Материалдар / Ашық сабақ 4 сынып "Презентацияға арналған ақпарат"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ашық сабақ 4 сынып "Презентацияға арналған ақпарат"

Материал туралы қысқаша түсінік
материал информатика пәні мұғалімдеріне көмегі бар деп ойлаймын
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Ақпан 2020
1155
7 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



А.Хұсайынов атындағы орта жалпы білім беретін мектебі
















Презентацияларға арналған

ақпарат


(4- сынып, ашық сабақ)











Информатика пәнінің мұғалімі: Абдулкаримова Л.М.


























Бекітемін:

Оқу ісінің меңгерушісі: Ж.М.Калимова

Күні:

10.02.2020

Сыныбы:

4

Сабақтың тақырыбы

Презентацияларға арналған ақпарат

Оқу мақсаты

4.2.3.1 слайд үшін макет таңдау;

4.3.1.1 ақпарат іздеу (компьютердегі файлдар мен бумалар, құжаттағы мәтін үзіндісі);

4.3.2.1 браузер параметрлерін қолдану (бетбелгілер жасау, журналды және жүктеуді көру);

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар:

- слайд үшін макет таңдау;

Көпшілік оқушылар

ақпарат іздеу (компьютердегі файлдар мен бумалар, құжаттағы мәтін үзіндісі) командаларын қарау

Кейбір оқушылар

браузер параметрлерін қолдану (бетбелгілер жасау, журналды және жүктеуді көру);

Бағалау критерийлері

- слайд үшін макет таңдайды

-ақпарат іздеу (компьютердегі файлдар мен бумалар, құжаттағы мәтін үзіндісі) командаларын қарастырады

-браузер параметрлерін қолданады.

Тілдік мақсаттар


Пәндік лексика және терминология:

  • масштаб - масштаб - scale;

  • жұмыс алаңы- рабочий область -working area

  • суреттер кірістіру- Вставить картинки-Insert pictures

Диалогтар мен жазу үшін пайдалы сөз тіркестері:

  • Экология дегеніміз?

  • Елімізде қандай экологиялық мә-селелерден хабардарсын?

  • Қоршаған ортаның қорғаудың ересектер мен балаларға арналған ортақ экология ережесін құрас-тыруға бола ма?

Құндылықтарға баулу

Өмір бойы оқу, Қазастандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік дағдысы қалыптасады.

Пәнаралық байланыстар

Ағылшын тілі, Орыс тілі, Дүниетану.

Алдыңғы білім

Жобалық жұмыс.

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар


Сабақтың басы


2 мин.










5 мин.

Ұйымдастыру кезеңі:

Сыныппен амандасу. Оқушыларды түгендеу. Оқушылар қазіргі заманда жаңа технологияның дамыған заманы. Ұялы телефон, компьютерге барлығымыз тәуелдіміз. Қазіргі кезде бұл құрылғылардың зиянды да пайдасы да бар. Енді барлығымыз үстел үстінде тұрған қағаздарды таңдап алайық, «Макет» және «Дизайн" болып екіге бөлініп тұра қалайық. «Макет» тобына зиянды жақтары, «Дизайн» тобына пайдалы жақтарын айту тапсырылады. Оқушылар жауаптары тыңдалған соң қолдарындағы макет және дизайын болып екі топқа бөлініп отырады.


(Ұ) Ой қозғау! «Қарлы кесек» әдісі.

Тапсырма: Оқушыларға арнайы интерактивті тақтаға төмендегі сұрақтар беріледі. Өздері параққа сұрақ жазып бір-біріне лақтырады, қағып алған сұраққа жауап жазып, кері қайтарады. Жауап жазылған парақты ашып оқиды.

  • Экология дегеніміз?

  • Елімізде қандай экологиялық мәселелерден хабардарсын?

  • Қоршаған ортаның қорғаудың ересектер мен балаларға арналған ортақ экология ережесін құрастыруға бола ма?






Қағаз бөліктері


Сабақтың ортасы

8 мин.
















10 мин.













10 мин.


(Ұ) «Кезбе тілші» әдісі

Тапсырма: Оқулықтағы «Жаңа білім» бөлімін оқиды. Оқып біткен соң бір оқушы кезбе тілші рөлінде болып, жаңа ақпараттан сұрақтар қойып, жауабын алды.

Дескриптор

Қалыптастырушы бағалау

-Қойылған сұраққа дұрыс жауап береді.


«От шашу» әдісі


(Д) Компьютермен жұмыс

Тапсырма: Құрасытырған «Экология ережесіне» компьютерде презентация жаса. 1, 2 –суреттерде осындай ережені құрудың үлгі презентациясы берілген. Өзің топта құрастырған немесе үлгіде берілген презентацияны жаса. Презентация 2 слайдтан құралсын.

  1. Интернетті пайдаланып берілген тақырып бойынша суреттер жинақтап Ереже бумасына сақта немесе суреттерді компьютердегі бумалардан іздеу үшін Пуск –Поиск командаларын орында. Іздеу жолағына суреттің типін көрсет. Мысалы, *.jpg.

  2. PowerPoint-ты іске қосып, жаңа презентация жасау үшін Файл-Құру (Создать) командаларын орында.

  3. Презентация тақырыбын енгізуге WordArt –қызметін қолдан ( 1- сурет).

  4. Ереже мәтіні мен ережеге сай суреттерді слайдқа орналастыр.

Қалыптастырушы бағалау

«От шашу» әдісі


(Д) Компьютермен жұмыс.

Тапсырма: Үш слайдтан тұратын «Адам мен Табиғат қарым-қатынасы» тақырыбында презентация макетін жоспарла.

Слайдқа лайықты макет таңда. Презентацияда төмендегі слайдтар қамтылсын.

1-слайд: Слайд тақырыбы, орындаған оқушы, тақырыпқа сай суреттер;

2-слайд: Таза табиғаттың адам үшін маңыз тақырыбында 5-6 сөйлем.

3-слайд: Адам мен табиғаттың қарым қатынасын сипаттайтын суреттер.

Дескриптор

Қалыптастырушы бағалау

-«Адам мен Табиғат қарым-қатынасы» тақырыбында презентация макетін жоспарлай алады.

- Презентацияда талап етілген слайдтар қамтылады.

«От шашу» әдісі



Жұмыс дәптері








Микрофон











АКТ

















АКТ

Сабақтың соңы


5 мин.


Рефлексия:









Кері байланыс: «Екі жұлдыз, бір тілек»

Үй тапсырмасы:

«PowerPoint - презентацияға арналған программа» тақырыбында 2 беттен тұратын баяндама дайында. Баяндамада төмендегі мәселелерді назарға ал:

  • Программаның жасалу тарихы, презентация жайлы қысқаша мәлімет.

  • Программаның презентация жасау мүмкіндіктері.

  • Тақырыпқа сай презентация макеттерін құрастыру.
























































Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!