жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ, 4 сынып , Қараторғай
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Сабақ: Әдебиеттік оқу |
Мектеп: №12 І.Қабылов атындағы орта мектебі
|
|||
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні: Аданова Жанат
|
|||
Сынып: 4 Б |
Қатысқандар: |
Қатыспағандар: 0 |
||
Сабақтың тақырыбы: |
Қараторғай. |
|||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары |
Ж. Аймауытов туралы қосымша түсінік беру, мәтінді оқи отырып, қараторғай құсы, оның ерекшелігі және тіршілігі туралы мағлұмат беру, мәтін мазмұнын меңгерту. Оқиғаның өзекті түйінді ойын ашуға жағдай жасау. |
|||
Сабақтың мақсаттары |
Барлық оқушылар: 1. Мәтінді түсініп оқиды, әңгімені түсіндіре алады. 2. Мәтінді талқылау арқылы негізгі ойын айтады.
|
|||
Оқушылардың басым бөлігі: 1.Мәтін мазмұнын жүйелі өз сөзімен айтады. 2.Мәтіндегі негізгі идеяны анықтайды. 3. Өз ойларын анық жеткізе біледі, құстар туралы біледі.
|
||||
3. Кейбір оқушылар: 1. Мәтін мазмұнын көркем тілде мазмұндайды. 2. Мәтіндегі негізгі ойды өмірмен байланыстырып мысалдар келтіреді. 3. Әңгімедегі «Қонағым қол басындай, мінезі қорғасындай» сөйлемнің мағынасын түсіндіре алады. |
||||
Бағалау критерийлері |
|
|||
Тілдік мақсаттар |
Оқушылар орындай алады: Мысал келтіреді өз пікірін айтaды, қайталап айта алады. Көптілділік: құстар—птицы – birds; қонақ— гость - guest |
|||
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: Терминмен жұмыс жасайды. |
||||
Диалог құруға/шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер: Қараторғайлар пайдасы және зияны туралы айту «Қонағым қол басындай, мінезі қорғасындай» дегенді қалай түсінеміз? |
||||
|
||||
Сіз неліктен ... екенін айта аласыз ба? Неліктен қазақ халқы қараторғайды ерекше күтеді?
|
||||
Алдыңғы оқу |
Құстардың түрлерін біледі.
|
|||
Пәнаралық байланыс |
Дүниетану, қазақ тілі
|
|||
Құндылықтарға баулу |
Қайырымдылыққа,еңбекқорлыққа, адамгершілікке баулу. Сын тұрғысынан ойлау. Жеке, жұптық, топтық жұмыс барысында өзара сыйластықты, жауапкершілікті сезіну.
|
|||
Жоспар |
||||
Жоспарланған уақыт |
Жоспарланған жаттығулар түрлері
|
Ресурстар |
||
Сабақтың басы
7 минут
Сабақтың ортасы
30 минут
|
1 минут
2 минут
2 минут
2 минут
5 минут
5 минут
2 минут
1 минут
10 минут
|
І. Ұйымдастыру кезеңі. 1. Оқушылармен сәлемдесемін. 2. Оқушылардың сабаққа қатысуын қадағалаймын. 3. Сыныпта жағымды психологиялық ахуал туғызу Күн жарығын алақанға саламын, Жүрегіме басып ұстай қаламын. Ізгі әрі нәзік,жарық,мейірімді, Болып кетер сонда дереу жан-жағым . Сыныпқа қима қағаздар арқылы топтарға біріктіремін. (Аққу, қарлығаш, бозторғай, тырна) ІІІ. Жаңа тақырып. Сыныптық жұмыс. «Түрткі сұрақ» әдісі арқылы оқушыларға ой қозғау үшін төмендегідей сұрақтар беріледі. - Балалар қандай суреттер шықты? - Бұл құстар қандай қандай құстарға жатады? - Неліктен оларды жыл құстары деп атайды? - Құстар туралы жұмбақтарды шешіп көрейік. Осы жұмбақтарды шешсек бүгінгі тақырыбымыз шығады.
Мұғалім түсіндірмесі. Сабақ тақырыбы мен мақсатын таныстырамын. Мәтін мазмұнын түсіну Мәтіннің негізгі идеясын білу
Аудиодан тыңдау арқылы қараторғай туралы түсінік беру Ауылға қараторғай келісімен күннің көзі ашылып,күн жылынады. Қараторғай маусымдық құстарға жатады. Олар суық түскенде жылы жаққа ұшып, көктемнің басында ең алғаш болып ұшып келетін құс. Қараторғай келсе халық қуанады, көктем келді, енді күн жылынады деп. Ерте келетін қараторғайлар тоңып қалмау үшін оларға ұя жасайды. Қараторғайды «шегіртке жегіш» деп те атайды. Көптеген шегірткелерді құртып, пайда келтіретін құстар. Олар әндердің әуенін керемет дәлдікпен орындайды екен. Қараторғайды әншілер әнге қосып шырқаған. Аудиодан қараторғай дыбысын тыңдату.
Автор туралы мәлімет беру Ж.Аймауытов 1889 жылы Баянауыл ауданы, Павлодар облысында дүниеге келген. Қазақтың көрнекті жазушысы, драматург, публицист, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі. Жастайынан арабша хат танып, оқып үйренген. Аймауытов өзінің қысқа ғұмырында артына аса бағалы бай әдеби, ғылыми мұралар қалдырып үлгерді. Ол В.Шекспир, А.С.Пушкин, Л.Н. Толстой шығармаларын аударды. Оның шығармалары: «Күнікейдің жазығы», «Ел қорғаны», «Қартқожа», «Шернияз» т.б.
Оқулықпен жұмыс Болжау әдісі арқылы мәтіннің бастапқы бөлігін аудиодан тыңдау. Оқушылардың жауабын тыңдау. Қалған бөлігін оқулықтан оқу.Сұрақтарға жауап алу.
Мәтінмен
жұмыс:
Мәтін
бойынша берілген сұрақтарға жауап
беру. «Қараторғай» әңгімесімен тақырыбы
ұқсас тағы қандай шығарма оқыдың?
Естеріңе түсіріп көріңдер.
Сөздік жұмыс Қаумалап – бірнеше адамның қоршап, жиналып алуы. Отағасы – отбасындағы ер адам, әке. Сырғауыл
– жіңішкелеу келген ұзын ағаш.
(Қараторғай
әнін тыңдап, қимыл жасату) Топтық жұмыс.
...................... досымыз, ........................ қосыңыз. ................... достары ...................... қарсы алды. 2-топ. «Досыма хат» стратегиясы. (Қараторғайдың пайдасы) 3-топ. Әңгіме кестесі. Шығарманың аты: Қараторғай
Авторы:
Жүсіпбек Аймауытов Не үйретті? 4-топ. Т кестесі «құстардың пайдасы мен зияны)
Келесі топты бағалау критерийлері алдын-ала парта бетіне қойылады. Бағалау критерийлері 1.Тапсырманың дұрыс орындалуы,ашылуы. 2. Тапсырманың сауатты орындалуы. Бағалау критерийлеріне сәйкес топтар бір-бірін бағалайды.
Жұптық жұмыс «Халық болжамдарын сәйкестендір»
5.Торғай ерте су ішсе, көктем ерте шығады. Слайдтан дұрыс жауабын шығару арқылы тексеріп, 5 дұрыс болса жасылды, 4 дұрыс болса сары, 3-2 дұрыс болса қызыл түсті көтереді.
Бекіту «210» әдісі арқылы сабақты бекітемін. 2минутта бүгінгі сабағымызда естеріңде қалған 10 сөз теріп жазу
Бағалау Қысқа
тест.
Слайдтан дұрыс жауабын шығару арқылы тексеріп, 5 дұрыс болса жасылды, 4 дұрыс болса сары, 3-2 дұрыс болса қызыл түсті көтереді.
Кері байланыс. Қараторғайды ұшырайық
Үйге тапсырма Мақал-мәтел жазып келу
|
слайд
Аудио тыңдалым
аудиожазба
слайд
оқулық
оқулық
аудиожазба
Таратпа қағаздар
|
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген