Материалдар / Ашық сабақ 4 сынып
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ашық сабақ 4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Септіктер туралы түсінік беру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Маусым 2020
461
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Мектеп:

Күні :

Мұғалімі: Шалабаева К.С

Сынып: 4

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:


Сабақ тақырыбы:


Барыс септік

Осы сабақнегізделген оқумақсаттары


4.2.6.1 – белгілі бір тақырыпта берілген мəтіннің түрлерін, жанрын, стилін салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау.

Сабақтың мақсаттары




Барлығы зат есімнің септелуі жайлы біледі. Сөздерді септейді.

Септік атауларын, жалғауларын, сұрақтарын біледі. Тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді.

Тақырыпқа сәйкес сұрақтар құрастырады.

Бағалау критерийлері

Барлығы зат есімнің септелуі жайлы біледі. Сөздерді септей алады.

Септік атауларын, жалғауларын, сұрақтарын біледі. Тақырып бойынша сұрақтарға жауап бере алады.

Тақырып бойынша күрделі тапсырмаларды орындайды. Тақырыпқа сәйкес сұрақтар құрастыра алады


Тілдікмақсаттар


Пәндік лексика мен терминология:

Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы:

Алдыңғы оқу

Айгүлдің, қызанақтың. Кімнің? Ненің?

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)


Оқыту

ресурстары

І.Ұйымдас

тыру

кезеңі:

1.Оқушылардың сабаққа қатысуын қадағалау.

2. Оқушыларды топқа бөлу.

2-3 мин.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

«Көңіл күй букеті» әдісі

  • Көңіл күйлеріңіз қалай?

  • Керемет!

  • Сабаққа дайындығымыз қалай?
    Тамаша!

  • Сабаққа дайындығымыз қалай?

  • Тамаша!

  • Ендеше бастайық!

(Ұ, Ж) Жұмыс ережесін келісу

  • Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!

  • Уақытты үнемдейміз!

  • Нақты,дәл жауап береміз!

  • Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!

  • Сабаққа белсене қатысып, жақсы баға аламыз!





Қимылмен жасайды

(2 қолды көтеру)


(шапалақ)


(бас бармақ көрсету)

Маркер


Суреттер топтамасы

ІІ.Үй жұмысы:

«ВЕЕР» әдісі

Мақсаты: Өтілген тақырыпты қайта еске түсіріп, жаңғырту.Бірінші оқушы бір бөлігіне сабақта өтілген тақырыпқа қатысты сұрақтар жазып шығады, екінші оқушы екінші бөлігіне қысқаша жауап жазып тапсырады. Өзара бағалау.

Жұптық жұмыс.



ІІІ.Жаңа сабақ:

1. Сабақтың мақсаты хабарланады.

2. "Ой қозғау" ребус шешеді



Барыс септік



-ға, -ге

-қа, -ке

Кімге?

Неге?

Қайда?

Ата-ға

Әже-ге

Тас-қа

Бет-ке








Оқулықпен жұмыс

Балалар, Қ. Мырзалиевтің «Жеті септік» өлеңін тыңдайық.

Жеті септік- жеті бала,

Жетеуінің атын ата.

Кімнің?ненің?-деп анықтап,

Ілік септік іліп алар.

Кімді?нені? керек етсең

Табыс сұрап жүріп табар.

Кімге?неге?қайда? десең

Жатыс септік сонда жатар

Шығыс септік кімнен?неден?

Қайдан шықтың соны айтар

Кіммен?немен?керек болса

Көмектес көмек беріп қайтар.

Барыс септіктің сұрақтары- кімге?неге?кімдерге?нелерге?қайда?

Барыс септіктің жалғаулары- ға, -ге, -қа,- ке.

Өлеңді мәнерлеп оқы. Қарамен жазылған сөздердің түбірі мен қосымшаларын тап.

Менің балғын достарым

Құмарсың мөлдір аспанға,

Сен бүгін бала қырансың.

Қазір де сонау асқарға,

Ұшқалы тұрған шығарсың.

Ұқсайсың өзің көктемге,

Көктемге бірақ құмарсың.

С.Жиенбаев

-Қарамен жазылған сөздерді тауып, жалғауларын ажыратайық.



3. "Түймедақ" әдісі. (3 топ күлтешеге септіктің сұрағын, жалғауларын, септік атауын жазып шығады)



Сергіту сәті

Топпен жұмыс (есте сақтау қабілетін дамыту, мақалды жатқа жазу)

4. 45-жаттығу






Пазылдар” әдісі



1-топ Бес жолжы өлең

2-топ Септейді

3-топ Барыс септігінің жалғауын жалғап сөйлем құрайды

2-жаттығу. Жұмбақтарды көшіріп жаз. Барыс септігіндегі сөздерді тауып, сұрақ қой.

Бір тұлпар су ішпейді, жем жемейді,

Есіркеп, ешбір адам жем бермейді

Жүк емес жануарға жүз адам да,

Доғасын сымға сүйкеп, зымырайды.

Суға батпайды,

Отқа жанбайды.

Айнымайды шыныдан

Қорқады, тек жылыдан.

Мәтінді оқы. Мәтіннен ілік, барыс септіктегі сөздерді өздері байланысатын сөздерімен теріп жаз.

Омар Есіл өзенінің жағалауынан сауысқанның балапанын тауып алды. Ол балапанды үйге алып келді. Балапанға нанның үгіндісін берді. Омар балапанды тауыққораға орналастырды. Балапан ауладағы итпен де достасты. Ол әуелді тауықша қыт-қыттап, ал кейін итше үретін болды. Ит балапанға үйді күзетуді үйретті. Бір күні басқа сауысқан балапанды шықылықтап шақырды. Ит сауысқанға үріп, оны үркітіп жіберді.

«Жыл он екі ай» басылымынан

Мәтінді оқы. Барыс септіктегі сөздерді өзі байланысатын сөздерімен теріп жаз.

Дала кемесі

Шөл даладағы ыстыққа тек қана түйе шыдайды. Оның қалың табанынан ыстық та, суық та өтпейді. Оның жалпақ табаны құмға батпайды. Түйе 40-50 километр жолға су, тамақ ішпей- ақ жүреді. Ол шөлде өсетін тікен шөптерді жейді. Түйе қорды өркешіне жинайды. Түйені аштықтан сақтап, шөлге төзімді ететін де осы өркештегі майы. Ол 45 күнге су ішпей- ақ шөлге шыдайды.

Құмды шөлге қолайлы көлік- түйені халық «дала кемесі» деп атайды.

«Жыл он екі ай» басылымынан





1.Суретке қарап ребусты шешіп бүгінгі сабақтың тақырыбын табады.


2.І-топ Берілген сөздерді барыс септігіне қойып, сөйлем құрап жазады

.ІІ-топ Барыс септіктегі сөздерді тауып, олардың сөйлемде қандай мүше болып тұрғанын айтады.

ІІІ-топ Сөйлем мүшесіне талдап, өандай мүше, қайсөзбен байланысып тұрғанын анықтайды.

3. Топтық жұмыс.

5. Өз беттерінше ауызша орындау.

6. (топтық жұмыс, тақтамен жұмыс)

Берілген 3-топ пазылдардан суретті құрастырып,атын

атап тақтаға септейді, барыс септігінің жалғауын жалғап сөйлем құрайды, 5 жолды өлең жазады


Тапсырма

ны орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату










3 дəптермен жұмыс

Түрлі түсті қарындаштар



















Тапсырма

ны орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.





Оқулықпен жұмыс



3 дəптермен жұмыс












Оқушыларды топтарға бөлуге арналған суреттер

ІY. Бекіту және пысықтау:

Альтернативті тест иә, жоқ
(жеке жұмыс)

1.Қазақ тілінде 6 септік бар.

2. Кімнің? Ненің? шығыс септігінің сұрақтары ?

3. Зат есімнің септік жалғаулары арқылы өзгеруін зат есімнің септелуі дейміз.

4. Барыс септігіндегі сөзге кімге?неге? деген сұрақтар қойылады.

5. Барыссептіктіңжалғаулары: - мен, -бен, -пен.

6. Далаға, гүлге, суға барыс септігіндегі сөздер.


2. Сематикалық карта.

1.Оқушы ия, жоқ деп белгілеп, кестені толтырып жеке жұмыс жасайды.








2. Кестені толтырады.


Y. Кері байланыс

1. "Бес бармақ" әдісі.

1. Бас бармақ – өзімді қалай сезіндім?

2. Балаң үйрек – басқаларға көмегім тиді ме?

3. Ортан терек – бүгінгі көңіл күйім қандай болды?

4. Шылдыр шүмек – бүгінгі сабақ ұнады ма?

5. Кішкентай бөбек – бүгін не үйрендім?







Қосымша ақпарат


Саралау – Сіз оқушыларғакөбірекқолдаукөрсетудіқалайжоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайміндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың білімін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-ны қолдану

Құндылықтарменбайланыс

(тәрбие элементі)

Жоғарғы деңгейлі сұрақтар.



Рефлексия

Сабақ мақсаты/оқу мақсаты қаншалықты жүзеге асты? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Дифференциациялап оқыту өз мәнінде жүзеге асты ма? Өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?


Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты сол жақ бағанда келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз.


Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)

1:

2:

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқытуға және үйренуге қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпаратты білдім?











Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!