400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 14 материал табылды

Ашық сабақ 4 сынып Еңбекқорлық пен еріншектік 4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге, өзін өзі тану жас мамандарына керек деп білемін.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қ.А.Яссауи атындағы №123 мектеп-гимназиясы











Ашық сабақ



Тақырыбы: Еңбекқорлық пен еріншектік



Пәні: Өзін -өзі тану

Сыныбы: 4 «В»

Мұғалім: Медешова.Н.А.













Алматы қаласы 2018 ж



Мерзімі: 08.02.18ж

Мұғалім: Медешова.Н.А. Пәні: Өзін – өзі тану Сыныбы: 4 «В» Сабақ: 22

Сабақтың тақырыбы: Еңбекқорлық пен еріншектік

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер: еңбекқорлық, табандылық, шыдамдылық, адалдық.

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың еңбек , еңбекқорлық туралы түсініктерін кеңейте отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.


Міндеттері: -Балаларға еңбекқорлық пен еріншек туралы түсінік беру,

-еңбекке қызығушылықтарын арттыру,

-еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Ресурстар: оқулық, дәптер (аудио,видео жазбалар) Интерактивті тақта, сахналалық көрініске арналған құрал- жабдықтар.


Сабақ барысы:1.Ұйымдастырукезеңi: Сәлемдесу. Оқу құралдарына назар аудару.

Нұрға бөлену Ыңғайланып отырыңыздар! Денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз: күн нұры сіздің төбеңізден өтіп кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің хауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп сәуле шашуда. Қолыңыз тек жақсы ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады, аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте -бірте қарқын және шұғыланы бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... ғаламның барлық түкпір-түкпіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен нұрмын ».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз... енді осы нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жәймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет!

Жұлдызды сәт кезеңі 5 топтан 1 оқушыдан сөйлейді.

5 Т ережесін еске түсіру.

1-топ Тәртіп

2-топ Талап

3-топ Тыныштық

4-топ Тазалық

5-топ Татулық

Қызығушылығын ояту.

Анаграмма шешу: Еңбек,білім,жалқау,әдепті,еріншек сөздерін табады.

Е

Б

Ң

Е

К



Б

Л

М

І

М

Ж

Қ

А

Л

А

У

Д

Ә

Е

Т

І

П

Е

Р

Ш

К

І

Н

Е

Жаңа сабақ Тақырыбын хабарлау Еңбекқорлық пен еріншектік

Мағынаны тану Мәтінмен жұмыс Еңбексүйгіш пен Еріншек

В.А.Сухомлинский Васильевка селосында, Херсон жерінде (қазіргі Кировоград облысы) кедей шруалар отбасында 1918 жылы туған.1970 жылы дүниеден өткен.

Талантты ғалым,Украин елінде педагог, дарынды мүғалім болған.


Мәтін бөліктері бойынша топқа беріледі.Топта айтады.Топ ішінен бір оқушы айтады.

Сұрақтар:1.Еңбексүйгіш пен еріншектің әрекеттерінде қандай айырмашылықтар бар?

2.Нағыз адамның өткен жылдары өшпейді дегенді қалай түсінесіңдер?

3.Еңбексүйгіштің бойында қандай жақсы қасиеттер бар?

4.Еңбектену адамға не үшін қажет?

5. Өзіңді еңбекқормын деп санайсың ба? Неліктен?

Түйіндеу. Сонымен еңбекқор адам айналасына да сыйлы, беделді болады. Еңбекқорлық адамды шыдамдылыққа, табандылыққа, ұқыптылыққа, мақсат қоюға, адамдармен дұрыс қарым - қатынас жасай білуге және шығармашылыққа жетелейді.


Сергіту сәті Қырға шықсаң өрлеп, (қолдарын кезек кезек жоғары көтереді.)

Мұның аты еңбек. (Екі қолын жаяды.)

Кесте тіксең зерлеп, (оң қолымен ине ұстап,тіккен қимылды көрсетеді.)

Мұның аты еңбек (жанындағы көршісіне қарап қолын жаяды.)

Сабағыңа жөндеп (жанындағы көршісіне қарап сол қолын жаяды.)

Әзірленсең еңбек,

Қиындықтың бәрін (құшағын жаяды.)

Еңбек қана жеңбек ( екі қолын жаяды.)

Мұғалім сыйы: Алақоңыз бен құмырсқа Мысалын тамашалау

Алақоңыз бен құмырсқа

Мысыл



Ой қозғау. Оқушының ойларын сұрау

Тапсырма: Адал еңбек өнімді еңбек деген ұғымдарды сұрау

Түйіндеме:Адал еңбек бақытқа,табысқа,жасаған жұмысың еш кетпейді,пайдалы.

Өнімді еңбек өзіне ғана емес айналаңдағы адамдарға да,қоғамға да тиімді.

Shape1 Таза жүрек

Мінсіз адал еңбек

ақыл



4. Дәйексөз  «Еңбек- қуаныш, жалқаулық - айрылмас азап»

Абай

Алдымен ер балаларға, екінші қыз балаларға айтқызу. Барлығы бірге айту.

Дәйексөз бойынша ойларын сұрау

Мұғалім қорытындысы: Адам, ең бастысы, еңбектенуге, яғни адам бір іске күш – қуатын, ақыл - ойын жұмсауға ерінбеуі керек. Өйткені жалқаулық, еріншектік адамның өзін және өмірін тоздырады. Ал ерінбей еңбек етсең, мақсатыңа, арманыңа жетесің. Арманың орындалса, өзіңді бақытты санайсың.

Шығармашылық жұмыс Еңбек пен бақыт егіз

Мысалдар айтып,қорытындылау.

Әр топтан 1- оқушыдан оқыту

Топпен жұмыс

1-топ Еңбектің пайдасы сызбамен салу постер

2-топ Жағдаят

Жандос пен Айбар айырылмас дос.Жандостың сабақ үлгерімі өте жақсы,ал Айбардікі төмендеу.Жандос тапсырмалардың барлығын орындап келеді.Айбар керісінше орындамайды.Үнемі Жандостан көшіріп,апайға бірінші тексертеді.Жандос Айбардан төмен баға алып қалады.Бұл жағдайда Жандостың орнында болғанда не істер едіңдер?

3-топ Мақал-мәтелдер жалғасын табу

4-топ Кітаптағы өлеңдерді салыстыру.

5 топ бес жол өлең құрастыру

Топпен ән айту

Жақсы бала еңбекшіл,
Ер азамат болады.
Қиындықты жеңіп кіл,
Құшағы гүл толады.

Қайырмасы:
Еңбекшіл осындай,
Болайықшы досым – ай...



Иә, жоқ деп жауап беру

Тіл алғыш еңбекор бала.

Енжар еңбекқор бала.

Жатып ішер жалқау бала.

Пысық еңбекқор бала.

Кері байланыс. Бестік кері байланыс.Бас бармақ:Мен үшін тақырып,маңызды қызықты болды Сұқ саусақ маған қиын болды Ортаңшы саусақ маған жеткілікті болмады Шілдір шүмек:көңіл -күйің Ұсынысын жазады немесе сұрақ жазу

Қорытындылау
Адам бойындағы ең бір жағымсыз қылық – еріншектік, ондай адамның іске мойны жар бермейді. Осыған байланысты Абай атамыз 38 – қарасөзінде «Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Сонан қашпақ керек. Әуелі – надандық, екінші - еріншектік, үшінші – залымдық – деген екен.



















Жұлдызды сәт кезіңінде



Топтық жұмыс



Сабақтан көріністер



































































































5.Әңгiмелеу. Мұғалімнің сыйы

«Шегіртке мен құмырсқа» мультфилмін көрсету.
А.И Крыловтың желісі бойынша

- Құмырсқаның бойында қандай қасиеттерді байқадыңдар?

- Шегірткенің жасаған әрекеті дұрыс па?

- Шегіртке еріншектігінің кесірінен қандай күйге түсті?

- Еңбекқорлық адамды қандай жетістіктерге жеткізеді?

Шегіртке мен құмырсқаға ассосация әдісі арқылы сипаттама беру.

Еңбекқор

Адал Құмырсқа шыдамды

Табанды ақылды қанағатшыл

Еріншек

Жалқау шегіртке икемсіз

Талапсыз ақылсыз ойсыз



6. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс: Сахналау
Оқушыларды екі топқа бөліп, 1- топқа:

«Еңбексүйгіш пен еріншек», 2- топқа: «Алтын балта» ертегісін сахналауды ұсыну.

«Тілек ағашы» ойыны.

Балалар, сендер көп еңбектендіңдер, енді әрқайсысымыз еңбекқорлыққа тән қасиеттерді стикерлерге жазып ағашқа ілейік.

Сөйтіп, бұл тақырыпты қорытындылайық.



7.Топпен ән айту.
Е.Өтетілеуов, И.Нүсіпбаев

Достар әні



8.Үй тапсырмасы:

Келесі «Төзім мен табандылық» тақырыбындағы дәптермен жұмыс 1- тапсырма аңызды оқып, жас Фарабидің бойындағы құнды қасиеттерді тізбектеп жазу.



9. Соңғы тыныштық сәтi : Жағымды күйге келу

- Енді көзімізді жұмып осы сабақта айтылған ойлар мен істерді ой елегінен өткізіп көрейікші.Барлық айтылған жақсы ойларды жүрегіміздің түкпіріне апарып орналастырайық.Енді көздеріңді аша ғойыңдар. Сабақ аяқталды. Бүгінгі күндерің қуаныш әкелсін!









Тақырыбы: Еңбекқорлық пен еріншектік
Мақсаты: Оқушылардың «еңбек» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
- еңбекқор мен еріншек туралы түсінік беру;
- еңбекке қызығушылықтарын арттыру;
- еңбексүйгіштікке тәрбиелеу;

Көрнекі құралдар: интерактивті тақта, үнтаспа, ақ қағаздар, оқулық, дәптер.
Шаттық шеңбері:
Балалар шеңбер құрып тұрады. «Болайықшы осындай» әнін бәрі бірге айтады.
Жақсы бала еңбекшіл,
Ер азамат болады.
Қиындықты жеңіп кіл,
Құшағы гүл толады.

Қайырмасы:
Еңбекшіл осындай,
Болайықшы досым – ай...

Әңгімелесу
Оқушылардың еңбекқорлық пен еріншектік туралы түсініктерін білу мақсатында әңгімелесу сұрақтары:
- Еңбектену адамға не үшін қажет?
- Еңбекқорлық адамды тағы қандай қасиеттерге баулиды?
- Өзіңді еңбекқормын деп санайсың ба?

Түйіндеу
Еңбекқор адам айналасына да сыйлы, беделді болады. Еңбекқорлық адамды шыдамдылыққа, табандылыққа, ұқыптылыққа, мақсат қоюға, адамдармен дұрыс қарым - қатынас жасай білуге және шығармашылыққа жетелейді.
Мәтінмен жұмыс
В. А. Сухомлинскийдің «Еңбексүйгіш пен Еріншек» ертегісін оқып беру. Балалардың түсініктерін байқау үшін сұрақтар қою:
- Еңбексүйгіш пен еріншектің әрекеттерін салыстырып, ерекшеліктерін айтып беріңдер.
- «Нағыз адамның өткен жылдары өшпейді» дегенді қалай түсінесіңдер?
- Еңбексүйгіштің бойындағы жақсы қасиеттерді атап беріңдер?
Балалардың жауаптарын мұғалім түйіндейді:
- Еңбекті сүйетін адам көп еңбектенеді. Өз еңбегінің арқасында ұрпағына, халқына мұра қалдырады. Ал еріншек жалқаулығының нәтижесіңде өз күнін әрең көреді.
Сергіту сәті
Қырға шықсаң өрлеп, (Қолдарын кезек – кезек жоғары көтереді)
Мұның аты – Еңбек. (Екі қолын жаяды)
Кесте тіксең, зерлеп, (Оң қолын ине ұстап, тіккен қимылды көрсетеді)
Мұның аты – Еңбек. (Екі қолын жаяды)
Сабағыңды жөндеп (Жанындағы көршісіне қарап сол қолын жаяды)
Әзірленсең – Еңбек. (Екі қолын жаяды)
Қиындықтың бәрін (Құшағын ашады)
Еңбек қана жеңбек. (Екі қолын жаяды.)

Тапсырма
«Адал еңбек» дегенді қалай түсінесіңдер?
«Еңбектің жемісі» дегенді қалай түсінесіңдер?
Түйіндеу
Адал еңбек адамды табысқа, бақытқа, қуанышқа жеткізеді.
Адам еңбектің дәмін өзі тер төккенде ғана жақсы сезінеді.
Жасаған еңбегің еш кетпей, пайдалы болғаны өзіңе ғана емес, айналаңдағы адамдарға да, қоғамға да пайдалы, жемісті болады.
Адал еңбектің нәтижесі адамды қуанышқа бөлейді. Адам өз мақсатына ерінбей еңбек еткенде ғана қол жеткізе алады.

Дәйексөз
«Еңбек – қуаныш, жалқаулық - айырылмас азап»
Абай.
Адам, ең бастысы, еңбектенуге, яғни адам бір іске күш – қуатын, ақыл - ойын жұмсауға ерінбеуі керек. Өйткені жалқаулық, еріншектік адамның өзін және өмірін тоздырады. Ал ерінбей еңбек етсең, мақсатыңа, арманыңа жетесің. Арманың орындалса, өзіңді бақытты санайсың.
Еңбектің пайдасы:
тәрбиелейді,
жігерлендіреді,
күш береді,
қуантады,
бақытты етеді,
өмір сүруге үйретеді,
үнемшіл болуға үйретеді,
ширатады,
шынықтырады.

Жаңа ақпарат
Адам ерінбей еңбек ету арқылы қуанышқа, шаттыққа бөлінеді.
Еңбексүйгіштік, еңбекқорлық және еңбекті бағалай білген адам өмірде құрметке бөленеді.
Топпен жұмыс
1 - топқа. Берілген кестеге еріншек пен еңбекқорға тән белгілерді бөліп жазыңдар.
2 - топқа. Еңбек туралы мақал – мәтел жазыңдар.

Қорытындылау
Адам бойындағы ең бір жағымсыз қылық – еріншектік, ондай адамның іске мойны жар бермейді. Осыған байланысты Абай атамыз 38 – қарасөзінде «Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Сонан қашпақ керек. Әуелі – надандық, екінші - еріншектік, үшінші – залымдық – деген екен.
Жүректен жүрекке
Балалар шеңбер құрып тұрады. Бір – біріне жақсылық тілеп, ізгі тілек айтады.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
24.03.2019
736
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі