жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ. 4-сынып "Есептер шығару"
Ақтөбе облысы
Байғанин ауданы
Қаражар орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі: Алпысбай Айман Кенжебекқызы
Пән: Математика Күні:11.10.2019 Сынып: 3 |
Қатысқандар саны: 13 Қатыспағандар саны: 0 |
|||
Сабақ тақырыбы |
Есептер шығару |
|||
Оқу мақсаттары
|
3.5.1.1 2-3 амалмен орындалатын есепті кесте, сызба, қысқаша жазба түрінде модельдеу 3.5.1.4 шамалар арасындағы тәуелділікке берілген есептерді талдау және шығару шамалар арасындағы тәуелділікке; пропорцияның белгісіз мүшесін табуға берілген есептерді талдау және шығару 3.5.2.4 көбейту және бөлу амалдары компоненттерінің атауларын жақшалы өрнектерді оқу мен жазуда қолдану |
|||
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушылар: амалмен орындалатын есепті кесте, сызба, қысқаша жазба түрінде модельдеуді үйренеді. Көптеген оқушылар: шамалар арасындағы тәуелділікке берілген есептерді талдау және шығару шамалар арасындағы тәуелділікке; пропорцияның белгісіз мүшесін табуға берілген есептерді талдау және шығарады. Кейбір оқушылар: көбейту және бөлу амалдары компоненттерінің атауларын жақшалы өрнектерді оқу мен жазуда қолданады. |
|||
Бағалау критерийлері |
|
|||
Тілдік мақсаттар |
Пәнге тән лексика мен терминология: Математика, есеп. Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: шамалар арасындағы тәуелділікке берілген есептерді қалай шығаруға болады? |
|||
Құндылықтарды дарыту |
Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. |
|||
Пәнаралық байланыстар |
Қазақ тілі, бейнелеу өнері, дүниетану. |
|||
АКТ қолдану дағдылары |
Интернет-ресурстар, дерекқордан және интернеттен сабаққа қатысты ақпаратты іздеу; |
|||
Ресурстар |
Топқа бөлуге арналған парақшалар, интерактивті тақта, жұмыс дәптері, қалам мен түрлі түсті қарындаш, стикер, видеоматериалдар., постер, кері байланыс парағы т.б |
|||
Бастапқы білім |
Мүмкіндіктер тармағы |
|||
|
Сабақтың барысы |
|||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Оқу әдістері (Оқу мақсаттарына қалайша жеттім?) |
Бағалау әдістері |
Дифференциация әдістері |
|
Сабақтың басы |
«Мен табиғатта қонақтамын» жылулық шеңбері Балалар көздерін жұмып,табиғат туралы әуенді тыңдайды. Мұғалім:орман Флорасының періштесі: -оқушылар сіздерді өз хандығына қонақққа шақырамын.«Казір,мен-Флора періштесі, сендерге сиқырлы таяқшамды тигізсем,менің патшалығыма тап боласыңдар!» -«Флора» деген сөзді қалай түсінесіңдер?(Флора-өсімдіктер әлемі)». Ия,оқушылар менің қол астымдағылардың барлығы табиғаттың үш үлкен сыйы күн, су, ауамен тіршілік етеді.Олай болса,бүгін сіздер осы орман періштесінің барлық тіршілік атаулыға керек сыйларын өздеріңнің білімдеріңді қолдана отырып ала аласыңдар. Ендеше іске сәт! Жаңа топ құру. Ширату тапсырмасы. -Математика пәнін жақсы көретін оқушылар шыға қойыңдар. -Қазақ тілі пәнін жақсы көретін оқушылар шыға қойыңдар. -Олай болса, сіздер екі пәнді де сүйіп оқитын болсаңдар, ортаға тұрамыз. Енді өз тобымыздың атын анықтай аламыз. Мен үш топқа аттарын жазып қойдым. Олай болса, қазір әркім өз тобына отыра қоямыз.Бұл жерде біз қандай тақырыпты еске түсіріп отырмыз? Дұрыс айтасыздар екі жиынның бірігуі және қиылысуы туралы еске түсірдік. 1-топ: А жиыны 2-топ: В жиыны 3-топ: АВ жиыны Алдыңғы білімді еске түсіру (ұжымда) -Енді өткен сабақты еске түсірейік. Өткен сабақта қандай сабақпен танысқан едік? -Мүмкіндіктер тармағы. Кеспе сандарды таңдап алу арқылы мүмкіндіктер тармағын құрып көр. (үш топтан үш оқушы шығып, кез-келген сандарды таңдап алып, мүмкіндіктер тармағын тақтаға жазады) |
Топтарды күн, су, ауа суреттерімен бағалап отыру
|
Сұраққа жауап берген оқушыны мадақтау, толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.
Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату. |
|
Сабақтың ортасы |
-Біз бүгінігі сабақта өткен сабақтарды қорытындылау мақсатында жұмыстар жүргіземіз. «Айналмалы бекеттер» 1-тапсырма. . «Галлерияда ой шарлау» 3.5.1.1. 2-3 амалмен орындалатын есепті кесте, сызба, қысқаша жазба түрінде модельдеу Ұ. Тақтамен, дәптермен жұмыс Есепті шығар. а). Сыныпта 3 қатардың әрқайсысында 3 партадан бар. Сыныпта барлығы қанша оқушы бар? Ш: 3,3 С: ? Ш-і:3х3=9 Ж: барлығы 9 парта ә). Есепті шығар .Оны есептің (а) нұсқасымен салыстыр. Сыныпта 3 қатардың әрқайсысында 3 партадан бар. Сыныпқа тағы 4 парта әкелінді. Барлығы неше парта болды. Ш:3,3,4 С: ?? Ш-і: (3х3)+4=9+4=13 Ж: барлығы 13 парта
Топтық жұмыс. б). Қысқаша жазылуы бойынша (ә) есепке кері есеп құрастыр. 1-топ: Болды - ? партадан 3 қатар Әкелінді – 4 парта Барығы – 13 парта 13-4=9 9:3=3 2-топ: Болды – 3 партадан 3 қатар Әкелінді - ? парта Барлығы – 13 парта 13-(3х3)=13-9=4 3-топ: Болды – 3 партадан ? қатар Әкелінді – 4 парта Барлығы – 13 парта (13-4):3=9:3=3 Дескриптор: 1.Есептің моделін құра алады. 2.Мазмұнына сай шешімін таба алады 3.Берілген есепке кері есеп құра алады 4.Белгісіз затты таба алады
2-тапсырма. Жұптық жұмыс. 3.5.1.4 шамалар арасындағы тәуелділікке берілген есептерді талдау және шығару; пропорцияның белгісіз мүшесін табуға берілген есептерді талдау және шығару Заттың бағасын, санын, құнын қалай табу керектігін есіңе түсір. Өрнек жаз. (Қолжетімді ресурстар арқылы жұмыс жасау) «Дүкенде» ойыны 1-топ: сызғыш, бантик 2-топ: ойыншықтар (қонжық, машина) 3-топ: жемістер (алма, банан) Дескриптор: 1.Қолжетімді ресурстар арқылы өрнектер құрастыра алады 2.Пропорцияның белгісіз мүшесін таба алады. Сергіту сәті. «Эстафета» әдісі «Артық, кем, тең» 7х0 * 2х9 7х1 * 7х6 1х7 * 0:4 4х9 * 0:4 6х6 * 7:1 6х6 * 3х6 3х8 * 6х4 5х7 * 7х5 8:8 * 1х8 0х9 * 9х0 3х4 * 4х4 5х2 * 2*6 Дескриптор: Өрнектерді шапшаң есептей алады Өрнектерді салыстыра алады 3-тапсырма.Ө. «Лездеме» әдісі 3.5.2.4 көбейту және бөлу амалдары компоненттерінің атауларын жақшалы өрнектерді оқу мен жазуда қолдану Өрнектерді оқып, олардың мәнін тап. 35:5+5х6 8х5+32:4 5х(38-34)+59 (22+8):5+7 (70-5х4)-9 82-5х8+27:3 45:(15:3)+75 73+29-5х9 55+45:9+7х5 (48-28):(14-9) 400-(40:8+73) 100-(26+14):8 Өзіңді тексер: 1. 35:5+5х6=7+30=37 2. (22+8):5+7=30:5+7=6+7=13 3. 45:(15:3)+75=45:5+75=9+75=84 4. (48-28):(14-9)=20:5=4 5. 8х5+32:4=40+8=48 6. (70-5х4)-9=(70-20)-9=50-9=41 7. 73+29-5х9=73+29-45=102-45=57 8. 400-(40:8+73)=400-(5+73)=400-78=322 9. 5х(38-34)+59=5х4+59=20+59=79 10. 82-5х8+27:3=82-40+9=42+9=51 11. 55+45:9+7х5=55+5+35=60+35=95 12. 100-(26+14):8=100-40:8=100-5=95 Дескриптор: 1.Амалдардың орындалу ретін анықтай алады 2. Жақшасыз, жақшалы өрнектерді есептей алады 3.Берілген өрнектерді оқи алады |
Топтарды күн, су, ауа суреттерімен бағалап отыру
Топтарды күн, су, ауа суреттерімен бағалап отыру
|
Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.
Белсенді оқу тапсырмалары.
|
|
Сабақтың соңы |
ҚБ тапсырмасы. Деңгейлік тапсырма. 3.5.1.1 2-3 амалмен орындалатын есепті кесте, сызба, қысқаша жазба түрінде модельдеу 1-топ:Сандарды өсу ретімен жазып, мадақтау сөзді оқы. Қ А Ы 190 000 180 000 250 000 Ж С 155 000 200 000 Дескриптор: Сандарды салыстыра алады Сандарды өсу ретімен жаза алады 2-топ: 3.5.2.4** Көбейту және бөлу амалдары компоненттерінің атауларын жақшалы өрнектерді оқу мен жазуда қолдану Тапсырма Өрнек түрінде жаз және мәнін тап. 1.Бірінші көбейткіш - 4, екінші көбейткіш - 9, көбейтіндінің мәнін тап. 2.Бөлінгіші- 36, бөлгіші- 9, бөліндінің мәнін тап. 3.3 бен 6 сандарының көбейтіндісіне 40- ты қос. 4.81 мен 9 сандарының бөліндісін 3 есе кеміт Дескриптор:
-бөліндіні санға бөлу түріндегі өрнекті жазып, мәнін табады. 3-топ: 3.5.1.4** Шамалар арасындағы тәуелділікке; пропорцияның белгісіз мүшесін табуға берілген есептерді талдау және шығару Тапсырма Орамжапырақтың 3 көшеті 240 теңге тұрады. Осындай 5 көшет қанша тұрады? Дескриптор: -есептің қысқаша шартын жазады/сызбасын сызады;
есептің жауабын жазады. Рефлексия (жеке,жұпта,топта, ұжымда) Оқушылар өздері белгілейді.
Үйге тапсырма: қайталау |
Топтарды күн, су, ауа суреттерімен бағалап отыру
Кері байланыс парағы |
Оқулықтағы қосымша тапсырмалар.
Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.
|
|
Өткен сабақ бойынша мұғалімнің рефлексиясы |
||||
1)
ОМ жеткен және жетпеген
|
|
|||
2) Егер жетпесе, неліктен?
|
|
|||
3)
Сабақ жоспарынан қандай
|
|
|||
Жалпы
бағалау
|
||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген