400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ 4-сынып Тұрақты сөз тіркесі

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал ұстаздарға керек.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән: Қазақ тілі.

Бөлім Мамандықтар әлемі

Күні: 27.11.2019ж

Сынып: 4

Мектеп: №107 орта мектебі

Мұғалімнің аты-жөні: Беркінбаева М

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Тұрақты сөз тіркестері.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

4.2.2.1 - тұрақты сөз тіркестері мен көп мағыналы сөздерді ажырата білу, мағынасын түсіну, сөйлеу барысында қолдану;

4.3.7.3 - диалогке тән тыныс белгілерді қою;

4.3.6.1 - каллиграфиялық нормаларды сақтау, жазу техникасын жетілдіру;


Сабақтың мақсаттары

Оқушылардың барлығы:

  • тұрақты сөз тіркестерін сөз тіркестерінен ажырата біледі, мағынасын түсінеді, сөйлеу барысында қолдана алады;

Оқушылардың көпшілігі:

  • диалогке тән тыныс белгілерін қоя біледі;

Оқушылардың кейбірі:

  • жазба жұмысын грамматикалық нормаларға сәйкес өз бетінше орындай алады;

Бағалау критерийлері

  • тұрақты сөз тіркестерін ажырата біледі, мағынасын түсінеді, сөйлеу барысында қолдана алады;

  • диалог құрастырып, тыныс белгісін қоя біледі;

Сөздік қор

Пәндік терминология мен тірек сөздер:

тұрақты сөз тіркесі, диалог

Диалог пен жазу үшін пайдаланылатын сұрақтар:

  • Сәлеметсіз бе, шаштаразшы!

  • Сәлеметсіз бе!

Құндылықтар


Мамандық иелерінің жұмысын құрметтей білу

Пәнаралық байланыстар


Әдебиеттік оқу, жаратылыстану

Алдыңғы білім

Тұрақты сөз тіркестері

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин


І. Ұйымдастыру кезеңі.

«Сәлемдесу» ойыны.

3 топ өлең шумақтарын құрастыра отырып шаттық шеңберін құрады.

Қазақ тілі сабағын біз бастаймыз ...

Кездесетін қиындықтан қашпаймыз.

Қазақ тілі сабағын біз бастаймыз...

Достарымды шапалақтап қоштаймыз...

ІІ Өтілген материалды еске түсіру

Сұрақтар ілмегі

  1. Тұрақты сөз тіркесі дегеніміз не?

  2. «Қыран топан күлді» мағынасын қалай түсінесің?

  3. «Шапшаң» сөзін тұрақты сөз тіркесімен алмастыр

Сабақ тақырыбы мен оқу мақсатын хабарлау.

Бағалау критерийлерін белгілеу.







1-слайд

Сабақтың ортасы

30 мин.


ІІІ Негізгі бөлім 4.2.2.1, 4.3.6.1

Көркем жазу ( Ұ )

Қақпашы - футболда, хоккейде ойын қақпасын қорғайтын ойыншысы.

Топтық жұмыс

1-топ

13-жаттығу

  1. Өлеңді жатқа жазып, тұрақты сөз тіркесінің астын сызу.

Тұрақты сөз тіркесі: жаны бір жай таппады

  1. «Үздік шабуылшы» тақырыбында радиохабарлама дайындау

Топта өз хабарламаларын құрастыруды ұсынамын

Қажетті сөздер: футбол алаңы, үздік шабуылшы, “Қайрат” командасы, қас пен көздің арасында, көзді ашып-жұмғанша, қарсыластың қақпасы, жеңіп алды.

Бағалау дескрипторы:

  • тұрақты сөз тіркестерінен ажырата алады;

  • тұрақты сөз тіркесінің мағынасын түсінеді;

  • көркем әрі әдемі қатесіз жазады;

2-топ

14-жаттығу. Әр суретке тиесілі сөйлемдерді оқы. Не байқадың? Сылақшының есімі кім болуы мүмкін? Адам есімдерінің алғашқы әріпіне байланысты мамандық атауларын тауып көр

  • Азат - Зейін –

  • Дастан – Томирис-

  • Эльмира – Хадиша –

Бағалау дескрипторы:

  • тұрақты сөз тіркесінің мағынасын түсінеді;

  • сурет бойынша әңгіме құрастырады;

  • қатесіз жаза алады;

3-топ

15-жаттығу.

Суретке қара. Шаштараз бен бала арасында қандай әңгіме болуы мүмкін? Диалог құрастырып жаз.

Оқушылар өздерінің қалауы бойынша тақырып таңдап,рөлге еніп, жұптасымен диалог құрап, сөйлемдерді жазады, ішінде тұрақты сөз тіркестері болуы мүмкін.

Көрші жұптар бір-бірінің жазған диалогтарымен ауысып, тыныс белгілерін тексереді. Жұптар ортаға шығып, рөлге еніп, диалогтарын драма түрінде көрсетеді.

Ықтимал жауаптар:

Шаштаразда

  • Сәлеметсіз бе, шаштаразшы!

  • Сәлеметсіз бе!

  • Шашыңызды қидырасыз ба?

  • Иә, қидырамын.

  • Шаш қидырудың бағасы қанша тұрады?

  • Балалардың шашын қию бағасы 200 теңге тұрады.

  • Рақмет.

  • Күте тұрыңыз.

Бағалау дескрипторы:

  • сурет арқылы диалог құрастыра алады;

  • диалогке тән тыныс белгілерін қоя біледі;

  • көркем әрі әдемі қатесіз жазады;

Топ оқушылары «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы бірін-бірі бағалайды.

Жұптық жұмыс. Ережелерді ретке келтіру. Сөз,мәтін, түбір, тұрақты сөз тіркесінің ережелерін таба отырып сәйкестендіреді.

Сөз 

мағыналық, грамматикалық жағынан өзара

байланысты сөйлемдер

Мәтін

тобы заттың, түрлі құбылыстың, қимыл-әрекеттердің атауы.

Түбір

сөздің одан әрі бөлінбейтін мағыналық бөлігі

Тұрақты сөз тіркесі

бір ұғымда қолданылып, сөйлем мүшелеріне

ажыратуға келмейтін, тіркестегі орындарын

алмастыруға болмайтын сөз тобы.

Сергіту сәті

Суреттер беріледі, оқушылар сол суретке қатысты тұрақты сөз тіркестерін айтады.

Оқушылардың жеке жұмысы

18-жаттығу

Әр шарда жазылған сөзге тиесілі тұрақты сөз тіркесін табу.







оқулық





5-слайд











6-слайд





















7-слайд



Сабақтың соңы

5 мин

Рефлексия

Оқушыларға сұрақтар қойылады:

- Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?

- Сабақтан не үйрендіңдер?

- Саған не ерекше қызықты болды?

(Ө; Қ) Өзін-өзі бағалау кестесін толтыру.

Бағалау критерийлері

Қолым

нан келеді

Көмек

қажет етемін

тұрақты сөз тіркестерін ажырата білемін;



мағынасын түсініп, сөйлеу барысында қолдана аламын;



диалог құрастырып, тыныс белгісін қоя білемін;



көркем әрі әдемі қатесіз жазамын;



Үй тапсырмасы

16-жаттығу













Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау - оқушының материал- ды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?



Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Топтық тапсырмаларды саралау бойынша беру.

Қабілеті жоғары оқушыларға одан әрі дамуы үшін көмек қажет ететін оқушыларға қайта түсіндіру арқылы қолдау көрсетіледі.

Қалыптастырушы бағалаулар дескрипторлар негізінде өзін-өзі бағалау, жұпта бағалау және мұғалімнің бағалауы арқылы жүзеге асырылады.

Топта бірі-бірі тыңдау. Сыныпта қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушының барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?


Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушының жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?




































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
10 мамыр
2797
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі