400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ 4 сынып қазақ тілі

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәжірибемен бөлісу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мұғалім Нуртазинова Г.С.

Класы: 4

Пәні: Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Етістік.
Мақсаты: оқушыларға етістік туралы білімдерін кеңейте түсу.

1.Оқушылардың білімдерін тиянақтауға мүмкіндік туғызу;

2.Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауы арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту;

3.Ұйымшылдықа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, іздену, көрнекілік, талдау, жинақтау.

Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық

Ұйымдастыру кезеңі:
Қазір бізде қазақ тілі сабағы. Күндегіден өзгеше, өйткені сабаққа қонақтар қатысуда.

Түстерді таңдау арқылы үш топқа бөліндік.

Оқушылар түрлі -түсті қағаздарды таңдау арқылы үш топтарға бөлінеміз. Әр оқушы таңдаған түсі арқылы топқа жайғасамыз.

(жасыл, қызыл, көк)

І-топ. Жасыл түс.(қағаз)

ІІ-топ. Қызыл түс. (қағаз)

ІІІ-топ. Көк түс.(қағаз)

түстер бойынша орналасып болсақ, зат есім туралы алған білімдерімізді еске түсіреміз.

ІІ. Өткенді еске түсіру

-зат есім туралы алған білімдерімізді еске түсіреміз.

-зат есім дегеніміз не?/ заттың атын білдіретін сөздер/ е

-оларға қандай сұрақтар қойылады?/ кім? не? кімдер? нелер? сұрақтары қойылады./ т

-қазақ тілінде неше септік бар? / 7 / і

-зат есімге қандай жалғаулар жалғанады? /көптік, септік, тәуелдік, жіктік / с

- оқушымын сөзін сөз қүрамына талда./ түбірі оку, шы жұрнақ, мын жіктік жалғауы / т

-кітапты сөзінде қай септік жалғауы жалғанған? / түбірі кітап, ты табыс септік жалғауы / і

-әже сөзін тәуелде./1-жақ менің әжем, 2-жақ сенің әжең, 3-жақ оның әжесі./к

Сонымен оқушылар зат есім туралы алған мәліметтерді қайталадық. Бізде қандай сөз шықты?

- Етістік. Олай болса бүгінгі сабақта етістік туралы алған білімізді толықтырып, еске түсіреміз және жаттығу жұмыстарын жазамыз.

Еске түсіру үшін алдымен кестеге қарайық.

ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру.

мағынасы /заттың қимылын білдіретін сөздер

сұрақтары/ не істеді? неқылды? қайтті?

дара / бір сөзден болған етістік

күрделі/ екі не оадан да көп сөзден болған етістіктер/ ойнап отыр, жүріп

болымды / айт, жүр, тұр

болымсыз/ тұрма, жүрме, айтпа

негізгі / айт, жүр, тұр

туынды/ төрле, ақылдас, ойлан.

Олай болса балалар дәптерімізді ашып бүгінгі күннін жадын жазайық.

а) дәптермен жұмыс.

Күн ретін жазу. Көркем жазу: Ее Ее Есет бір жасқа есейді.

ә) оқулықпен жұмыс.

Оқушылар кітабымыздың 146-бетіндегі 2 - жаттығуға қарайық.

2-жаттығу. Жұмбақты оқып, жатқа жаз. Шешуін тап.

Суда қалқиды,

Жылыда балқиды. (мұз)

Оқушыларды түсті қағаздар арқылы топтарға бөлу.

(жасыл,қызыл,сары)

І-топ. Жасыл түс.(қағаз)

Етістіктердің астын сыз.

ІІ-топ. Қызыл түс. (қағаз)

Дара немесе күрделі екенін айт.

ІІІ-топ. Сары түс.(қағаз)

Шешуін қатыстырып сөйлем құрайды.

3-жаттығу. Берілген етістіктердің ішінен туынды етістіктерді теріп жазамыз.

І-топ. Жасыл түс.(қағаз)

Туынды етістіктерді оқиды.

ІІ-топ. Қызыл түс. (қағаз)

Туынды етістіктерді қатыстырып сөйлем құра.

ІІІ-топ. Сары түс.(қағаз)

Неліктен туынды етістік екенін дәлелде.

Дәлелдеу үлгісі: Ақта- туынды етістік , өйткені оның түбірі - ақ. " Ақ" сөзі - сын есім, оған - та жұрнағы жалғанғада қимылды білждіріп тұр. Сондықтан ол туынды етістік болады.

Сергіту сәтті:

6-жаттығу Етістіктерді оқып, мағынасын түсіндіру.

Әр топ екі сөзден алып, болымсыз етістік жасап жазады жіне сөздерді қатыстырып сөйлем құрап жазады.

Сыз , теже , тұса , үз , мүжі , күл , еге.

* Етістіктердің болымды, болымсыз түрін қатар жаз.

Үлгі : сыз - сызба, теже - тежеме, тұса -тұсама, үз - үзбе, мүжі -мүжіме, күл - күлме, еге- егеме.

І топ

ІІ топ

ІІІ топ Тест тапсырмасын орындайды.

1. Қазақ тілінде неше сөз табы бар? в) 9

2. Сөйлемдегі етістікті көрсет.Бүгінгі жиналыста Ажар өз ойын айта салды. в) айта салды.

3.Не істеді ? Сұрағына жауап беретін сөзді белгіле. с) апарды.

4. Етістіктің сұрақтарын көрсет. а) не істеді ?

5. Мақалды етістікпен толықтыр. Оқу инемен құдық.... с) қазғандай.

Бекіту: Ребус шешу.

Үйге тапсырма: 4 - жаттығу, ереже.

Бағалау.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
24 желтоқсан
663
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі