Материалдар / Ашық сабақ 4 сынып Өзін-өзі тану – өмірді тану

Ашық сабақ 4 сынып Өзін-өзі тану – өмірді тану

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл сабақ ҚМЖ 4-сынып мұғаліміне қажет.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Маусым 2018
467
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Күні: 05.09.2017Мектеп: «Теміртау қаласы №4 жалпы білім беретін орта мектеп»Сабақтың тақырыбы: Өзін-өзі тану – өмірді тану Құндылық: Сүйіспеншілік Қасиеттер: Мейірімділік, ізеттілік, бірлік, ынтымақ т.бМұғалім: Керимкулова Құндыз ӘшенқызыСынып: Оқушылар саны:28
Мақсаты: Оқушылардың «Өзін-өзі тану», «өмір» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.Міндеттері:1.4-ші сыныпқа арналған «Өзін-өзі тану» пәнінің мазмұны мен таныстыру.2.Адамгершілік қасиеттерді білуге,өзін және өмірді тануға деген қызығушылықтарын арттыру.3.Сыйластыққа, ізгілікке, кішіпейілділікке тәрбиелеу.





Ресурстар:Мультимедиялық тақта, оқулық, дәптер, мақал-мәтел, дәйексөз, маркер,аққағаз, гүл, жүрек, көбелек суреттері
Сабақтың барысы:
  • Ұйымдастыру кезеңі
  • а) 5 Т ережесін сақтауТәртіпТазалықТыныштықТатулықТалапә) оқушылармен сәлемдесу, түгелдеуб)Жазғы демалыстарыңды қалай өткіздіңдер?

    в) Тыныштық сәтіЫңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын». Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз... Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады.Сұрақ: Оқушылар қандай сезімде болдыңдар?Қорытынды:Өмірлеріңіз қуанышқа,жүректеріңіз тыныштыққа толсын.









    Оқушылар көңіл күйін көтеру мақсатында
  • Үй тапсырмасын тексеру
  • Аңыз әңгімені оқып келу







    Әңгімелесу «Өнегелік туралы» Б.Момышұлы. Мәтінді әңгімелеу, талқылауМұғалім сыйы «Екі дос және қария» аңыз әңгмеОқушылар аңызды тыңдап, жаңа тақырыптың мазмұнымен байланыстыра отырып талдайды.
    Дәйексөзді талдау, 2-3 балаға айтқызу, жаттату «Өзін танымаған адам - өмірді де тани білмейді» Халық мақалы


    Шығармашылық жұмыс: Оқулықтағы қоржында берілген сөздерді пайдаланып, сабақты түсіндіру.



    Топпен ән айту: «Шымшық»Сөзі Қ.МырзалиевтікіӘні Қ.Қуатбаевтікі Шымшықтың өр тырнағы,Құдды шабақ қармақтай.Бар тұлғасы, болғаны,Бармақтай-ау, бармақтай!Сонда да ол, асылы,Мешкейлікке меңзейді,Күнде жеке басының,Салмағындай жем жейді!Күнде жеке басыныңСалмағындай жем жейді!Әнді ерекше көңілмен айтып,сергиді
    Дәптермен жұмыс: дәптердегі тапсырмаларды өз беттерінше орындайды.

    Дәптердегі тапсырмаларды мұғалімнің көмегімен орындайды
    Үй тапсырмасы: «Өмірдің мәні» эссе жазып келу

    Күнделіктеріне жазады.
    Соңғы тыныштық сәті:
  • Балалар,тыныштық сақтап,үнсіз,қолымызды жүрегімізге қойып,жүрегімізді тыңдап көрейікші. Жүрек әр түрлі сезімдерге толы. Олардың арасында жанашырлық,қамқорлық,аяушылық сезімдері басым екенін сезініңдер. Сездіңдер ме,сезген болсаңдар, сендердің жүректерің жылы да мейірімді. Олай болса,сендер де көп қайырымды істер жасап, қамқорлық көрсете аласыңдар.


  • Оқушылар көздерін жұмып демалады.












































































    Ресми байқаулар тізімі
    Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
    Осы аптаның ең үздік материалдары
    Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
    Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
    тақырыптармен дайындаймыз
    Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
    Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
    Толығырақ