400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ 4 сынып Үстеу

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәжірибе алмасу
Материалдың қысқаша нұсқасы



Пәні: Қазақ тілі


Сынып: 4 сынып

Мектеп:№2 Теректі орта мектебі

Мұғалімнің аты-жөні: Турсаева Г

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Үстеу

Оқу мақсаты

Үстеуді мағынасына қарай ажырату, үстеулерді пайдалана отырып (мақала,жарнама,итервью,сұхбат) мәнмәтіндерді құрастыру

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

Үстеудің ережесін біледі, сұрақтарға жауап береді

Көптеген оқушылар

Үстеуді мағынасына қарай ажыратады, үстеулерді пайдаланып мәнмәтіндерді құрастырады

Кейбір оқушылар:

Үстеуді мағынасына қарай сәйкестендіреді, етістікпен байланыстырып, дәлелдейді

Бағалау критерийлері

Үстеуді мағынасына қарай ажыратады, үстеулерді пайдалана отырып (мақала,жарнама,итервью,сұхбат) мәнмәтіндерді құрастырады

Тілдік мақсаттар:

Оқушылар орындай алады:

Үстеулерді ажырата алады.

Пәнге тән лексика мен терминология:

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Үстеу дегеніміз не?

Мезгіл,мекен, сын-қимыл үстеулердің ережесін айт?

Құндылықтарды дарыту

Шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауға, жауапкершілікке, қарым-қатынас жасау қабілеті.

Пән аралық байланыс

Дене ш,әдебиеттік оқу

АКТ қолдану дағдылары

Презинтация

Бастапқы білім

Сөз таптары

Сабақ барысы

Сабақтың

жоспарланған

кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет



Ресурстар

Сабақтың басы


4 мин






Психологиялық ахуал.

(Амандасу, оқу- құралдарын тексеру, көңіл – күйлерін сұрау)

«Шашу» әдісі арқылы топқа бөлу

Қима қағаздар арқылы сыныпты 3 топқа бөлу.

1-топ: Мезгіл үстеу

2-топ: Мекен үстеу

3-топ: Сын –қимыл үстеу

Сабақтың мақсатын ашу







Сабақтың ортасы







































Жаңа сабақтың тақырыбын таныстыру мақсатында ребус арқылы тақырыпты ашып аламын

,, , ,, ,,, ,, ,,,


м әтінмен жұмыс

«Асық» ойыны арқылы

Мәтін таңдап алады асық жатысына орын байланысты.Бірінші орын алған оқушы өзіне таңдаған мәтінін алады.

«Шағын зерттеу» жұмысы

Қ.Б «Асық»

Қонақжайлық

Бешбармақ

Наурыз

Оқулықпен жұмыс «Бәйге» ойыны

77-жаттығу

Тақтада 3 топ жарысады

Қ.Б «Домбыра»

Дәптермен жұмыс «Орамал тастау» ойыны

Жаттаған соң оқушылардың қасына барып орамал тастаймын, сол оқушы жауап береді.

Қ.Б «Оюлы орамал»

«Көкпар» ойыны

Топпен жұмыс

Жарнама

Сұхбат ұлттық тағамдар

Мақала жазу

Қ.Б «Киіз үй»

Жұппен жұмыс «Қол күрес»

Екі оқушы шығып мекен, мезгіл үстеуге мысал келтіреді.

Қ.Б «








































Сабақтың соңы

4 мин

«Алтын сандықша» арқылы бекіту

Ишіндегі қима қағаздарды таңдау арқылы топ жұмысын анықтайды.

Синквейн

Семантикалық карта

Акроним

«Айналмалы бекет» арқылы топ бір- бірін тексереді.

Қ.Б «Ою»

Кері байланыс «Киіз үй»

Үйге тапсырма 229 бет 82-жат.Ребус шешу арқылы устеуі бар әңгіме құрау













































































Халқымыздың тарихи, əлеуметтік, тұрмыстық жағдайларындағы ерекше қымбат дəстүр – қонақжайлық. Үйіне келген қонақты құрметпен қарсы алып, мал сойып, қонақасы беру – жомарттықтың, елдіктің үлкен белгісі.Үнемі қазақ семіз қойын, басқа да жылы, жұмсақ тағамдарын қонаққа əдейі сақтап, «қонақ келеді» деп күтініп отырған. «Құдайым би қылмасаң да, би түсетін үй қыл» деп тілек тілеген қазақ үйіне қонақ түскенді мəртебе, бақыт санаған. Қонақ та жол –жөнекей кез келген үйге түспей, қонақжай, дастарқаны мол, таза, көргенді ұл-қызы бар үйге түсетін болған. Қазақта «қонақтың өз ырыздығы бар» деген ұғым қалыптасқан. Бұрын халық дəстүрінде қонақ шақырмау, қонақты үйге түсірмеу үлкен айып болып саналады.










































Менің сүйікті тағамым – бешбармақ. Қазақ халқы – ертеден қонақжай ел. Күнде де, түнде де үйге қонақ келсе, ет асады. Қойды лезде сойып жібереді.. Қойдың немесе жылқы етінен бешбармақ әзірлейді. Бешбармақ үнемі – ардақты ас болған. Оны қадірлі қонақтарға асады.

Ет пісіру – жауапты іс. Ет піскенше, жайманы тез жасау керек. Ұнға жұмыртқа жарып, сорпаға илеп, қамыр дайындайды. Содан соң қамырды дереу оқтаумен жаяды.

Ет піскен соң, жайманы сорпаға пісіріп алады, қолма-қол тұздық жасайды. Үлкен табаққа жайманы түсіреді, тұздық құйылады, содан соң етті ретімен салады.

Үстіне пияз қосылған тұздық құйылады. Енді дастарқанға апаруға болады.















































Мерекелер өте көп. Бірақ менің бұрыннан ең жақсы көретін мейрамым – Наурыз. Наурыз мерекесі наурыз айының жиырма екісінде болады. Осы тойды тойлаудың дәстүрі бар. Қазақ халқы наурыз мейрамында таңертеңнен бастап ән шырқайды, күй тартады, балуан күрестіреді, ойын-сауық өткізеді.Бұл мереке қазақ халқының өмірінде ерекше орын алады. Көктемде қар ериді, көк шығады, күн мен түн теңеледі. Үнемі жаңа жылды адамдар қуанышпен қарсы алады.

Жаңа жыл күні әр үйде үнемі көже пісіреді.Адамдар жол-жөнекей әр үйге кіріп көжеден ауыз тиеді.

Адамдар «Ақ мол болсын!», «Ұлыс оң болсын!», «Ұлыс береке әкелсін!», « Ұлыс бақытты болсын!» деп бірін-бірі құттықтайды.Наурыз мерекесі үнемі тойланатын мерекенің бірі, себебі, осында қазақ халқының ұлттық құндылығы жатыр.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
23 желтоқсан
678
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі