400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ 4-сынып Түрлі-түсті қағаздан гүл жасау

Материал туралы қысқаша түсінік
бастауыш сынып мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні: Қолөнер

Күні: 1.03.2019

Сыныбы: 4а

Мұғалімі: С.Серікбаева

Сабақтың тақырыбы: Түрлі-түсті қағаздан гүл жасау.
Сабақтың мақсаты: 
Білімділік: Қағаздан гүл жасау жолдарын үйрету. Гүл туралы түсінігін қалыптастыру. Білімдерін тереңдету. 
Дамытушылық: Оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын, алған білімдерін пайдалана білуін дамыту. Көп ізденуге, бірін-бірі тыңдап, өз ойларын еркін айтуға дағдыландыру.
Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, өз орнының тазалығын, техникалық қауіпсіздік ережесін сақтауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақта қолданылатын әдістер: Джигсо әдісі

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, гүлдер, плакаттар
Керекті құралдар: түрлі-түсті қағаз, қайшы, желім т.б. 
Пәнаралық байланыс: дүниетану, өзін-өзі тану, көркем еңбек.
I.Сабақтың барысы: 
а) Ұйымдастыру кезеңі.
ә) Жұптасып бір-бірімен амандасу (көзбен,шынтақпен, аяқпен, қолмен)

Балалар бүгін алғыс айту күні. Кәне бәріміз бір-бірімізге, мұғалімдерімізге алғыс айтайық.
II.Жаңа сабақ:

Кәне, бәріміз бейнежазбаға назар аударайық.

-Балалар бейнежазба не туралы?

-Гүл туралы

-Ендеше бүгін біз түрлі-түсті қағаздан гүл жасаймыз.

-Енді, балалар, гүлдің қандай түрлері болады?

-Жасанды және табиғи.

-Осы гүлдер туралы анықтаманы біз қандай пәннен алдық?

-Дүниетану

-Өте жақсы. Біз сонда қандай пәнмен байланыс жасап отырық?

-Дүниетану

Ендеше, тағы да бейнежазбаға назар аударайық бүгін қандай гүл жасайды екенбіз.

Балалар, жаңа біз гүлдің табиғи және жасанды түрі болатынын білдік, соның біз жасанды түрін жасаймыз. Бізге керекті құралдар: қайшы, желім, скотч,түрлі-түсті қағаз

Енді біз қауіпсіздік ережесін еске түсірейік

1. Қайшыны арнайы қобдишада сақтау қажет.
2. Қайшыны жолдасына үшкір ұшымен берме
3. Қайшыны ашық қалдыруға болмайды.
4. Қайшымен жұмыс кезінде жолдасының көңілін бөлме.
5. Қайшыны ойыншық ретінде пайдалануға болмайды


III. Практикалық жұмыс









IV. Сергіту сәті

Қолымызды жаяйық,
Әдемі гүлге ұқсайық
Бір жабылып, ашылып,
Орнымызға қонайық.

V. Қорытынды:

Ақиқат

Жалған

Бүгінгі сабақта гүл жасауды меңгердік

Бүгінгі сабақта табиғи гүл жасадық

Гүл жасау кезінде қауіпсіздік ережесін сақтадық

Гүлді біз оригами яғни қағазды бүктеу тәсілі арқылы жасадық


VI. Бағалау:

1.Оқушыларға қағаздан қиылған гүл таратамын. Егерде осы сабақты, түсіндім, меңгердім десе ол бала гүлді жасыл түске бояйды. Жасыл түске бояған оқушыларға төменнен жоғарыға дейін шапалақтау арқылы отшашу арқылы қолдау көрсетемін.

2.Егерде сабақты түсінбедім меңгере алмадым десе гүлді қызыл түске бояйды. Қызыл түске бояған балаларға бағыт-бағдар беремін.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
8 ұстаз жүктеп алған
2 наурыз
5039
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі