400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ 4 сынып "Қарлығаш немесе маманың әңгімесі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал бастауыш сынып мұғалімдеріне қажет болады. Сабақта БиС технологиясының элементтері қолданылған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ашық сабақ

Ана тілі

4-сынып

Сабақтың тақырыбы: Қарлығаш немесе мамамның әңгімесі

Сабақтың мақсаты: 

Мәтіндегі негізгі идеяны өз беттерінше ұғынуға жол ашу. Мәнерлеп оқуға үйрету, ауызша баяндау дағдыларын, шығармашылық қабілетін дамыту;сөздік қорларын байыту. Қоршаған ортаны қорғауға, ондағы әр тіршілік етушіге қамқорлықпен, аяушылықпен қарауға, әрқашан қол ұшын беруге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақты түсіндіру

Сабақтың әдістері: сұрақ-жауап, баяндау, көрнекілік

Сабақтың көрнекіліктері: Н.Сералиев портреті, ребус, құстардың суреті.

Пәнаралық байланыс: дүниетану

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі.

Ұранымыз: Бәріміз біріміз үшін,

Біріміз бәріміз үшін!

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

  • Өткен сабақта біз қандай тақырыппен таныстық?

  • Қазір сабаққа дайындықтарыңдытексерейік!

  • Дайынбыз ба? (Шапалақ)

1.Тұңғыш футбол командасының құрылған жылы? (1913 ж)

2.Ол команда қай қалада құрылды? (Семей)

3.Команда құрамында қандай ұлт өкілдері ойнады? (қазақ,татар,өзбек балалары)

4.Футбол командасының аты? (Жарыс)

5.Ол топтың атақты ойыншысы? (М.Әуезов)

6.Қақпашының бірінші міндеті? (допты жібермеу)

7.Қақпашының екінші міндеті (киім күзету)

8. «Жарыс» командасының формасы (қара шолақ дамбал,жасыл майка)

9.М.Әуезовтың ойындағы міндеті (жартылай қорғаушы)

10. Әуезов ойында қандай болатын? (қимылына көз ілеспейтін)

11.Мұхтар ойынға ненің арқасында келді? (көп жаттығудың арқасында)

12.Ол кезде Мұхаң қайда оқып жүрді? (жылдық гимназияда)

13.Жеңіске жету үшін олар тағы немен айналысты? (жеңіл атлетикамен)

14.Қыс түсе олар немен шұғылданды? (шаңғы тебумен)

15.Семей өңіріне қар қалай жауатын? (қалың)

16. «Жарыс»командасының бастамасымен нелер қола алынды? (қашықтықта жарыс

өткізу, жеңімпаздарға жүлде тағайындау)

17.Тағы футбол командасы жасақалды ма? (ия)

18.Олар «Жарыс»командасына қалай қарайтын? (менсінбей)

19. Ол команданың «Жарыспен» кездесуі қалай аяқталды? (ойсырай ұтылды)


  • Жақсы, балалар, әңгімені түсініп оқыпсыңдар!

(матрицаға бірінші баға қойылады)


ІІІ.Қызығушылықты ояту.

  • Енді жаңа сабақтың тақырыбын білу үшін, сендер екі тапсырма орындауларың керек . Ол үшін 3 топқа бөліне қояйық!

І топ ІІ топ ІІІ топ

  1. Жұмбақ

Өмірде біз үшін алақаны жұмсақ, жүрегі жылы ,құшағы кең адам кім?(Ана)


2)Ребус

,

,, ,



қарлығаш



-Қанда сөздер шықты?

(Тақтаға АНА,ҚАЛЫҒАШ сөздері ілінеді)

- Тақтаға қарайықшы, біз бүгін кім туралы,не туралы айтамыз?

-Бүгінгі тақырыбымыз «Қарлығаш немесе мамамның әңгімесі»


ІV.Жаңа сабақ.

Топпен жұмыс

«Қарлығаш» сөзіне ассосация құру.

-Жақсы,қарлығаш туралы біраз біледі екенсіңдер.Ал енді қарлығаш туралы

оқушылар дайындаған мәліметті тыңдайық.

1 - оқушы
Қарлығаш – айыр құйрықты, қанаттары ұзын, әрi үшкiр келетiн, шағын денелi қара ала құс. Қарлығаш сөзi «қара», «ала», «құс» деген сөздердiң кiрiгуiнен шыққан. Басқа құстардан бiр айырмашылығы – жемiн ұшып жүрiп ұстайды. Суды да ұшып жүрiп iшедi. Бауыры ақшыл, арқасы қоңыр, жасыл жылтыр. Бүкiл әлемде қарлығаштың 80 түрi бар.
2 - оқушы
Қарлығаштың 5 түрi Қазақстанда кездеседi. Олар: жар қарлығашы, құз қарлығашы, қос реңдi қарлығаш, сепкiлтөс қарлығаш, кент қарлығашы. Республикамыздың барлық жерiне тараған. Орман - тоғай, өзен - көлдер маңында, шөлдi және таулы өңiрлерден жиi ұшыратасың. Жыл құсы. Қарлығаш – пайдалы құс. Зиянды насекомдарды, әсiресе, шыбын - шiркейдi өте көп жеп, ауыл шаруашылығына пайда келтiредi
3 - оқушы
Ұяны топырақ пен сазды сiлекейiн араластырып қалайды. Iшiне майда шөп, қауырсын, мамық төсейдi. Қарлығаштың кейбiр түрлерi жарға үңгiп iн қазады. Олардың тостаған тәрiздi, бетiн ашық етiп немесе қап, дорба тәрiздi етiп, кiрiп - шығатын тесiк қалдыра жасаған ұялары да бар .Балапандарына жем iздеуге шығарда ұядан құлап кетпесiн деп, аяқтарын қылмен байлап кетедi.

Қажет дерек

Қарлығашқа байланысты ырымдар (тақтадан оқылады)
Қарлығаш биiктеп ұшса – күн ашық болады,
Жер бауырлап ұшса – жаңбыр жауады.
Қарлығаш жылы жақтан оралған кезде қораға қонса, қой егiз туады. Ақ мол болады.

Ал үй жақтауына немесе шатырына қонса, сол үйдiң жан басы көбейедi.

Түсiңде қарлығаш көрсең бақытқа кенелесiң.


Биография.

Нәсіреддин Сералиев (25.10.1930, Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Қашқансу ауылы - 20.11.1984Шымкент) - жазушы. Қызылорда педагогика институтын (қазіргі Қызылорда мемлекеттік университеті) бітірген. Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен, медальдармен марапатталған

«Ұшталмаған Қарындаш»Әңгімелер.

«Намыс». Әңгімелер.«Ақ лақ пен қара лақ». Әңгімелер.

«Әңгелек». Әңгімелер.

«Акбөпе». Повесть.

«Ақ қайың». Повесть.

«Ыстық күлше». Повесть.

«Қаңтар». Повесть.

«Алтын ғұмыр, алғашкы махаббат». Таңдамалы шығармалар.

«Дәукен атаның немерелері» Повестер мен әңгімелер.


Сөздікпен жұмыс.

Жамырап кету – төлдің енесін еміп қоюы

Азаннан – таңертеңнен

Шөпшек – отқа жағатын қу бұта

Тақуа – дінге берілген адам

Көгендеу – малдың төлін енесінен жеке байлау

Там – Қазақстанның кейбір аймағында үйді там дейді

Пұшайман болу – күдіктену


Тірек сөздермен жұмыс. 8 сөз (30сек)

Қарлығаш ана шымшық аша соғыс қарғыс тоғай аяныш

( матрицаға екінші баға)


8 -7 сөз «5»

6-5 сөз «4»

4-3 сөз «3»

2-1 сөз «2»


V.Мәтінмен жұмыс.

Оқушылардың іштей оқуы. (8 мин)

Мәтінді түсінгендерін тексеру.

-әңгіме ұнады ма?

-әңгімеден кейін көңілдерің қандай болып тұр? Неге?

-оқиға қай кезде болған?

-қалай ойлайсыңдар, әңгіменің негізгі ойы қандай?

Сұрақ-жауап.

1.Бала ағаштан не жасады? (аша)

2.Оның ойы не болды? (торғай ату)

3.Жылдың қай мезгілі еді? (көктем)

4.Далаға шығысымен бала нелерді көрді?( екі шымшықты)

5.Оның әрекеті (ашаға тас салып ату)

6.Осы кезде кімнің дауысы шықты?(анасының)

7.Анасының әрекеті( ашаны тізесіне салып, сындырып,қоқысқа лақтырды)

8.Анасы қасына алып,қандай ақыл айтты?( торғайды атуға болмайды)

9.Анасы оған не айтып берді? (басынан өткен оқиға)

10.Оқиға қай кезде болған? (соғыс кезінде)

11.Анасы немен айналысатын? (егіске шығатын,орақ оратын)

12.Бір күні олардың тамына не кіріп кетті? (қарлығаш)

13.Анасы құсты жіберді ме?(жоқ,ұшып кетпесін деп,қанатын қияды)

14.Анасының анасы келгенде не деді? ( обал болды-ау,енді қарғайтын болды)

15.Түнде қарлығаш қайда жатты? (мысық жеп қояды деп,қойнына алып жатты)

16. Қарлығаш тірі қалды ма? (жоқ,өліп қалды)

17. Баланың анасы оны қайда апарды? (тоғайға)

18.-Қарлығашқа не қылдың? деген сұраққа анасы қалай жауап берді? (ұшып кетті)

19.Торғай атқан бала қандай ой түйеді? (енді торғай атпаймын)

( матрицаға үшінші баға)

  • Әңгіме түсінгендерің көрініп тұр. Өте жақсы.

  • Ал енді сыни сұрақтарға жауап беруге дайынбыз ба? (Шапалақ)

Сыни сұрақтар.

  1. Қарлығаш- айыр құйрықты құс емес (жоқ)

  2. Бүкіл әлемде қарлығаштың 80 түрі бар (иә)

  3. Қазақстанда қарлығаштың 3 түрі бар(жоқ)

  4. Қарлығаш биік ұшса күн ашық болады(иә)

  5. Қарлығаш бауырлап ұшса –қар жауады(жоқ)

  6. Насреддин Сералиев –жазушы(иә)

  7. Бұл оқиға соғыс кезінде болған(иә)

  8. ҰОС 1941жылы басталды (иә)

  9. ҰОС 1946 жылы аяқталды(жоқ)

  10. Бала ашаны темірден жасады(жоқ)

  11. Бала шымшықты атам деген ойына жете алмады(иә)

  12. Әкесі шешесіне қарағанда қатал адам (жоқ)

  13. Анасы ашуланып баланы таяқтың астына алды(жоқ)

  14. Анасы өлген қарлығашты көріп , бақырып жылап жіберді(иә)

  15. Анасы өлген қарлығашты тоғайға апарған жоқ (жоқ)

  16. Қарлығашты жиденің түбіне көмді(иә)

  17. Анасы өз анасына: «Қарлығашты тоғайға апарып көмдім» -деп шынын айтты(жоқ

  18. Әңгіме қатыгездікке баулиды(жоқ)

  19. Әңгіме мейірімділікке баулиды (иә)

( матрицаға төртінші баға)

-Өте жақсы, сұрақтарға бәріміз жауап бердік.

-ҰОС қай жылы басталды? Қай жылы аяқталды?

9 мамыр неліктен Жеңіс күні деп аталады?

Ия, Ұлы Жеңістің тарихта алатын орны ерекше. Бүкіл Кеңес халқының 20-25 млн-нан астам ержүрек ұлдары мен қыздары құрбан болды. Бұл соғыста миллиондаған аналар жесір, балалар әкесіз қалды. Аналар ұлдарынан айырылды. Жеңіс жеңілдікпен келген жоқ. 1418 күнге созылған бұл қатерлі айқастағы халқымыздың жанқияр ерлігі мен жеңіс тарихын ешкім де, ешқашан да ұмытпайды.


VI.Бағалау.

++++ «5»

+++ «4»

++ «3»

+ «2»


VIІ.Рефлексия.




Сабақ ұнаса құстарды бұтақтарға орналастырамыз,ұнамаса- жерге .

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
26.03.2019
722
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі