400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ 4 сынып Үштаңбалы санға жазбаша бөлуді қайталау

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал бастауыш сынып мұғалімдеріне қажет болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Математика пәнінен ашық сабақ

4-сынып

Тақырыбы: Үштаңбалы санға жазбаша бөлуді қайталау.

Жалпы мақсаттары:

1.Өткен материалдарды қайталау арқылы оқушылардың білім, білік, дағдыларын дамыту.Есептердің мазмұнын түсіне отырып,шығару жолын табу.

2.Ауызша,жазбаша есептеу дағдыларын дамыту.

3.Ұйымшылдыққа ,топта жұмыс істей білуге тәрбиелеу.


Оқыту нәтижелері:





Сабақтың түрі:

Есептің шешу жолдарынмен танысу.Ауызша және жазбаша есептеуге дағдыларындыру.Бірлесіп жұмыс істеу дағдылары қалыптасады,топ мүшелерін оқыту және оларға көмектесу,пікірлерін бағалау.



Стандартты емес, ойын сабақ,топпен жұмыс


Сабақтың көрнекілігі:

Слайд,ресурстар.



Модульдер:

1.Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер:диалогтік оқыту.

2.Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.

3.Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.

4.Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалану.

5.Талантты және дарынды балаларды оқыту.

6.Оқушылырдың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу.

7.Оқытуды басқару және көшбасшылық.



Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды жақсы көтеріңкі көңіл күйге енгізу,өзіне,өзгелерге сенім арту.Топқа бөлуді ұйымдастыру.

«Шаттық шеңбер»сабаққа назарын аудару,жақсы тілектер тілеуге шақыру.Топтарға бөлуге арналған тапсырмалар тарату.

Бір-біріне сәттілік тілейді.


А) «Ауызша есептеу» көбейту кестесін қайталау.

Оқушыларға көбейту кестесі жазылған карточкалар тарату.

Қорытынды шығару.




Ә) (3-ІІІ) цифрларды оқи отырып жұбын тауып топқа орналасты.

(Фирмалардың атын жазу)


ІІ.Сабақтың мақсатымен таныстыру.

-Балалар,бүгінгі біздің сабағымыз ерекше болмақ. Бүгінгі сабақта біз фирмада жұмыс істейміз. Бәлкім ,біз мемлекеттік мәселелерді шеше қоймаспыз,бірақ мемлекетіміздің болашағына ,оның дамуына өз үлесімізді қосуға дайындаламыз. Себебі біздің Қазақстан дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуға ұмтылуда. Сондықтан біздің мемлекетімізде көптеген фирмалар пайда болды және одан әрі қалыптасуда. Сол арқылы мемлекет алға қарай дамуда.

Бүгін біздің сабақта бидай өнімдерін........................... фирмалары ашылды.Олардың Президенттері (топ басшылары).............. менің тікелей көмекшілерім. Ал мен бұл өндірістің бас директорымын.

Қазір мен сендерге фирмалардың құнды қағаздарын беремін(конверттерде тапсырмалар). Фирмалардың болашағы осы тапсырмалармен қалай орындауларына байланысты болмақ.

ІІІ. Ауызша есептер.

-Қазір кімнің фирмасы есептерді тез,әрі дұрыс шығаратынын есептейміз.Себебі, фирмалардың дұрыс есеп білулері өте маңызды. (Тапсырманың деңгейіне қарай, әр дұрыс жауап үшін ақша купюрасы беріледі.Тапсырмалар тақтада жазылады.

-Ал,көрейік,қай фирма өз қоржынына көп қаражат жинайтынын!

1) 1 ц –ден 30 кг азайту (200 теңге)

2) Тіктөртбұрышты егістіктің ұзындығы 200 м, ал ені 20 м. Егістіктің ауданың табыңдар. (4000 кв.м) (200 теңге)

3) Көктемгі егістік науқанына 130 ер адам және 110 ер адам тартылды. Оларды 10 бригадага бөлді. Әр бригадада қанша адам болды? (500 теңге)

Жазбаша есептер

4) 2 574*212=545 688 (1000 тенге)

5) 4 488: 264= 17 (1000 тенге)

6) 3702*213= 788 526 (1000 тенге)



ІV. Құнды қағаздармен жұмыс.

-Ал енді, құнды қағаздармен жұмыс істеуге көшейік! Сендер сөзді есептер шығаруларың керек. Есепті шешу барысында сендерге алгоритм көмектеседі.(Алгоритм алдарында карточкада жазулы).

1.Оқы.

2.Не белгілі?

3.Не табу керек?

4.Қолымыздан келе ме? Неге?

5.Тірек сөздер табу.

6.Шешуі



1.Сөзді есеп

Бірінші алқаптан 2 400 ц бидай, екіншіден одан 2 есе артық бидай жиналды. Екінші алқаптан жиналған бидайдың 3\1 бөлігін әр қапқа 40 кг –нан салып,екі машинаға теңдей бөліп тиеді. Әр машинаға неше қап бидай тиелді?

(Дұрыс жауабын тапқан топқа 1000 тенге)

2.Есепте және тексер.

-Фирамның есепшісі есеп-қисап кезінде бірқатар қателіктер жіберіпті. Сендердің міндеттерің, сол қателерді табу.

І топ:

3021*324= 976 804 (978 804 дұрысы)

ІІ топ:

271 152: 112= 3421 (2 421 дұрысы)

ІІІ топ:

34661:137= 263 (253 дұрысы)

(Дұрыс жауабын тапқан топқа 1000 тенге)

V .Сергіту сәті

VІ. Білім аукционы.

-Құрметті жұмысшылар! Қазір сендер өз білімдеріңе пайдалы заттар ұтып алуларыңызға болады. Сауданы бастаймыз.



Теңдеулерді шешу.

І топ:

(3 850+ 1 892):х=638 (9)

ІІ топ:

786*х=83 201+22 909 (135)

ІІІ топ:

(6000-1744): х=8 (532)

(Дұрыс жауабын тапқан топқа 1000 тенге)

VII. Қорытындылау.

-Ал, балалар, жұмысымыздың нәтижесін есептейік. Фирма басшылары алдарындағы кестеге өз жұмысшыларын енгізіп, жиналған ақшаны бөліп берулері тиіс!

Аты-жөні

Баға

1


2


3


4


5


6




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
26.03.2019
472
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі