400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ 4 сынып 2-ге, 5-ке, 10-ға бөлінгіштік

Материал туралы қысқаша түсінік
Көптаңбалы сандармен есептеулер жүргізгенде қосу және көбейтудің қасиеттерін қолдануды білесің; 2-ге, 5-ке, 10-ға бөлінгіштік белгілерге сүйеніп, натурал сандарды топтастырады
Материалдың қысқаша нұсқасы

1 Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі

___________________________________________

(білім беру ұйымының атауы)

Математика пәнінен

Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары

2-тоқсан

Бөлім:


Педагогтің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)


Күні:


Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

2-ге, 5-ке, 10-ға бөлінгіштік

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

  • 4.1.2.3 көптаңбалы сандармен есептеулер жүргізгенде қосу және көбейтудің қасиеттерін қолдану;

  • 4.1.2.4 2-ге, 5-ке, 10-ға бөлінгіштік белгілерге сүйеніп, натурал сандарды топтастыру;

Сабақтың мақсаты

Көптаңбалы сандармен есептеулер жүргізгенде қосу және көбейтудің қасиеттерін қолдануды білесің; 2-ге, 5-ке, 10-ға бөлінгіштік белгілерге сүйеніп, натурал сандарды топтастыруды үйренесің;


      Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

7 мин

Ұйымдастыру кезеңі

-Сәлемдесу

-Оқу құралдарын түгендеу

Психологиялық ахуал қалыптастыру.

Жұмыс ережесін келісу

Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!

Уақытты үнемдейміз!

Нақты,дәл жауап береміз!

Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!

Сабаққа белсене қатысамыз!

Оқушылар арнайы педагогпен амандасады.

Оқу құралдарын түгендейді.

Жұмыс ережесімен танысады.

Ауызша мадақтама айту:


Жұмыс дәптері, қалам,

түрлі-түсті қарындаш, оқулықтар.











Сабақтың ортасы

35 мин

Жаңа сабақ тақырыбын таныстыру: «2-ге, 5-ке, 10-ға бөлінгіштік»

Сабақ мақсатын хабарлау:

Бүгінгі сабақта көптаңбалы сандармен есептеулер жүргізгенде қосу және көбейтудің қасиеттерін қолдануды білесіңдер; 2-ге, 5-ке, 10-ға бөлінгіштік белгілерге сүйеніп, натурал сандарды топтастыруды үйренетін боласыңдар.


Жаңаны ашу


Есіңе сақта!

0-мен аяқталатын сандар 10-ға бөлінеді. 0-мен және 5-пен аяқталатын сандар 5-ке бөлінеді. 0, 2, 4, 6, 8-ге аяқталатын сандар 2-ге бөлінеді.



Ендеше жаңа тақырып бойынша тапсырмалар орындаймыз.

Оқушылар сабақтың тақырыбы және мақсатымен танысады.


Оқушылар жаңа тақырып бойынша мәліметтерді есіңе сақтайды.

Жарайсың!









Жаңаны қолдану әдісі

1-тапсырма. Қай сандар 5-ке бөлінеді?

Қай сандар 2-ге бөлінеді? Анықта.


Оқушылар сандардың қайсысы 5-ке, 2-ге бөлінетінін анықтайды.

Тамаша!





2-тапсырма. Кестеден 5-ке, 10-ға бөлінетін сандарды тап.



Эйлер дөңгелегін салып, оған кестеден 4 саннан алып жаз.

Оқушылар 5-ке, 10-ға бөлінетін сандарды анықтайды. Эйлер дөңгелегін салып кестеден 2-ге, 5-ке бөлінетін 4 санды жазады.

Сенің қолыңнан келеді!


3-тапсырма. Есепті шығар.




Оқушылар есептерді шығарады.

Керемет!



4-тапсырма. Берілген сандар 5-ке бөлінуі үшін олардың әрқайсысына қандай ең кіші санды қосу қажет?


Оқушылар берілген сандарды 5-ке бөлу үшін оларға қажетті сандарды қосады.

Тамаша!



5-тапсырма. Сандарды құрастыр.



Бүгінгі 2-ге, 5-ке, 10-ға бөлінгіштік белгілерге сүйеніп, натурал сандарды топтастыруды үйрендіңдер.

Оқушылар сандарды тауып жазады.




Жарайсың!


Сабақтың соңы

3 мин

«Піл» әдісі

Оқушыларға пілдің суретін салғызып, жинап алады. Суретке қарай талдайды (құлақ – жақсы тыңдады, көз – суреттен жақсы есте сақтайды...)

Оқушылар пілдің суретін салып, сабақтан алған әсерлерімен бөліседі.

Керемет!

«Піл» әдісі

Үй тапсырмасы

Есепте және тексер.


Оқушылар үй тапсырмасын орындайды.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
16.03.2025
287
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі