400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ 4 сынып "Елі сүйген, елін сүйген - Елбасы!"

Материал туралы қысқаша түсінік
барлық мұғалімдерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы:. Елі сүйген , елін сүйген - Елбасы

Мақсаты: 1.Оқушыларға Қ.Р. Президенті Н.Ә.Назарбаев өмірі мен шығармашылыққа толы атқарылған істері туралы мәліметтер беру.
2. Оқушыларға президенттің ел үшін жасаған істерін үлгі ету.
3. Оқушылардың өз Отанын , халқын сүйктін азамат болып өсуге , елжандылыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: әдеби-сазды кеш
Сабақтың әдісі:түсіндіру, сұрақ-жауап, талдау, жинақтау.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд, буклет, нақыл сөздер.
Барысы:
Әнұран: Қ.Р. әнұраны орындалады.
Кіріспе сөз: 
Армысыздар қадірлі көрермендер, бүгінгі арнайы жаңалықтар қызметі –Тұңғыш Президент күніне арналмақ.
Бүгін көретіндеріңіз. андатпа
1. «Жылдар с
өйлейді»
2. «
Өмірбаяны»
3. «
Тарихи суреттері»
4. «
Туындылары,нақыл сөздері»
5. «П
ікірлер»
6. «
Жетістіктер» Топқа бөлу 1,Ғалымдар айтады 2,Суретшілер бейнелейді 3,Ақын-жазушылар жырлайды 4,Тілшілер сөйлейді
Ал балалар. Жылдар сөйлейді атты сұрақ-жауап ойынымызды бастаймыз. Мен сендерге сұрақ коямын, сендер жауап беру арқылы Қазақстан мемлекетінің картасын ашамыз. 1. 1-желтоқсан қандай кун ? 2. Тұңғыш президентіміз кім ?

3. Қай жылы сайланды ?

4.Қай жылы тәуелсіз мемлекет болып сайландық ? 5.Мемлекеттік рәміздер бекітілген күн?

6.Тудың авторы кім?

7,Елтаңба авторы кім?

8.Әнұран авторлары кім?

9. Ұлттық ақшасы- Теңге қай жылы айналымға енді

10. ҚР-ның тұңғыш Ата заңы қашан қабылданды

Ал балалар, Қазақстан картасын аштық, жеріміздің шекарасын, кеңдігін, қалаларын көрдік.Осы жерді, елді басқаратын ерекше тұлға жайында білеміз бе. Сол жайында ғалымдар тобының айтары бар екен соны тыңдайық.

Ғалымдар: Бізге ол кісінің өмірі қызық болды сол жайында мағлұмат бере кетсек. Н.Назарбаев- бәрінен бұрын өз міндетін, өз тағайындалуын терең сезінетін, үлесіне тиген міндетті жауапты әрі қажырлықпен атқаратын адам. Ол әр қадамын шын мәнісінде өте мұқият есептейді ол үшін саясатшы болу –бойға біткен дарынмен қатар күн сайынғы аса ауыр жұмыс және өмір дағдысы.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6-шілдеде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданы Шамалған ауылында дүниеге келгеен . Балалық шағы таршылық жағдайда өткен. Үлкендердің мал бағуына, бау-бақша, шөп шауып, отын жарды. Өзі еске алғандай, өсірген аз өнімдерін сатып, үй ішіне қажетті заттар алу үшін есек жеккен арбамен жақын маңдағы теміржол стансасына бару деген ол кезде керемет мереке саналған. Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алды. Ата-анасын қатты құрмет тұтты.

Кейінірек Нұрсұлтан Назарбаев өзінің кітаптарының бірінде былай деп жазды: «Кейінгі кезде өзінің «пролетарлық» тегімен көкірек қағу басқа бір нәрсенің салқынымен алмасты: қайткенде де өз тегінен «ақсүйектік» қасиет іздеп табу етек алды. Ондай біздің тұқымда болған емес. Мен – қойшылардың ұлымын, немересімін және шөбересімін. Демек, ешқандай ақсүйектер әулетінен емеспін. Менің ата-бабаларымның бәрі де Алатау баурайында өмір сүрген»

Нұрсұлтанның балалық және жастық шағы ұзаққа созылған жоқ.  Мектепті бітіріп, 18-ге таяған Нұрсұлтан өз қатарластарының арасында терең білімімен, ой-өрісінің кеңдігімен ерекше көзге түсті. Тынымсыз еңбек, спортпен жүйелі айналысу оны тығыншықтай етіп, шыңдап шығарды. Ол құрбы-құрдастарына қарағанда әлдеқайда ересек сияқты көрінетін. Бірақ оны ерекшелеген басты нәрсе – пікір айтудағы және әрекет етудегі дербестік пен жетекшілікке тұрақты ұмтылыс еді. Ол құрбы-құрдастарымен алғаш танысқан сәттен бастап, тіл табысып кете беретін. Өз ортасының ұйтқысы және қоғамдық ұйымдастырушысы болды. Әзіл-қалжыңға бейім болды, әнді жақсы айтатын, елдің көңілінен шығып, өз ортасын тез үйіріп әкете білді.

Сол кезде оның тағы бір қыры ашылып, прагматизмге қадам басты. Теміртаудағы металлургия комбинатының құрылысына комсомолдарды жинап жатқанын білген соң, Нұрсұлтан металлург болуға бел буды.   Нұрсұлтан ертерек еңсесін тіктеп, өз ахуалын жақсартып, ата-анасына, туған-туыстарына материалдық тұрғыдан көмектескісі келді. Өйткені, ол отбасындағы үлкен ұл еді. Жас Назарбаев ауқымды құрылыста жаңа үлкен өмір басталатынын, алдан жеке мүмкіндіктер мол ашылатынын қапысыз сезінді. Ол өз өміріне, өз тағдырына өзі иелік етуге бел байлап, түбегейлі шешімге бекінді

Теміртауға келген соң, ол болашақ металлург ретінде Украинаға, Днепродзержинск қаласындағы Днепр металлургия комбинаты жанындағы кәсіптік-техникалық училищеге оқуға жіберілді. Нұрсұлтан шыныққан шымыр жастардан іріктелген домнашылар тобына қосылды. Жас Назарбаев бұлшық еті мен мінезінің мықтылығын спортта, балуандардың боз кілемінде дәлелдей білді. Осындай жекпе-жектердің бірінде ол өзінің әріптесі, жергілікті украин жігіті Николай Литошконың жауырынын жерге тигізді.   «Миколаның» әдепкідегі таң қалуы кейіннен құрметке ауысып, қазақ Назарбаев пен украин Литошко арасындағы мызғымас достыққа ұласты. Нұрсұлтан Литошко отбасының жиі барып тұратын қадірлі қонағына айналды. Днепродзержинскідегі бір жарым жылдық оқу мерзімі тез өте шықты

 Осы жылдарда оның өмірінде тағы бір маңызды оқиға болды. Нұрсұлтан Әбішұлы кейіннен былай деп жазды: «Ал сол жылдардың өмір бойы есте қалатын ең бір елеулі оқиғасы – болашақ келіншегім Сарамен алғашқы кездесуім. Ал бұл кездесу... бір апаттан кейін домна пешінің жанында болған еді. Әдетте апат болып, металл жерге төгіліп жатқанда түгел ауысым бар қалдықты жинап, теміржол қозғалысын қалпына келтіргенше ешкім ешқайда кетпейді. Бұл бір бұлжымас тәртіп еді. Күні бойы боласың ба, тәулік бойы боласың ба, өзің бүлдіргенді өзің ретке келтіруің тиіс. Осындай қолайсыз бір сәт еді – тәулік бойы дерлік табанымыздан тік тұрған кезіміз, тұла бойымыз қазанның түп күйесіндей қап-қара, тек көзіміз жылтырап, аппақ тісіміз ақсияды. Сол күні қосалқы электр станциясында кезекші болып, біздің пешіміздің түбінде не болып жатқанын көруге келген қызға кез бола кеттім. Көп ұзамай тойымыз болды. Өзім екпінділер мен белсенділер қатарында жүргендіктен коллективіміз оны комсомол-жастар үйлену тойы етіп өткізіп берді». Бақытты жас отбасы тез жетіліп, өсіп-өніп келе жатты, шаңырақтарында үш қыз – Дариға, Динара және Әлия дүниеге келді. Жас жұбайлардың өздері де кәсіби тұрғыдан өсе берді. Зауыттың жолдамасы бойынша Назарбаев өз цехындағы бірнеше жігітпен бірге Қарағанды политехникалық институтына түсті. Ол онда Теміртауда тұратын талапкерлерден жасақталған ЛП-62-2 (қара және түсті металл құйма өндірісі) тобына бөлінді. Ол жылдары техникалық жоғары оқу орындарында оқуды өндірістегі еңбекпен үйлестірудің сынақ-тәжірибесі өткізілетін. Бұл болашақ мамандықтың практикалық жағын игеруге септігін тигізді, алайда жұмыс істеу және сонымен бір мезгілде институтта оқу өте қиын болды. Осылайша, бұлар бірінші курсты бітіріп шықты, ал келесі екі курс өндірістен ажыраған таза студенттік кезең болды. Нағыз студенттік өмірдің барлық қажетті атрибуттары – сынақтар, сессиялар, зертханалық жұмыстар еді. Бұл Нұрсұлтан Назарбаев үшін тыңғылықты білім алуды одан әрі жалғастырған жылдар болды.
Өміріндегі бетбұрысты сәт оның 1972 жылы өзіне етене жақын Қарағанды металлургия комбинатында партия комитетінің хатшысы лауазымына тағайындалуы болды. Ол 30 мың адам жұмыс істейтін Қазақстан ауқымындағы аса ірі кәсіпорында комбинат директорынан кейінгі екінші тұлғаға айналды

Нұрсұлтан Назарбаев 1979 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің хатшысы болды. 1984 жылы 44 жасында Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Төрағасы болып тағайындалды. Ол КСРО-дағы одақтық республикалардағы ең жас премьер еді. Бірақ өзге әріптестерімен салыстырғанда  жас екендігіне қарамастан, ол сол кездің өзінде кемеліне келген мемлекет және қоғам қайраткері болып қалыптасты

Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі 1990 жылғы 24 сәуірде Қазақ КСР Президенті лауазымын белгіледі. Нұрсұлтан Назарбаев республиканың  Жоғарғы Кеңесі сессиясында Қазақстан тарихындағы тұңғыш президент болып  сайланды. 1991 жылғы 1 желтоқсанда республика президентінің алғашқы бүкілхалықтық сайлауы өтіп, оның барысында Назарбаев сайлаушыларының толық қолдауына ие болды. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі 1991 жылғы 10 желтоқсанда Қазақ КСР атауын Қазақстан Республикасы деп өзгерту туралы заң қабылдады және Қазақстан  Президентін ұлықтау рәсімін өткізді. 1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі республиканың мемлекеттік тәуелсіздігін жария етті. Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіз Қазақстан  Республикасының Президенті қызметіне кірісті. Тәуелсіз Қазақстанның жаңа дәуірі басталды. Ардақты ұлын ұлықтаған ұлағатты ұлтымыз айнымас басшысының еңбегін жоғары бағалады. Қазақстан Республикасының қайта қабылданғанКонституциялық заңы негізінде 2010 жылы 15 маусымда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Елбасы (Ұлт Көшбасшысы) мәртебесі берілді.
Суретшілер: Енді, балалар суретшілеріміз қандай жаңалықтармен бөліседі екен.

Нұрсұлтан Назарбаевтың суреттері жайында мағлұмат беруі.

Ақын-жазушылар:

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында оқырмандардың Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі жазған барлық 48 еңбегімен танысу мүмкіндігі бар.

1996 жылы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ғасырлар тоғысында» деген кітабы жарық көрді. Кітап үш тараудан тұрады. Бірінші бөлім – «Күні кешегіні көзге елестетсек». Бұл тарау 8 бөлімнен тұрады. Бөлімде КСРО-ның соңғы жылдарында үкімет дағдарысы күшейіп, болып жатқан оқиғалар Кеңес Одағын құлатуға әкеп соғатын бастамалар екендігі туралы айтылған. Қазақстан ядролық қаруды жоюдың, сақтаудың және тасымалдаудың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, ядросыз мемлекет болуда өз көзқарастары мен бағытын нық ұстана отырып, мемлекетке ұтымды жақтарын шет мемлекеттерге жасата алғандығы – тараудың негізгі түйткілі. Екінші бөлім – «Жол айрығында». Бұл тарау 6 бөлімнен тұрады. Тарауда ұлттық теңгеміздің шығу жолындағы туындаған қиындықтар мен оларды жеңуге арналған шешімдер туралы айтылған. Үшінші бөлім 9 бөлімнен тұрады. Бөлімде шет мемлекеттермен қарым-қатынастың орнатылуы сөз болған.

1999 жылы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тарих толқынында» кітабы жарық көрді. Мұнда мемлекет басшысы дүниежүзілік тарихтағы қазақтардың тарихи қызметі мен орны жөнінде ой толғайды. Бұл кітап сегіз бөлімнен тұрады. «Халықтың тарихи жадын сақтамайынша ұлтты қалыптастырып дамыту мүмкін емес, ал тарихи өткен жолымыздың елеулі кезеңі қашан да, қайда да ұлттық мемлекеттіліктің пайда болған уақыты болып табылады». Автор ұлттық сананың мәнін, оның түпкөзі мен үздіксіздігін қарастырады. 2001 жылы Астанада Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Бейбітшілік кіндігі» кітабы жарық көрді. Кітап «Қазақстан: ядролық қарусыз болашаққа» деп басталады. «КСРО ыдырағаннан кейін Қазақстан атом қаруының орасан зор әлеуетіне ие болып қалды. Біздің ел осынау арсеналдан бас тартудың үлгісін бірінші болып көрсетті. Сондықтан да біз бүгін барлық ядролық державалардыядрлық қаруды жою жөнінде нақты қадамдар жасауға шақырамыз», - делінген 304 беттік кітапShape1

2003 жылы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Сындарлы он жыл» кітабы жарық көрді. Бұл кітап кіріспе мен бес бөлімнен тұрады. Кіріспеде «Жалынның жады» деген тақырыпта Елбасының домна цехындағы жұмыс кезеңдері баяндалған. Кітаптың басты тақырыбы – терроризмнің қауіп-қатерінің таралуына дүние жүзі елдерінің бәрі дерлік бірігіп қарсы шығуының маңыздылығы

«Өмір өткелдері» – қазіргі таңда Елбасы туралы соңғы жарық көрген еңбек. 585 беттен тұратын сұхбат кітап 2015 жылы Астанада басылып шыққан. Аталмыш туынды ел Президентінің «Егемен Қазақстан» газетінің бірінші басшысы, қоғам қайраткері Сауытбек Әбдрахмановқа соңғы жылдары берген сұхбаттарының топтамасы ретінде жарық көрген. Тәуелсіз еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тарихи өмірі жайында жазылған шығармалар қатары биыл мазмұны терең осындай жаңа туындымен толықты.

Тілшілер: Алияның оқушылар ойы атты сұхбаты.

Нұрсұлтан Назарбаев жайында басқа мемлекеттердің президенттерінің пікірі. Амиртай Алияның оқушылар ойы атты сұхбаты.

Елбасына арнау өлеңдері және тілектері оқушылардың.

Қорытынды. Қазақстан Республикасының осы уақытқа дейінгі жетістіктері.

Ән: Елім менің.

Shape2

Shape3

Shape4







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
14 наурыз
605
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі