Алматы қаласы, Әуезов ауданы,
№113 мектеп-гимназия
Қазақ тілі
мен әдебиеті пәнінің мұғалімі - Алимбаева
Айнур Аманкелдиевна
Сабақ
жоспары 4 сынып
Сабақтың
тақырыбы: Бағдаршамның
түсі
Сабақтың
мақсаты: Балаларды
жолда жүру ережесіне сәйкес, бағдаршамның
атқаратын қызметімен таныстыру. Балаларды
жолда жүру ережесін мұқият сақтауға
үйрету. Жауапкершілік сезімдерін
дамыту. Баланы зейінді, мұқият болуға
тәрбиелеу.
Сабақ
түрі: Аралас сабақ
Қолданылатын
әдіс-тәсілдер: «Үнсіз
оқу» тәсілі, түсіндіру, сұрақ-жауап
т.б.
Қолданылатын
көрнекіліктер:
Бағдаршамның суреті, жол белгілері, жол
қауіпсіздігі туралы суреттер, интерактивті
тақта, слайдтар.
Сабақтың
барысы:
1.
Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу, түгендеу, оқу құралдарын
тексеру.
2. Үй
тапсырмасын тексеру, бекіту.
Үй тапсырмасына өткен тақырып бойынша
сұхбат жазу берілген. Соны тексеремін.
Бағалаймын. Сұрақтар қою арқылы бекітемін.
А) Жер асты
жолы қалай аталады?
Ә) Ең бірінші
метро қашан және қай қалада пайда болған?
Б) Біздің
қалада метро бар ма?
В) Ол қай
жылы соғылды?
Г) Сен метро
қызметін пайдаланасың ба?
Д) Біздің
метрода қандай бекеттер бар?
Е) Алматы
метросы қалай безендірілген?
3 Жаңа
сабақ. Жаңа материалды беру.
А)
Сөздікпен жұмыс.
Тақырып
бойынша жаңа сөздерді тақтаға жазып,
сөздік дәптерлеріне көшіртемін.
Хормен
және жекеше бірнеше мәрте қайталатамын.
Жаңа
сөздермен сөз тіркесі және сөйлем
құратамын.
Жаяу
жүргінші өткелі - пешеходный переход
Қиылыс
- перекресток
Жол
жүру ережесі - правила дорожного движения
Абай
бол! – будь внимательным !
Көлік
– транспорт
Жаяу
жүргінші - пешеход
Қолайлы
- удобно
Сабақтың
тақырыбын ашу мақсатында, оқушыларға
жұмбақ жасырамын.
Жасыл
көзі «жүр» дейді,
Қызыл
көзі «тұр» дейді.
Сары көзі
«дайын бол» дейді.
Бұл не?
Оқушылар «бағдаршам деп» жауап береді.
Мұғалім:
- Дұрыс айтасыңдар, балалар. Өткен сабақта
жерасты жолы – метро туралы білген
болсақ, бүгінгі сабағымыз «Бағдаршамның
түсі» деп аталады. Бүгінгі сабағымызда
бағдаршамның атқаратын қызметі, жол
жүру ережесі жайлы білетін боламыз.
Оқушылардың
назарын тақтадағы бағдаршамның суретіне
аудартамын.
Мұғалім:
- Балалар, суретте нені көріп тұрсыңдар?
Оқушылар:
-Үш түсті дөңгелек бар.
Мұғалім: -
Осы үш түсті кім атап береді?
Оқушылар:
- Сары, жасыл, қызыл.
Мұғалім :
-Өте дұрыс. Бұл – бағдаршам деп аталады.
Қазір біз бағдаршамның не үшін керек
екенін, қандай қызмет атқаратынын
білетін боламыз. Жол жүру ережелерімен
танысамыз.
Ә)Мәтінмен
жұмыс. Оқылым.
Оқушыларға
мәтін таратып беремін. Берілген мәтінді
оқушылар «Үнсіз оқу» әдісі бойынша
іштей оқып шығады. Түсінбеген жерлерін
сұрайды.
Бағдаршамның
түсі
Бағдаршамның
үш түсі бар: қызыл, жасыл, сары. Бағдаршам
бізге жол қиылыстарынан, жолдан өтуге
көмектеседі. Қызыл көзі жанғанда тоқтау
керек. Сары көзі жанғанда , көліктер
жүруге дайындалады. Жасыл көзі жанғанда
жүруге болады. Бағдаршамның үш көзі
жаяу жүргіншіге де, көліктерге де
қолайлы. Бағдаршам тоқпен жұмыс істейді.
Көшеден
өткенде жаяу жүргінші өткелімен және
бағдаршамның жасыл көзі жанғанда өт!
Жол қиылысында
абай бол! Бағдаршамға қарауды ұмытпа!
Мәтінді
мәнерлеп оқимын.
Не
түсінгендерін сұраймын.
Мәтін
бойынша сұрақтар қоямын.
Айтылым.
Оқушылар қойылған
сұрақтарға жауап береді. Сұрақтарды
интерактивті тақтадан көрсетемін.
Сұрақтар:
Бағдаршамның
неше көзі бар?
Ол түстер
нені білдіреді?
Көше
қиылыстарында не тұрады?
Жолдан
қандай жерлерден өтуге болады?
Б)
Сергіту сәті.
Орнымыздан
тұрамыз,
Қолды
белге қоямыз.
Бір
отырып, бір тұрып,
Бір
отырып, бір тұрып,
Біз
демалып қаламыз.
В) Жаңа
сабақты бекіту.
Жазылым.
Жаңа сабақты
бекіту және оқушылардың алған
мағлұматтарын пысықтау мақсатында,
оқушыларды 3 топқа бөлемін. Берілген
флипчартқа бағдаршам туралы , жол жүру
ережелері туралы не білгендерін
толтырады. Суретпен де көрсетсе болады.
Флипчарт
толтыруға оқушыларға 5 минут уақыт
беремін. Ақылдаса отырып, өздері
толтырады.
Айтылым.
Тақтаға
кезекпен шығып , қорғайды. Әр топ
қарсыластарының айтпай кеткен жерлерін
айтып, толықтырады. Кемшіліктерін
айтып, дұрыстайды.
Г)
Грамматикалық тапсырма.
Бағдаршам сөзіне фонетикалық талдау
жасатамын.
Д) Жаңа
сабақты қортындылау.
Сұрақтар арқылы.
- Балалар,
бүгінгі сабағымызда не туралы өттік?
- Бағдаршамның
неше көзі бар? Олар нені білдіреді?
- Жаяу жүрген
кездегі белгілер қандай?
Ж)
Рефлексия. Оқушылардың
көңіл-күйін білдіретін смайликтер
арқылы жүргіземін.
З)
Бағалау. Үйге тапсырма.
Жаңа сөздерді
жаттау. Мәтін бойынша сұхбат құру.