дамыту жұмыстары негізінен сюжетті суреттерн арқылы жүзеге асырылады. АКТ-ны қолдану оқушылардың алдында тұрған басты ұстаным-көрнекілік әдісін жүзеге асыру болып табылады. Сабақта оқушылардың тақтамен жұмыс жасауына мүмкіндік туады, материалды терең меңгеруіне септігін тигізеді, танымдық қабілеттерін белсендіреді. Берілетін материал тиімді және түсінікті бола түспек.

.





Ашық сабақтың интерактивті презентацияны қолданудың сипаттамасы



Слайдтардың техникалық сипаттамасы:



1. Poverpoint арқылы қолданылған презентация ондағы түрлі қызметтерді пайдалануға мүмкіндік береді.



2. Презентацияда барлығы 26 слайд ұсынылды.



3. Презентацияда гиперссылкалар қолданылған. Интербелсенді тақтада слайдтар арнайы қарындаштың көмегімен және тінтуірді қолдану арқылы іске асырылды, сондай-ақ келесі бетке өту үшін немесе кері қайту үшін басқарма түймелер қолданылды.



4. Презентация иллюстративті суреттер, ойын элементтері, видео сергіту қолданылған.



Сабақ оқыту қазақ тілді емес мектептердегі 4-сынып оқушыларына арналған. Сабақтың барлық кезеңі интербелсенді тақтаны қолдануға негізделген (грамматикалық және лексикалық материалды меңгертуге бағытталға

Сабақтың тақырыбы: "Нан қандай дәмді!"

Мақсаты: 1.Білімділік: Оқушыларға қасиетті тағамның бірі - нан екенін, нанның дастарханға қалай келетіні туралы түсінік беру
"Ас атасы – нан"екенін түсіндіру,
2. Дамытушылық: Дүниетанымын, ой-өрісін, еңбекқорлығын, адамгершілігін ояту және дамыту.
3.Тәрбиелік: Нанды қастерлеуге, ысырап етпеуге, адам еңбегін бағалай білуге, еңбек етуге тәрбиелеу.
Әдісі: сұрақ-жауап, топпен жұмыс, интерактивті тақтамен жұмыс
Көрнекіліктер: слайдтар, суреттер, нақыл сөздер, тірек сөздер, сөзжұмбақ, кесте.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: ақпараттық әдіс, түсіндіру, аударма,тану қолдану,ізөдену, жинақтау;

Пәнаралық байланыс:орыс тілі, ағылшын тілі;
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық тренинг
. Шаттық шеңбері
Оқушыларды топқа бөлу.
Нан тағамдарының суреттері.

Тіл дамыту жұмысы:

-Бір жылда неше жыл мезгілі бар?

-Қазір қай жыл мезгілі?

-Күз айларын атаңдар?

-Күзде ауа райы қандай болады?

-Бүгін аптаның қай күні?

1слайд Берілген видеоролик арқылы оқушылар сабақтың тақырыбын анықтайды. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.

АShape1 лдын-ала берілген тапсырма бойынша хабарлама жасалып, өлең оқылады. «Білу» теориясы Тағамға байланысты ырым-тыйымдар.

(Оқушылар өз ойларын, пікірлерін айтады)

Shape2
"Нанды аяқ астына тастама"
АРТЕМИЙ
"Сүтті төкпе, баспа"
АРТЕМ
"Жерде жатқан нанды еңкейіп ал"
НАДИЯР
"Тамақ ішкен кезде сөйлеме"
НАСТЯ
"Тамақты төкпей-шашпай іш"
ДАНИЭЛЬ
«Түсіну» теориясы Кім? Не істейді?
1.Тракторшы- тракторист
2.Диқаншы–земледелец человек который работает в поле
3. Комбайншы-комбайнер
4. Жүргізуші- водитель
5. Диірменші-мельник
6. Наубайшы-пекарь
7. Дүкенші, сатушы - продавец
Құрастырамыз

3Shape3 -слайд Нанның дастарханға келу реті қандай?
- дән себеді
- астық жинайды
- диірменге әкеледі
- нан пісіреді 
- ұн тартады 
- дүкенде сатады
- жер жыртады
- элеваторға әкеледі
- нан илейді, ашытады.

4Shape4 -слайд Кім не істейді?

1.Тракторшы жер жыртады.
2.Диқаншы дән себеді, егін егеді.
3. Комбайншы астық жинайды.
4. Жүргізуші диірменге әкеледі.
5. Диірменші ұн тартады. 
6. Наубайшы нан илейді, нан пісіреді .
7. Дүкенші нан сатады. 
Біздің халқымыз кез келген затқа, кез келген іс-әрекетке дана ойларын, нақыл сөздерін айтып отыратын халық.
--Обал-- сөзіне түсінік беру.
Кез келген дүние, жақсылық атауы бізге еңбек арқылы келеді.
- Еңбекке қатысты мақал-мәтелдер айтайық.
1.Ас атасы – нан.
Санджар
2. Еңбектің наны тәтті. Жалқаудың жаны тәтті. Арина
3.Нан - қасиет, Нан –береке, Нан – мереке.
Катя

4.Еңбек етсең ерінбей, Султан Тояды қарның тіленбей. 

Сергіту сәті:

Нан қиқымын шашпаңдар, Жерде жатса, баспаңдар,

Теріп алып, қастерлеп, Торғайларға тастаңдар.

ІShape5 ІІ.Ой қозғау. Тану стратегиясы


Сөздікпен жұмыс:



Жаңа сөздерді үш тілде дауыстап оқу, қайталау. Жаңа сөздерді барлығы бірге қайталайды. Сөз тіркесін құрастырады.

  • Ұн – Мука –Flour

  • Бидай –Пшеница -Wheat

  • Шашпа –Не сыпь, не кидай - Don’tsckatter

  • Қоқым–Крошка –Grumbs

  • Құстарға беру – Дать птичкам - Givethebirds

  • Нанның иісі –Запах хлеба - Smellofbread

  • Ашытқы Дрожжи– Yeast

«Shape6 Қолдану» теориясы

Мәтінмен жұмыс: Оқушылардың оқу сауаттылығын, сөйлем аудармасын дұрыс-бұрысын қадағалау.

Оқушылар мәтінді тізбектеп оқып, аударады;

Мәтін бойынша тапсырмалар: Оқушылар топта ақылдасып, бірлесіп тапсырмаларды орындайды.


ІShape7 зденушілік :

Мәтінге сүйене отырып,

 І топ Мәтіннен жуан дауысты сөздерді анықтайды.

ІІтоп Мәтіннен жіңішке дауысты сөздерді анықтайды.


«Shape8 Талдау» теориясы ІІІ-топ НАН, ДӘН сөздеріне фонетикалық талдау жасайды.


«Shape9 Жинақтау» теориясы Кері байланыс

оқушылар сөзжұмбақ сұрақтарына жылдам жауап береді.



БShape10 ағалау: 

Сабақтың әр кезеңіне + - таңбаларын қойып бағалайды.

Әр кезеңге топ басшысы баға қояды

ҮShape11 йге тапсырма.88 бет, сөздік.

Қорытынды. "Нан қасиетті тағам"- деп бекер айтылмаған. Нанның қасиеті бізге тоқшылық, байлық, тыныштық әкеледі. Нансыз өмір сүруіміз мүмкін емес. Нан – тіршілік тірегі. Нанды қастерлеуіміз керек. Ысырап етпей үнемдей білуіміз керек. Нан бізге адал тынымсыз еңбектің арқасында келетінін естен шығармауымыз тиіс.









Қазақ тілі пәнінен 4 "Е" сыныбында өткізілген "Нан қандай дәмді!"

атты сабақ тақырыбына өзіндік талдау



4-сыныпқа арналған "Нан қандай дәмді!" тақырыбындағы сабақ Poverpoint бағдарламасы бойынша әр түрлі слайд тапсырмаларды қолдана отырып орыс сыныбындағы қазақ тілі пәнінен өткізілді.

Сабақтың мақсаты бастауыш сынып оқушыларының тілдік қорларын дамыту, тіл үйренуге деген қызығушылықтарын арттыру, дүниетанымын, ой-өрісін дамыту.
Нанды қастерлеуге, ысырап етпеуге, адам еңбегін бағалай білуге, еңбек етуге үйрету.
Сабақ барысында оқушылармен әртүрлі әдістерді қолдана отырып жекелеме және жалпылама жұмыс түрлері жүргізілді. Сөздікпен жұмыс заман талабына сай үш тілде жүргізіліп, сөз тіркесін және сқйлемдер құрастыру, сұраққа нақты толық жауап беру, мәнерлеп оқу, аударма жұмыстары, көркем және сауатты жазу, сқйлемдерді байланыстыру, ой-өрісін дамыту сөзжұмбақ шешу осы сабақ барысында қамтылды. Сабақ барысында 4-сынып оқушылары аса қызығушылықпен қатысып, әркім өз ойын жеткізе білуге тырысты. Әр тапсырма орындау барысында тіл үйреніп, сөздік қорлары молайды.

Сабақ бастауыш сынып оқушыларының білім деңгейіне сай жасалған, сабақ қойылған мақсатына жетті.









































.







































.





8


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
26 желтоқсан
699
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі